Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 10:17, курс лекций

Краткое описание

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлелдігімен ерекшеленеді деп айта аламыз. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше – hipothesis негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте, мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады», «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары – жекелеген затар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГЫЛ ТАР ЛЕК Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 31.13 Кб (Скачать документ)

4.Ғылыми пәндерді математизациялау процесі.

5.Ғылымдардың дифференциясы мен кірігуі. Бұл қазіргі заманғы ғылымның екі қарама қарсы ағымы. Дифференция ғылымның жеке тармақтарының жеке салаларға айналуы. Кірігу қалыптасу, үйлескен, шекарадағы ғылымдардың дамуы.

 

7 тақырып:  Ғылым әлеуметтік институт ретінде

 

Дәріс мазмұны:

Ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өндірістің , өндірістік күштердің дамуын жеделтетуге және ынталандыруға ықпал етеді.Ғылымның өзі өндірістік күшке айналады. Ғылым  мен өндірістің байланысы – тарихи құбылыс, әрі олардың дамуы да бір-бірімен сабақтас. Ғылым дамуы, соның ішінде физика, биология, химия  ғылымдарының заңдылықтарын зертеуге үлкен ғылыми мән беруге ерекше көңіл  бөлген жөн. Сондықтан да ғылым дамуының заңдарын зерттеу мәселесі өзекті және ол жаңа ғылымның бөлшегі – ғылымтанудың пайда болуына әсер етті. Ол ғылымның міндеті мен даму заңдылықтарын, ғылыми іс-әрекеттің құрылымы мен  динамикасын, ғылымның материалдық  және рухани өмірдің басқа салалармен байланысыны зертейді.

Экономика мен оның салаларының  негізіндегі техника философияның күрделіленген вариантын біз  американ әлеуметтанушысы Д.беллден  кездестіреміз. Ол постиндустриалдық  қоғам теориясының негізін қалаушылардың  бірі. Белл «бір жақты детерменизмді» жоққа шығарады және қоғамның әр түрлі  салалары, мейлі ол саясат немесе мәдениет, технология және т.б. болсын, өз алдына дербес және өзінің даму логикасы болады деп есептеді. «постиндустриалды  қоғам»  теориясының методологиялық негізі «белдеулік принцип» болып табылады. Д.Белл белдеулік принциптің көмегімен  қоғамдық қатынастар мен институттардың, рухани процестердің тек бір ғана факторларға байланысты емес екендігін  дәлелдеуге тырысты.

Кейінгі индустриалдық қоғам  еі алдымен тарихтың жаңа перзенті болып табылады және бірқатар факторлармен анықталады: тауар өндірішу экономикадан қызмет етуші экономикаға көшу, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, қоғамдағы саясатты анықтауда теориялық  білімнің басылымдығы, жаңа интелектуалды  технологияның қалыптасуы, технологиялық  өзгерістерді жоспарлау және бақылау. Технология дамуының деігейлерінен  шығара отырып, У.Ростоу адамзат қоғамының  даму тарихын бес кезеңге бөледі.  Бірінші кезең ол «дәстүрлі қоғам  » деп атады. Екінші кезең «өтпелі  қоғам», бұл жаңа қоғам үшін алғышарттарды  қалыптастыру казеңі ауыл шаруашылығы  өнімділігінің өсумен сипатталады.Үшінші кезең бұл қозғалыс кезеңі, «өнеркәсіптік  төңкеріс кезеңі». Бұл кезең өнеркәсіптің негізгі салаларының тез өсуәмен, капитал жинақтау үлесінің жоғарылауына әкеліп соғады. Төртіншік кезең У.Ростоу кемелдену кезеңі немесе индустриалдық  қоғам деп атады. Және соңғы бесінші  кезең  «жоғарғы бұқаралық тұтыну дәуірі».Бұл қоғамның басты мәселе өндіріс емес тұтыну мәселелесі, өндірістің негізгі  салалары дәстүрлі салалар емес, қызмет көрсету және бұқаралық тұтыныс тауарларының өндірісі болып табылады.

 

8 тақырып: Қазіргі  ғылыми білімнің құрылымындағы  жаратылыстану ғылымдары.

 

Дәріс мазмұны:

Исаак Ньютон (1642-1727) адамзат тарихындағы ғұлама ғалымдардың бірі, атақты ағылшын философы, ойшыл, механик, астроном және математик. И.Ньютон әртүрлі салада көлемді ғылыми мұра қалдырды. Оның оптика, астрономия, математикадағы еңбекері осы салалардың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Ньютонның ғылым тарихындағы ең басты жаңалықтары классикалық механиканың негіздерін қалау, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу және осы заңның негізінде аспан денелерінің қозғалыс теориясын құру.Жаңа заман ғылымының қалыптасуында Ньютонның әдістемелік идеялары үлкен маңыздыға ие болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта отырып Ньютон физикалық денелердің объектілердің математикалық бейнесін жаратылыс ғылым зерттеуінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қолданды.Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқаулардытексеру және интерпретация құралына айналды.

И.Ньютон әр түрлі салада көлемді ғылыми мұра қалдырды. Оның оптика, астрономия, математикадағы еңбектері  осы салалардың дамуындағы маңызды  кезеңдердің бірі. Ньютонның ғылым  тарихындағы еі басты жаңалықтары  классикалық механиканың негіздерін қалау, бүкіләлемдік тартылыс заңын  ашу және осы заңның негізінде  аспан денелерінің қозғалыс теориясын  құру. А.Эйнштейн сөзімен айтсақ, «Ньютонның ой лабораториясына енуге кішкене  болса да әрекет жасайық».

Г.Галилей – атақты итальян  физигі, механик, астроном, нақты жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірі. 1590 ж. Жазылған «Қозғалыс жайында» деген  еңбегінде Галилей аристотельдік  денелердің құлауы туралы іліміне сын  жазады. Аристотельдің физикалық  тұжырымдамарына Галилей тарапынан  айтылған сын ежелгі ғалымдардың  ілімдерін жақтаушылар тарапанынан  өзіне деген қарсылыстарын тудырады. Осы себептерден болса керек, жас ғалым Пизан қаласынан кетуге мәжбүр боды да, атақты Падуан университеті қабырғасындағы математика кафедрасының шақыртуын қабылданды.

А.Эйнштейн «Теоретикалық  физика тәсілдері жайында» деген  еңбегінде жаңа тәсілдің қалыптасу  процесін төмендегідей сипаттап берді. Адамзат біріншіден, шыңайлықты қамтитын ғылым үшін жетілді, Кеплер мен Галилейге  дейін болмаған философия жетістігі  бақа бір салмақты жетістікті қажетсінді. Таза логикалық ойлау бізге эмпирикалық  әлемнің ешқандай да білімін  бере алмады. Осы ақиқатты Галилей өз дәуірінің ғалымдарына жеткізе  білді, сондықтан оль қазіргі  физиканың және қазіргі жаратылыстанудың атасы болып саналады.

Ньютонның алпауыт жетістігі  деп жер мен аспандағы денелердің қозғалысын басқаратын ортақ заңдардың  ашуын айтуға болды. Галилей аспан  денелеріне байқау жүргізді. Бірақ  оның математикалық сипаттаудағы жетістіктері не жер бетіндегі, не оның төңірегіндегі  қозғалыстарды сипаттаумен ғана шектелген. Галилейдің замандасы Кеплер планеталар қозғалысының үш заңын ашу  арқылы дүниенің гелиоцентрлік теориясын  жеңілдітті. Бірақ екі аумақ жер  мен аспанда мәуелсіз болды. Жер  мен аспан құбылыстарының арасындағы байланысты табу, анықтау, көрсету  ғылым үшін күрделі есеп. Бұл есепен ғұлама ойшыл Ньютон айналасып, дұрыс  шешімін ұсынды.Ньютонның алпауыт  жетістігі деп жер мен аспандағы  денелердің қозғалысын басқаратын ортақ  заңдардың ашуын айтуға болады. Галлей аспан денеріне байқау жүргізді. Бірақ  оның математикалық сипаттаудағы жетістікеріне  не жер бетіндегі, не оның төңірегіндегі  қозғалыстарды сипаттаумен ғана шектелген. Галлейдің замандасы  Кеплер планеталар қозғалысының үш заңын  ашу арқылы дүниенің гелиоцентрлік  теориясын жеңілдетті. Бірақ екі  аумақ жер мен аспанда мүледем  тәуелсіз болды. Жер мен аспан  құбылыстарының арасындағы байланысты табу, анықтау, көрсету ғылым үшін күрделі есеп. Бұл есеппен ғұлама ойшыл Ньютон айналысып, дұрыс шешімін  ұсынды.

 

 

9 тақырып: Информатика  пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік  төңкерістің эпистимологиялық мазмұны.

 

Дәріс мазмұны:

К.Шенноның ақпарат теориясы. Норберт Винер, Росс Эшби, Уорренг  Мак-Каллок, Алан Тьюринг, Джулиан Бигелоу, Джон фон Нейллан, Грегори Бэйтсон, Маргарет Мид, Артуро Розенблют, Уолтер Питтс, Стаффорд Бир кибернетикасы. Л. Фон Берталанфи, А.Раппорт жүйесінің  жалпы теориясы. Ваневар Буштың гипермәтін концепциясы. Хайнц фон Ферстер мен Валентин Турчиннің конструктивті-кибернетикалық эпистемологиясы. Информатикадағы синергетикалық ыңғай. Герман Хакен және Дмитрий Сергеевич

 

Чернавский. Информатика  постклассикалық ғылым контексінде  және дамушы адамөлшемі жүйесінде ( В.С.Степин ).Моделдеу мен есептеуші эксперимент  – информатиканың интеллектуалды ядросы ретінде. Информатиканың конструктивті табиғаты және оның синергетикалық коэволюциялық мағынасы. Информатикадағы жасандылық пен табиғылық өзара байланысы, нейрокомпьютинг, Хопфильд, Гросберг процессорлары, ойлау мен образды тану арасындағы аналогия.Ақпаратты қауіпсіздік концепциясы: гуманитарлы құрама. Информатикадағы шындық проблемасы. Виртуалды шындық. Пәнаралық интегративті концепт ретінде ақпаратты-коммуникативті шындық..Интернет жаһандық миф метафорасы ретінде.Кейбір кеңістік ұғымы. Интернеттің философиялық мағынасы.

Интернеттегі тәртіп пен  тәртіпсіздік синергетикалық парадигмасы. Бақылаулық, фракталдық диалог. Интернеттегі тәуелдік феномені. Интернетте "менді" құрал. Интернет жаңа әлеуметтік технология құралы ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.Ақпаратты эпистемология концепциясы және оның кибернетикалық эпистемологиямен байланысы. Компьютерлік этика, интеллектуалды меншік проблемасының білім инженериясы. Білімді зерттеудің технологиялық жолы. Жасанды интеллект проблемасы мен оның эволюциясы. Мультиагентті жүйе – теориясы мен информатика аймағы ретінде интеллектуалды ұйым.

 

10 тақырып: Қоғам,  мәдениет, тарих және адам туралы  ғылымдардың қалыптасу тарихы.

 

Дәріс мазмұны:

Мәдениетті бағалаудың, түсінудің , зерттеудің әртүрлілігі сияқты мәдениет әлем де алуан түрлі. Біз «дәуір мәдениеті», «этнос мәдениеті», «ұлттық мәдениет», т.б. ұғымдарды кездемсеміз. Білімнің әртүрлі гуманитарлық саласы мәдениеттің  алуан түрлілігін өз негіздеріне  сай белгілі бір классификацияда  жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры бүтіндей алғанда мәдениеттің типологиясына  немесе философиясына әкеледі. Мәдениет философиясының пәні мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып табылады.

И.Гердер, К.Ясперс неміс  философы И.Гердер өзінің «Адамзат тарихы философиясының идеялары» деген  еңбегінде тарих та табиғат сияқты қатаң заңдарға бағына отырып, белгілі  бір тарихи жағдайлармен дамиды деген  концепцияны ұсынды.И.Гердер еңбегінде  негізгі орынды қоғамдық дамудың  заңдары мәселесі алады. Қоғамдық дамудың  себептерін ол ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекетінен көруге  тырысты. Сыртқы фактор – бұл адамдар өмірінің барлық жағдайларының жиынтығы. Қоғамдық дамудың басты стилі  ретінде  ол ішкі факторларды, органикалық күштерді атайды. «Адам қоғам үшін» туылған  деген. Философ басты ролді қоғамның күшіне бергендіктен. Ол өз назарын, ең алдымен, адамдарды қоғамға біріктіретін құралдарға аударды.Бұл құрал ретінде  ол –мәдениетті таныды. Мәдениет –  бұл адамдар әрекетінің өнімі  және сонымен бірге оның стимулы.

Питириким Сорокин  (1889-1968)- орыс және американ әлеуметтанымдық  мектептерінің негізін қалаушы. Ол әлемнің барлық тілдеріне дерлік аударылған елуге жуық кітаптардың  авторы. Ол өзінің макросоциологиясының шеңберінде өркениеттердің рационалды теориясының негізін қалады. Және бұл концепция ең алдымен , мәдениет типолоогиясы (өркениет) тұрғысынан қызық. Бұл концепция оның «Әлеуметтік  және мәдени динамика», «Біздің дәуірдің дағдарысы» деген еңбектерніде айқын  сипатталып, онда батыстық мәдениеттің  дағдарыстық ахуалын суреттейді. Оның пікірінше «қазіргі дағдарыс экстраординарлық сипатқа ие.Бұл тек экономикалық немесе саяси олқылықтар емес, дағдарыс  бүкіл батыстық мәдениет пен қоғамды, оның барлық басты институттарын  бір мезгілде қамтып отыр. Бұл өнер мен ғылымның, философия мен діннің, құқық пен моральдың, өмір тіртібі  мен әдеттерін дағдарысы. Бұл  неке мен отбасы формаларына дейінгі  әлеуметтік, саяси және экономикалық ұйымдардың формаларының дағдарыс».

П.Сорокин мәдениеттің  үш түрін көрсетеді: идиационалды, идеалистік және сезімдік.

Освальд Шпенглер өзінің «Европаның дағдарысы» еңбегінде адамзат ұғымыны  өткір сыңға алып, «әлемдік тарих» идеясына қарсы шықты. Еуропалық  өмір философиясын сынай отырып, ол өзінің мәдениетмифологиясы концепциясын ұсынады.

Жекелеген ғылымдар және рухани, практикалық әрекеттің салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырларының қалыптасуына жағдай жасайды және соған  сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар  қалыптасады. Өнер болса, ол әлемді өзінің тұтастығында қабылдаудың кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеттің  тұтастығын сақтаушы. Дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың  барлық функцияларының дерлік өз қосалқылары  бар: өнер бұл таным, алайда әлемді танытатаны ғылым да бар,  өнер бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар: өнер  тәрбие, бірақ бұл мәселемен  айналасытан педагогика бер: өнер тәл  және ақпарат құралы, бірақ оынмен қатар табиғи тіл мен ақпарат  құралдары да өмір сүреді; Өнер әрекет , бірақ еңбек әлемді өзгеруші адамның  әрекеттік мәнінің көрінісінің  ең басты формасы, алайда өрен адам әрекететінің бірде бір формасын алмастыра алмайды, өйткені әрбір  әрекетті еркше үлгілейді.

 

11 тақырып:  Педагогика  мен білім философиясының философиялық  проблемалары

 

Дәріс мазмұны:

Білімнің формасы түріндегі  және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теорялық білімдер жүйесін  түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы ол теория.. Теория – бұл тәжірибенің, практиканың  немесе бақылаудың қортындылауы деп  жиі айтылады.Мысалы суық бөлменің ішінде пешке от жағылса, уақыт өте  келе пештің суынғаны, ал бөлмедегі  ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Пеш  пен ауаның температурасы бірдей болған кезде суыну тоқталады. Біз  мұны көп рет қайталай келе мынадай  қортыныдыға келеміз: а) қызыдырылған пеш пен жалыны жоқ болғандықтан, суи бастайды. Б) бөлмедегі ауа  мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл  білім де қорытындылаудыңі нәтижесінде  жеклеген заттар, жағдайлармен және процестермен бірқатар бақылаулар мен эксперименттердің  мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қортындылар  ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық  бола алмайды. Ғалымдар көптеген тәсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық қорытындылар болып табылатын ғылым заңдарын қалыптастырады.

Ғылымдар осы  тәсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық қортындылар  боып табылатын ғылым заңдарын  қалыптастырады. Ол сырттай қарам  қайшы болғаныман, іштей ортақ  қасиеттерімен қырлары бао жекелеген  құбылыстардың арасындағы қайталанатын, қажетті  мәнді қатынастар мен  байланыстарды бейнелейдң. Ос ылайша, біз объективті әлем заңдары мен  ғылым заңдары арасындағы маңызды  айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай аламыз. Оның алғашқысы бізден тәуелсіз , тыс нақтылықтың өзінде өмір сүреді. Екінші эмпирикалық қорытындылар күйіндегі олардың бейнелері  болып табылады. Бұл жағдайда әлемнің  объективті заңдары ғылым заңдарында барынша толық емес, шартты, жақын, объективті әлем байланысын қайталайтын  ерекше формада аралары логикалық  байланыстармен бекітілген ерекше ғылыми абстракциялардың көмегімен бейнеленеді. Алайда ғылымның барлық заңдар эмпирикалық  қортынды ретінде пайда бола бермейді.  

Информация о работе Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы