1.Ұлттық
тәрбиенің субьектілері ретінде
жастар,студент жастар оларға сипаттама. 2004 ж 7 шілдеде ҚР-ның жастар саясаты тұжырымдамасы
іске асады.Тұжырымдамада Қазақстан жастары деп
14-29 жасқа дейінгі азаматтарды айтады.Студент жастар деп-өзіндік
мақсаттары,өмір сүру ортасы,ерекше еңбек
реті,әлеуметтік жағдай және психологиясы,бағдарлар
жүйесі болатын жастар.
2.Интеллект,интеллектуалды
ұлт,ұлттың интеллектуалды әлеуеті
ұғымдарына жалпы сипаттама.
Интеллект(латынша intellectus-ақыл,парасат,ес ,түсінік,таным-ойлау
қабілетінің жоғарғы типі)1)индивидтің
ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы
2)белгілі бір мәселені танып-білу және
шешуге қатысты және адамның жаңа өмірлік
жағдайларға бейімділігі мен кез келген
іс-әрекеттің табыстылығын анықтайтын
индивидтің жалпы қабілеті.Ұлттың интеллектуалды әлеуеті-қоғамның
жан-жақты экономикалық және әлеуметтік
қабілетін дамыта отырып,әлеуметтік өміршеңдік
жолымен интеллектуалды өнімді пайдалану
және құру.Интеллектуалды ұлт-интеллектуалды
тұрғыдан адамгершілік,мәдени қасиеттерді
меңгерген өзінің ғылыми,мәдени,білімі
мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие
бәсекеге қабілетті ұлт.
3.Білім алушылар
тұлғасының интеллектуалды әлеуетінің
құрылымы мен мазмұны.Жоғары оқу орнында білім алушылар олар
жеке тұлға.Жеке тұлғаның интеллектуалды
әлеуеті-жек тұлғаның туа біткен немесе
жүре қалыптасқан мүмкіндіктері мен шығармашылық
интеллектуалды іс-әрекетінің өзін-өзі
дамыту мен өз іс-әрекетін іске асыра білу
қабілеті.Интеллектуалды тұлға-өмірдің
кез келген ағымында пікірлесе алатын,жаңашыл-шығармашылық
тұрғыда өзіндік білім алуға дайын,интеллектуалды
қабілеті дамыған тұлға.
4.Ұлттық тәрбие-студенттің
интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру
құралы.Еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі
оқыту мен тәрбиелеуге қойылып отырған
талаптар Н.Ә.Назарбаевтың Интеллектуалды
ұлт-2020 ұлттық жобасында айтылған жаңа
қалыптағы қазақстандықтарды тәрбиелеу,Қазақстанды
бәсекеге қабілетті адамдық капиталы
бар мемлекетке айналдыру идеяларымен
сабақтасып,болашақ маманның интеллектуалдық
әлеуетін қалыптастыруға бағытталады.Студент
жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру
білім негіздерін терең меңгерген.қазіргі
инновациялық қоғамда қызмет етуге дайын,адам
деген атқа лайық,кісілік келбеті келіскен,адами
болмысы жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтармен үйлескен зияткер тұлға
тәрбиелеумен өзектендіріледі.Интеллектуалды
әлеует-адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың
ғылыми бейнесі,адамзаттық мәдениеттін
ең ірі бөлігі ретіндегі білімдерді саналы
меңгеру қабілеті және сол меңгерген білімдерін
өз ұлтының,елінің мүддесіне,қоғам игілігіне
жарата алуы.
5.Жоғары
мектептің білім беру үдерісі-студенттің
интеллектуалды әлеуетін дамытудың
негізі.Жоғарғы білім беру жүйесінің ең басты
міндеттерінің бірі ұлттық интеллектің
ұйытқысын жасау,халықарлық деңгейде
бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.Бәсекеге
қабілетті маманның маңызды қасиеттерінің
қатарында жасампаз ой,алған білімді іске
жарату,технологиялар мен инновациялар
болуы шарт.Жастар ортасындағы жағымды
тенденциялар-білім беру деңгейінің жоғарылауы,патриоттық
сезімнің дамуы,жастардың ғылыми,оқуда
және оқудан тыс қызметтерге белсенді
қатысуығстудент жастардың азаматтық
–құқықтық мәдениетін қалыптасуы,жастардың
рухани адамгерщілік,зияткерлік дамуы.
6.Ғылымдар
әдіснамасы ұғымы.Ұлттық тәрбиенің
әдіснамалық негізінің жалпы
сипаттамасы.Әдіснама-грек сөзі жол,ілім деген мағынаны
білдіреді.Ғылыми тұрғыдан алғанда ғылыми
түсініктердің маңыздылығы анықтау,даму
бағытын,мақсатын,қағидасын анықтайтын
таным туралы ілім.Ғылымдар әдіснамасы-ғылыми
білімнің құрылымын,ғылыми танымның құралы
мен әдісін,дәлелдеу тәсілін және ғылымның
дамуын зерттейтін ғылымтанудың бөлімі.Ұлттық
тәрбиенің әдіснамасы:білімнің құрылымы
мен қызметі туралы ілім;әдіснамалық мағыналы
түйінді,философиялық теориялар,тұжырымдамалар,болжамдар:таным
әдістері туралы ілім;Ұлттық тәрбиенің
әдіснамалық негізін құрайтын басты бағыт-таным
теориясы.Таным-қоршаған болмыстың оның
элементтерінің,белсенді ақыл-ой,көңіл-күй,іс-әрекеттері
олардың нәтижесі,яғни білім жалпыланған
теория,заңдар,ғылыми ұғымдардың санада
бейнелей айқындалуы.Жүйелілік принципі
тұтас жүйе ретінде біріктіруші,жекелеген
элементтерді жинақтаушы міндетін атқарады.Ұлттық
тәрбие беру кеңістігінде тәрбие жұмысының
бірлігін,үздіксіздігін сабақтастыру
болып табылады.Этноәлеуметтік мәдениеттілік
тұрғыдан жастарға білім беру сапасын
жетілдіру әлемдік білім беру кемістігіне
сай ұлтаралық қарым-қатынасты дамытуда
көп мәдениетті ортаға білімді тұлға қалыптастырады.Ұлттық
тәрбиенің дамуына ортаның әсері мол,сондықтан
болашақты бағдарлауда мультиперспективалық
әдіснаманың ықпалы ерекше.
7.Тұлға мен
іс-әрекеттің философиялық теориялары
–ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі.Тұлға теориясы-адамның тұлға ретінде
қалыптасуы,адамның қасиет сапалары,өмірлік
бағыт-бағдары,ұстанымдары,іс-ірекеті,мінезіндегі
басымды түрткілер.Іс-әрекет теориясы-іс-әрекет
барысында адамның белсенді іс-әрекеті,тілдік
қарым-қатынасы арқасында өз ұлтының рухани
мұрасын меңгеруге мүмкіндік береді.
8.Этнопедагогикалық тұғыр-ұлттық
тәрбиенің әдіснамалық негізі.Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика
ұғымының мәнін толық ашпайды. Этнос үлкен
халықтың арасындағы ұлт өкілдері. Мұндай
ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық
талаптар жан-жақты қарастырылмайды. Этнопедагогика
халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің
бірі болып табылады.Этнопедагогика –
балаларды, этникалық топтарды тәрбиелеу
мен білім берудің отбасы, ру, тайпа, ұлт
пен ұлыстардың моральдық-этникалық және
эстетикалық құндылықтарының ежелден
жинақталуы – эмпирикалық тәжірибесі
жайлы ғылым. ¦лттар мен ұлыстардың өмір
сүру дәстүрлері мен салт, әдет-ғұрып,
ырым-жоралғыларының қазақ халқында бәріне
бірдей санасында тұрақталып қалған тәлім-тәрбиесі.
Этнопедагогика – тұлғаны заңдылық сипаты
бар әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге,
әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының
құндылықтарынан үйренуге, ұлттық тәрбие
ісіндегі жетістіктерді нақты жағдайда
пайдалануға бейімдейтін көп салалы білімдердің
ғылыми негізі.Ауыз әдебиетінде, халықтың
салт-дәстүрлерінде, балалар ойындарында
сақталып келген халықтық тәрбие – халық
ділін байыту жолындағы іздену, тану процестерін
қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы.«Этнопедагогика»
объектісін айқындауда әр ғылымның сүйенер
тетігінің бүкіл қазақ халқына ортақ межеден
көріне алмауы; салт-дәстүр, ырым, жоралғы
және т.б. тәрбиеге қатысты үдерістің түп
қазығы байырғы өмір тіршілігіне тән екендігіне
қатыстылығының бұрыңғырлығы және оның
бүгінгі өмірге жарамдылығы қаншалықты
дегенге жауап беруі тәрізді мәселелер;
Ұлттық тәрбиеде құрғақ үгіт-насихаттың
үстемдік алуының бір себебі тарихи нұсқадағы
еңбектердің тұтас күйінде студенттер
алдында болмауы (мысалы: Ж.Баласағұнның
«Құтты білігі», Қ.А.Иасауидің «Диуани
Хикметі» және т.б.).
9.Этнос,халық,ұлт-ұлттық
тәрбие ұғымдары,оларға сипаттама.Этнос-(грек.тайпа,халық)бір
халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік
беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.Халық-тайпалар
ыдырағаннан кейін қалыптасқан адамдар
қауымдастығы,ел тұрғындары,еңбекшілер,ұлт.Ұлт-ортақ
тілі қалыптасқан мәдениеті,біріктіруші
салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың
әлеуметтік бірлестігі.
10.Ұлттық
тәрбиенің ұғымдарына жалпы сипаттама:ұлттық
діл,ұлттық бірлік,ұлттық идея.Ұлттық
діл-ұлттың негізі,адамның тіршілік әрекетіндегі
саналы және санасыз түрде ұғынылатын
барлық ұлттық аспектілері(ой жүйесі,қабілеттілік
және ақыл-ой күші,пікір,әдеттер) Ұлттық
бірлік-ұлт құрамындағы этностық қоғамдастықтардың
бір тұтас тіршілік етуін көрсететің ұғым
және іс-әрекет.Ұлттық идея-әрбір ұлттың,халықтың
үміті,өзін-өзі танытуға,өзіндік ұқсастықты
табуға,таныстыруға бастама.
11.Тәрбие,халықтық
тәрбие,этникалық тәрбие,ұлттық
тәрбие ұғымдарының мәні мен
мазмұны.Тәрбие-жеке тұлғаның адамдық мінезін
қалыптастырып,өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін
игі әрекет.Этникалық тәрбие-өзінің халқына
тиістілігін саналы түсінуі,өз халқының
қызығушылығын білуі,өз халқының мәдениеттерін,тілін,ділін
білуі.Ұлттық тәрбие-ұлттық сана-сезімі
жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге
негізделген білім беру жүйесінің
12.Мәдениет,ұлттық
мәдениет,әлемдік мәдениет ұғымдарына
жалпы сипаттама және олардың
ұлттық тәрбиемен байланысы. Мәдениет(латынша-өңдеу,тәрбиелеу,білім
беру,даму,сыйлау) адамның өмірі мен іс-әрекетін
ұйымдастырған тәсілмен,сондай-ақ олардың
материалдық және рухани байлық жасауынан
көрінетін,қоғам мен адамның белгілі тарихи
даму дәрежесі.Мәдениет ұғымын арабтар
алғаш «Қала» деп атаған.Ұлттық мәдениет-нақты
тарихи биоәлеуметтік тектік ретінде
үдерістік принциппен іске асады,яғни
оның ділі,діні,санасына әсер етуші мемлекеттің
таңбасы,рәміздер,әдет-ғұрыптар т.б жатады.
13.Көпмәдени
тұғыр-ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі. Қазіргі
кезде ұлттық білім беру саясаты көп мәдениеттілік
контексінде даму үстінде. Осы жағдайда
пед.ғылымы студенттерді мінез-құлық нормалары,
салт-дәстүрлер мен көптеген әдеттермен
таныстыру мақсатында, олардың әртүрлі
мәдениетті қабылдау қабілетін және оларға
деген ұқыпты қатынасты, толеранттылыұты,
әртүрлі ұрпақтар, тілдер мен менталитеттегі
адамдармен қарым-қатынас және бірлестік
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
білім берудің мақсаттары мен құндылықтарын
өзгертуге қарай бағыт алуда. Көпмәдени
тәрбие үдерісінде студенттің өз ұлтының
мәдениетіне баулу, ал одан Қазақстандық
және әлемдік мәдениетке баулу жүзеге
асырылады. Университет студенттерді
өз ұлтының мәдениеті мен ана тілге баулу
үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
14.Ұлттық
тәрбие контексіндегі өзіндік
сана,ұлттық сана ұғымдарына сипаттама.Ұлттық
сана-сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамның
жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз
ұлтының мүддесін,халқының тағдырын,ұрпағының
болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге
көтеліліп,жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа
ие болған ұжымдық түрі.Өзіндік сана-адамдардың
өзін практикалық танымдық іс-әрекеттің
субьектісі.Жеке тұлға,яғни өзінің адамгершілік
қасиеттерін,қызығушылығын,құндылығын,мұратын
және мінез-құлығы ретінде ұғынуы және
бағалауы.
15.Ұлттық тіл,мемлекеттік
тіл,ұлтаралық қатынас тілі ұғымдарының
мәні. Ұлттық тіл-халықтың ауызекі және жазба
түрде ұлттық қарым-қатынас құралы қызметін
атқаратын тарихи-әлеуметтік категория.Мемлекеттік
тіл-көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық
құрамына қарамай іс қағаздарын,мектеп
пен жоғары оқу орындарында оқыту,мәдениет,баспасөз
бен байланыс орындарында,құқық қорғау
менәскер бөлімдерінде,сот істерін жүргізу
т.б міндетті деп саналатын саяси-құқықтық
қасиеті бар мәртебелі тіл.
16.Этникалық
әлеуметтену – студент тұлғасын
әлеуметтендіру аспектісі. Этникалық әлеуметтендіру-
этностың қауымдастың мүшесі ретінде
өмір сұру үшін қажетті және сол қауымдастыққа
тән құндылықтарды, бағдарды , мінез-құлық
нормаларын меңгеру үдерісі. Қазіргі тасымалдаушы
қоғам жағдайында жастарды этникалық
әлеуметтендіру мәселесінің күшеюі бірнеше
факторлармен дәлелденеді:қазіргі көпмәдени
және көпэтникалық қоғамда қоғамдық қатынастардың
өзгеруінің нәтижесінде туындаған жастарды
әлеуметтендірудің ерекшеліктері; жаһандану
және құндылық бағдардың жоққа шығуы жағдайында
тұлғаның маргинализациясы; этникалық
әлеуметтендіру институтының рөлін шешетін
қазіргі отбасының біртіндеп жоғалуы;этникалық
рухани құндылықты беретін әлеуметтік
миханизмін күрделенуі.Этномәдени факторлардың
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтік
қалыптасуы мен дамуына әсері анық шындық.Этникалық-діл
мен мәдениеттің жиынтығы, халықты сипаттап
қана қоймайды,оны біріктіреді және басқа
қауымдастықтан ажыратады.
17 Қазақстан
республикасының тұңғыш президенті
Н,Ә.Назарбаевтың этникарлық толеранттылық
пен қоғамдық келісім туралы
Қазақстандық моделі Толеранттылықты құрайтын қағидалар
ға мыналар жатады:этникаралық қарым-қатынастағы
құндылықтардың,көзқарастардың демократиялық
жүйесі;басқа мәдениетімен,санасымен
,салт-дәстүрімен адамды қабылдай білу;ұстамдылық
пен келісім негізінде басқа ұлт өкәлдерімен
өзара әрекетке психологиялық дайындық.1995
жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған
«Толеранттылық принциптерінің Декларациясында»
білім беру саласында толеранттылық идеясын
насихаттауға басымдық берілген.Педагогика
ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық
педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың
мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма,әлеуметтік
құндылық ретінде практикаға ендіруде
негізгі көңіл бөлінеді. «Толеранттылық»
латынша Tolerantio-шыдам,төзім терминіне шет
тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме
беріледі. Этникалық толеранттылық мәні
– басқа ұлт өкілдеренің сыртқы түрін.ойлау
жүйесін,өзіндік ұлттық,мәдени ерекшеліктерін,іс-әрекетін
принципті түрде қабылдау алуда.Этникалық
барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне
трансформацияланады.Сондықтан, философиялық,
педагогикалық-психологиялық тұрғыда
этникалық толеранттылық феноменін толеранттылықты
студенттерідің қажетті қасиеті ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.Этникалық
толеранттылықты қалыптастыру прцесінің
формасы мен мазмұны педагогикалық шарттар
жүйесімен сипатталады.
18 Ұлтаралық
қарым-қатынас – Ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениеті,
ең алдымен,халықтардың тең құқылығы,
қзара сыйластық,өзгара көмек, гуманизм,
т.б. өркениетті қатынастар принциптерінің
ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне,сол
санада ұлттық мүдделер мен басқа халақтардың
мүдделері қаншалықты үйлесім тапқанына
байланысты дамиды.Яғни,ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениеті дегеніміз ұлттардың қамсыз-мұнсыз
өмір сүруіне қажет мүлде сипаттағы рухани-парасат
ортасының және ұлтаралық қатынастардың
қалыптасуына себепкер әрі сол себептердің
нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып
табылады. Ұлтаралық қарым-қатынастар
әрі ұлттық, әрі жалпыадамзаттық парасат
моралі нормалары түрінде көрініп,рухани
байлық, адамгершілік тұрғысында адамдар
тіршілігіне әсер етеді.Ұлтаралық қатынастар
мәдениеті халықтар,қжымдар арсында және
жеке адамдар арсында әртүрлі деңгейінде
көрініс табады.\Көптеген адамдардың араласып,еңбектес,
тағдырлас болуы бұл байланыстардың сапасын
өзгертіп отырады. Зерттеулерге қарағанда
әртүрлі ұлт өкілдерінің арақатынасында
мына үш жағдай байқалады; 1)ынтымақтастық,2)бейтараптық
3)алауыздық
19 Жастар
саясатының мәні,оның қызметтері
мен нормативті реттелуі :Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі
жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда
өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік
арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір
мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып,
мемлекет жастардың келешекте маңызды
салмаққа ие болар халықтың бірден-бір
белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның
өзі жастардың мемлекет құрылысындағы
рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді
көздейді.
Мақсаты:
1. Жастар бойында патриотизмді
қалыптастыру, жастардың ізгілікті
әрі рухани дамуы.
- 2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастар¬дың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
- 3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
- 4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.
- 5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
- 6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
- жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- өркендеу мен жаңашылдық;
- тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
- жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қара- мастан жаппай қамту;
- жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
- жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде,