Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 21:14, курсовая работа
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.
КІРІСПЕ
1. БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Бизнесті жоспарлаудың объективті қажеттілігі
1.2 Бизнес-жоспар және оның құрылымы
2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ МЕН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
2.1 Кәсіпорында бизнес-жоспарды іске асыру
2.2 «Кеңселік жиһазды жасау цехын құру» бизнес жоспарын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ
құрастыру кезінде әрбір жұмысты немесе міндетті орындаудың қабылданған кезектілігі мен
ұзақтылығын сипаттайтын сызықтық графиктер қолданылады.
Дұрыс
іскерлік жоспарлау да бизнес
– жоспарлардың табысты
қабылдаудан бастап фирманың коммерциялық қызметінің басталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Іскерлік жоспарды жүзеге асыру жобалық ұсыныстарды орындау мен оң экономикалық нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. Бұл белгілі ұзақтылық пен құнға ие орындалатын
жұмыстардың түрлері мен кезеңдерін бір ортақ жүйеге біріктіретін сызықтық және жүйелік үлгілерді қолдануды талап етеді.
Сату бюджетін
жоспарлау бизнес-жоспарды
ендіру үшін қажетті
экономикалық ресурстардың құнын
анықтауды талап етеді.
Бизнес-жоспарды ендіруге қажетті
ресурстардың бағалық шығындары
өндіріс алды күрделі қаражат
салымдарын жоспарлаудың
жалпы инвестициялық шығындардың
бір бөлігі болып табылады. Өндірістік
шығындарды есептеу кезінде
жабдықтың, материалдар мен
басқа да еңбек заттары
мен өндіріс құралдарының
қолданыстағы нарықтық немесе
прейскуранттық бағалары қолданылуы
мүмкін. Еңбек күшінің құны
жақын әдістердің көмегімен
есептелуі мүмкін, мысалы
айлық немесе сағаттық
мөлшерлемелерді адам-айлар, немесе
жұмыс күндеріне көбейту
негізінде анықталуы мүмкін. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудағы ақша ресурстарының қажеттілігін жоспарлау барысында жұмыстарды бастау және аяқтаудың ықтимал күнінің және материалдық және еңбек ресурстарының құнының өзгеру мүмкіндігін ескеру қажет. Мұндай жағдайда дисконттаудың немесе шығындарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуының басталу мерзіміне келтірудің тиісті коэффициенттері, белгілі инфляция индекстері және басқа да түзетуші нормативтер мен көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Бизнес-жобаны жүзеге асырудың жоспарлық мерзімдерінің басталуы тежелген жағдайда барлық есептік көрсеткіштер мен инвестициялар мен ресурстардың келіп түсу мерзімдерін қайта қарастыру қажет.
Әзірленген
бизнес-жоспарды жүзеге
асыру жұмыстарының
барысын жоспарлау және
басқару ағымдағы бақылау
жүйесін құруды және ресурстар
шығындарына талдау жасауды
талап етеді. Бұл үшін
бірінші кезекте ресурстарды
шығындаудың және жұмыстардың
орындалу мерзімдерінің бақылау
нүктелерін орнату қажет, олар
бойынша ағымдағы істер
қалайша жүріп жатқандығын,
барлық жасалған жоспарлардың
орындалуын анықтауға болады.
Бақылау жүйесі қарапайым
және шынайы болуы тиіс,
ол басқарушы -менеджерлерді
уақытылы оперативтік ақпаратпен
қамтамасыз етуі тиіс. Әдетте,
жоспар-графиктер бір жыл
алға жасалады, бірақ бұл
іріктеп бақылауды өткізудің
Табыстар мен шығыстарды бақылау кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының жағдайына және жобаның іске асу мүмкіндігіне баға беру мүмкіндігін береді.
Егер келіп түсетін табыстардың сомасы бизнес-жобаны орындауға кететін шығындар шамасынан асатын болса, онда бұл рационалды ұйымдастырылған жұмыстардың бірінші дәлелі болып табылады.
Қоймадағы
қорларды бақылау кәсіпорынның
қаржылық ахуалына, сондай-ақ
өндірісті ұйымдастыру және
басқару деңгейіне дұрыс
баға беруге септігін тигізеді.
Қоймадағы қорлардың
Өндірісті
бақылау өндірістік циклдың,
Еркін
экономикалық қатынастардағы бизнес-
Бизнес-жоспарлар біздің өндірушілер үшін шағын және орта кәсіпорындарда неғұрлым кең тараған ішкі шаруашылық немесе фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа түрі болып табылады.
Бизнес –жоспарлар жаңа фирмалар мен олардың бөлімшелерін жобалаумен немесе құрумен, нарыққа талап етілетін тауарлар мен қызметтерді шығаруды әзірлеу және жеткізумен, кәсіпорындарды қалпына келтіру және өнім шығаруды кеңейтумен, өндірістік технология мен ұйымдастыруды жетілдірумен, тауарлардың сапасы мен еңбек өндіргіштігін арттырумен байланысты түрлі инновациялық объектілерге немесе процестерге арналып жасалады.
Бизнес- жоспар
И.В. Липсицтің анықтамасы
бойынша келешек
коммерциялық кәсіпорынның
аспектілерін сипаттайтын, оның
алдында пайда болуы
мүмкін күрделі мәселелер
мен қиындықтарды талдайтын,
сондай-ақ оларды шешудің
әдістерін белгілейтін құжат
Осындай жоспарды әзірлеу келешек бизнес-жоспарды кәсіпқой менеджерлердің жан-жақты экономикалық бағалауын ғана емес, кәсіпкерлердің өздерінің және кәсіпорын немесе фирманың жоғары басшыларының тікелей қатысуын талап етеді.
Біріншіден, бизнес-жоспарлау ішкі өндірістік немесе корпоративтік жоспарлаумен салыстырғанда кәсіпорынның немесе корпорацияның жалпы мақсаттарының бүкіл кешенін емес, тек қызметтің жаңа түрін немесе бизнес-жобаны жоспарлаудың нақты мазмұнын анықтайтын аса маңызды міндеттердің біреуін ғана қамтиды. Бизнес-жоспар ең алдымен кәсіпорынның жаңа стратегиясын немесе даму тактикасын әзірлеуге бағытталады, ал әлеуметтік-экономикалық жоспарлау біріккен ағымдағы және перспективалық қызметтің түрлерін қамтуы мүмкін.
Екіншіден, бизнес-жоспарлар инновациялық жобалар үшін әзірленеді, оларды орындаудың нақты уақыттық мерзімдері болады, бұл уақыт аяқталғаннан кейін бизнес-жобамен жұмыс жасау аяқталады.
Фирма ішіндегі жоспарлау шаруашылықты басқарудың барлық деңгейлерінде үздіксіз жүргізіледі және жүзеге асырылады. Фирмалар бір жылдық жоспарын орындау шамасына қарай тиісті түзетулерді енгізгеннен кейін кезекті жоспарды жүзеге асыруға ауысады. Бизнес – жоспар тек нақты уақыттық қана емес, сондай-ақ неғұрлым тар кеңістіктік шектерге ие болады, ал кез келген ішкі фирмалық жоспар осындай нақты шектеулерге ие болмайды.
Үшіншіден, бизнес-жоспардың негізгі мәнісі – кәсіпорындардың жаңа істі ашуында және жобаны орындауға қажетті өндірістік ресурстарды және ең бірінші кезекте ақша қаражаттарын алуында. Сенімді инвесторларды іздеу тек ішкі өндірістік-шаруашылық қызметтегі ғана емес, сондай-ақ сыртқы несиелік-қаржылық және банктік құрылымдардағы орын алатын қауіп-қатер, тәуекел дәрежесін ескере отырып, көптеген қаржы көрсеткіштерін неғұрлым мұқият негіздеуді
талап етеді. Ішкі фирмалық жоспарлар көбінесе жеке қолдану үшін қажет, ал бизнес-жоспарлар сыртқы инвесторлар мен несиегерлер үшін қажет.
Төртіншіден, бизнес-жоспарлар кәсіпкер-фирма құрылтайшысының тікелей басшылығымен және жеке қатысуымен әзірленеді. Ішкі фирмалық жоспарлаумен әдетте кәсіпқой менеджерлер- экономистер және кәсіпорынның сызықтық және функционалды бөлімшелерінің жоспаршылары айналысады. Әрбір бизнесмен-кәсіпкер өзінің жаңа кәсіпорынының іскерлік жоспарын әзірлеуге жеке қатысуы тек шынайы стратегиялық және оперативтік мақсатты әзірлеуге ғана ықпал етіп
қоймай, келешекте шығыстар мен нәтижелерді салыстырудың негізінде бизнес-жобаның орындалуын неғұрлым жетілдірілген ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бесіншіден, отандық мамандар әлі біздің жаңа нарықтық қатынастарымыздың жағдайларына қатысты бизнес-жоспарларды әзірлеудің ғылыми негізделген әдістемелеріне ие емес, себебі
әдістемелік және оқулық ұсыныстардың көпшілігінде қалыптасқан шетелдік нарықтағы жоспарлау тәжірибесі басымырақ келеді.
Бизнес-жоспардың мазмұны, оның құрамы мен детальизациялау дәрежесі өндірілетін өнімнің түрі мен көлемі, нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың шамасы, өндірістің даму деңгейі мен ауқымдары, бизнесті қаржыландыру көзі мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігі секілді факторлардың ықпалымен анықталады. Бизнес-жобаны алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу үшін, отандық тәжірибеден көретініміздей, келесідей нарық көрсеткіштері, жалпы
бастапқы мәліметтер мен жобаны орындаудың шарттары қажет болады:
1) өнімді өткізу нарығы және өндірістік қуат;
2) өндірістің материалдық факторлары және қажет ресурстар;
3) кәсіпорынның орналасқан жері және көлік байланыстары;
4) жобалау-конструкторлық құжатнама;
5) кәсіпорынның
ұйымдастырылуы және үстеме
6) еңбек
ресурстарының қажеттіліктері
7) жобаны жүзеге асырудың мерзімдерін жоспарлау
8) бизнес-жобаның қаржылық-экономикалық бағалануы. [7]
Аталған
бизнес-жоспардың
1) алғашқы беті: фирманың атауы мен мекен-жайы; құрылтайшылардың аты-жөндері мен
мекен-жайлары; ұсынылатын жобаның мәнісі; жобаның құны;
2) кіріспе бөлім: ұсынылатын жобаның негізгі ережелері;
3) саладағы жағдайға талдау жасау: ағымдағы ахуал және оның даму тенденциялары;
әлеуеттік бәсекелестер; мүмкін болатын тұтынушылар;
4) ұсынылатын
жобаның мәні: шығарылатын өнім;
орындалатын жұмыстар мен
қажетті құжыралар мен жабдық; қажетті әкімшілік және өндірістік персонал; кәсіпкердің өзі және оның әріптестері жайлы мәліметтер.
5) Өндірістік жоспар : технологиялық және өндірістік процестердің мазмұны; мүмкін
болатын субмердігерлер мен әріптестер; негізгі өндірістік қорлардың құны; өнімнің номенклатурасы және шығарылымының көлемі; қолданылатын материалдардың тізімдемесі;
шикізат жеткізушілер.
6) Маркетинг жоспары: өнімнің болжанылатын бағалары; мүмкін болатын өткізу арналары; өнім жарнамасы; бұйымдардың жаңа түрлерін болжау; мақсаттық көрсеткіштер.
7) Ұйымдастырушылық жоспар : меншік нысаны; әріптестер жайлы мәліметтер; әріптестердің жауапкершілік шамасы; басқарушы органдардың құрамы; фирманың ұйымдастырушылық құрылымы; міндеттер мен қызметтерді бөлу.
8) Қаржылық жоспар : табыстар мен шығыстардың жоспары; ақшалай түсімдер мен төлемдер; баланстық жоспар; өз-өзін өтеу нүктесі; ақша қаражаттарының негізгі көздері; табыстарды пайдаланудың тәртібі.
9) Тәуекелді бағалау: кәсіпорынның әлсіз жақтары; жаңа технологиялардың пайда болу ықтималдылығы; альтернативалық стратегиялар; әріптестер мен жеткізушілердің сенімділігі.
10) Қосымшалар : негізгі құжаттардың тізімі. [8]
Қазіргі жағдайларда бизнес-жоспар өндірушілер үшін шаруашылық етудің сенімді құралы болып табылады, ал инвесторлар үшін ол – нақты жобаны несиелеу мен қаржыландырудағы негізгі бағдар. Кез келген бизнес-жоспарды нақтылаудың көлемі мен дәрежесі оның тағайындалуымен, қызмет саласымен, өндіріс ауқымдарымен, талап етілетін несиелердің сомасымен, фирманың беделімен анықталады. Жаңа және қымбат тұратын кәсіпорын мұқият әзірленген бизнес-жоспарды дайындауды көздейді, баяғыдан жұмыс істеп келе жатқан жоғары рентабельді фирмалар қысқа бизнес-ұсыныстарды құрастыруы мүмкін. Барлық бизнес-жоспарлар, әдетте, нақты кәсіпкерлік мақсатпен және жобаның қолданылуының белгілі бір мерзіміне әзіріленеді. Қажет болған жағдайда олардың мазмұны толықтырылуы немесе түзетілуі мүмкін. Жиынтық бизнес-жоспардан басқа ірі жобаларға локалдық бизнес-ұсыныстар жаслуы мүмкін.
Резюме - инвесторлардың назарын әзірленіп жатқан бизнес-жоспарға аудару және оны іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті несиелерді алуға арналған іскерлік ұсыныстың қысқартылған сипаттамасы. Онда оны қаржыландырудың қажеттілігі, сондай-ақ жоспарланатын тиімділігі мен іс