Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:25, дипломная работа
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөліТұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Кіріспе
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді.
Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі
болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.).
Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі
болып көрінеді. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөліТұлға
проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия,
социология, психология, педагогика, т.б.
ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен
творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі
ретінде қарастырса, психология оны психикалық
қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық,
темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Тұлға- қоғамдағы болып жататын әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің, сол сияқты
жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың
іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке
тұлғалардың мәнді сипатты белгілері
арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда,
жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас
топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Тұға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың
бастапқы агенті болып саналады. « Тұлға»
дегеніміз кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид»,
«тұлға» деген ұғымдардың арасындағы
мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз
керек. « Адам» деген-адмазат баласының
жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден
өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама
ұғым.
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:
"Еңбек — адамзат өмірінің
бірінші негізгі шарты, адамды
адам еткен еңбек деген
— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор.
К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .
ТАРАУ I. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
1.1Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы
Жалпы қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік құрылым” ұғымы «әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым” түсінігі «әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.
Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.
Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.
Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.
Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?
Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.
Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:
- адамдардың бөлінуі
- әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.
- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;
- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;
- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.
Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын — олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай «әлеуметтік қауымдастық”, «әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:
1) біріккен әрекет;
2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);
3) топтық бағыттылық пен ережелер.
Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады:
1) өзінің жеке меншікке қарым-
2) белгілі бір территорияда — қала немесе ауыл –
3) рангтық топтар – басшы
мен бағынушы арасындағы
Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.
Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.
Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.
Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.
Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне «бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.
Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.
Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:
1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу
үшін жеткілікті болуы қажет.
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.
Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады: