Қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:25, дипломная работа

Краткое описание

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөліТұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АДАМ ҚОҒАМ.doc

— 210.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. 

     К. Маркс пен     Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .

     Марксизм-ленинизм классиктерінің  үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ  қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп  әрекет жасауды талап етеді, әр  түрлі істі келісе отырып шешуді  және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек   ынтымақтастық  дәрежесіне  дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.

       Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын  жасаудан бастап табиғат ерекшеліктерін  материалдардың қарсыласуын, механика  заңдарын адамның алдына жайып  салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені  тану құралы ретіндегі сана  қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.

     Адамның сыртқы табиғатты  және өзін-өзі тануы ендігі  жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам  сонымен  бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .

Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.

Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.   

   Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қыметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсұну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады.Еңбек тәртібі сендіру және мәжбурлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін қолдану қызметкерлердің әкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны көтермелеу шаралары болып табылады. 
Мәжбурлеу әдісі сендіру әдісі кажетті нәтижелерге кол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін колданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады. 

 

Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері: 
> еңбек жарақатьша жол бермейтін техника кауіпсіздігнің осы заманы құралдарын өндіріске енгізу; 
> қызметкерлердің кәсіби жөне баска да наукастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды камтамасыз ету; 
> қызметкерлердің кауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды. 
Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын колдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықтала-ды. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйакы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбеккітапшасына жазылады.

 

Қазіргі таңдағы Қазақстанның еңбек  ресурстарының құрамы

 

Мемлекет өмірінде еңбек ресурстары үлкен маңызға ие. 90-жылдардың басында Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанда экономикалық құлдырау басталды. Оның үстіне халыққа алда не күтіп тұрғаны бұлыңғыр болатын. Осы екі себептен Қазақстаннаң үдере көшу басталды. Көпшілігі тарихи отандарына бет алды. Немістер Германияға кетті, орыстар Ресейге көшті және т.б. Соның салдарынан Қазақстан көптеген кәсіби мамандарынан айрылып қалды, себебі елден ең адымен өздері барған елде еңбек нарығында бәсекелесе алатын жоғары білікті мамандар кетіп қалды. Сонымен бір мезгілде Қазақстанда әр түрлі бағытта маман даярлайтын оқу орындарының саны өсті. Жас мамандар тәжірибенің есесін жастыққа тән жігермен, шығармашылық құлшыныспен қайтаруға тырысты. Көптеген адамдар еңбек жағдайының өзгеруіне ілесу мақсатында мамандықтарын өзгертті. Өкініштісі, 90- жылдардың басында ел экономикасы құлдырап, кәсіпорындар жабылып қалуы себепті көптеген жоғары білікті мамандар жұмыссыз қалды. Мұның өзі елдегі миграциялық тасқынды одан әрі күшейтып жіберді. Елімізде кәсіпкерлік өтпелі қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайына, макроэкономикалық дағдарыс және халықтың әл-ауқытының нашарлауы өрісінде қалыптасты. Кәсіпкерліктің бұдан тезірек қалыптасуы үшін объективті де, субъективті де себептер керек болады. Үкімет әлгіндей қиыншылықтарға қарамастан ел облыстарында орналасқан шағын кәсіпкерліктің аймақтық орталықтарың құру арқылы кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізді. Мұндай орталықтыр қолдауға ділгер кәсіпкерлерге шұғыл көмек қолын созды. Республикада басталған ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және реформалау ісі өндіріс көлемін едәуір қысқартып, кейбір жағдайда кәсіпорындардың жабылып қалуына әкеп соқтырды. Ал бұл жағдай өз кезегінде халықты еңбекпен қамту деңгейін төмендетіп, еңбек ресурстарың мемлекеттік экономика секторынан жеке бизнеске қарай ойсуына әкелді. Мұны статистика мәліметтері растайды.40%-дан аса шағын кәсіпорын 1992-1993 ж. қурылған. Экономика макроэкономикалық тұрғыдан тұрақтана бастаған 1994-1995 ж. 38% шамасындағы шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Соңғы жылдары орта таптың табысы үдемелі өсіп келеді, мұның өзі инвестиция салуға қолайлы жағдай туғызуда. Сондықтан және халықтың табысы қызмет көрсету сұранысынан үнемі артып келе жатқандықтан әсірісе қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік одан әрі дамып, жеке компаниялар саны көбейе беруі әбден мүмкін

Еңбек дегеніміз не? Еңбек дегеніміз адамдардың тауар шығарып, қызмет көрсетуге жумсалатын дене және ақыл-ой күш жігерін көрсететін өндірістегі факторлардың біреуі.

Еңбек – адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі [1].

Өндірістегі барлық факторлардың ішінде еңбек ең маңыздысы болып саналады, себебі адам қатыспаған жерде капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе бітіре алмайды. Нарықтық экономика жағдайында еңбек тауар болып саналады, және еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етеді. Кез келген елдегі халықтың басым көпшілігі еңбегін сатып, есесіне Еңбекақы алып табыс табатыны мәлім. Адамдар күнкөріс үшін табыс табу мақсатында бойындағы білімін, еп-дағдысын, зердесін, білігін пайдалана отырып, уақыты мен денсаулығын жұмсай отырып өз еңбегін ұсынады. Мұндай еңбекке әлгі білімді, епдағыны және білікті тауар шығарып, қызмет көрсету ісіне, түптеп келгенде пайда табуға пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер ділгерлік танытады [2].

Еңбек ресурстары бұл – еңбек етуге дене және интеллектуалдық қабілеті бар, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету түрлерін өндіре алатын еңбекке қабілетті тұрғындардың бөлігі, яғни еңбек ресурстары өзінің құрамына бір жағынан, экономикадағы еңбекпен қамтылған адамдар санын жатқызсақ, екінші жағынан еңбекке қабілеті бар бірақ жұмыспен қамтылмаған адамдар санын жатқызамыз. Сонымен, еңбек ресурстары нақты және потенциалды жұмысшылардан құралады [3].

     Қазақстан – еңбек әлеуетінің өсуінің ауқымды резервтерін иеленген ел, бұл өз кезегінде салыстырмалы түрде елдің жоғары демографиялық әлеуетімен анықталады. Елдің дамушы мемелекеттердің әлемдік қауымдастығына кіру үрдісі ҒТП-тің факторларын белсендендіреді. Олармен көрсетілетін ғылыми-техникалық көмек, шетелдік фирмалардың қатысуымен біріккен кәсіпорындар, ірі акционерлік қоғамдар  ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар ашу алмасушы технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызады. Бұлардың барлығы еңбек ресурстарының еңбек нарығындағы мобильділігін артыру үшін және жаңа технологияларға жедел бейімделуі үшін  олардың сапасын арттыруды талап етеді [14].

     Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарлама

   Осы Лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарламаны (бағдарлама) Қазақстан Республикасының үш жақты әріптестері бірлесіп әзірледі және   әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму және ер кісілер мен әйелдердің өмір сүру стандарттары мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстандағы лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету жөнінде бірлесіп жүргізілетін жұмыстың жалғасы болып табылады.

Бағдарлама Мыңжылдықтың даму мақсаттары шарттарын, БҰҰ-ның даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі негіздемелік бағдарламасы (UNDAF)¹ мен жұмыс орындары туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Ғаламдық пактін басшылыққа алады. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстанның 2024 жылға дейін тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары тәрізді үкіметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларында айқындалған ұлттық басымдықтарға негізделеді.

     Еңбек нарығын тұрақтандыру, өңірлік жұмыспен қамтуды және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен     168,8 млрд. теңге³ бөлінді.

Кадр даярлау және қайта даярлау бағдармаласымен 67 мыңға жуық адам қамтылатын болады.

Еңбек нарығындағы, әсіресе салалық және өңірлік қатер аймақтарында, жүйе жасайтын және қала құратын кәсіпорындардағы ахуалдың тұрақты мониторингі жүзеге асырылады. Қабылданып жатқан шаралар халықты жұмыспен қамтуға, нақты табыстың сақталуы және өсуіне, халықты әлеуметтік қорғауға тікелей әсерін  тигізеді.

     Жол картасын іске асыруда қазақстандық өндірістегі тауарлар мен қызметтерді басымды пайдалану есебінен отандық кәсіпорындар, бірінші кезекте құрылыс секторы мен құрылыс материалдары индустриясын тұрақтандыру жоспары тапсырыстарымен қамтамасыз етіледі. Макроөңірлерде экспортты мамандандыру секторларын келешекте дамыту нәтижесінде   500 мыңға жуық жұмыс орыны құрылып, ІЖӨ-нің қосымша өсуі шамамен    8 % құрайды.

    Жыл сайын соңғы бес жыл ішінде елімізде екі жүзден астам жұмыс орны, оның ішінде жартысынан көбі ауылды жерлерде құрылуда. 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп өтініш білдірген бес жүз сексен үш мың азаматтың 81,6 % жұмысқа орналастырылды, 65,0 мың жұмыссыз кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберілді.

    Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында 2005 жылдан бастап жұмысынан айрылу жағдайына берілетін төлемді және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтитын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыспен қамтылған халықтың саны 2012  жылы 8,5 млн. адамға (2008 жылы 7,8 млн.) артып, жұмыссыздық деңгейі 7,6 %-дан 5,3%-ға төмендетілді (2012 жылдың ІҮ тоқсан қорытындысы бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
1. Витек К. «Проблемы семейного благополучия».- М., Прогресс,1998 
2. В.А.Сысенко « Супрежеские конфликты, С-П, 1989 
3. Бодалева А.А, Столина В.В. « Семья в психологической консультации» М,1989 
4. Василюк Ф. Е. « Психология переживания» Москва,1984 
5. Абулханова- Словская К.А. « Стратегия жизни» Мысль,1991 
6. И.М. Никольская, Р.М. Грановская « Психологическая защита у детей» С-П,2001 
7. И.Б. Дерманова «Диогностика эмоционально-нравственного развития, С-П,2002 
8. «Психологические тесты» под ред. А.А.Карелина, М.,2001 
9. « Практическая психология в тестах, или как научиться понимать себя и других», сост. Р. Римская, С. Римский , М., 2000 
10. Теория и методика социальной работы / Под ред. И.Г. Зайнышева.-М., Союз,1994  
11. Кон.И.С. «Социология личности» М.,1997

Дисциплина: Психология

12.↑ Қазақ ЭнциклопедиясыA

13.↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Информация о работе Қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі