Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 21:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Бизнесті жоспарлаудың объективті қажеттілігі
1.2 Бизнес-жоспар және оның құрылымы
2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ МЕН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
2.1 Кәсіпорында бизнес-жоспарды іске асыру
2.2 «Кеңселік жиһазды жасау цехын құру» бизнес жоспарын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнесжоспар курс.docx

— 91.76 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

1. БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ,  ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПРОЦЕСІНІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Бизнесті жоспарлаудың объективті қажеттілігі

1.2  Бизнес-жоспар және оның құрылымы

2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ МЕН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2.1 Кәсіпорында  бизнес-жоспарды  іске асыру 

2.2  «Кеңселік жиһазды  жасау цехын құру» бизнес жоспарын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

KIPICПE  
 

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын  өзінің қызметін келешекте одан әрі  жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте  кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау  қаупінен сақтау үшін, өндірісінің  тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі  салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен  несие алу немесе сырттан күрделі  салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін  шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады [1].

Кәсіпорынды белгілі бір  кезеңге дамытуда пайда алу мақсатымен мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі осы жұмыстың тақырыбының өзектілігі болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты  бизнес жоспардың қазақстандық кәсіпкерлікті дамытудағы стратегиялық жоспарлау құралы ретінде маңызы.

Бизнес-жоспардың инвестициялық  және жекешелендіру жобаларын техникалық-экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау үшін қажет, ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы, маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері, бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің пысықталу деңгейі жатады [2]. Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы негізде пайда табудың жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар әрекеті болып табылады.

Курстық жұмысы мазмұны кіріспеден, екі бөлімнен және қортындыдан тұрды. Жалпы  курстық жұмысы  Қазақстан  Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерi мен мерзiмдi баспасөз материалдарынан, осы заманғы экономикалық әдебиеттерден, ақпараттарының мәліметтерінің көмегіне негізделіп жазылады.

 

1. БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ,  ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПРОЦЕСІНІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

    1. Бизнесті жоспарлаудың объективті қажеттілігі

 

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтың ұйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған ңүралы болып табылады. Нарыңтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағыт-талған экономикалық ңызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қыз-мет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айңындау бизнес-жоспар деп аталады.

Бизнес-жоспар өдетте 3-5 жылға  арналып қүрылады. Бизнес-жоспар жасау  кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:

Біріншіден, бизнес-жоспар жасау  кәсіпорындарға қызмет барысында барлық үсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жаңтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік  бередЦ Екіншіден, биз-нес-жоспар кәсіпорынның ңызметін басқару қүралы бо-лып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айңындап, оларды ше-шудің кешенді шараларын  анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сүраққа  жауап табады.

Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызыңтыру үшін, керекті несиені  алу үшін немесе инвесторларды тарту  үшін - оларға толық бизнес-жоспарды үсыну қажет. Ал, іскер өріптес  қашанда бола-шавда шынайы негізделген  наңты есепті талап етеді.

Бизнес-жоспар қүру жұмысының  негізгі бөлігін мекеме басшысы  немесе жаңа іс бастағалы отырган  адам алуы керек. Біраң олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар  бойынша мамандар шақырып, олардың  пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да ңатыстыруы ңажет.

Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байла-нысты және нақты жағдайларга қарай (өндіріс көлемі, өнім және ңызмет түрлері) жоспардың қүрамы мен қүры-лымында айырмашылықтар болуы мүмкін, біраң маз-мүны бір тектес болуы керек.

Бизнес-жоспар құрудан бұрын, жоспардың мақсаты аіщын болуы тиіс. Атап айтқанда:

1) Сіз өнім өндіруді қалай үйымдастырмақшысыз және оны жан-жақты таңдадыңыз ба?

2) Несие алмай-ақ өндірісті жүргізе аласыз ба?

Егер банктен несие  алмақ болсаңыз, онда мыналар қажет:

  1. Қанша ақша аласыз?
  2. Ол ақша не үшін ңажет? „. .

Ол ақшаны қашан, қалай  қайтарасыз?

Дегенмен, бизнес-жоспарда қамтылмай  қалатын мәселелер да болуы мүмкін, мысалы, көктемгі егін егу кезінде  минералды тыңайтқыш түрін таңдау немесе мал борда-қьшау кезіндегі рационды анықтау сияқты жағдайлар [3]

Бизнес-жоспар қүрылымы бойынша кейде бір-бірінен ажыратылуы мүмкін, бірақ мазмұны бір болуы тиіс.

Көптеген кәсіпкерлер  қаржыландыру қүралы ре-тінде, бизнес-жоспарды бірінші орынга қояды. Себебі, кәсіпкер керекті қаржыны таба алмаса, басқа  қалған жүмыстарының барлығына сенімсіздік  туындайды. Де-генмен, қаржы табу маңызды  мәселе болғанмен, ол көп мәселенің  бірі гана.

Жалпы, бизнес-жоспардың  негізгі рөлі - ақша негіз-дерін табу қүралы деп түсінген кәсіпкерлер  өздеріне қо-лайсыздық туғызады. Өйткені, ондай ойдан туындаған жоспар, шынайылықтан ауытқиды.

Ең дұрысы, бизнес-жоспар мүмкіндігінше объективті деңгейде жазылуы керек. Ал, мектептен тыс жогары көрсеткіштермен жазылған жоспар-несие көздері мен инвесторлары үшін алдамшы жагдай сияқты.

Бизнес-жоспарды кәсіпкердің өздері құру керек де-секте, осы жұмысбарысында, бухгалтерлік, кеңесшілердің кәсіби білімін пайдаланса, сондай-ақ, осы үдеріске тікелей қатыспайтындардың да ескертпелерін есепке алса пайдалы жағы өте көп болған болар еді. Өйткені, кәсшкерлердің үсақ-түйек деп ңараған мәселелерінің өзі, кәсіби мамандар көзімен кең көлемді мәселе болуы мүмкін.

Мүдделі түлғалар (инвесторлар, банктер) жобаны іске асыруға ақша жүмсаудан  бүрын бизнес-жоспарды шын пейілмен оқып, зерттейді. Сондықтан, жоспар жасау-шылар  шынайы бағытты үстау керек те, ал кәсіби мамандар осы үдерістің  дәнекері бола алады. Сонымен бірге, мүдделі түтынушылардан түсетін  сүрақтарға нақты жауаптар дайындау керек, егёр ол жауаптар бизнес жос-пардың өзінде көрініп түрса тіпті жақсы.

Егер кәсіпкер өз жүмысын  жақсы талдай білсе, биз-нес-жоспар жазу өте қиын шаруа емес. Дегенмен, жи наңталған ақпараттарды салыстырмалы бағалау бойынша анықтауда қиындықтар кездеседі. Осындай жағдай-ларда да көсіби мамандардың көмегі тиеді.

Өндіріс орындары да, сондай-аң өндірісте жұмыс жа-самайтындар  да бизнес-жоспарды схқиды. Сонымен  қатар, жоспарды ңызығып оқитындар  қаржыландыру көздері (банктер, инвесторлар) кәсіби кеңесшілер, сон-дай-аң мүдделілік (ңызығушылың) танытатын тұлғалар. Жалпы айтқанда, қаржыландыру көздерінің екі түрі бар:

  1. қарыз беретіндер
  2. инвесторлар [4]

Қарыз беретіндерге коммерциялық банктер жатады. Олар негізінен несиеге  ақша бөледі немесе қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке алып ңарыз (ссуда) берумен  айна-лысады. Инвесторлардың да ңаржыландыру мәселесімен айналысатыны белгілі. Дегенмен, инвесторлар мен қарыз  беретіндердің бизнеске деген мүдделілігі  өр түрлі.

Ңарыз берушілердің қызығатыны - кәсіпкерлердің өз ңарызын қайтару  қабілеттілігі. Кәсіпкер үлкен табысқа  жетті ме, жетпеді ме, ол қарыз  берушіні қызыңтырмай-ды, оны қызьщтыратыны - тек ақшаның өз уақытында (пайызы, т.б.) ңайтарылмайтындығы.

Инвесторлар болса, олар өздері салған инвестициялың қаражатңа  ңайтарым ретінде ірі көлемді  таза пайда алуға мүдделі.

Сондыңтан, инвесторлар - үлкені көлемді таза пайда алуға мүмкіндік  болған жағдайда, үлкен тәуекелге  ба-руға дайын.

Бизнесті инвестиция есебінен қаржыландыруға қара-ғанда, қарыз есебінен қаржыландырудың мынадай бір  ар-тықщылыгы бар, ол: инвесторларга  қарағанда, қарыз бе-рушілер ңаржыландыру жөніндегі шешімді жылдам қабьшдап қояды (мысалы, ңарыз берушілер, бизнес-жос-пармен танысқан уаңыттан бастап 2-3 ішінде қаржылан-дыру туралы шешім қабылдаса, ал инвесторлар  осындай шешім ңабылдауга 2-3 есе уақытты көп жібереді екен.)

Кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша айта кететін бір жайт, әсіресе, үсақ кәсіпкерліктің бастапқы ңар-жыландыру көздері ретінде  кәсіпкердің өз капиталын достарының немесе отбасы мүшелерінің ңорларымен то-лықтыру мүмкіндігі. Кей жағдайда мүндай тәсілді де ңолдануға болады.

 

1.2 Бизнес-жоспар және оның құрылымы

 

Нарықтық экономикалы  дамыған шетел елдерде кәсіпорында  бизнес-жоспар ең басты элемент болып  табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен  ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерліккі стратегиялық жоспарлау  құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару  органдарымен келіссөздерді жүргізу  үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы  кәсіпорын бойынша құрастырады  және барлық мақсаттар мен міндеттерді  қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты  мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең  ауқымды болып келеді.

Осыдан бизнес-жоспар бұл  стратегиялық жоспардың нақты бір  мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Бизнес-жоспарға ұқсас құжат  болып  технико-экономикалық негіз  болып табылады, өйткені мұның  бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ  технико-экономикалық негіз шағын  болып келеді. Бизнес жоспар - бұл  кәсіпкерлік жобаның негізгі  формасы болып табылады.

Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі  саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бизнес-жоспар берілген бизнестің  шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.

Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді  шешеді, ол бизнестің мақсаттарын  анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес жоспарлауды логикалық  түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны  ретінде қарастыруға болады. Сонымен  қатар, тұрақты кері байланыс та бар.

Бизнес жоспарлау процесі  төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
  • Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
  • Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
  • Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
  • Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
  • Стратегияны таңдау. [5]

Бизнес жоспарды басқару  процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):

  • орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
  • бақылау.
  1. ші суретте бизнес-жоспарды басқару процесінің сызбасы ұсынылған.

1-ші суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.

Жоспарлаудың негізгі  құраушылары:

1. Ұйым миссиясын анықтау. Аталмыш процесс кәсіпорының әрекет ету мәнін орнатудан, оның тағайындалуынан, нарықтық экономикадағы ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Шетелдік әдебиетте аталмыш термин корпоративті миссия деп немесе бизнес тұжырымдамасы деп аталады. Ол нарықтық қажеттіліктерге, тұтынушылар сипатына, өнімнің және ерекшеліктері мен бәсекелік артықшылықтардың болуына байланысты кәсіпорындар бағдарланатын бизнестегі бағытты сипаттайды.

2. Мақсаттар мен мәселелерді құру. Қандай да бір бизнес түріне тән іскерлік бейімделушіліктер сипаты мен деңгейін сипаттау үшін «мәселелер» және «мақсаттар» деген терминдер қолданылады. Мақсаттар мен мәселелер тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін бейнелеуі керек. Олар кәсіпорында қызмет ететін адамдар мотивациясын құруы керек. Мақсатты бейне кем дегенде төрт мақсаттар типін қамтуы керек:

Информация о работе Бизнес жоспар