Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 07:46, реферат

Краткое описание

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселесі.

Томас Гоббстың философиялық көзқарастары мен таным теориясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Т.Гоббс.docx

— 73.89 Кб (Скачать документ)

1. теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты;

2. философия мақсаты –  ғылыми-техникалық прогреске жол  ашу, адам әрекетінің практикалық  нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;

3. эмпиризмді жақтады.  Декарттың рационалистік флилософиясын сынады;

4. нағыз материалист болды;

5. қоғам мен мемлекет  мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;

6. мемлекет теориясын  жасады;

7. мемлекет пайда болуының  негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.

Гоббстың философиялық зерттеу  пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.

Гоббс адам танымы негізінен  сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп  санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:

1.Дыбыстар – жануарлардың  өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін  сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);

2.Ен салу – қатынас  барысында адам ойлап тапқан белгілер;

3.Табиғи белгілер –  табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);

4.Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;

5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);

6.Белгілердің белгісі  – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар  қолдануды жақтады. Философтың мақсаты  адамға оның өз әрекеттерінде практикалық  жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.

Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын  негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») –  Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:

1.Адам табиғатынан залым;

2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;

3.Аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді;

4.Әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өімірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді;

5.Аман қалу үшін адамдар  өзара «қоғамдық келісім» жасап,  «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;

6.«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;

7.міндеттерін нәтижелі  орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;

8.мемлекет дегеніміз –  «Левиафан» - өз жолындағының бәрін жеп, жойып отыратын, қарсы тұру еш мүмкін емес, бірақ қоғам тіршілігі және ондағы тәртіп пен әділеттілік үшін өте қажет, мызғымайтын, көп бейнелі, аса күшті құбыжық.

Ең маңызды жаратылыс  заңы:

  1. бейбітшілікке үмтылу;
  2. бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркі өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
  3. адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

Жалпы Гоббс Томас 16 заң  ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

Құқық пен заң мәселелерін  бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.[2]

Мемлекет адамдардың "барлығына  қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.

Томас Гоббс  Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».      

Гоббстың  пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.     

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.     

Барлық  денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.

Томас Гоббс– таным және мемлекет мәселесімен айналысты. Таным дегеніміз, Гоббстың ойынша, ойларды бір – бірімен қосу және бір – бірінен алу. Осыдан келіп, ол таным процесінің бірден – бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алады деген тұжырым жасады.

1640 жылы монархияны жақтаушы  ретінде Францияға қоныс аударды. Кромвель билік басына келгеннен кейін отанына оралын, оның диктатурасын идеологиялық жағынан негіздеуге тырысты. Реставрация дәуірінде ол реалистік және империкалык, ортаның тарапынан қуғынға ұшырды. Философ мемлекетке "жасанды дене", адам қызметінің өнімі деген анықтама береді.

Мемлекет, Гоббстың пікірінше, "қоғамдық шарт" негізінде "жаратылыстық ахуалдан " пайда болған. Қоғамдық шарттың нәтижесінде бостандығын өз еркімен шектеген жеке азаматтардың құқықтары тақсырға (немесе мемлекеттік органдарға) көшіп, оған тыныштықты сақтау және азаматтардың ырыс-берекесін қамтамасыз ету функциясы жүктелді.

Халықтың игілігі – мемлекеттің ең жоғары заңы. Күшті мемлекеттік биліктің (саяси абсолютизмнің) жақтаушысы Гоббс мемлекет мүддесін моральдің ең жоғары өлшемі деп жариялады. Шіркеуді мемлекетке бағындыру қажеттігін қорғай отырып, халықты ауыздықтау үшін дінді мемлекеттік биліктің идеологиялық қаруы ретінде сақтап қалуды маңызды деп есептеді. ! Гоббстың мемлекет қызметіне, саяси билікке қатысты түйінді мәселені зерттеген "Левиафан" (1651) атты еңбегі қоғамдық-саяси және ғылыми ортада жақсы қарсы алынды.

Т.Гоббс – мемлекеттің  пайда болуында қоғамдық келісім  жатыр деген идеяны бірінші ұсынған  философ. Оның атақты еңбегі – Левиафан.

Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен  салыстырғанда, Т. Гоббс философия  пәнін ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді-кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе ол оның моральдық жетілуінің тірегін құрайды.

Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келетін болсақ, ол Дүниені бүкіл өмірде болып жатқан барлық денелердің жиынтығы ретінде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі – сол субстанция. Ал дененің созылуы мен бітімі оның негізгі қасиеттеріне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердің қасиеттері, бірақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкін. Ал заттардың иісі, түсі, дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып, келесі сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбіне заттардан гөрі соларды қабылдайтын адамдардың түйсігіне байланысты.

Т. Гоббстың ойынша, қайсыбір субстанция нақтылы болғаннан кейін, абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген ұғым – ол тек қана бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана.

Т. Гоббс дене жоқ жерде кеңістік жоқ деген пікірге келеді. Кеңістік – әрқашанда нақтылы заттың, дененің көлемі.

Уақыт та – қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемі ғана. Ал Дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзілді-кесілді теріске шығарады.

Дүниедегі себептілікке тоқталатын болсақ, Т. Гоббс «соңғы себеп», «формальды себеп» деген сияқты ұғымдарды теріске  шығарып, тек қана материалдық және қозғаушы себептерді мойындайды. Бірақ осы жолда ол үлкен қиындықтарға кез болды. Дүниедегі саны шексіз заттардың қозғалысының қайнар көзі қайдан шығады? Тек XVIII ғ. материалистері оны материяның ішкі қасиеті деп мойындады. Ал Т. Гоббсқа келер болсақ, ол Декарт сияқты, Құдайды мойындауға мәжбүр болды, өйткені Ол – алғашқы Дүниені қозғаушы күш, ал содан кейін Дүние өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды.

Т. Гоббстың гносеологиясы (таным ілімі) тәжірибелік тұжырымынан шығады. «Алғашында түйсікте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ» деген сенсуализм қағидасын Т. Гоббс толығынан мойындайды. Бірақ ғылыми ұғымдарды жасау үшін сезімдік саты, деректерді білу жеткіліксіз, өйткені ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтерілуі керек. Т. Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтеріле алады. Р. Декарттың «туа біткен идеяларына» қарсы шығып, ол оның қайнар көзін тілдің сөздерінен іздейді. Оның ойынша, ойлау тілмен тең. Сөздер арқылы біз ішкі ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткізе аламыз. Сонымен Т. Гоббс тілді белгі тұжырымдамасының шеңберінде түсінеді. Қайсыбір сөз – ол затқа қойылған ат (nоmina) қана. Ол әр түрлі мағынаны көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды. Ал адамдар белгілі бір келісімге келіп, сол қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретін болса, сонда ғана ол белгіге айналып, соның негізінде адамдар бір-бірімен түсінісе алады. «Адамның ақыл-ойының сәулесі – ол көпмағыналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер», – дейді ұлы ойшыл.

Т. Гоббс «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін», – деген Р. Декарттың принципін өзінің танымдық ілімінің тұрғысынан қатты сынға алады. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» деген қағида бізді ойлана алатын дене бар екенін мойындауға әкеледі. Ал Р. Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пікірін «серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең», – деп, материалистік тұрғыдан қатты соққыға жығады.

Т. Гоббс таным әдістемелері жөнінде  де ерекше пікір айтады. Индуктивті және дедуктивті әдістерді бір-біріне қарсы қоймай, олардың екеуін де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бірақ индуктивті әдіс табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивті әдіс басым болуы қажет деген пікір айтады.

Адам мәселесі

Р. Декарттың «Адам – машина»  деген көзқарасын әрі қарай жалғастырып, Т. Гоббс адам да дене ретінде күрделі механизм деді. «Өмір – бөлшектердің әр түрлі қозғалыстары «жүрек – серіппе, жүйке – жіптер, адамның аяқ-қолдары – машинаның дөңгелектері сияқты бүкіл денеге қозғалыс береді» т. с. с. Егер Р. Декарт адамның денелік жан дүниесін мойындаса, Т. Гоббс психиканың өзін механистік тұрғыдан түсіндіргісі келді.

Адамның моральдық қасиеттерін  ойшыл оның табиғаты арқылы түсіндіреді. Бұл жағынан келгенде, оның көзқарасы Н. Макиавеллиге өте жақын. Адам табиғаты өзімшілдікке негізделген. «Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы т. с. с. хайуандыққа толы», ал қоғамдық пенде ретінде олар «пайда мен мансап» іздейді, тек өздерін ғана сүйеді, – дейді ұлы ойшыл.

Т. Гоббс адамдардың өзімшілдігінен шығатын мүдделері  мен мақсаттарына көп көніл бөлді. Қоғам өмірінде әртүрлі мүдделер бір –бірімен соқтығысып, құқық білімінің әділдікке негізделуіне жол бермейді, заңдар бұрмалады т.с.с. «Егер геометрия қағидаларының адамадардың мүдделеріне қатысты болса, онда ол кітап тарды адамдар жағып жіберер еді», — деген нақыл сөз осы кісінікі. Сондықтан маральдық   құндылықтардың негізінде мүддеден шығатын пайдалық  жатыр. Жаксылық пен жамандық, игілікпен залымдық деген дерміз не? Деген сұраққа «жақсылық, игілік» деген сөздермен бізге ұнайтын, пайдасы бар нәрселерді айтамыз, ал залымдық деп оған қарамақарсы жатқан нәрселерді көрсетеміз», — деп жауап береді. Мұндай мораль саласындағы көз қарасты біз утилитаризм дейміз ( ytilitas – латын сөзі, пайда).

Әрине, адам мәселесін, еріктік мәселесін  аттап өте алмаймыз. Т.Гоббс ерік тек қана адамның ақуалынан ғана шығып  қоятын құбылыс емес деген тұжырымға келеді. Еріктік дегеніміз- барлық дуниедегі нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, ішіндегі су еріктік алады.

Дегенмен адамның еріктігі өте  қиын шаруа, өйткені ол жалғыз емес, өмір жолынды мыңдаған басқа адамдармен қарым қатынасқа түседі. Сондықтан, бір жағынан, ерікті болса, екінші жағынан, құрамдық қажеттіліктен өте алмайды. Олай болса, олар бір-бірін толықтырады. «Озендегі су дегі судың ерікті де қажетті, өйткені ол арнасынан шығып кете алмайды». Адам да сол сияқты деп қорытады ұлы ойшыл.

Мемлкетпен қоғам мәселелері

Сонау көне заманнан бері қоғам мен  мемелекет мәселелеріне келген кезде, ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер қоғамдық пен мемелекеттің басымдылығын (мысалы Аристотель, кеңес заманындағы идеология ), екіншілер жеке адамның мемлекетпен қоғам алдындағы біріншілігін (атомистер, қазіргі өтпелі дәуірдегі кейбір реформаторлар) көрсетті. Т.Гоббсты бұл аталған екі бағыттың қайсысы сына жатқызамыз? Арине, екінші бағытқа, өйткені ол өзінің ілімінде мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам ең алдымен өз мүддесін алға қояды, олай болса жалқылық, жекелік- бірінші, ал қоғамдық, мемлекеттілік  — екінші орынды.

Информация о работе Таным теориясы- жаңа дәуір философиясының өзекті мәселес