Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 07:46, реферат

Краткое описание

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселесі.

Томас Гоббстың философиялық көзқарастары мен таным теориясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Т.Гоббс.docx

— 73.89 Кб (Скачать документ)

Материализм философиясының өкілдерінің  бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-«Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы»,екіншісі-«Жаңа Органон» деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. «Білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол: «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті», деді. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардың құтылудың басты жолы- тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан үғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.

17-18 ғ.ғ. өзінің ағартушыларын  да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655),Вольтер (1694-1778),Жан Жак Руссо (1712-1778),И.В.Гете (1749-1832)т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың басты мәселелерінің бірі-адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері болатын.

18 ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық метафизикалық материализмге жатады. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті.

Джордж Беркли (1684—1753 жж.) — ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш  деген жалпы ұғымның дүниеде  болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің», идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы.

Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711 — 1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын мәніндегі  түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, т.б. қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі Юмның; түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде; «ойлауға әдеттену». — өзіне себептілік инстинкті көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан, тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өлмеу» т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты — тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтыи көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге багындыру.

Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы уақытка дейін айтып  келгендей «агностик», «скептик»  емес, биологиялық-антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

Егер ағылшын философтары білімді  тек сезімдік түйсіну арқылы алуға  болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рэне Лекарт (1596—1650 жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол акыл-ойдын мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы», т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның акиқаттығына да күманданады. Нағыз шындық — «күманданудың ойлаудың қабілеті» деп мойындау. Оның «мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген кағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтай іздемейді,керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) – ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте көсілуі.

Барлық заттар корпускул (материя  ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте кесілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу, сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мәнін механика, математикалық есептеулер арқылы түсініп-білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалык тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіңдік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген нақтылықты жиынтықтаған, ал «мен» қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағаңдықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғаңдықтан олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқаңда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үйдес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.

Декарттың философиясы артында  өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен  кейінгі философиялық ағымдарға  ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.

Бенедикт Спиноза (1632—1677 жж.) – нидерланд философы.

Негізгі еңбектері: «Діни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «Этика», т.б.

Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өз-өзінен пайда болуына себепкер (causa sui). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бүлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте кесілу атрибутынан қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан– ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. Әлем түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.

Түпнегіздің ойлау атрибутының  модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.

Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып кездеседі. Егер, жануарларда – жан, адамдарда– жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары болса, басқа заттарда – тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философиада гилозоистік көзқарастың жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.

Спинозаның ілімі бойьшша, тек  денелер ғана модустар емес, сонымен  бірге идеялар да – модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын  неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын  белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінуге жақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға деген сүйіспеншілік — біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені, олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.

Табиғаттың, адам өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты екенін түсіну үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.

Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі — сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады; екіншісі — рационалдық таным, басқаша айтқанда ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі – интуиция, немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Сөйтіп, құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдарың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы кұбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдыңдағы қорқынышы.

Бірақ Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.

Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғ. француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным проңесіндегі кейбір соны идеялары (интуиция т.б.) Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды.

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1642—1716 жж.) немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелері», «Мондология», т.б.

Лейбництің ілімі бойынша, құдай  өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге  келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да түпнегізі — ұсақ денелі, шамалы болса да саналы монадалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: 1) барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді; 2) олардың өз алдына бөлек және әрекетшіл мүмкіндігі бар.

Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық, немесе геометриялық тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда «әрекетшіл күштің» түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күштің (кұдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашқы монада — құдай, ал калғандары оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, құбылыстар деп жүргендеріміз шындығында монадалар жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт — монадалар күшінің көрінісі.

Информация о работе Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес