Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 18:58, курс лекций

Краткое описание

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия лек)).doc

— 977.50 Кб (Скачать документ)

Философиямен терең  айналысу үшін математиканы білу қажет  дей отырып, әл – Кинди ғылымдардың  жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым – геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия кірген. Төртінші орында  алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т.т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді.

Математиканың ерекше проподевтикалық  ролін көрсете отырып, әл – Кинди  философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол – материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім.

Әл – Кинди идеяларын  одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен  Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.

Аристотельден негізгі  айырмашылығы әл – Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл – Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды.

Аристотельдікі сияқты әл – Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс – жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған.

Фарабидің  пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды  бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі.

Әл – Фарабидің  пікірі бойынша, бірінші болмыс – Құдай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қалыптасуы екінші болмысқа тәуелді. Дәрежесі бойынша ең жоғарғы екінші және ең төменгі сфераларда өмір сүретін екінші болмыстан жеке сфералар қалыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сәйкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді және тағы басқаларды айтамыз.  

Әлемнің шыққан тегі, негізі бір – ол әлемдік нұр. Әлемдік нұр деген ұғым Плотиннің эманация теориясын бірден еске түсіреді. Әлемдік нұрдан бүкіл тіршілік дүниесін тудыратын әлемдік ақыл тарайды.

Фарабидің әлемдік ақылы  өзін өзі бейнелеп қана қоймай, тануға да жетелейді. Оның өзіндік болмысын қамтамасыз ететін бірінші әрекеті, екінші ақылды тудырады. Екінші ақыл материя  мен форманың бірлігі болып табылатын  жанды тудырады.

Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады.

Сонымен қатар, ол аспан  денелерінің көмегімен адамдар, жануарлар, өсімдіктер, минералдар құралатын  төрт жер стихиясын қозғалысқа келтіреді.

Бұл әлемдік үлгіде адамға ерекше көңіл бөлінген.

Әл – Фараби адам жанының  тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде, яғни әдемілік пен жетілгендікті қабылдауында.

Адамның таным функциялары  сезімсіз іске аса алмайды. Қабылдау мен қиял – сезімдік білімнің негізгі құралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анықтамалары мәнді игере алмайды. Ол тек ақылға ғана тән.

Ақылда ғана адамның  жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін  игереді.

Ибн-Сина (980-1037) – ғалым  – философ, дәрігер, Шығыс перипатепизмінің көрнекті өкілі. «Сауықтыру кітабы» және «Құтқару кітабы» деп аталатын екі атақты шығарманың авторы. Ойшылдың бұл кітаптарында осы дәуірдің көрнекті дәрігерінің этикалық ізденістері көрініс тапқан.

Ибн Сина барлық ғылымдарды теориялық және практикалық деп екіге бөлген. Этиканы жеке адамның тәртібі туралы ілім, экономиканы үй жұмыстарын басқару ғылымы, саясатты халықты, мемлекетті басқару және ұйымдастыру туралы ілім деп анықтаған. Бұл ғылымдардың бәрі практикалық сипатта, өйткені олар адамның іс - әрекетімен тығыз байланыста.

Теориялық ғылымдарға метафизика, математика, физика жатқызылған.

Авиценаның ғылым теориясы әлемнің танылатына негізделген. Ғалым  өзінің күшімен адам дүниені тани алатынына сенген.

Авиценна логиканы жоғары бағалаған. Аристотель сияқты ол да логиканы теориялық ғылымдардың қатарына қоспаған, бірақ барлық негізгі философиялық еңбектерінде оны философияға кіріспе ретінде алған. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғылым - өлшемі» деп атаған. Өйткені кез келген білімнің нақтылығы, танымдық деңгейі логика арқылы белгілі болады.

Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анықталады.

Метафизика зерттейтін төрт түрлі болмыс бар. Біріншіден, ешқандай денелік белгісі жоқ, таза рухани құбылыстар, оның ішіндегі маңыздысы  – Құдай. Екіншіден, материямен тығыз байланысты болмыс, мысалы, аспан денелері. Үшіншіден, кейде тәнмен бірге, кейде одан тыс өмір сүретін заттар, мысалы, субстанция, сана, қажеттілік, мүмкіндік. Төртіншіден, метафизика материалдық заттарды және олармен біте қайнасқан ұғымдарды зерттейді.

Ибн Синаның пікірінше, әлем құдайдың эманациясы арқылы қажеттілік негізінде қалыптасты. Құдай бейтарап, әлем материалды, құдай сияқты ол да мәңгі. Табиғи заттар бір – бірімен  себеп салдарлы байланысқан, онда табиғи заңдылықтар үстемдік жасайды.

Араб перипатетизмнің  шыңы – ибн Рушд немесе Аверроэс, мұсылмандық Испанияның орталығы Кордовада  өмір сүрген. Аристотельдің ізімен ол да барлық адамдарға ортақ бейтарап әлемдік ақыл деп пайымдады, оның философиясы материалистік сипатта дамыды., ол алдыңғы қатарлы араб ойшылдарының және Аристотель ілімдерін синтездеу нәтижесінде схоластика мен католицимзге қарсы бағытталған ілімді жасады.

Осыған сәйкес жеке адамның  жанының мәңгілік тегін теріске  шығарды, бірақ бүкіл адамзат  мәңгілік деп есептеді.

Ибн - Рушд «екі жақты  ақиқат» ілімін жасады. Мұның көмегімен  философия мен ғылымды діннің бақылауынан босатуға әрекет жасады. Ойшылдың бұл қадамы философияның кейінгі  дамуына оң ықпал етті.

4. Сопылық – исламдағы  мистикалық бағыт. Оның тану  объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.

Құдай тану – ерекше сүйіспеншілік  сезімін бастан кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю объектісі, ал оған шын көңілімен  берілген сопылар шексіз сүюшілер.

Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.

Сопылық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың  сүйіспеншілік жолы.

Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады:

    1. «шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау;
    2. «тарикат» - беделді қария сопының айтқанын тыңдайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұға оқу және сапалы байқау нәтижесінде жеке ерікті басып тастау;
    3. «марифат» - ақылмен емес жүрекпен құдайдағы әлемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалылығы.
    4. «хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі.

Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын  ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.

Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды  қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста  әруақытта бағаланатын бейтарап ой – қиялмен емін – еркін  айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық  ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді.

 

8-лекция

Ренессанс пен  Реформация мәдениетіндегі философия

Ортағасырлық  мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм. Ренессанстық скептицизм мен эпикуреизм.

Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс  философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы  маңызы. Ренессанстық ойлау мен дүниеге  қатынастың ерекшеліктері.

Реформация  философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.

Н.Макиавеллидің  саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы  маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.

Батыс    адамының   дүниетанымдық   бағдарлары    мен    құндылықтар  жүйесінін  трансформациялануына,  әлеуметтік белсенді  стратегиясы  мен өмірлік   ұстанымдарының   қалыптасуына   ренессанстық   философияның, Реформацияның діни-философиялық және саяси ілімдерінің әсері. Ренессанс пен Реформация философиясының дүниетанымдық    жаңалықтарының әсерімен    батыстық    адам    мәдени    қызметінің    жаңа    формаларының қалыптасуы.

Ренессанс немесе Қайта өркендеу – философия тарихындағы маңызды дәуір. Ол Европада, әсіресе Италияда XIV-XVI ғасырларды дамыды. Оның дамуының алғы шарттары:

    • еңбек құралдары мен өндірістік қатынастардың жетілдіруі;
    • қол өнер мен сауданың дамуы;
    • қалалардың нығаюы, олардың ірі сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналуы;
    • европалық мемлекеттердің орталықтануы;
    • алғашқы парламенттердің пайда болуы;
    • Европада жалпы білім деңгейінің өсуі;
    • Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы (Колумб, Васко да Гама, Магеллан).

Қайта өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:

    • гуманистік (XIV-XVғ.) – көрнекті өкілдері Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Лоренцо Валла, негізгі зерттеу нысаны – адам, оның қадір – қасиеті, құдіреті мен күші;
    • жаңаплатоншылдар (XVғ. ортасы – XVIғ.) Николай Кузанский, Пико делла Мирандола, Парацелсс Платон иделарын дамытты; табиғатты, космосты, адамды идеализм тұрғысынан зерттеуге тырысты;
    • натурфилософиялық (XVI-XVII ғ. басы) Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей астрономиялық және ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып, шіркеу іліміне соққы берді;
    • реформациялық (XVI-XVIIғ.) Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Жат Кальвин, Эразм Роттердамский шіркеу идеологиясын өзгертіп, шіркеу мен құдайға сенушілердің арасында жаңа қарым – қатынас орнатуға тырысты;
    • саяси (XV-XVI) Никколо Макиавелли мемлекетті басқару мәселесін, басқарушылардың тәртібін зерттеді;
    • утопиялық – социалистік (XV-XVIIғ.) Томас Мор, Томмазо Кампанелла қоғамның жаңа түрлерін іздестірді.

Ренессанс философияның негізгі ерекшелігі – антропологиялық  мәселенің алдыңғы қатарға шығуы. Зерттеу ізденістерінің нысаны Құдай  емес, Адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның еркіндігі, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Никкола Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень сияқты ойшылдарды қызықтырды.

Құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасты. Бірінші орынға адам мен табиғаттың өзара қатынасы шықты, ал дін, оның мәселелері екінші қатарға ығыстырылды. Адам – табиғи жан. Бұдан Қайта өркендеу дәуірінің тағы да бір маңызды ерекшелігі туындайды, яғни мәдениет пен философия діннің ықпалынан босайды. Мемлекет, мораль, ғылым мәселелері дін тұрғысынан емес, ғылыми дүниетаным тұрғысынан зерттеле бастайды. Аталған мәселелер дербес сипат алып, зайырлы ғылымның негізгі нысанына айналады. Құдай, жамандық пен жақсылық төңірегіндегі діни ізденістер ұмытылмайды, бірақ олар бұрынғыдай шешуші орында бола алмайды. Бұл уақытта табиғат туралы жан – жақты мәлімет беретін ғылымдар қалыптасады.

Информация о работе Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері