Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 10:17, курс лекций
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлелдігімен ерекшеленеді деп айта аламыз. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше – hipothesis негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте, мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады», «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары – жекелеген затар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар.