Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 20:01, шпаргалка
1.Ұлттық тәрбиенің субьектілері ретінде жастар,студент жастар оларға сипаттама. 2004 ж 7 шілдеде ҚР-ның жастар саясаты тұжырымдамасы іске асады.Тұжырымдамада Қазақстан жастары деп 14-29 жасқа дейінгі азаматтарды айтады.Студент жастар деп-өзіндік мақсаттары,өмір сүру ортасы,ерекше еңбек реті,әлеуметтік жағдай және психологиясы,бағдарлар жүйесі болатын жастар.
Әрине, таңдау құқығы әр адамның өзінің қолында, айтпақ сөз – әр нәрсенің орны мен шегінің барында болып отыр. Абай атамыз айтпақшы: «Біздер, адамзат, үш нәрсенің қадірін білмейміз:жастық шақ, уақыт, денсаулық». Заманның талабын қуып, агентке құнығып кеткеніміз, арманымыз қанатсыз, еш талапсыз жай күніміз өтіп жатқан жоқпа осы деген ой келеді санаға. Ал қазіргі біздің жастардың арманы тұманды, бұлынғыр сияқты. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтану қажет.
Сол себепті алтын уақыттың қадірін біліп, оны жоспарлап, басқара алуды үйренсек, маңызы зор мақсатқа жеткеніміздің белгісі болары анық.
75. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.Ассамблеяның қызметі Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының
мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің
дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.
Этномәдени бірлестіктердің өзінің
саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден
асады, оның ішінде 28-і республикалық.
15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар
7 тілде телебағдарламалар
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің
көріністері мен адамның және
азаматтың құқықтары мен
азаматтардың демократиялық
Ассамблеяның мақсаты мен
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін,
тілдері мен дәстүрлерін
76. Үштұғырлы тіл Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында:Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлi¬нiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақ¬ты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл. Елбасының «Бiз бүкiл қазақстандықтардын басын бiрiктiретiн басты фактор - мемлекеттiк тiл - қазақтардың туған тiлiн дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз керек»-деуiнiң өзi әрбiр саналы азаматтарға көп жайды аңғартса керек. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi мең-геру¬дiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi. Үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру үшiн басқа шетел тiлдерi iшiнен не себептi ағылшын тiлi таңдап алынды? Өйткенi, жаңа әлемдiк мәдени өмiрде ағылшын тiлi ең кең тараған дүние¬жүзiлiк қатынас құралына айналып отыр. Көптеген қазiргi заманғы тiл мамандарының пiкiрiн¬ше, ағылшын тiлi мәдениетаралық қатынас құра¬лы болу сияқты жалпы қоғамдық қызмет ақарумен бiрге төмендегiдей қосымша мiндеттер атқарады екен: бiрiншiден, ол бiлiмдердi бiр тiлден екiн¬шi¬сiне аударып тарату қызметiн атқарады; екiншi¬ден, халықаралық коммуникация мен ақпарат құрал¬дары қызметiн атқарады; үшiншiден, адам¬дар арасында бүкiл әлемдiк ой-пiкiрлер алмасу түрi және төртiншiден аса мол ақпараттарды сақтау құралы қызметiн атқару тiлi болып табылады. Үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру мемлекеттiк қазақ тiлiн қалыптастыру iсiн жүзеге асыруды қиындатады, керек десе, оған зиянын тигiзедi деген сияқты пiкiрлердi айтып жүргендер де жоқ емес. Рас, бұл оп-оңай жүзеге асыратын iс емес, қиын проблема екенi анық. Бiрақ қиындықсыз даму жоқ. Қысқасы, үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру әрбiр қазақ үшiн бүгiнгi өмiр талабына айналды деуге болады.
77.Интернеттің менің өмірімдегі орны Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Ал енді интернеттің
1. Интернеттен не керек бәрін
табасың. Әсіресе студенттер
2. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар.
Ал зиянына келетін болсақ.
1. Ең бастысы өз денсаулығыңды құртасың. Көз ден бастап.
2. Уақытың босқа кетеді. Яғни спортпен шұғылдануға уақытың болмай қалуы мүмкін.
Қанша зиян дегенмен, Интернеттің
пайдасы басымырақ. Бірақ
Интернет пен Денсаулықты қатар алып жүріңіздер!
Біз өмір сүріп жүрген жаңа әлем жарнама алаңына айналғандай. Біздің әрқайсысымыз күніне мыңдаған жарнаманы қабылдап, санамызға сіңіріп жатамыз. Себебі, кез келген қоғамдық ортада, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде бір емес, бірнеше жарнамаларды кездестіреміз. Одан қалса, кеш мезгіліндегі бос уақытты пайдаланып, теледидар көре қалсақ та, уақытымыздың жартысы жарнама көрумен өтетіні сөзсіз. Әрине, мұншалықты жарнамадан алатын әсерлер біздерді өзгертпей қоймайды.
78.Студенттің өзін –өзі басқару – Қазақстан республикасының мемлекеттік жас саясатының пішіндерінен, жастардың мақсаттары, студенттің қоғамдық қозғалысының консолидация, қоғамды ең толық игерушілігі, студент мәселесінің шешімдері, әлеуметтік-экономикалық өзгеріс; факультет студенттерідің бірлескен шешімі ,бойынша студенттің өмірінің сапасының көтермелеуі болып табылады. Бүгінгі таңда студенттің өзін-өзі басқару, студент активтерінің қатысуы бойынша басқара алады.
Сондықтанда, студенттер өздерінің жауапкершіліктерін сезіне білуі және өзінің басты алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс, ал жоғарғы оқу орындары өздерінің басты міндеттерін сапалы білім беру және үлгілі тәлім-тәрбие беру және студенттің жатахасында қолайлы жағдай жасаулары тиіс.
Бұл ешқандай жастарға еркіндік және жеңілдіктер беріп қоймайды. Себебі студенттің өзін-өзі басқаруы жастардың өмірін және қоғамның және мемлекеттің өмірімен, жауапкершілікті өздеріне алу болып табылады, және қоғамға белсенді араласа отырып, азаматтық тәрбиені түсінуі тиіс.
Студенттің өзін-өзі басқару
негізгі мақсатымен шарттың
Студенттің өзін-өзі басқару тапсырмасына кіретіндер:
студент жастарының әлеуметтік және мәдениетті мүддесінің қорғау мүмкіншіліктері;
жас қазақстандық отаншылдық, жүйе арманның, шамалардың және бәстердің құрастырулары;
Қазақстанның азаматының халықтың бірлігінің идеясының студенттер арасында құрастырулары;
жастың арасында республика реформасын жүргізуді түсінідіру;
жас азаматтарды мемлекет қоғамы және құқықтықтық айқындама дамуына белсенді қатысуларына тәрбиелеу;
салауатты өмір салты жастар арасында дамыту;
республика және халықаралық жас ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру;
жастың бос уақытының ұйымы;
студент жастарының ғылыми әлуетінің дамуына үлес қосу;
студенттің шығармашылық әлуетінің дамуы;
Студенттің өзін-өзі басқаруы келесі аспекттермен өлшенеді: бос уақыттың ұйымының ұсынулары,қызығушылықпен айналысу, студент қоғамының жұмысы, және спорт университеттің мәдениетті өміріне араласу болып табылады. Және тиянақты жобаларда: әлеуметтік шараларға көмектесу, студенттің қоғамдық рейтингінің енгізуі, тәртіпті құптау, корпоративтік мәдениеттің тәрбиесін арттару.
79.
Қазіргі жастардың дінге
80. «XXI ғасыр – неке институтының дағдарысы ғасыры». Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орын алады. Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі – зайыптылардың бір–бірін толық танып, бір–бірімен жақсы түсіністік қарым – қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына - болашақ ерлі – зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын – ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез – келген отбасында, жас ерлі – зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс – керіс, қақтығыс, дау – жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады. Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген психологиялық зерттеулер бойынша, материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық. Отбасын құрудың маңызды факторларының бірі — жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын Отбасыға сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат - екінші адамға бағытталған сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сөзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді.
81,82 ауызша айту
83.1 курс студенттерінің бейімделу кезеңдері
Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағым-сыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты. Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі
а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;
б) әлеуметтік – психологиялық
бейімделу – индивидтің топқа, онымен
өзара қарым-қатынасқа
1) формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.
84.
Тұлғаның ұлттық санасын