Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 18:58, курс лекций
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.
Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.
Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті.
V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді.
IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.
Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский.
Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады.
Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.
Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға.
Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан.
Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.
Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.
Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады.
Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады.
Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды.
Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған.
IX-XIV ғасырлар арасында схоластика дамыды. Бұл тарихи дәуірде антикалық философияның өкілдері Платон мен Аристотельдің идеяларына ерекше көңіл бөлінді.
Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.
Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.
Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.
Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.
Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады.
Оның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың.
Фома Аквинский католиктік философия – томистік бағыттың негізін қалады.
Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес, тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.
Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот, ағылшын философы Уильям Оккам.
Пьер Абеляр реализм мен номинализмнің біржақты пікірлерін толықтыруға тырысты, сөйтіп өзіндік ерекшелігі бар концептуализм ілімін жасады. Абеляр Аристотельдің Платон идеялары туралы ойларын қайтадан жаңғыртты. Ойшылдың пікірінше, жалпы нақты заттардан тыс бола алмайды. Ол заттармен бірге, оның болмысымен біте қайнасқан. Адам ақылы оны заттан бөліп, сол арқылы заттың ішкі мәні мен мағынасын анықтайды, сөйтіп жалпы ұғымдарды тудырады. Жалпы ұғым адамның ақылында концепт ретінде өмір сүреді.
Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оған
монотеистік принцип – Құдай біреу, жалғыз деген догматиты мойындау:
креационистік принцип – Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау;
провиденциалдық принцип – адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.
Орта ғасырлардағы діни философияның маңызы мынада:
7-лекция
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі
арабтық-мұсылмандық философия
Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.
«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.
Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі дүние, Құдай және адам туралы ілім. Рухани өрлеу мен жетілудің суфийлік практикасы. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтары. Суфизм символизмі мен мистикалық практикасы. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл-Газалидің үлесі. Суфизм және Омар Хайям, Ирандық суфизмнің символикасы мең мистицизмі.
Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.
Орта ғасырлардағы араб
тілді философия мен
Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды.
Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды.
VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады.
Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады.
Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.
Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі.
Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі.
Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген.
Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).
Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.
Көп жақты және әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара ұшырасып, тоғысуы нәтижесінде жоғары шығармашылық сапаға көтерілді.
Араб орта ғасырлық ойлау мәдениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондықтан да жалпы орта ғасырларға тән теологиялық сипаттағы құдай және оған адамның қатысы туралы мәселе әл-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд еңбектерінде жалпы мен жекенің, қоғам мен адамның, мәндік күштері мен қабілеттерінің адамның өзіне қатынасы туралы мәселе айналды.
2. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.
Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.
Ислам VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығыс мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Оның негізін қалаушы Мұхаммед Алланың жалғыз екенін уағыздап, соған ғана құлшылық етуге шақырады.
Адамзат баласы «Алланың жалғыз екенін мойындап, оның елшісі Мұхаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қабылдады, яғни мұсылман болды – деп санайды. Бұл Алламен келісім – шартқа келді дегенді білдіреді. Қасиетті кітап араб тіінде жазылған. Сондықтан ислам дініне сенушілер араб тілін үйренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.
Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.
Калам әлемнің атомистік құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан құралады. Бірақ оның пайда болуы құдайдың еркіне тәуелді. Құдай қаласа, заттар атомдардан түзіледі, қаламаса түзілмейді.
Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.
Адамдардың себеп, салдар деп жүргені түк емес, шын мәнінде, құдай олардың санасында сондай дағдыны туғызады. Әлем заттармен бірге ұдайы өзгеріп отырады, бірақ жеке заттардың өзінде жеке немесе жалпы ұдайы байланыс болуы мұмкін емес. Ол Құдайдың шектелмеген еркіне байланысты. Адам ешуақытта еркін бола алмайды. Ол құдайдың әмірін орындап отырады.
3. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған.
Әл – Кинди Птоломей,
Эвклидтің жаратылыстану
Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған.
Информация о работе Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері