Қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:25, дипломная работа

Краткое описание

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөліТұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АДАМ ҚОҒАМ.doc

— 210.00 Кб (Скачать документ)

1) белгілер жүйесі;

2) нақты қоғамның әлеуметтік  құрлымы;

3) топтардың көлдене ауыстыруы.

Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.

Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.

Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.

Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.

Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.

Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.

Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.

Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.

Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .

Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.

Біз класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді. Кластың құрылуы – күрделі тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің нәтижесі.

Әлеуметтік қабаттар бұл тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды білдіреді.

Мүдделер – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа да қауымдастықтардың әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.

Әлеуметтік өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас алады – бұл бір-біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.

Әрбір әлеуметтік қайраткер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.

Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.

Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.

Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:

Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;

Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;

Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.

Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.

 

Қоғамның әлеуметтік- демографиялық  құрылымы

 

Қоғамның әлеуметтік құрылымында  елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі  тұрғындар құрылымы жатады:  жыныс-жастық,  отбасылық және генетикалық.  Бұл құрылымдар  бөлек территория бойынша,  тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің  нәтижесі мен  шарттары болып табылады.  Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл – туу, өлу, некелесу,  ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы  тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың  статистикалық параметрлері болып белгіленеді.

Белгіленген құрылымның әрқайсысы  тұрғындарды келесі  белгілер бойынша  құрамын сипаттайды: жынысы, жасы,  отбасы жағдайы,  туған жері,  белгілі  жерде   тұру уақыты. Тұрғындардың  құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың  даму келешегін  алдын ала  көре білу, демографиялық болжам жасау – әрқашан да ғылымның  алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі  адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап  алуына ұмтылып отырғанда өте қажет.  Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу,  тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.

Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы -  екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір  территорияда (ел, район) немесе  ұжым құрамында (ең алдымен еңбек)  еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде – әртүрлі жас адамдарының  арасындағы арақатынас.

Бұл құрылымдар  кейде биологиялық  ретінде  белгіленеді.  Шынында да, бұл айырмашылықтар  биологиялық негізге тіреледі.  Бірақ,  адамдар жиынтығының  жасы мен жынысы бойынша  орнығуы  әлеуметтік дамудың  бір салалары.  Әлеуметтік шарттар мен себептерден  әлем елдері  тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ,  әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде  олардың арақатынасы әртүрлі болып  келеді.

Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша  (жынысы немесе жасы), немесе  екі белгі бойынша талдауға болады.

Үлкен қызығушылық  тұрғындардың үш топқа  ажыратылуы  белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан  жоғары (ересек).

Осы топтар арасындағы арақатынас  тұрғындардың  жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым  прогрессивті, соғұрлым  онда даму мүмкіндігі  жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді.

Тұрғындар санының белгілі өсімі  мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым,  елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық  потенциалының  маңызды сипаттамасын айқындайды.

Тұрғындардың  отбасылық құрылымы – келесі көрсеткіштер: саны, көлемі,  отбасы құрамы,  бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және  ұдайы өндіріс, миграция,  тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы,  жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады.

Тұрғындардың отбасылық құрылымын  талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана мен балалар арасындағы  қатынастардан туындайтын  құқықтарымен және міндеттерімен байланысқан адамдар тобы  болып белгіленеді.

Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің  мәні алдымен оның отбасының  болуы немесе  болмауымен  өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және  балалары бар  отбасы толық деп аталады.  Ата-анасының біреуі ғана  бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан  басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан  отбасын күрделі отбасы деп атайды.

Тұрғындардың  отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке  – отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің   тең одағы. Некеге  отырған ерлі-зайыптылар  бір-бірінің алдында  белгілі құқықтырға ие болады және  міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады.  Отбасының  түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан  және олардың балаларынан  тұрады. Кіндік отбасының   екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және  баласыз,  ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың  балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді.  Мұндай кіндік  отбасымен  ата мен әже немесе үйленген  ересек  балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін.

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар негізінен моногамды және полигамды  болып бөлінеді. Бір әйел мен  еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі.

Екі немесе  одан да көп  әйел алушылықты  полигамия  дейді. Некенің бұл түрі  де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде  полигамияға рұқсат  етілген. Көпшілік дамыған елдердің  азаматтары  некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары:

 

- бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы  ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

- баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда  өмір сүруге дайындау;

- отбасы мүшелерін  баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге  қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

Генетикалық құрылым – тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа  аумақтан  көшіп келген   адамдардың арақатынасын  белгілейді.  Келушілердің арасында  уақыт қонысына  байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда , елеулі орын миграция ойнайтын,  елдер мен район тұрғындарының  басты сипаттамасы болып табылады.

Жастар  социологиялық зерттеудің  объектісі ретінде  16 жастан 30 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді.  Жастар әлеуметтанудың  пәні болып,  жастардың  қоғамның әлеуметтік құрылымында  алатын орны мен рөлін,  айқындалу формалары мен  жастар ортасында  әлеуметтік заңдылықтар мен  заңдардың іске асыру механизмдерін  зерттеу  болып табылады.

Спецификалық жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның әлеуметтік – таптық құрылымында  жастардың орны;  жас шеңберінің критерияларын орнату; жастардың сұраныстарын,  қызығушылықтарын зерттеу;  жастардың әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерімен танысу;  олардың  әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен  ұжымда  бейімделуі;  жастар ұйымдарының  әрекетінің ерекшеліктері жатады.

 

 

Қазақстанның егеменділікке қол жеткізуі білім мен ғылым саласында түбірлі өзгерісер мен ізденістерді талап етеді. Бұл өткен кезеңдердегі әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму тәжірибесін ескеруді, оны ұлттық құндылықтар тұрғысынан зерделеуді қажет етеді. Тапсыз қоғамға негізделген кеңестік заманда әлеуметтік құрылымдардың қоғамдық рөліне обьективті баға берілмеді. Әлеуметтік топтар мен сословиелер мәселесі жеке қаралмай, жалпылама мәселелерді ашу барысында жанама сұрақтар ретінде зерттелінді. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайы жоғары топтар үстем таптар ретінде қаралып, өз бағасын ала алмады. Соңғы жылдары отандық тарихнамада зерттеушілер назарынан тыс қалып келген мәселелер көтерілуде. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап, оның ішінде қандай әлеуметтік топтардың, сословиелердің өмір сүретіндігін және олардың қоғам дамуында қалай әрекет ететінін білмейінше, қоғамдық істерді басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір қадам да алға басуға болмайтынын ұғынудың маңызы өте зор. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыздылығы, міне, осында.  
ХІХ ғ. ортасына дейін қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік құрылымының негізі ондағы жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын анықтаған сословиелік құрылымдардан құралды. Қазақ қоғамы ақсүйектер мен қарасүйектерге бөлінген сұлтандар, билер, батырлар, ақсақалдар, байлар, төленгіттер, шаруалар, қожалар т.б. тұрды. Осылардың арасынан сұлтандар, билер, батырлардың қоғамдық жағдайы Ресейдің қоластына өткеннен кейінгі кезеңде әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. ХІХ ғ. патша үкіметі жүргізген әкімшілік-территориялық шаралар және жаңа саяси экономикалық жағдай қазақтардың әлеуметтік құрылымын өзгертіп, нәтижесінде қазақ көшпелі қоғамында Ресей империясының ішкі губернияларындағыдай мүлде жаңа сословиелер: дворяндар, құрметті азаматтар, көпестер, мещандар қалыптасты. Олар ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі болды және қоғам дамуында белгілі бір рөл атқарды.

Информация о работе Қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі