Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 12:37, лекция

Краткое описание

Адам өмірінің кұндылығы мен мәні, тағдыры мен мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы орны, рухани дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің маңызын арттыра түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия - 1.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасының білім және ғылым  министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Философия және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Көмекші дәрістер 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар

1 Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия

Адам мәселесі философияның "мәңгі" шешіп келе жатқан және шешіле бермек мәселелер  қатарына жатады. Өткен дәуірлердегі философиялық шығармалар мен бүгінгі заманымыздағы ізденістерді қамтитын әдебиеттерге зер салсақ, олардың көпшілігі адам туралы, немесе адамға қатысы бар дүниелер туралы ой қозғайтынын аңғарар едік. Ол түсінікті де, өйткені адамға қатысы жоқ қандай философия болмақ?

Адам өмірінің кұндылығы мен мәні, тағдыры мен  мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы  орны, рухани дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің маңызын арттыра түседі. Қоғамдық қатынастардың шиеленісуі, ғылым мен техниканың дамуы, рухани-саяси, экологиялық даңдарыстардың өрбіп-өршуі, жалпы айтқанда қандай да болсын даму процестерінің сипаты өзгеріп отырған кезде, адам мәселесі туралы түсінігіміз де басқаша болмақ.

ХХ ғасырдың соңында адамзаттың қуат-күшінің  құдіреті артып отырған кезеңде  баршаның, жеке адамның тағдыры сол  адамның қолында, оның ой-санасының  деңгейіне, рухани қабілетіне байланысты екендігі айқын көрініс тауып  отыр. Аңызға сүйенсек, грек ойшылы Диоген қолына шырақ алып Афинаның күн сәулесіне шомылған көшелерінен бір нәрсе іздеп жүрсе керек. Не іздеп жүрсің деп сұрағандарға: Адамды іздеп жүрмін деген екен. Әрине, Диоген тірі адамды іздеп жүрмеген, "адамдықты" яғни адамның мәнін іздеген. Міне осы адамды адам қылып тұрған басты қасиеті туралы әр түрлі пікірлер бар. Қандай да болмасын бір құбылысты түсінудің дағдылы екі әдісі бар. Бірінші әдіс бойынша қарастырып отырған құбылысты одан тыс басқа құбылыспен салыстыру, яғни "сыртқы" дүниелермен, табиғатпен, қоғаммен қатынасына көңіл аударылады. Ал екінші әдіс бойынша адамның "ішкі" дүниесіне, жан сезіміне, рухани қасиетіне мән беріледі.

Адамды осылай бөліп қарастыру, яғни адамның табиғи-биологиялық  жағын әлеуметтігіне қарсы қою  біржақтылыққа ұрындырады. Адам - биоәлеуметтік жан. Философия тарихында адам мәселесін осы екі факторға бірдей сүйене қарастырған қағидалар болған.

Әрине, осы мәселеге тарихи тұрғыдан қарап, өткендегі философиялық ізденістердің жетістіктерін сақтап пайдалану керектігі күмән туғызбайды.

Ұсынылып отырған  шағын оқу құралының бірінші  бөлімінде философиялық ойдың алғашқы  кезеңінен бастап, жаңа заман философиясы  аралығындағы адам мәселесі қамтылған. Осы оқу құралына кірмеген философиялық кезеңдердегі адам туралы ізденістер келесі бөлімде жалғасын табады деп сендіреміз.

 

 

2 Шығыс мәдениетіндегі философиясы

Ең көне философиялық ілімдердің бастаулары ежелгі шығыс  мемлекеттерінде Вавилон мен  Мысырда, Қытай және Үндіде пайда  болды. Европалық пиғыл бойынша  бүкіл адамзат өркениетінің бастауын гректерден, христиан ілімінен іздеу керек деген бір жақты түсінік қалыптасып қалған. Шындығында, философия тарихшысы Диоген Лаэртский, философиямен бірінші болып айналысқандар деп вавилондықтарды, египеттіктерді, парсыларды атайды. Мысырлықтар өзінің қарапайым философиясында құдайлар, адамдар туралы толғанған.

Шумерліктердің мифологиясында адамдарды құдайлар жасаған. Шумерлердің  “Гильгамеш туралы аңызында мәңгілік өмірді іздеген Урук қаласының патшасы  Гильгамеш адам өмірінің мән мағынасы өмір мен өлім туралы ойланады. Ол мәңгілік өмірдің жоқтығын түсініп, адам өзінің қысқа ғұмырында іс істеп, қалдыруы керек. Мәңгілік өмір деп соны айтады. Дүние мәңгі, өлмейтін тек құдайлар, ал адам өлмек.

Қытай ежелгі мәдениеті, көне тарихы бар ел. Қытай философиясының шығу тегін ежелгі мифологиялық ой-сананың үстемдік құрған уақыттан іздестіру керек.

Қытай мифологиясында аспан  мен жерді, тіпті бүкіл табиғатты  құдіретті күш ретінде адам тіршілігінің қажетті ортасы деп қарастырған. Осы мифологиялық ортадан ерекше күш ретінде – Аспан (Тянь) бөлініп, бүкіл дүниені басқаратын күш деп ұғынған.

Аспан – бүкіл тіршіліктің  қайнар көзі, себепшісі, сондықтан да, елдің, мемлекеттің синонимі ретінде  қолданылады. Ежелгі қытайлардың түсінігі бойынша табиғи құбылыстар, адамның тыныс тіршілігі мемлекет істері барлығы да көк аспанға байланысты.

Көне Қытай мифологиясында алғашқыда дүниеде тәртіп, үйлесімділік болмаған. Осы хаос – шым-шытырық  дүниеде үйлесімдік орнататын екі  күш бар. Ол аспан күші Ян және жердегі  күш Ин. Осы екеуінің қосылуының нәтижесінде адамдар, хайуанаттар, бүкіл дүние пайда болады.

Қытай философиясы “күресуші  патшалықтар” немесе “жаулаушы мемлекеттер” дәуірінде көрініс тапты. Біздің заманымызға дейінгі VІІ-VІ ғасырда  Қытай көптеген дербес патшалықтарға  бөлінгені тарихтан белгілі. Олар бір-бірімен жауласуда, билік үшін таласуда болды. Міне осындай әлеуметтік саяси жағдайдың шиеленісудің кезінде, Құдіретті тәңірге аспанға сенудің негізсіз екенін халық түсіне бастады. Өмірдегі қайшылықтарды көктен іздемей, жерде, күнделікті тіршілікте екенін түсіне бастады.

Аспан тәңірінің іргесі шайқалды. Ол олма, тіпті сыни көзқарастар  пайда болды. Оны, сол кездерде халық  ішінде таралған мақал-мәтелдерден  байқауға болады.

Міне осындай әлеуметтік өзгерістер адам санасына әсер етіп, әр түрлі көзқарастардың жіктеліп, сараласуына әсерін тигізді. Әр түрлі көзқарастарға негізделген философиялық ағымдар шыға бастады. Сол мектептердің ішіндегі беделдісі – Конфуцийшілдер мектебін айтамыз.

Қытай философиясының негізін  қалаушы қытай ұлтының рухани бітім болмысын жасаушы ретінде Конфуцийдің (Кун-фу-цзы) алатын орны өзгелерден ерекше.

Көне Қытай ойшылы Конфуции (б.з.д. 551-479) діни, табиғат философиясына  онша ықылас аудармай, адам қоғам мәселесімен  айналысқан. «Лунь-Юй» атаулы шығармамен (шәкірттері құрастырған) танысқанда адамның бойында бір біріне тәуелді бес қасиет болуы шарт. Олар: «жэнь» – адамгершілік, сүйіспеншілік; «синь» – сенім, адалдық; «и» – міндет, әділдік; «ли» - әдет-ғұрып; «чжи» - ақыл, білім. Осы қасиеттерді бір сөзге біріктірсек ол «жэнь» – Конфуции этикасының өзегі. Адамға деген сүйіспеншілікті кең мағынада түсінбеу керек. Әр адамның қоғамда өзіне тиісті орны бар. Жоғарыда айтылған қасиеттерді жүзеге асыру білімге негізделеді. Білім деп Конфуции теориялық білімді емес, практикалық маңызы бар білімдерді айтады. Білім әдет-ғұрып ережелері арқылы орындалады., Әдет-ғұрып ережелерін іске асырудың бір шарты ата-бабалар аруағына сиыну. Әдет-ғұрыптың текті «ізгі ниетті ерлер» ойдағыдай орындай алады, ал қарапайым адамдар тек өздерінің пайдасын ойлаудан аспайды. Жалпы, Кун-фу-цзы тәлімділік өсиеттерге негізделген адамның бейнесін жасады. Адамдарды екі тобының «цзюнь-цзы» мен «сяо-жэньнің» әлеуметтік бейнесі бір біріне қарама-қарсы. Бірінші: міндет пен заңға бағынады, екіншісі өз пайдасын ойлайды. Бірінші өзіне талап қояды; екінші басқаларға талап қойғыш. Біріншісі басқа адамдармен келісімді өмір сүре отырып оларға ермейді, екінші басқаларға ере отырып олармен келісті өмір сүрмейді. «Ізгі ниетті адамның» өмірі бір функциямен шектелмейді, ол жан-жақты жетілген адам. Жетілген адам қайырымды бола тұрып ысырапшыл емес; еңбекке ықтиярсыз көндіру арқылы адамдардың ашуын шақырмайды; ұлық бола отырып кішік; құрмет көре отырып, қатыгез емес. Міне жетілген адамның әлеуметтік сипаты осындай.

Конфуцидің ілімін ары қарай дамытқан Мэн-цзы (б.з.д. 372-289ж.). Ол адам туғанынан, табиғатынан қатыгез дегенге келіспейді. Ол конфуцишіл Гао-цзымен де келіспейді. Гао-цзы адамның табиғатын буырқанып ағып жатқан суға теңеген: оның жолын шығысқа ашсаң – шығысқа ағады, батысқа ашсаң – батысқа ағады. Судың ағуына батыс та шығыс та бірдей. Сол сияқты адам табиғаты қатыгез де, қайырымды да емес. Мэн-цзы осыған қарсы пікір айтады. Су қайда ақсада төменге ағады. Адамның да табиғаты солай. Адамның табиғаты қайырымдылыққа, жақсылыққа ынталы. Адамды қатыгез қылатын ерекше жағдай: аштық, соғыс, жұт. Конфуцидің жолын ұстаған ойшыл Сюнь-цзының пікірінше, адам табиғатынан қатыгез. Дүниеқұмарлық адамға туа біткен қасиет. Егер адам табиғатынан қайырымды болса тәрбиенің, заңның, әдет-ғұрыптың, тіпті мемлекеттік биліктің қажеті не? Оның барлығы бар. Адамды бір біріне келістіретін қоғамдық өмір дейді Сюнь-цзы.

Қытай философиясының келесі беделді мектебі – Даосизм. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-цзы  деген жорамал бар. Даостардың негізгі мәселесі адам емес – болмыс, табиғат. Дао ұғымы – алғашқы негіз, бейнесіз, шексіз, затсыз, барлық заттардың қайнар көзі, тегі. Барлығы даодан шығады және соған барады. Дао – бүкіл болмыстың, соның ішінде адамның өмір жолы. Барлық тіршілік соған бағынады, ал дао жолынан тайған кезде адам бақытсыздыққа ұрынады. Даостар адам табиғатын жетілдіруге қарсы келмейді, бірақ қоғамның әсерін мойындамайды. Адам табиғатпен келісімді қатынаста болған жағдайда, шектен шықпай оның заңдылықтарымен санасып өмір сүре алады. Ол үшін өзің мен өзің бола білу керек. Адамның табиғилығын бұзбау – даосизмнің негізгі принципі.

Үндістан – адамзат өркениетінің бір ошағы. Көне Үнді философиясының бастауы – Ведалар – біздің заманымызға дейінгі үшінші және бірінші мыңжылдықтардың аралығында шығып рухани мәдениеттің, соның ішінде философияның дамуына орасан зор әсер етті.

Ведалар санскриттен аударғанда «білім, ілестіру» деген мағынаны білдіреді. Ведалар – алғашқы діни көзқарастар, дүние, адам туралы алғашқы философиялық ойлар. Ведалар төрт жинақтан тұрады. Олардың ең көнесі – Самхиттер (ән-ұрандар). Самхиттер де төрт жинақтан тұрады. Олар: Ригведа, Брахмандар, Араньяктар, төртінші философиялық жинақ – Упанишадтар. Осылардың ең көнесі – Ригведа. Ригведада үш мың құдайдың аты аталған. Адамды құдай тұдырған, жасаған. Адам тірі табиғаттың бір бөлігі. Жануарлар, өсімдіктердің адамдардан айырмашылығы аз, өйткені оларда да тән мен жан бар. Тән өледі, жан мәңгі. Тән өлгенмен жан өлмейді. Жан басқа бір тәнге көшеді. Осындай көшу, басқа жанға айналуды “сансара” деп атайды. Жанның басқа тәнге өтуі, адамның мінез құлқымен тығыз байланысты. Құдайға құлшылық етіп, құрбандық шалып, яғни дхарма ережесін бұлжытпай орындаған адам жоғарғы варнаға айналады. Варна – жік, тап, әулет деген мағынаны білдіреді. Көне үнділер төрт варнаға бөлінген. Олар: брахмандар, кшатрилер, ваишьялар және шудралар. Әр варнаның қоғамдағы бекітілген өз орны бар, олар бір-біріне өте алмайды. Осы әлеуметтік жіктеу веда әдебиетінен алынған. Ригведаға сүйенсек адам Пурушадан шығады. Үнді мифологиясында Пуруша деп “әлем – адамды” айтады. Пурушаның аузынан – брахмандар, қолынан – кшатрилер, жамбасынан – ваишьялар, аяғынан – шудралар жаралса керек. Әр варнаның өзінің “дхармасы” бар. Осы заңдылықты дұрыс орындамасан, төменгі варна болып, қайта туасын. Упанишадтағы негізгі мәселесі – адам мәні, мәнез-құлқы, психикасы.

Адам психикасының құрылымының күрделілігін зерттей  отырып, оның элементтерінің яғни сананың, еріктің, жадтың арасындағы өзара байланыстарға  ерекше мән береді. Болмыстың алғашқы негізі рухани бастауы – Брахман, немесе Атман. Брахман мен Атман синоним ретінде қолданылғанмен, кейде Брахманды құдай, ал Атманды жан деп те қарастырады. Упанишадтың кейбір үрдістерінде Брахман және Атман табиғат пен адамның бейнесіз рухани негізі деп түсіндіреді.

Адам мәселесі Будда ілімінде тереңірек қойылған. Будда ілімінің негізін қалаған  Сиддхарта Гаутама. Ілім төрт ақиқаттан  тұрады: 1. өмір азап, 2. Азаптың себебі бар, 3. Азаптан құтылу бар, 4. Құтылудың  сегіз жолы бар. Азап деп, жер бетіндегі көрінісі өмір сияқты, алдамшы тірлікті айтады. Азаптың себебі тәннің құмарлығына, ықыласына еріп, материалдық заттың жетегінде кетуде жатыр. Бірақ одан да басқа, адамда қасиет бар. Ол рухани қасиет. Бойында рухы бар адам азаптан құтылады. Азаптан, қасіреттен құтылудың жолдары бар. Ол жолдың басы өшу, өлу емес, тәннің құмарлығына тиым салу арқылы таза рухани тірлікке – Нирванаға өту. Нирвана – санскриттен аударғанда өшу, сөну, құтылу арқылы рахат сезімге бөленуді білдіреді. Оған жеткен адамды – архат, яғни әулие, жетілген адам деп атайды. Рахат сезімге, тыныштыққа бөленудің кілті – ұстамдылық. Күнәдан арылудын жолын ұстаған адамды – “бодхисаттва” деп атайды.

Шығыс философиясы  адамзат мәдениетін қалыптастыруға өздерінің үлесін қоса білді. Олардың  адам мәселесі төңірегіндегі ізденісі босқа кеткен жоқ. Өткенді жоққа шығармай, сонымен бірге табынбай, еліктемей қажетке жарата білу керек.

 

3 Антика мәдениетіндегі философиясы

Адам туралы толғаныстар грек аңыздары, гомер  поэзиясы арқылы жеткен көне грек дiндерi мен космологиясының антроморфизмдық сипатынан байқаймыз.

Оған дәлел  ретiнде Гомердiң “Илиада” мен  “Одиссея” эпостарын қарастырайық.

Осы эпостарда  адамдардың қайдан, қалай пайда болғаны  туралы ештеме айтылмайды. Ондағы кейiпкерлер  жартылай құдайлар, жартылай адамдар, алыптар, табиғаттың дүлей күштерi ретiнде бейнеленген. Олардың iс әрекетiнен адам қасиеттерiн табамыз. Адамдарды құдайларға қарсы қою арқылы, салыстыра келе, адамдарға лайық қасиеттердi ажыратамыз.

Құдайлар мәңгi өмiр сүрсе, адамдардың өмiрi қысқа. Олар құдайларға жалына тiршiлiк етедi. Адам тәннен, үш түрлi рухтан тұрады. Оның бiріншiсi – “псюхе” – тiршiлiктiң басы яғни жан. Рухтың екiншiсi – “тюмос” – сезiмталдық, үшiншiсi – “ноос” – ақыл. Осының алғашқы екеуiн жануарлардан, ал барлығын құдайлар мен адамдардан табамыз.

Гомерден кейiнгi мифологиялық туындыларда адам туралы мардымсыз мәлiмет сақталмаған. Грек философиясының бастапқы кезеңiнде  адам космос дүниесiмен бiте қайнастыра қаралғанымен қоймай, тiптi оның шағын  көрiнiсi деп есептелген.

Плутарх және Пифагордың айтуынша космос ұғымын күллi әлем түзiлiсiне алғашқы рет милеттiктер (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) қолданған. Пифагорлықтар космосты адамға ұқсас организм деп бiлген. Ал организм дегенiмiз жаны бар болмыс. Осы болмыстан құдайдың, табиғаттың, адамның қасиеттерiн көруге болады. Алғашқы грек философтары әлемнен адамды тапса, адамнан әлемдi көре бiлген.

Информация о работе Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия