Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:25, дипломная работа
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөліТұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
1.2Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия,
социология, психология, педагогика, т.б.
ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен
творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі
ретінде қарастырса, психология оны психикалық
қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық,
темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Тұлға- қоғамдағы болып жататын әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің, сол сияқты
жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың
іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке
тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша
айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы
тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге
болады.
Тұға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың
бастапқы агенті болып саналады. « Тұлға»
дегеніміз кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид»,
«тұлға» деген ұғымдардың арасындағы
мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз
керек. « Адам» деген-адмазат баласының
жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден
өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама
ұғым.
« Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке
адам. Индивидуалдық-бұл әр адамның өзіне
ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы,
яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
Ал, «тұлға»дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық
қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары
тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен
тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның
әлеуметтік сипатының бастамасы деп те
атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз,
индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті,
яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын
сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз өмір
сүре аламайды.
Индивид- жеке-дара адам. Барлық адамға
тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда ғана өмір
сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады,
себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін
бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан
тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті
болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың
кез келгенімен әлсіз екені белгілі. Мысалы,
жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден
тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа
адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам
баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай
адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар
бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған
фактілерін тарихтан жақсы білемі. Қырыққа
жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында
да балалар адам қалпынан айырылып қалған.
Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап
өсірген жануарлардың барлық қимылдарына
еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған.
Кейін олардың қолға түскендерін адам
қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен
жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі
маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже
бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын
тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған
күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі
міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста
болып, сол ортаның (топтың,ұйымның алуан
түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін,
сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі
қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп
шығуының негізі- өмір сүру ортасын өз
еңбегімен өзгерту,қайта жасау тәсілін,
ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым
түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру
жолын меңгеру қабілетінде болды.Тек еңбек
процесінде адамдар бір-бірімен қатынас,
байланыс жасауды, ойларын бір-біріне
сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара
адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани
мәдениет жүйесінің субъектісі яғни жасаушысы
болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның
өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді
(тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен
туады.
Осыларды еске ала отырып,
адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана
алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін,
өзара байланыс жасауға толық қабілеті
бар тіршілік иесі деп анықтама беруге
болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік
жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық,
психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп,
жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы
тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір
уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі
болады: биологиялық, психологиялық және
әлеуметтік. Биологиялық өлшем- бұл адам
организмнің түр бейнесі мен құрылымының
(морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің
құрылысын және формаларын зерттейді,
оның атқаратын, орындайтын қызметін,
шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем- адамның ішкі жан
дүниесі, онда жүріп жататын саналы және
санадан тыс құбылыстар мен процестер,
сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру,
не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш,
не наразылық, ойлау, т.б.) адамның еркі
мен спатын ( бейнесін), темпераментін,
т.б. қамтиды.
Осыған орай
жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің
әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде
ашып бере алмайды, өйткені биология мен
психология адамдарды жеке- дара зерттеп,
оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем- адамды тұлға, яғни
белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі
ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай
қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта,
мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады,
үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста
болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне
тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның
идеясына сәйкес келетін немесе идеалды
емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін,
оның идеалды типтен қандай ерекшелігі,
айырмашылығы барын зерттейді.Тұлға негізгі
екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне
араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына
сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы
іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны
қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі.
Л тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
1) Биологиялық, генетикалық дамудың алға
шарттары.
2) Әлеуметтік ортаның болуы
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей
санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы
тұлғаның құрылымын қалыптастырады.
ТАРАУ II. Қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:
"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",
— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді
Еңбек социологиясы
Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.
Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.
Еңбек социологиясының категориялары
Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.
Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.
Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.
Еңбекке қатынас (көзқарас) – бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Еңбек қызметтің себептері
Адамның өндірістегі қызметінде басты рөльді еңбектің белсенділігінің стимулдары мен себептері атқарады. Стимулдар – объективті факторлардың әсерінен пайда болатын саналы қозғаушы күш. Ол бір жағынан адамның белсенділігін анықтайтын көптеген факторларды қамтыса, екінші жағынан, әр түрлі адамдарға әрқилы әсер етеді.
Қазіргі әлеуметтанушылардың бірі Ф.Херцбергтің ойынша, батыс әлуметтануы жұмысшылардың мінез-құлқын өндірістік реттеуге бағытталған және ол осындай зерттеудің үш ең манызды тәсілін талдады.
Бірінші тәсіл.
CC ғасырдың басында Ф. Тейлор теориясының негізінде американ инженерлері жасап шығарған ғылыми менеджмент. Оның теориясы бойынша еңбектің қарқындылығы өндірістік тапсырманы күрделі еңбек дағдыларын қажет етпейтін кәдімгі операциялармен ұштастырған кезде артады. Бірліктік келісімді прогрессивті сыйақы төлеу жүйесі, тіпті, қарт және міндетіне жауапсыз қарайтын адамдардың да еңбек қарқындылығының жоғарлануына себеп болды. Қозғалысты экономдау және еңбек функцияларын ықшамдау мақсатымен мұқият инструктаж, сағаттық төлем және бонус жүйесі, құрастырмалы конвейер, т.б. арқылы еңбек операцияларын хронометрлеу – бұның бәрі өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы. Жұмысшылардың өндірістегі тәртібін реттеудің екінші амалының бастауы CC ғасырдың 20–30 жылдарында американдық ғалым Э. Мэйоның белгілі хоторндық тәжірибелерінде көрсетілген. Өндіріс қарқындылығын жоғарылатуға әсер ететін әр түрлі факторларды зерттей отырып, Э. Мэйо адамдың және топтың факторлар рөлін көрсетеді. Бұл амал адамдар қатынасының менеджменті деп аталады. Қазіргі жағдайда ол еңбектің маңызды мәселелерін тәжірибе түрінде өңдеп, зерттейді.
Жұмысшылардың өндірістік тәртібін реттеудің үшінші амалы американ ғалымы Б. Скиннер есімімен байланысты және жағдайлық менеджмент деп аталады. Мұнда материалды, әлуметтік қозғаушы факторлары қолданылады. Еңбек үшін марапаттау еңбек үрдісіндегі белгілі бір мақсатқа жетуге байланысты, ал менеджердің басты міндеті жұмысшылар қызметінің нәтижесін бағалау және материалдың және моральдік стимулдарды мөлшерлеу болады. Еңбек себептерінің қазіргі әлеуметтік концепцияларында А.Маслоу, Ф.Херцберг және т.б. еңбек мотивтері теориялық ережелері, концепциялары пайдаланылады. Американ психологы және социологының еңбек мотивтері теориясы адам қажеттіліктерін анықтайды. Адам қажеттіліктерін класификациялай отырып, А. Маслоу оларды базистік (тамақтану, қаупсіздік және т. б. қажеттіліктер) және туынды немесе мета–қажеттіліктер иерархиясы принципі бойынша өсу ретімен төменнен жоғарыға, яғни материалдықтан руханиға қарай орналастырады: біріншіден, физиологиялық және жыныстық қажеттіліктер – дүниеге адам әкелу, ас, тұрақ, демалыс т.б.; екіншіден, экзестенционалды қажеттіліктер – өз өмірінің қауіпсіздігінің, ертеңгі күнге сенімділіктің, өмір жағдайларының және қызметінің тұрақтылығының қажеттілігі, ал еңбек саласында – кепілді жұмыс бастылық, қайғылы оқиғалардан қамсыздану және т. б.; үшіншіден, әлеуметтік қажеттіліктер – құштарлық, ұжым қатарында болу, қарым-қатынас, біреуге қамқор болу, өзіне деген ықылас, еңбекке қатысу; төртіншіден, беделді қажеттіліктер – беделді адамдардың сыйластығы, қызмет сатысында өсу, бедел, қадір және жоғары баға;бесіншіден, рухани қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз ойын білдіру. А. Маслоу теориясының маныздылығы – факторлардың әрекеттестігінде, олардың қозғаушы негізін ашуда, оның индивидке алдыңғылары өтелгеннен кейін ғана соңғыларының қамтамасыз етілуі.
А.Маслоудың концепциясы Ф.Херцбергтің мотивациялық-гигиеналық теориясында әрі қарай дамытылды. Мұнда жоғары қажеттіліктер (жетістік, сыйлау, шығармашылық өсім мүмкіндігі) және төменгі қажеттіліктерге он мотивациялық факторлар ықпал етеді: компания саясаты, техникалық бақылау, басқарушымен қарым-қатынас, ұжым арасындағы жекелік қатынас, жалақы, қауіпсіздік және жұмыс кепілі, жеке және отбасылық өмір, еңбек жағдайлары және статус. Еңбек себептеріне зерттеу жүргізе отырып, Ф. Херцберг адамдардың жұмысымен қанағаттанбаған кездерінде орта туралы, ал қанағаттанған кезде жұмыстың өзін айтатынын байқаған. Бұдан әр индивид бір ғана қажеттілік жүйесін емес, бір-бірінен сапа жағынан ерекшеленетін, бір-бірінен тәуелсіз және адам тәртібіне әрқйлы ықпал ететін екі жүйесі бар деген нәтижеге келді.
Бірінші топ – гигиеналық факторлар. Олар еңбектің және болмыстың жағымды жағдайларын, еңбектің және еңбек режимінің ретті ұйымдасуын, жұмыскерлерді түрлі жеңілдіктермен және тұрақпен қамтамасыз етуде қолданылады. Қарқынды ²гигиеналық² еңбек жағдайлары персоналдың тұрақтылығына әкеледі. Бірақ еңбек өнімділігін міндетті түрде арттырмайды.
Факторлардың екінші тобы – мотивтер – Ф. Херцбергтің ойынша, ішкі (рухани) қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және жұмыста жетістікке жеткізеді, және танымалдылықты, оның мәніне қызығушылықты және т.б. тудырады. Олар жұмыспен қанағаттанушылықты және еңбек белсенділігін анықтайды.Сондықтан да Ф. Херцберг қанағаттанушылық – еңбек мәнінің функциясы, ал қанағаттанбаушылық – еңбек жағдайының функциясы деп санайды. Осыдан, гигиеналық шаралардың профилактикасы, ортаны жетілдіру арқылы жұмысшылардың қанағаттанбаушылығын жоюға болады. Бірақ өз жұмысына деген қатынастың тек біршама нөльдік денгейіне дейін. Адамның еңбеке деген талшынысын жоғарлату үшін еңбектің өзін байытатын қосымша шаралар қажет.
Эмпирикалық дәлелдей отырып, Ф. Херцбергтің бас назар аударғаны материалдық марапатты – жалақы, сыйақы – үнемі тиімді фактор деп санамау керек, себебі, адамдар ақша үшін, өздерін сенімді санау үшін тек белгілі бір уақыт аралығында ғана жұмыс істейді. Егер басқа жерде жұмысшыға кем төленсе, онда жалақының өсімі оны өндіріске бекітеді, бірақ үнемі жұмыс қарқындылығын жоғарылатуға әкеп соқпайды.
Мотивациялық–гигиеналық теорияның негізгі нәтижесі болып Ф.Херцбергтің жеті элементтен тұратын еңбекті байыту теориясы саналады: клиентпен тікелей байланыс, тауар өндірушінің персоналды жауапкершілігі және есептесу, кері байланыс, тікелей қатынас құқығы, ерікті график, ресурсты бақылау, квалификацияны жоғарлату және ерекше тәжірибеге ие болу. Осы концепциялардың негізінде батыс компанияларымен үш басты еңбекті ұйымдастырудың әлуметтік жобалары құрылды. Бұл, біріншіден, АҚШ-тағы ²қатысу менеджменті², екіншіден ²социотехникалық жүйе² (Швеция) және үшіншіден, ²сапа үйірмелері²(Жапония).