Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 12:37, лекция

Краткое описание

Адам өмірінің кұндылығы мен мәні, тағдыры мен мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы орны, рухани дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің маңызын арттыра түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия - 1.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

Белгілі есімдерге Ломоносов, Чаадаев, Хомяков, Герцен, Чернышевский, Соловьев, Бердяев, Флоренский, Шестов, Лосев, т.б. жатады.

Орыс халқының 988 жылы христиандықты қабылдауы оның дамуының шешуші қадамы 6олғаның атап көрсету қажет. Орыс философиясы Петр Біріншінің реформаторлық қызметіне дейін теоорталықтық түсінікті игерді. Петр Біріншінің реформасынан соң орыс зиялыларының қарқынды түрде Батыс еуропалық философиясын меңгеруi басталды. Философияның жүйелі дамуы XIX ғасырдың екінші ширегінен өзек алады. Ал XIX ғасырдың 40-50 жылдары идеялық даулар, негізінен, Ресейдің келешектегі даму жолдары төңірегінде өрбіді. Осы тұста белгілі екі ағым пайда болды – батысшылдық (В.Г.Белинский, А. И. Герцен, т.б.) және славянофильдік (И. В. Киреевский, А. С. Хомяков, т. б.).

Батысшылдар Ресейдің әлеуметтік қайта кұрылу келешегін Батыс Eypoпa елдері жетістіктерін игерумен байланыстырды. Ерте бой көрсеткен батысшылдардың арасынан философ, жазушы А. И. Герцен ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Oл Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және адамзаттың антагонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге

талпынды.

Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен адамның, материя мен сананың, индивид пен халыктың, жаратылыстану мeн философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар бірлігінде бейнеленетін жалпыбірлік идеясы өтіп тұрады.

Герценде болашақ қоғам социалистік идеалмен тектес. Герцен идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп ол халықшылдық (народничество) идеологияны тудырушылардың біріне айналды.

Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін басшылыққа алса, славянофильдер ұлттыұқ идеялык дәстүрлері негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды.

Славянофильдер дін іздеушілікпен шұғылданды. Олардың тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы керек болды.

Славянофильдер шындыкты интуитивтгк-сезімдік қабылдауға негізделен орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы, православиелік-христиандық менталитеттің діни тұтастығын уағыздады.

А. С. Хомяков басбірлікті, бостандықты және махаббатты тек православие ғана сақтайды деп есептеді. Отбасындағы, қоғамдағы, өзге де рухани бірліктер негізінде пайда болатын алқалы жиналысы (соборность) түсінігі ең өзекті түсінікке айналады. Славянофильдік идеялары Л. Н. Толстойға да ықпал етті. Ол да дініздеушілікпен айналысты. Ол үшін «Бог» (Құдай) – Христос емес, Христос – өзгелерге махаббатты қалай қолдануды, жамандыққа күшпен жауап бермеуді үйреткен Адам. Бұл ұстаным конфуциандыққа, буддизмге және даосизмге тіреледі. Толстой үшін бірінші орында философия емес, дін түріндегі этика тұрады.

    В. С. Соловьевтің (1853-1900 жж.) діни  философиясы

«құдайадамдық жалпыбірлік» (концепция богочеловеческого всеединства») тұжырымдамасын негіздеуге бағытталған ғылым мен діннің синтезі іспетті өзіндік «тұтас білім» жүйесін құруымен ерекшеленеді.

Соловьев жалпыбірлік идеясын жасау үстінде славянофильдік алқалы жиналыстық (соборность) идеясынан тіреніп, жылжып кетеді. Жалпыбірліктін негiзгi ұстанымы – “Барлығы бiр құдайдың құзырында біріккен». жалпыбірлік – жаратушы мен жаратылушының бірлігі.

Соловьевтің құдайы ғарыштық ақыл» ретінде көрінеді.

Барлық  өзгерістердің тікелей субъектісі ретінде жалпыбірлік идеясын қажет ететін әлемдәі жан  кызметі айтылады.

Бұл идея София даналығы атына ие болды . Соловьев iлiмін сондайақ софиология деп атайды. дүниенің негізі мен мәні – әлем жаны» –София, оңы Соловьев құдайға, дүние мен адамға бірлік беретін жаратушы мен жаратылушы арасындағы байланыс дәнекері ретінде қарастырады.

Үш абсолютті құндылық – игілік, ақиқат және сұлулық мәні махаббат болып табылатын бірлікті қалыптастырады. Соловьевтың ғылым, философия және дін бipлiгінің қажеттіглігі туралы пікір аәемді жалпыбірліктің нeмece құдайдың ықпалымен қалыптасып біткен жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Соловьев орыстың діни философиясында интеллектуалдық тенденция өкілі ретінде көрінді.

Соловьев «Чтение о Богочеловечестве», «Оправдание добра» сияқты еңбектердің авторы.

      В. Соловьев – әлемге неғұрлым  кең танылған 'орыс философы.

 

      Н. А. Бердяевтің  діни философиясы (1874-1948 жж.). Н. Бердяев

– персонализм ілімінің өкілі (персона – жеке тұлға). жеке тұлға

Бердяевтің  философиясында эмпиризмдік индивидуалистікпен сайкеспейді. Жеке тұлға адамның  барлық рухани және жандық қабілеттер жиынтығы ретінде ойластырылады. Бердяевтің адам мен қоғам туралы оқуының  басты мазмұны жеке тұлға мен объективацияның расындағы қақтығыс болып табылады.

Объективация жеке тұлғаны қоғамның бөлшегіне айналдыруға қамтылып, сөйтіп оңы бағынышты етеді. Объективациядан өтy барлық формада жеке бастаулардың ұжымнан басым тұруын білдіреді.

Бердяевтің тұжырымдамасында жеке тұлға адамның шыгармашылық және еркіндік әлемімен байланысын жүзеге асыратын «ішкі экзистенционалды жүйке» түрінде ойластырылады.

Бердяев нарғыз христиан идеологиясын іздеуге кipiceдi. Әрдайым жеке  тұлға мәнін іздеу және сонысымен де күнды тәжірибе оның шығармаларында түзілген. Нағыз еркін адам бас пайда мүддесінен, қызғаныш пен өкпеден биік тұрады. Бостандық материалдық мүддеге бағынбайды – әйтпесе ол бостандық eмec. Мұндай еркіндік қалың бұқараны мазасыздандырады. Сондықтан олар өз тағдырларын жейтін нан мен тәртіпке уәде берген кез келген адамның қолына ойланбай бере салады.

Бердяевтің пікірінше, Құдай адамға қалай елестесе – ол сондай. Вердяев идеялары француздың экзистенциализмі мен персонализмінің дамуына ыкпал eттi.

Бердяевтің  басты философиялық жұмыстары — «Еркіндік философиясы», «Тарих мәнісі және басқалары.

Орыс діни философиясындағы В.С. Соловьевтің интеллектуализміне Л. Шестов, П. Флоренский, т.б. қосылған антиинтеллектуалдық ағым қарсы тұрды. Жаңа орыс діни философиясындағы антиинтеллектуалдық пікірді көбінесе Л. Шестов (1866-1938 жж.) жақтады. Оның ілімінің айқындаушы тұсы сенім мен ақылдың түпкілікті қарама-

қарсылығы, тіпті олардың бір-біріне сыйыспастығы туралы желісінен көрінеді. Оның қөзқарасынша, сенім– адам 6олмысының ерекше, мейлінше толық, биік қыры, адамзат қоғамының, беделдің, қисынды дәлелдердің заңдарына бағынбайтын жаңа өмірге деген түбегейлі бетбұрыс. Ceнім – адам өмip сүретін барлық идеялар шеңберінен бұлқынып шығуга деген дайындық. Нағыз дінге сенетін адам тек өзі сүйенетін барлық шектеуші заңдардың немесе барлық тіректердің талқандалғаның, бөлшектенгенің, жойылғаның, жоғалғаның, барлық жарықтардың өшкенің, барлық нұскаулардың кұртылғаның сезінетін адам болып табылады.

Антиинтеллектуалистер тепе-теңдік заңы болмыс құпияларына енуде түк пайдасыз болуымен қоймай осы жолда аяққа оратылатын бөгет деп түсіндіреді. П. Флоренскийдің пікірінше, тепе-теңдік заңы тек бүлдіруші ғана күш eмec, ол адам бойындағы жасампаздық бастауларды жойып, жеке тұлғаны жатқа айналдырады. Сондықтан да осы заңды жеңі – адамның рухани өлшемін қайта жаңғыртудың, жеке тұлғаны қалыптастырудың басты шарты болып табылады. Пұшайман, шеңбері өте тар ой-өріске дүниені көрудін ерекше рухани кабілеттілігі қарсы қойылады. Мұндай кабілеттің түрлі белгілері бар – сенім, сүйіспеншілік, дiни тәжірибе, т. б.

Антиинтеллектуалистердің тұрғысынан діни тәжірибе, ceнім – осы сөздердің дәл мағынасындағы таным емес, адамның тікелей құдаймен байланысы, трансценденттік қажеттілігінен туған ішкі сезім.

Орыс философиясының айрықша белгілерінің бipi – оның  этникалық персонализмі. Этикалық персонализм қоғамдағы ұғынықты тілмен айтқанда алқалы жиналыс қағидасына әкеледі. Алқалы жиналыс (соборность) дегеніміз елдін құдайға деген махаббат негізіндегі бірлігі және адамгершілік құндылықтарына деген кұрмет.

Қaзipгі кезде  орыс космизмін (Чижевский, т.б.),тұтастай алғанда,

орыс  философиясының визиттік карточкасы ретінде  бағалайды. Iстің мәніне келгенде орыс космизімі концепциясы орыс философиясының тұжырымдалған сипаттағы идеяларын, Соловьев, Флоренский, Федоров, Циолковский, Вернадскийлердің ақылы мен жүректерін жаулаған жалпыбірлік идеяларын бейнеледі.

Сөйтіп, орыс философиясының негізгі де, басты принциптері

тұтастық, жалпыбірлік, этикалық персонализм, қауымдастық  және космизм  ұстанымдары  болып табылады. 

 




Информация о работе Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия