Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 10:17, курс лекций

Краткое описание

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлелдігімен ерекшеленеді деп айта аламыз. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше – hipothesis негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте, мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады», «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары – жекелеген затар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГЫЛ ТАР ЛЕК Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 31.13 Кб (Скачать документ)

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША  МАЗМҰНЫ

 

1 тақырып: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы

 

Дәріс мазмұны:

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда  өзінің жоғары дәлелдігімен ерекшеленеді деп айта аламыз. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше – hipothesis негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен  бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі  мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық  формасында олар, әдетте, мына түрдегі  пікірлер кейпінде болады: «егер А  жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады», «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q  қатынасы да болады»  және т.б. Гипотезалар  екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары  – жекелеген затар, жағдайлар  мен процестер туралы болжамдар  мен жорамалдар.

Теориялық гипотезалар кейде  мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады. Сонымен теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шыңдық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске  де шығарылмаған айғақтық және гипотезаларды  да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шыңайы болуы тиіс. Салдарлар өзінің мазмұны  жағынан берілген теорияның заңдары  болуымен қатар белгілі бір жағдайлары, ақуалдар мен процестерді сипаттайтын  эмпирикалық тұжырымдар да болуы  мүмкін.

Заңдар әртүрлі ең мәңді  тұжырымдары ретінде мынадай  танымдық функцияларда атқарады:

  1. Олар әр түрлі жүйелердің зерттеліп отырған теориясының ішінде неғұрлым тұрақты, қажет және жалпы байланыстарын, берілген теорияның пәндік саласын құрайтын жүйені негізгі жай жүйеелері мен элементтері арасындағы өзара қатынастрдың және өзара әрекеттерін бейнелейді.
  2. Олар бақылаулар мен эксперименттердің көмегінсіз-ақ математикалық есептеулер мен логикалық оә қорытындылаудың нәтижесінде берілген пәндік  саладағы белгілі нәрсені түсіндіруге және жаңа құрылыстарды болжауға жағдай жасайды.
  3. Олар бірден көзге түсетіндей айқын емес болса да, өзінің пәндік саласында белгілі бір шектеулер қояды.

 

2 тақырып: Өркениет пен  мәдениеттегі ғылым.

 

Дәріс мазмұны:

Мәдениетті бағалаудың , түсінудің зерттеудің әртүрлілігі  сияқты мәдениет лемі де алуан түрлі. Біз «дәуір мәдениеті», «этнос мәденеті» , мұсылмандық Шығыс мәдениеті«, «аппалондық мәдениет» ,және т.б. ұғымдарды көп кездесеміз. Осығын ұқсас барлық ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи әлеуметтік, философиялық көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің әрбір гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда жіктеуге ұмтылады. Мұның ақыры бүтіндей алғанда, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі.

Мәдениет философиясының пәні мәдениет формаларын, олардың  мағынасын философиялық талдау болып  табылады. Басқаша айтқанда, культурфилософия мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын  зерттейтін, универаслды және барлығын қамтиатын феномен ретінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған  философиялық пән болып табылады. «Культурфилософия» териминін ХІХ  ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. Мәдениет философиясы  дербес сала реінде ХҮІІ ғасырдың аяғында  ХІХ ғасырда ерекше қарқында дамыды.

Ф.Ницше мәдениетті адамзаттың өзін-өзі іске асырудың тәсілі ретіде қарастырып, онда физикалық тұрғыда  әлсіз «зоологиялық түрдің» аман қалу барысында қалыптасқан басты  қасиеттері ретінде интеллекет пен  қиялды бөліп көрсетеді.

 

3 тақырып: Ғылымның  пайда болуы. Ғылымның тарихи  дамуының этаптары (кезеңдері).

 

Дәріс мазмұны:

Бүгінгі әлемде қоғам дамуының басты ерекшелігі-дүниені танудағы жаңа ашылымдар мен жетістіктер  негізі. Адамның ойлап табу қызметінің нәтижесінде қоғам пайда болуымен қатар техика, одан кейін ғылым  дүниеге келді. Қазір постклассикалық  емес ғылымды қалыптасытыру өтіп жатыр. Олар өздеріне Батыс және Шығыс  мәдениетінің эвристикалық потенциалын  және жүйеленген математкалық жаратылыстану  жетістіктерін игеруде. Бір жағынан  өмірге биотехнолгиялық жаңа қарқынмен  қадам баса, екінші жағынан, компьютнрлік, ақпараттық революция басталуда. Тағы бір мәселе экологиялық, энергетикалық, демографиялық революцияны қалай  тоқтатсақ дегенге келіп саяды.

Бүгінгі таңда адамзат  тап болып отырған жағдайда жете түсіну үшін ғылым тариыхының маңыздылығын түсінуіміз қажет. Ғылым-көп аспектілі  көпжақты әлеуметтік феномен. Бұл жаңа білімді алу мен қалыптастырудағы зертеушілер еңбектері болып  табылады. Ғылым-адам қызметінің жемісі. Ғылым танымның терең және толық  формасы тұрғысында да көрініс алады. Ғылымның пайда болуы-күрделі және көпжақты үдеріс. Ғылым бірқатар факторлар  мен нақтылығын ұсынады.1. Ғылымның рухани және материалдық мәдениет дамуының нақты алғышарттарынсыз қалыптасуы мүмкін емес. 2. Теориялық сана формасы  ретінде ғылымның дамуы мәдениеттің  дамуындағы революция мен сапалы өзгерістер болып табылады.

Атақты жаратылыстанушылар ғылым тарихы мен оны оқытудың эвристикалық мағынасын әрқашанда  ерекше атап өтетін болған. Мысалы атақты ғалым В.И.Вернадский: «Ғылым тарихы жаңа қол жеткізудің қралы болып  табылады. Оның бұл мағынасы әрқашанда  соған тән: өткенді, соның ішінде ғылыми ойларды ғылым елегінен өткізу әрқашанда адам санасына жаңаны ендіруге алып келеді.»

Ғылымның дамуына екі  заңдылық бар: бір жағынан әр тарихи кезенде өзінің жетістіктерінің  мөлшерін белгілеп отырады және әрбір  нәтижесі оның ортақ қорының ажырамас бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, ғылымның даму процесі оның құрылымына әсер етеді.

 

 

4 тақырып: Ғылыми  білімнің құрылымы.

 

Дәріс мазмұны:

Қазіргі кезеңдегі ғылымның нақты отаны ежелгі Греция болып  табылады. Ғылымның іргетасы – математкианы,астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет  ғылыми болжам (гипотеза) мен дедуктивті дәлелдеуді қолданған.

Тұңғыш рет диалектиканы әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделінген  және дәлелденген білімнің идеалын  қоладу білімді баяндаудың жаңа пинциптерінің  бекітті. Дәлелдеу – математиканың  іргетасы, онсыз математиканың дамуы  мүмкін емес.

Қайта өрлеу дәуірі –  еуропа қоғамындағы жаңа өндірістік қатынсатардың пайда болу, даму және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар  кезеңі. Бұл кезең мәдениет пен  ғылымның дамуындағы ұлы төңкеріс. Ғылыми білімдердің даму процесі  қодағы бар білімдерді жинақтап, табиғаты танып-білудің жаңа әдістерін ойлап  табуды қажет  етті.

            Әр түрлі ғылымдардың өздерінің  аранайы міндеттерін шешу үшін  қолданылатын  сан алуан тәсілдерінен  өзге ғылыми білімнің өзін  даярлайтын және құрылымын   реттейтін барлық ғылымдарға  ортақ кейбір ережелер мен  процедуралар да бар.Олар жалпы  ғылыми методтарды құрайды. Оның  ішінде ең маңыздысын қарастырайық:

1. Абстралықтан нақтылыққа көшу методы. Әрбір теорияның негізгі тұжырымдары яғни оның пастулаттары, принциптері мен аксиомалары білімнің қалған өзгелері осылардан туындайтын іргетасы құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстарцияларды фундаменталді деп атайды. Әрбір ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаментальдік абстракциялардың қаншалықты дұрыс қалыптасқанына олардың зерттелетін объектілерінің арасындағы терең ішкі байланыстарын қаншалықты дұрыс бейнелейтіне байланысты.

2. Үлгілеу методы және жүйелік принципі. Танымдық әрекетте және әсіресе ғылыми ең кеңінен таралған тәсілдің бірі гносеологиялық алмастыру болып табылады. Алмастыру процедурасы былайшы өтеді. Қандай да бір себептер мен тікелей зерттеуге көнбейтін әйтеуір бір объекті зерттеу қажет деп алайық. Ол өте күрделі өте көлемді, зерттеушіден қашық, өткенге қатысты және т.б. болуы мүмкін. Егер объект объект орныбасардың құрылысын қызмет ету мен даму заңдылықтарын зерттеп, осылайша алынған білімді белгілі бір түзетулермен бастапқы объектке көшіріп және оны таным үшін пайдалансақ онда объект орныбасар үлгі деп, ал бастапқы объект прототип аталады.

3.Эксперимент және бақылау. Ежелгі Шығыс елдері мен ертедегі Грецияда жаратылыстанымның қалыптасу дәуіріндегі оның ерекшелігі пассивті бақылаумен , пайымдаумен сипатталады.

Қазіргі жаратылыстанудың пайда  болуы үш негізгі факторлардың ықпалымен  жүзеге асты. Біріншіден, ХІҮ ғасырдан бастап ортағасырлық  Еуропада өндіргіш күштер, әсіресе техника қарқынды дами бастады. Жаңа механизмдердің машиналардың, құралдардың, приборлардың және техникалық жетістіктердің қалыптасуы батыл да күтпеген эксперименттер жүргізу мүмкіндігінің  алғышарты болды.

Екінші фактор табиғаттағы  заттардың өзара алмасуы туралы шығыс және антикалық философиялық ілімдердің ыөпалы өз әсерін тигізді. Үшінші фактор христиандық дүниетаным болып табылады. Бұл бастапқы көзқарасқа оғаш көрінуі мүмкін, өйткені дін  мен ғылым бір бірін теріске  шығарды.

 

5 тақырып: Ғылыми  төңкерістер. Ғылыми рационалдылық.

 

Дәріс мазмұны:

Ғылыми төңкеріс Николай  Коперниктің «Аспан  денелерінің  айналуы туралы» (1543 ж.) еңбегінің  жарыққа шығуына байланысты астрономияда болды. Бұл еңбекте дүниенің құрылым  мен ондағы Жердің орны туралы жаңа түсінік бекітіледі. Нағыз ғылыми төңкеріс өзінің шыңына Галилео Галилейдің іс-қызметінің барысында жетті.

Ұлы ойшыл Коперниктің  ілімін жалғастырушы және қорғап қоймайды, сонымен бірге жаңа дүниетамным, ғылыми таным мен ғылымның әдісі  туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Галилей мен басқа да ғалымдар мен философтардың арқасында  эксперимент, жаратылыстану, әсіресе  физика дами бастады.

Қандай да теория болмасын мысалы физикалық ерекше объектілерді бейнелегендіктен объектілік деп талады. Бұл теориялар өз дамуы мен  күрделілігінің жоғары саиысына жеткенде артық өз дамуы мен күрделілігінң  жоғарғы сатысына жеткенде артық  жағдайлардан, пастулаттар мен аксиомалардан  құтылу үшін, уақыт өте келе көрінетін  жасырын қайшылықтардан құтылу үшін оны қарапайымдаландыру және бүкіл теорияны онан ары пайдалануға жарамсыз ету мәселелері пайда болды.Бұл мәселенің бәрін мазмұндық жолмен шешу өте қиын, өйткені ол үшін объектілердің қасиеттер мен қатынастарын салыстыру қажет. Сонын өзі күрделі шешім.Ең алдымен теоияның барлық мазмұндық ұғысдары бір бірінен белгілері арқылы ажыратылатын абстракциялық мазмұнсыз символдармен алмастырылады.

Қазіргі ғылымның ерекшелігін  сипаттайтын бірі оның математикаландыруында  болып табылады. Алайда математиканы ғылыми зерттеулерде қолану ХХ ғасырда  ғана пайда болған жаңа құбылыс деген  ой туындамауы керек. К.Маркс өткен  ғасырдың өзінде ақ ғылымның жетіліп  толысуы математиканы қолданған  кезде ғана жүзеге асады деген  ойды тапқан болатын. Математиканы практикалық  және ғылыми міндеттерді шешуге пайдалану  өте ерте кезден басталды.Ғылымды  матемакаландыру, әрине математикалық  конструкциялар объективті нақтылықты зертеушіден тасалғанда, формальдық өзгертулер өзіндік үстемдігін құрса, оның арты математиканың идеализмге әкеледі.

 

6 тақырып: Ғылымның  қазіргі кезеңдегі деңгейінің  ерекшеліктері.

 

Дәріс мазмұны:

Қазіргі заманғы ғылым  зерттейтін объект экспериментальды-теориялық  іс-әрекет негізінде жалпы және жан-жақты  зерттеуді сипаттайды. Қазіргі заман  ғылымының негізгі еркешелігі белгілі  жүйелерге негізделмейтін жаңа материалдарды  іздеп табу болып табылады. Сондықтан  зерттеушілер жаңа принциптерді, таным  категориялары мен тәсілдерін дамытуға, ғылымның мазмұнды құрылымының негізгі  компоненттерінің радикалды  алмасуына  алып келетін ғылыми төңкеріске ғылым  дамуының жаңа интенсивті жолдарын іздестірді.

Ғылымның жеке салаларына қатысты іріктіруші функцияларды философия, математика, логика, кибернетика секілді  ғылымдар атқарды. Олар ғылымның әдістер  жүйесін қалыптастырып, оны қолдануға  ықпалын тигізді. Ғылымды үш ірі  топқа бөлуге болады: 1. Табиғат. 2. Техникалық. 3. Гуманитарлы. Олар өздерінің пәні мен таным әдістерімен ерекшеленеді. Соңғы уақытта пәнаралық және кешенді зерттеулер белсенді түрде  дамуда. Мәселен: экология, қоршаған орта мәселелрін зерттеу. Ол техникалық , Жер туралы ғылымның, медицинаның, экономиканың, математианың және т.б. ғылымдардың түйіскен жерінде орналасқан.

Бүгінгі әлемде қоғам дамуның  басты ерекшелігі дүниені танудағы жаңа ашылымдар мен жетістіктер  негізі. Адамның ойлап табу қызметінің нәтижесінде қоғам пайда болуымен қатар техника, одан кейін ғылым  дүниеге келді. Қазір постклассикалық  емес ғылымды қалыптсатыру өтіп жатыр. Олар өздеріне Батыс және Шығыс мәдениеттің  эвристикалық потенциалын және жүйеленген өмірге биотехнологи ялық жаңа қарқыемен  қадам басса, екінші жағынан компьютерлік, ақпараттық, энергетикалық, демографиялық, экологиялық революцияны қалай  тоқтатсақ дегенге келіп саяды.

Ғылым көп аспектілі, көп  жақты әлеуметтік феномен.Ғылым  танымның терең және толық формасы  тұрғысында да көрініс алады.    

Ғылымның әсіресе жаратылыстанудың дамуы өзіндік жеке заңдармен  жүзеге асады.олардың кейбіреулерін  бөліп қарастырайық:

1.Қатысты өзіндік бұл ғылымның өзіндік жеке заңдар негізінде қалыптасу қабілеті.Екінші жағынан, ғылым әлдеқайда үлкен қатысты өзіндікке ие болады. Яғни соңғы кездерде техникамен байланысты емес, әсіресе физика саласындағы ғылыми зерттеулер көптеп жүргізілуде деген сөз.

2.Зерттеушілердің ғылыми таным нәтижелеріне деген сыншыл қатынасы. Теориялық білімнің жан жақты сынаулы жаңа  білім генераторының бірі болып т абылады.

3. Ғылымдардың өзара әрекеті білімнің әрбір жеке саласын да, бүкіл ғылымды да, сонымен бірге олардың ғылыми білім бірлестігінде жетілдірудің маңызды стимулы болып табылады.

Информация о работе Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы