Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:00, курсовая работа

Краткое описание

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б.) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. Сондықтан бұл таруда ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерін қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтаудың маңызы көрсетілген.
Ауа – мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым- қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1 Жануар қоражайының микроклиматы(ылғалдылығы,температурасы,ауа қысымы,жылдамдығы)
3.2 жануар қорасының желдету түрлері
3.4 Мал қораларындағы микроклимат жағдайын бақылау
3.5 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
6. Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

мал коралары.doc

— 165.00 Кб (Скачать документ)

Мал қора-жайының  ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.

Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының  организмге жекелей емес үшеуі бірлескен  түрде әсер етуіне байланысты мал  жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне  байланысты шешіледі. Осы факторлардың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақталуы үшін қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі фактордың есебінен алынады.

Қора-жай ауасының физикалық қасиетін бағалау үшін тікелей температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаумен қатар катотермометрия әдісін қолданғанның да маңызы зор.

Қорадағы ауа  көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отыру  қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі жылжымалы микроклимат  зертханасын пайдалану. Алып жүруге, қолдануға ыңғайлы зертханада керекті зоологиялық құралдар жинақталған (электротермометр, психрометр, анемометр және т.б.).

Ауаның әр уақытта  ластануына байланысты оны үнемі  қорғау және санитариялық жағдайын бақылау  аса қажет. Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әр түрлі дисперстік қоспалар де кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.

Атмосфераға түсетін  зиянды заттар агрегаттық жағдайына  қарай газ тәрізді (күкірттің  қос тотығы, азот тотығы, көміртегі тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып топтаынады.

Қазақстан бойынша  алдағы жылдары ауаға тұрақты  көздерден түсетін ластануды 41,1% төмендету көзделіп отыр.

Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық эффектің пайда болуна себеп болатын заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен күкірт тотықтары, мфреон және т.б. жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең мол үлес қосатын СО .

Қышқылды жауындардың пайда болуының негізгі себептері атмосфераға өнеркәсіптен түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып күкірт жене азот қышқылдарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар қышқылданады (рН<5,6).

Мал шаруашылығы  мекемелері атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің түсуінің негізгі көзі болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд. Микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кг/м шаң түседі екен. Ал атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кг/тәулік құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі аэрогенді инфекциялардың туындау қауіпін тудырады.

Атмосфера ластануы ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5км) алыс қашықтықта байқалады. Бұл зонада жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен  салыстырғанда аммиактың шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі  қара мал шаруашылығы нысандарына  тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м қашықтықта тұрақты күшті, ал 1800 м қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.

Жыл мезгіліне  байланысты, әсіресе шошқа және құс  нысандарына тән жағымсыз ереше  иістер едәуір қашықтыққа тарайды: қыста 0,5, ал жазда-3,5-5 км дейін.

Құс фабрикаларының территорияларын тығыз  орналастырғанда  ондағы сыртқа шығарылатын ластанған  ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті түрде бір қорадан екінші қораға ауысып шаруашылық төңірігімен атмосфералық ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).

Ауаның әртүрлі  зиянды газдармен ластануы микроклиматқа  теріс әсерімен бірге жануарларға  да зиян келтіреді.

Ластанған ауада  көздің тітіркенуі, өкпе ауарулары, мұрыннан қан кету байқалады.

Көптеген заттар өздерінің химиялық беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды, құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян деп хлорланған көміртектер  екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Малдың денсаулығы мен оның өнімділігін жоғары деңгейде сақтау үшін ауа көрсеткіштері қалыпты әрі ыңғайлы болуы міндетті. Ауаның қолайсыз әсеріне, әсіресе жаңа туған төлдер сезімтал. Сондықтан қора ауасының көрсеткіштері немесе микроклимат мал организміне қолайлы болған жағдайда онда ол малдың денсаулығы мен өнімділігінің жоғары болуының кепілі.

        Шаруашылықтардағы мал өсіретін қора- жай ауасын зерттеген кездегі көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп- бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді пайдаланып , ондағы канализация және желдетілу жүйесі жақсы жұмыс істесе, онда қора- жай ауасында әртүрлі улы газдар болады, бірақ көмірқышқыл газы болмайды. Мал қора- жайының ауасында үлкен көлемде улы газдар болуы осы мал қора- жайының тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.

       Қораның ішкі ауасының микроклиматы бірқалыпты және оның малға қолайлы болуы үшін 2-3 күнде бір рет оны қадағалап отыру қажет. Қорадағы ауаның температурасын кәдімгі сынаптық термометрмен және Августтың психометрімен анықтайды. Керек болған жағдайда тәулік бойынша ауаның температурасының өзгеруін бақылауға болады. Ол үшін температураның өзгеруін автоматты түрде қағазға жазатын термограф МН-16 маркалы аспап қораның ішіне қолайлы. Ол ауаның тәуліктік өзгеруін арнайы қағазға жазады.

           Ірі қара күтіп бағылатын және қой, шошқа, құс қораларының өзіне тән микроклиматы болады. Сол себептен де малдың әр түлігіне арналған қоралар үшін жеке- жеке зоогигиеналық нормалар жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1 Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы  промышленного животновдство. М., Колос, 1979.

2 Волков Г.К. Зоогигиена  и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.

3 Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические  нормативы для  животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.

4 Гершун В.И., Муслимов Б.Б. Ветеринарная гигиена . Алматы, Кайнар, 1994.

5 Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..

6 Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

  7 Лаптев А.П., Поливский С.А. Гигиена. М., 1990.

8 Шпаков Л.И., Юнаш В.А. Водоснабжение, канализация и вентиляция на животноводческих фермах. М., Агропромиздат, 1987.

9 Юрков В.М. Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. М., Россельхозиздат, 1985.

10 Кузнецов А.Ф. Гигиена содержания животных (Справочник). Санкт – Петербург, Москва – Краснодар, Владимирская книжная типография, 2004.

 


Информация о работе Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар