Yлттық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 20:01, шпаргалка

Краткое описание

1.Ұлттық тәрбиенің субьектілері ретінде жастар,студент жастар оларға сипаттама. 2004 ж 7 шілдеде ҚР-ның жастар саясаты тұжырымдамасы іске асады.Тұжырымдамада Қазақстан жастары деп 14-29 жасқа дейінгі азаматтарды айтады.Студент жастар деп-өзіндік мақсаттары,өмір сүру ортасы,ерекше еңбек реті,әлеуметтік жағдай және психологиясы,бағдарлар жүйесі болатын жастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ult_tarbie.docx

— 123.08 Кб (Скачать документ)

Адам мен жаратушының , адам мен  абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларына сүйеніп  негіздейді. Конфессия- өззіндік діни және тарихи негізінде қалыптасқан  шынайы діннің құқықтық табиғатына сәйкес келетін, дәстүрлі дін.Конфессио термині  жалпы діни ұйымдарға қатысты  қолданып жүр.Конф- өзіндік діни және тарихи жүйесімен қалыптасып келе жатқан ұйымдық жүйе.

 

 

 

 

 

 38.Қазақ  тілі Қазақстан халқы бірлігін  нығайтушы.ҚР-дағы тілдердің үштұғырлы  бірлігі моделі. 

Қазақ тілі — қазак халқының ана  тілі. Ол — халык тарихымен бірге  жасап, үрпактан-ұрпаққа катынас  күралы ретінде кызмет етіп келеді. Қазак тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды 

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын  графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы”  Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен  рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде  қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік  тіл ретінде бір ғана тіл –  қазақ тіліне конституциялық мәртебе  беріліп отыр.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен  Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды  ұсынды. 
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйрене Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

 

39Қазіргі  замаңғы ақпараттық кеңістік  жағдайында студент жастардың  ұлттық санасын қалыптастыру  мәселесі42.Бұқаралық ақпарат құралдарына жалпы сипаттама және олардың студенттердің ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы.

Бұқаралық ақпарат құралдары-мерзімді баспасөз басылымы,радио,телеарна бағдарламасы,киноқұжаттама,дыбыс-бейне  жазбасы,интернет,бұқаралық ақпаратты  мерзімді және үздіксіз жария таратудың  нысаны.БАҚ-тың ақпараттық қызметі  азаматтарға,билік органдарына,қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы  оқиғалар,құбылыстар,процестер жайлы  мағлұматтардытаратудан тұрады.БАҚ  сауаттануға,білім алуға,еңбектенуге,қосалқы мамандық алуға,жұмыс пен қызмет бабына қажетті ақпарат,мәдени-қоғамдық ақпарат ретінде адамдардың танымдық азығы болып есептеледі.Қазіргі жастардың бойында елжандылық сезімін орнатып,олардың дүниетанымын,білімін,білігін кеңейтуде телеарналарда берілетін хабарлардың маңызы ерекше.Атап айтқанда:Қзақстан телеарнасындағы Сөз мерген,Көкпар ұлттық ойыны,Ел арна телеарнасындағы Азамат жастар,Рухани әңгіме,Тапқыр достар.Студент жастардың тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруда баспасөздің ықпалы.Баспасөзді өзіңмен алып жүруге,ыңғайлы уақытта айналадағыларға кедергі келтірмей оқуға мүмкіндік береді.Радионың ықпалы.Уақыты бойынша екінші пайда болған ақпарат тарату құралы.Визуалдылықтың(лат.көру) болмауы.Ғаламтордың ықпалы.Дүниежүзінің кез келген нүктесінде ақпаратқа ие болу мүмкіндігі,қол жетімділік,ақпаратты жинау,бір адамның басқа адаммен араласуы жүзеге асады.

40Студент  тұлғасының ұлттық тәрбие берудегі жарнаманың рөлі. Біздің әрқайсысымыз күніне мыңдаған жарнаманы қабылдап, санамызға сіңіріп жатамыз. Себебі, кез келген қоғамдық ортада, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде бір емес, бірнеше жарнамаларды кездестіреміз. Одан қалса, кеш мезгіліндегі бос уақытты пайдаланып, теледидар көре қалсақ та, уақытымыздың жартысы жарнама көрумен өтетіні сөзсіз. Әрине, мұншалықты жарнамадан алатын әсерлер біздерді өзгертпей қоймайды. 

41. Жаңа типтегі  қазіргі ақпараттық кеңістік  – студент жастарға ұлттық  тәрбие берудің факторы.  Қазіргі ақпараттық кеңістік адамзатты жаһандандыру үдерісінде студент жастардың бірін-бірі рухани және материалдық жағынан байытатын шикізат, олапдың біріне-бірін рухани араластыратын катализатор болып саналады. Ақпараттық кеңістік жастарды ұлттық тәрбие, имандылыққа тәрбиелеп, олардың интеллектуалдық ой-өрісін өсіретін танымдық бағдарламалардың көбейгендігі еліміздің экономикасының және рухани дамуының  алға өрлеуінің бір көрінісі.

42.БАҚ жалпы  сипаттама және олардың студенттердің  ұлттық санасын қалыптастыруға  ықпалы. БАҚ қарапайым азаматтардың күнделікті өмір сүруі мен қажетіне керекті ақпараттың барлық түрін жатқызуға болады. БАҚ сауаттануға, білім алуға, еңбектенуге, қосалқы мамандық алуға, ресми-нормативтік, мәдени-қоғамдық, ғылыми-көпшілік ақпарат жәнее өндірістік-технологиялық-бизнестік ақпарат ретінде адамдардың танымдық азығы болып есептеледі.Қазіргі жастардың бойында елжандылық сезімін орнатып, олардың дүниетанымын, білімі мен білігін кеңейтуде телеарналарда берілетін хабарлардың маңызы ерекше. Атап айқанда: "Қазақстан" телеарнасындағы  "Сөз мерген" бағдарламасы, "Көкпар" ұлттық ойыны; "Еларна" телеарнасындағы "Азамат жастар", "Рухани әңгіме", "Тапқыр достар", "Ақындар аллеясы" бағдарламалары; "Хабар" телеарнасындағы  "Айбын" патриоттық бағдарламасы; "Рахат"  телеарнасындағы "Ғибрат", "Зерде", "Қасиет", "Ұлт пен ұрпақ", "Ұлағат" бағдарламалары; "31" телеарнадағы "Замандастар" жастар бағдарламасы; "Caspionet" телеарнасындағы "Атамекен" бағдарламасы т.б. ұлттық ұлағатты ұлықтайтын хабарлардың жастар тәрбиесіндегі рөлі зор. Телеарналарда  жастарды  ұлттық тағылым, имандылыққа тәрбиелеп, олардың интеллектуалдық  ой-өрісін өсіретін танымдық бағдарламалардың көбейгендігі еліміздің экономикасының ғана емес, рухани дамуының алға өрлеуінің де бір көрінісі. БАҚ-ында көрініс берген игі істермен қатар жастарды теріс жолға бастайтын өзге елдерден келген кино, газет, журнал материалдары  да баршылық. Жастардың рухани дүниесінің қалыптасуында ондай материалдар мазмұны әсіресе, барлық батыстық мәдени үлгілер ұлттық тәрбиеге кері әсерін тигізеді. 

43.Әлеуметтендірудің  жаңа факторларының студент жастардың  ұлттық тәрбиесіне әсері.Әлеумет «социум»-ортақ белгілі бір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты үлкен қауым.Әлеуметтендіру екі жақты процесс,біріншісі-индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру,екіншісі-индивидтің белсенді іс-әрекеті,әлеуметтік ортаға енуі.Адамдардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлар:мегафактор-ғарыш,планеталар,екінші макрофактор-мемлект,қоғам,этнос,үшінші мезофактор-қала,аудан,төртінші микрофактор-отбасы,көрші,тәрбие ұйымдары,діни ұйымдар жатады.Қазіргі жастарға ұлттық тәрбие беруде қазақ халқының сан ,ғасырлық мәдениеті жатады.ОЛарға салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар,халық ауыз әдебиеті жатады.

44. Жаһандану  үдерісінің ұлттық тәрбиеге ықпалы, Қазақстан халқының мәдениетаралық  диалогы.Қазіргі уақытта адамзат қоғамы барлық салада ғаламдық бірегейлік орнататын жаңа дүниежүзілік даму стратегиясын құруға бет алды. Жаңа ғасырда туындаған бұл стратегия жаһандану деп аталып, ол қоғамдық- экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар әр мемлекеттің әлеуметтік өміріне де елеулі өзгерістер әкелді. Ғаламдық үрдіс болып табылатын жаһандануға байланысты қазіргі уақытта біздің еліміздің алдына күрделі міндеттер жүктелуде. Сондай күрделі міндеттердің бірі - жастарға қазіргі уақыттағы қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай ұлттық тәрбие беру болып табылады. Жаһандану заманында болашаққа нық қадаммен бару үшін ең алдымен ұрпақ бойында ұлттық сананы қалыптастыру қажет. Бүгінгі таңда тұлғаға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениет үлгілерін игеруші, оны өзінің даму жолында тұтынушы, жалғастырушы мұрагер деп қарау қажет.Мәдениетаралық диалогы - басқа мәдениеттің құндылық жүйесіне ену, оны сыйлау, әлемдік мәдениетке ену. "Диалог" (гр.dialoges - сөйлесу, әңгімелесу пішіні), екі не одан да көп адамдардың пікір алысуы; ғылыми және көркем әдеби шығармада қолданылатын тәсіл.

45. Ұлттық  тәрбие факторларының жалпы сипаттамасы  мен ұғымдары. Ұлттық тәрбие – тұлғаның тілін құрметтеуге, дінін қастерлеуге, ділін қалыптастыруға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге ұлттық құндылық қасиеттерін үйренуге, бүгінгі күн талабындағы жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға үйрететін теориялық сипаттағы ғылым. Сонда ұлттық тәрбиеде білім алған жеке тұлғаның ана тілін, тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлттық сана-сезімінің, намысының, мінез-құлқының, дүниетанымының дамып, қалыптасуын айтамыз. Тіл қазақ болуымыз үшін, дін адам болуымыз үшін, ал, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін, осылардың негізінде ұлттық діліміз қалыптасары хақ.                                                    Ұлттық тәрбиеде «этнос», «ұлт», «халық»,  «діл», «ұлттық идея» т.б. ұғымдарды айқындауға көмектеседі.Этнос - тіл, мемлекеттік билік, тарихи ағым, өмір, салт біріктірген адамдардың қоғамдастығы. Ол өзіндік шекарасы бар, өзіндік қалыптасқан мінез-құлқы бар, уақыт аясында өзіндік заңдылықтармен өзгеріске түсіп отыратын біртұтас жүйе.Ұлт - тілі, ділі, салт-дәстүрі, мәдениеті, тұратын жері, белгілі бір психологиялық мінез-құлық пен өзіндік сана-сезімі, экономикалық байланыстар сияқты белгілердің ортақтығы негізінде туындайтын адамдардың әлеуметтік, этникалық тұтастығы.Халық - белгілі территорияда өмір сүретін адамдар жиынтығы мен олардың туу, қайтыс болу және көшіп-қону процестері арқылы үздіксіз өзгеріп отыруы.Діл - адамның қоршаған әлемді саналы түрде және санадан тыс ұлттық этникалық тұрғыдан қабылдауы, адамның дүниетанымы, өмір сүру қағидалары.Ұлттық идея - проблеманың шешілуі жолындағы ұлттық ұжымдасуға жеткізетін идея. Ол мемлекет, елдік мүдде деген мағына береді.

46Мультикултурализм  мәселесі-көпэтникалық қоғамдағы  этникалық әлеуметтендірудің қағидасы- Мультикультурализм мәдениеті әртүрлі келетін халықтардың бірге жасайтын, бірақ өзара еш араласпайтын қоғамды білдіретін ұғым.Демек ол бір мемлекетте алуан түрлі мәдениеттің әрекет етуін көрсетеді. Мультимәдениеттілік саясатпен тікелей байланысты, сондықтан теоретиктер мен практиктер де әр түрлі анықтама береді. Біздің пікірімізше, мультимәдениет әр  түрлі халықтардың өз мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу құқықтарын құрметтеуге негізделген көпмәдениеттілік. Сонымен қатар ол көпэтникалық, көпмәдениетті ұлттық қоғамда тендік қағидасы арқылы әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты жүзеге асырады.Мультимәдениеттілік – толеранттылықтың бір аспектісі, мәдениеттің жалпыадамзаттық арнасында өзара сіңу, байыту және дамыту мақсатындағы талаптар қатар сипатталады.

47.Этникалық  құзіреттілік - этникалық әлеуметтенудің  нәтижесі.Этникалық құзіреттілік индивидке келісім мен  өзара сенім атмосферасын қолдауға, бірлескен іс-әрекетте жоғары нәтижеге жетуге, сонымен бірге терісінің түсі, тілі, құндылықтары, мәдениеті арқылы ажыратылатын адамдарға деген төзімсіздік қатынасты жоюға мүмкіндік туғызады. Этникалық өзіндік сана-сезім, этникалық сәйкестілік және этникалық толеранттылық - студент жастардың этномәдени құзіреттілігінің белгісі. Этникалық құзіреттілікті  қалыптастыру үшін алуан түрлі көздерден білім интеграциясын және этникааралық өзара әрекеттестік міндеттерін шешу қабілетін, жастарды өзінің туған мәдениетіне, сосын өзге мәдениетке ендіру қажет. Өз мәдениетінің құндылығын басқа құндылықпен бірлікте салыстыра отырып тану басқа халықтың мәдениетіне енуге, этникааралық түсіну мен диаогқа қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады.

48Ұлтаралық  қарым-қатынас мәдениеті –жастарға  ұлттық тәрбие берудің құрамы- Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқығылы, өзара сыйластық, өзара көмек, гуманизм. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениеті дегеніміз ұлттардың қамсыз мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани –парасат ортасының және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады. Ұлтаралық ұатынастар мәдениеті халықтар ұжымдар арасында және жеке адамдар арсында әртүрлі деңгейде көрініс береді.Көптеген адамдар араласып, еңбектес, тағдырлас болуы бұл байланыстар сапасын өзгертіп отырады. Зерттеулерге қарағанда әртүрлі ұлт өкілдерінің арақатынасында мына үш жағдай юайқалады:а)ынтымақтастық   В) бейтараптық   с)алауыздық.Жастардың ұлттық  тәрбие беруге  әсері әрі ұлттық, әрі жалпыадамзаттық парасат мораль нормалары түрінде көрініп, рухани байлық, адамгершілік, тұрғысында адамдар тіршілігіне әсет етеді.

49. Студенттер ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау. Студенттер арасындағы болатын кикілжіңдердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік кикілжіңі. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының біріншілік беделіне таласуы. Психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік – барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектен де көбірек өзінің қатарластарынан қатыгездік көреді. Жастардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты.

Кикілжіңді шешудің бес  негізгі стильдері бар.

Қарсыластық стилі. Адам кикілжіңді өзінің жеке жолымен шешуді қалайды. Оны басқа адамдармен бірлесіп әрекеттесу онша қызықтырмайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай адамдардың пікірі: «Мені басқалар не ойлайтыны қызықтырмайды. Мен оларға мәселені шешудің өзімнің жолын дәлелдеймін».

Кикілжіңнен кетіп  қалу стилі. Кикілжіңді кейінге қалдырып, оны шешудің жауапкершілігін басқаның мойнына артып, оны өршіте, мәселеден кетіп қалу

Бейімделу стилі кикілжіңнен кетіп қалу стиліне аздап ұқсайды, себебі мәселені шешуді уақытша қалдырып қоюға көмектеседі. Бірақ негізгі айырмашылығы болып, басқа адаммен бірлесіп әрекеттесу; ситуацияға қатысып, екіншісінің қалауына келісу.

Бірлестік стилі кикілжің шешімін достық, сабырлылық жолмен анықтау және екі жақтың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қолайлы тәсіл болып табылады.

Компромисс жиі нәтижелі болады, себебі қандай да бір шешімге келудің соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін. Сонымен, сіз өз қызығушылықтарыңызды, ал екінші адам өзінің қызығушылықтарын аздап қанағаттандырады.

 

50Қазақстандағы  «жастар және дін » мәселесі. Қазақстандағы жастардың діни  өзін-өзі анықтауы.-Жастар әлеуметтік – демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие.ҚР-дағы жастар ортасында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуын зерттеу өзектілігі, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету, қоғам тұтастығын сақтау, жастардың сыни ойын, жастар ортасында діни толеранттылық санпны қалыптастыру мақсатында дәстүрлі емес діни ұйымдардыңидеологиясы мен Қазақстан жастарына әсер ету тетіктерін зерттеудің обьективті қажеттілігінен туындайды.ҚР 140 ұлт өкілдері бар.40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты,көп дінді мемлекет. 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған.2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік,1264 протестандық, 28 иудейлік,44 дәстүрлі емес, 5 буддистік тіркелген.

51. Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о работе Yлттық тәрбие