Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 07:46, реферат

Краткое описание

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселесі.

Томас Гоббстың философиялық көзқарастары мен таным теориясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Т.Гоббс.docx

— 73.89 Кб (Скачать документ)

Т. Гоббстың ойынша, әр халықтың өзінің тарихында екі сатыдан өтеді. Олар – мемлекеттікке дейінгі табиғи (status naturalis) және мемлекеттік (status civilis) саты.

Алғашқы табиғи сатыда мемлекетте, жекеменшік те, моральда әлі жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның адамның керек қылатын нәрселерінің біріне деген құқы. Өзінің өмірін сақтап қалу жолында адам қандай іс-әрекет жасаса да шекткелген жоқ. Сондықтан мұндай жағдай әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне тартқаннан кейін, «бірінің бәріне қарсы соғысы» ( bella omnia homini lupus) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өздерінің құрту қауіпі төніп, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттік деңгейге көшу қажеттілігі пайда болды.

Сондықтан адамдар өздерінің кейбір құқықтарынан ерікті түрде бас тартып, оларды күшті орталандырылған билікке береді. Сонымен қоғамдық осындай шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді.

Т. Гоббстың ойынша қоғамдық шартқа өту  тілсіз іске аспас еді. «тілсіз адамдарда  мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік  те болмас еді».

Адамдардың мемлекеттікке өтуге  олардың табиғатында бар заң (lex naturalis) үлкен рөл атқарады. Ол заң – « өзіңе тілемейтініңді басқаға да жасама». Оны біз моральдың «алтын ережесі» дейміз.

Екіншіден, әрбір адам өлімнен қорқады, сондықтан ол бейбіт өмірдің қажеттігін сезінеді, ал оның бәрі оны мемлекетке қарай итермелейді.

Мемлекетке шарттық негіздеөз  еркімен берілген адамдарың құқықтары  енді қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын ұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен қатар Т. Гоббс – құқық  пен заңның арсындағы айырмашылықты  анық байқаған адам. Бір жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қарым қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді. Бұл жерде Т. Гоббс тоталитаризмның болуын болжаған секілді. Сондықтан заңдар ақыл-ой иелігінен өткен қажетті қатынастырды ғана ретке келтіруі тиіс.

Әрине, мемлекеттің дүниеге келтіру  мәселесі өте күрделі құбылыс. Ол жөнінде әртүрлі болжамдар бар. Т. Гоббстың жасаған «конвенционалдық» (шарттық) тұжырымы, әрине, бұл мәселенің мәнді бір жағын ғана көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбір мемлекетті шарттық негізінде өмір сүреді деп әбден айтуға болады.

Біздің жас мемлекетте өзінің екінші «Ата-заңын» (конституциясын) 1995 ж. Бүкіл халықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзін белгілі шарт деп айтуға, әрине, болады.

Зерделі ойға сүйенсек, Т. Гоббс  өзінің тура көзқарасында қоғам мен  адамның мәнін метафизикалық, механикалық негізде түсіндірді. Мұның өзі қоғамды механикалық қатынастардың жиынтығы сияқты қарауға әкеліп соқты. Ал, адам болса, ол тек қана табиғаттың жемісі, оның ақылы санасы, ойы, зердесі жаратылыстану ғылымы арқылы түсіндірілді. Мұндай көзқарас адамның негізгі мәнін ашудан аулақ жатыр еді. Сондықтан да сайып келгенде, Гоббс адам адамға дос болмайды керісінше, адам адамға қасқыр деген идеяны тудырды. Адамгершілік принциптерін ұсына отырып, жеке меншік тудырған мораль мен парасатты қатты сынады адамды механикалық негізде қарау Гоббстың философиясында зерделі ойға, үлкен қайшылықтарға ұрындырды. Мұндай көзқарас жаңа қоғамда өмір сүрген адамдардың рөлін, қоғамдық еңбегінің мәнін ашып бере алмады.

Сондықтан да XVII-XVIII ғасырлардағы метафизикалық материализм үстемдік етіп тұрған кезеңде адамға деген дұшпандық көзқарас пайда болды. Міне, осының кесірінен адам жай механизмнің, сайып келгенде машина деген ұғымның айналасында қалды.

Алайда, Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік көзқарасы, оның мемлекет, қоғам, адам туралы ойлары кейінгі дәуірге ерекше әсер етті. Әсіресе, XVIII ғасырдағы француз философтары мен ағартушылары ұлы ойшылдың саяси-қоғамдық ықпалының негізінде өздерінің ойларын өрістетті. Француз ағартушылары ескі идеологияға қарсы күресте Гоббстың қоғам туралы негізгі идеяларын пайдаланды. Әсіресе, француздық ағартушы, жазушы, демократиялық ағымның көрнекті өкілі Ж. Ж. Руссо ағылшынның осы философияның қоғам, мемлекет туралы идеяларын аса жоғары бағалап, өзі де соның ықпалында болды.

Ж.Ж. Руссоны қатты толғандырған идеялардың бірі мемлекет пен ондағы адамдардың арасындағы қоғамдық қатынас болатын, Гоббстың айтуынша, адамдар өз мемлекетін өздері еркін тудырды. Мұны олар дұрыс түсіне ме, жоқ па мәселе онда емес. Мәселе басқада. Адамдардың өз қолдарымен, өз ойларымен тудырған мемлекеті дами келе толық дербестікке ие болады. Кейін біртіндеп ол адамдарға өзінің үстемдігін жүргізеді. Қол астындағы бағынышты азаматтарды қуғын-сүргінге ұшыратып, жазалап түрмеге қамай бастайды. Мұндай жағдай бірте-бірте адамдардың еркінен айырылып, құлдық негізде қалуына әкеліп соқты. Сөйтіп, адамдар табиғаттың әлі танылмай жатқан қаһарлы күштерінен бірте-бірте босанып шыққанымен, Левиафан (бұл інжіл ертегісіндегі алып жыртқыш жайын балық бейнесі) мемлекеттің құрығына ілігеді. Сөйтіп, адамдардың өздері құрып, өздері өмір сүріп отырған мемлекетті жатсынуы, өгейсуі басталады. Гоббстың осындай философиялық идеясы келесі ғасырда пайда болған Ж. Ж.Руссоның көзқарасымен келіп ұласты. Сөйтіп, Т. Гоббстың жатсыну, өгейсу деген категориялары басқа да философтардың алдыңғы қатарлы көзқарастарының тууына үлкен эсер етті.

Ағылшынның ұлы ойшылы Гоббстың бұл проблемасы жаңа туып келе жатқан қоғамның қайшылықтарын бірте-бірте түсінуге жол ашты десек, қателеспеген болар едік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Жаңа дәуір философиясыныңі  негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным  әдістерін жасау.

Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия  барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын  анықтауы тиіс.

Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын  іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты  өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған  таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша  алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен  қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін  ойластыру да өте қажет.

Өндірістік тәсіл мен  құралдардың жедел қарқынмен  дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен  діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар  керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды.

Томас Гоббс (1588-1679) – таным  және мемлекет мәселесімен айналысты. Таным дегеніміз, Гоббстың ойынша, ойларды  бір – бірімен қосу және бір  – бірінен алу. Осыдан келіп, ол таным  процесінің бірден – бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген  математикалық әдіс қана бола алады деген тұжырым жасады.

Т.Гоббс – мемлекеттің  пайда болуында қоғамдық келісім  жатыр деген идеяны бірінші ұсынған  философ. Оның атақты еңбегі – Левиафан.

Т. Гоббстың гносеологиясы (таным ілімі) тәжірибелік тұжырымынан шығады. «Алғашында түйсікте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ» деген сенсуализм қағидасын Т. Гоббс толығынан мойындайды. Бірақ ғылыми ұғымдарды жасау үшін сезімдік саты, деректерді білу жеткіліксіз, өйткені ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтерілуі керек. Т. Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтеріле алады. Р. Декарттың «туа біткен идеяларына» қарсы шығып, ол оның қайнар көзін тілдің сөздерінен іздейді. Оның ойынша, ойлау тілмен тең. Сөздер арқылы біз ішкі ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткізе аламыз. Сонымен Т. Гоббс тілді белгі тұжырымдамасының шеңберінде түсінеді.

Т. Гоббс таным әдістемелері жөнінде  де ерекше пікір айтады. Индуктивті және дедуктивті әдістерді бір-біріне қарсы қоймай, олардың екеуін де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану  қажет. Бірақ индуктивті әдіс табиғатты  зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика  мен саясатты зерттегенде дедуктивті әдіс басым болуы қажет деген  пікір айтады.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

  1. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы / Әбішев Қ., Әбжанов Т. - Алматы: Ғылым, 1990. – 119
  2. Батыс философиясының антологиясы. - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. – 464
  3. Философия: оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / Ж. Қабаева. - Алматы : Респ.баспа каб., 2004. – 88
  4. Философия : Оқулық:Электрондық кiтап / Ғабитов Т. - Алматы : Юрид.лит., 2003
  5. Философия бiлiмiнiң негiздерi [Мәтiн] : (оқу құралы) / Қабаева Ж.Ә. - Алматы : Республикалық баспа кабинетi, 2000. – 95
  6. Философия: лекциялар курсы: оқу құралы / Г. Ж. Нұрышева. - Алматы: Зият Пресс, 2006. – 204
  7. Философия: оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / Ә. Х. Тұрғынбаев. - 2-ші басылуы, толықтырып және өңделіп. - Алматы : Бiлiм, 2005. – 304
  8. Ғылым тарихы мен философиясы : Оқу кұралы магистр. мен аспирант. арналған / Н. Р. Мұсаева ; OKMU. - Шымкент : ОҚМУ, 2006. - 59
  9. Философия [Электронный ресурс] / Т. Ғабитов. - Электрон. текстовые дан. ( 10,2 мб). - [б. м.] : [б. и.], 2003 эл. опт. диск (CD-ROM). (Шифр -572647)

 

 

 

 


Информация о работе Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес