Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:00, курсовая работа

Краткое описание

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б.) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. Сондықтан бұл таруда ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерін қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтаудың маңызы көрсетілген.
Ауа – мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым- қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1 Жануар қоражайының микроклиматы(ылғалдылығы,температурасы,ауа қысымы,жылдамдығы)
3.2 жануар қорасының желдету түрлері
3.4 Мал қораларындағы микроклимат жағдайын бақылау
3.5 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
6. Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

мал коралары.doc

— 165.00 Кб (Скачать документ)



3-кесте

Шошқа қорасы микроклиматының параметрлері

 

 

Микроклимат параметрлері

 

Шошқаның түрлі  топтарына арналған қоралар

 

 

Жас шошқаларды бордақылауға арналған қора

 

 

 

Бойдақ және тез торайлайты нмегенжіндер

кабандар

Туу мерзімі  жақындаған мегежіндер

 

Торайларын  емізетін мегежіндер

 

Шошқа басын  көбейтуге арналған торайлар

 

Енесінен бөлінген торайлар

 

 

165 тәулікке  дейінгі

 

165 тәуліктен  авсқан

Температура      С0   

 

Салыстырмалы  ылғалдылық %

 

Ауа алмасуы 1 ц  массаға   м3 /сағ

Қыста

Өтпелі кезеңде

жазда 

Ауа қозғалысынң  жылдамдығы, м/с:

Қыста

Өтпелі кезеңде

жазда 

 

Зиянды газдардың  ықтималды шоғырлануы:

көмір қышқылы, %

аммиак, мг/ м3

Күкіртті сутегі, мг/ м3

Көміртегі тотығы, мг/ м3

 

15

 

 

(14-16)

75

(60-85)

 

 

 

 

35

45

60

 

 

 

0,3

0,3

1,0-ден артық  емес

 

0,2

20,0

10,0

15,0

 

15

 

 

(14-16)

75

(60-85)

 

 

 

45

60

70

 

0,2

0,2

1,0-ден артық  емес

 

0,2

20,0

10,0

15,0

 

18

 

 

(16-20)

75

(60-80)

 

 

 

35

45

60

 

0,2

0,2

1,0-ден артық  емес

 

0,2

20,0

10,0

5,0

 

Мегежіндер  үшін 18

 

70

(60-80)

 

 

 

35

45

60

 

0,15

0,15

0,4-ден артық  емес

 

 

 

0,2

15,0

10,0

5,0

 

16

 

 

(20-24)

75

(60-85)

 

 

 

45

55

65

 

0,3

0,3

1,0-ден артық  емес

 

0,2

20,0

10,0

15,0

 

50-ден артық  емес

22

 

(14-20)

75

(60-85)

 

 

 

35

45

60

 

 

0,2

0,2

0,6-ден артық  емес

 

0,2

20,0

10,0

5,0

 

 

50-ден артық  емес

18

 

(14-20)

75

(60-85)

 

 

35

45

65

 

0,2

0,2

1,0-ден артық  емес

 

 

0,2

20,0

10,0

20,0

80-нен артық  емес

16

 

(12-18)

75

(60-85)

 

 

35

45

65

 

0,2

0,2

1,0-ден артық  емес

 

 

0,2

20,0

10,0

20,0

 

80-нен артық  емес


 

4-кесте

Қой қорасы микроклиматының параметрлері

 

 

Микроклимат параметрлері

Қошқарларды, саулықтарды  ажыратылғаннан кейін төлдерді және бойдақ қойларды ұстайтын қоралар

Кепедегі, қорадағы қоздадтатын бөлмелер

Бройлер цехы

Қошқар қорасындағы  манеж, қолдан ұрықтандыру цехы

Температура      С0   

 

Салыстырмалы  ылғалдылық %

 

 

Ауа алмасуы  бір басына м3/сағ:

Қыста

Өтпелі кезеңде

жазда 

 

Ауа қозғалу  жылдамдығы, м/с:

Қыста

Өтпелі кезеңде

жазда 

 

Зиянды газдардың  ықтималды шоғырлануы:

көмір қышқылы, %

аммиак, мг/ м3

Көміртегі тотығы, мг/ м8

Күкіртті сутегі, мг/ м8

 Микробпен ықтималды ластану, ауаның 1м8 мың микробты дене

 

5

 

(3-6)

75

(50-85)

 

15

25

45

 

 

0,5

0,5

0,8

 

 

 

 

 

0,3

20,0

10,0

 

70-тен артық  емес

 

15

 

(12-16)

70

(50-85)

 

15

30

50

 

0,2

0,3

0,5

 

 

 

 

 

0,25

20,0

10,0

15,0

50-ден артық  емес


18

 

 

(18-20)

70

(50-85)

 

 

 

10

20

30

 

 

 

 

0,2

0,2

0,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0,3

15,0

10,0

20,0

 

50-ден артық  емес

15

 

(13-17)

75

(50-85)

 

15

25

45

 

 

0,5

0,5

0,8

 

 

 

 

 

0,3

20,0

10,0

-

70-тен артық  емес

 

 

 


3.3 Мал қораларына табиғи және жасанды жарық түсіру нормалары

 

Қораның микроклиматы дегеніміз – ортаның жоғарыдағыдай  факторларының жиынтығын: температураны, ылғалдылықты, ауаның қозғалу жылдамдығы мен салқындату қабілетін, жарықтылығын, атмосфералық қысымды, иондауды, ауаның газ құрамын, сондай-ақ тараған шаңды бөлшектер мен микроорганизмдерді қамтитын шектеулі ортаның климаты. Осы факторларға қоса қоршаған конструкциялардың ішкі беткейінің температурасы және қоршаған конструкциялар мен мал арасындғы сәулелі жылу алмасуының көлемі мал қорасының микроклиматына ықпал жасайды. Қораның микроклиматы технологиялық жобалау нормаларын сақтауға ғана емес,  сондай-ақ жергілікті жердің ауа райы жағдайына да байланысты.

    Малдың жасына қарай бөлінген әр топ үшін олардың физиологиялық және өнімділік ерекшеліктері, экономикалық тиімділік пен техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, микроклиматтың параметрлері тағайындалады.

    Барлық жастағы мал топтарындағы ірі қараға арналған қоралардағы шекті температура 30 градустан, ауаның ең аз салыстырмалы ылғалдылығы 50 проценттен аспауға тиіс. Осы қораларда шудың деңгейі 70 децибелден (дБ) аспауы керек.

    Профилакторийде жаңа туған бұзауларды құрғату ауаның температурасы 22-240 шамасында екі сағатқа дейін созылады. Әлжуаз төлді туғаннан кейінгі алғашқы 2 тәулік бойы инфрақызыл лампалармен жылытылатын жеке клеткаларда ауаның жоғарыда аталған температурасы жағдайында ұстаған тиімді.

    Торайлар үшін температура (0С): туғаннан кейінгі алғашқы аптада – 30, екіншіде – 26, үшіншіде – 24, төртінші аптада – 22 градус болуға тиіс.

    Енесін еметін торайларды жылыту үшін бір жерге түсетін жылыту жүйесін қолданған жөн. Енесінен айыру қарсаңына температураны 22 градусқа дейін біртіндеп төмендетеді. Жылдың жазғы кезеңінде шошқа қораларында барлық жастағы топтар үшін (енесін еметін торайлардан басқасы) ауаның ең шекті температурасы 25 градустан, ауаның ең аз ылғалдылығы 50 проценттен аспауға тиіс. Шудың деңгейі 70дБ – ден аспайды.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

3.4 Мал  қораларындағы микроклимат жағдайын  бақылау

Өнеркәсіптік  қой шаруашылығы комплекстерінде саулықтардың қоздауы үшін жылы қоралар және оларды саңылаулы еденде ұстау көзделген. Бұл комплекстердегі бройлер цехы қозыларды интенсивті өсіріп, бордақылауға арналған. Жылдың жылы кезеңінде  қой қоралардағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (өнеркәсіп комплектстерінен басқа) нормаланбайды. Саулықтарды, қошқарларды, ажыратқаннан кейін қозыларды және бойдақ қойларды ұстауға арналған қораларда (өнеркәсіп комплекстерінен басқа) жылдың салқын кезінде ауаның алмасуын ауаның қолайлы температурасы қамтамасыз етілетіндей мөлшерге дейін кемітуге жол беріледі.

    Үй қояны қораларында жазғы уақытта барлық жастағы топтар үшін ең жоғары температура 25 градустан аспауға, ал қысқы уақытта ол кемінде 100С болуға тиіс.

     Қи каналынан ауаны шығарғанда және дренаж болған жағдайда жазғы уақытта үй қояны қораларындағы ауаның алмасу қарқыны 1 ц массаға шаққанда 450 м3/сағ тең болады.

       Мал қораларына табиғи және жасанды жарық түсіру нормалары.

  Жарықтандыру  – қорада ұсталатын малдың  бірқалыпты өсуі мен жетілуін қамтамасыз ететін микроклиматтың маңызды праметрлерінің бірі. Жарықтың әсіресе, табиғи жарықтың ықпалымен малдың физиологиялық күйі жақсарады, оның организмнің табиғи төзімділігі, ұдайы өсу қабілеті, өнімділігі, төлдің сақталуы арта түседі.

     Күндізгі жарықтың ұзақтығы қысқартатын күзгі-қысқы кезде табиғи жарықтың кемістігін толықтыру үшін қораларда жасанды электр жарығын пайдаланған тиімді.

     Қораларға табиғи және жасанды жарық түсіруді нормалауды әсіресе, малды өнеркәсіптік негізге ауыстыру жағдайында сақтаған жөн.

    Сиыр қоралрында түнгі уақыттағы кезекті жарық жалпы жарықтың 15-20 және шошқа қораларында -2-5 процентін алуға тиіс. Қораға жарықты түнде қуаты 60 Вт көк шыныдан жасалған электр лампалары мен қораға  жарық берген дұрыс, өйткені көк жарық малда фотопериодтық реакция тудырмайды және орталық нерв жүйесіне күш түсірмейді.

      Етке арналған шошқаларды өсіру үшін жасанды жарықпен реттелетін терезесіз қораларды пайдалануға болады; 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар  үшін жарық түсіру ұзақтығы 5 сағат (1  сағат 40 минуттан үш мезгіл) және төрт айдан бордақылау аяқталғанға дейінгі торайлар үшін 3 сағат 20 минут (1 сағат 40 минуттан екі мезгіл).

     Қошқарлар қорасы мен қырықтық пункті үйіне жасанды жарық түсіруді станок пен столдың деңгейін ескеріп нормалайды. Үй қояны қоралары үшін күндізгі жарық ұзақтығы (ұрғашы және еркек қояндар үшін) 18 сағат болуға тиіс.

      Табиғи жарық түсіруді анықтау. Өндірістік және мал құрылысы пркатикасында негізінен табиғи жарықты немесе сәуле коэффиценттін (СК) геометриялық нормалау, яғни терезенің әйнектелген көлемінің еден көлеміне ара қатынасы қолданылады.  Жарық түсіруді неғұрлым  нормалау үшін сәуле-техникалық әдісті, немесе табиғи жарықтылық коэффициентін (КЕО), яғни күн жарығының шашырай таралуы барысында ашық аспан астындағы бір мезгілге көлбеу жарықтылыққа қора ішінің  көлбеу жарықтылығының  (енв) проценттік ара қатынасын пайдаланады.

     Табиғи жарықтылық коэффициенті аспан жарығының шашырай тарауы барысында ашық аспан астындағы бір мезгілді көлбеу жарықтылық қораның белгілі бір жеріндегі жарықтылықтың қандай үлесін құрайтынын көрсетеді.

Жасанды жарықтандыруды анықтау. Мұның үшін қорадағы электр лампаларының санын есептеп, олардың  жалпы қуатын шығарады, одан кейін  алынған шаманы қора көлеміне бөліп, еденнің 1 шаршы метріне ваттпен есептегенде лампаның меншікті қуатын алады. Ватты люкске айналдыру үшін меншікті қуатты  тиісті коэффициентке көбейтеді, ал 1 Вт/м2 тең меншікті қуат беретін люкс санын көрсетеді.

     Мал шаруашылығында қолданылатын ультракүлгін және инфрақызыл сәуле түсіргіштер.

      Ультракүлгін түсті сәуле түсірудің жасанды көзі ретінде жоғары және төмен қысымды сынап лампаларының, ал инфрақызылт сәуле түсіру үшін – ашық, күңгірт және газды сәуле түсіргіштердің мал шаруашылығында пркатикалық мәні зор.

      Солтүстік-батыс аймақта екі аптаға дейінгі бұзаулар үшін  төмендегідей тәртіппен ауық-ауық тәулік бойы инфрақызыл жылыту аса қолайлы болып табылады: 1 сағат бойы жылыту  және 1 шаршы сантимертге 0,021 – 0,035 Вт мөлшерінде сәуле түсіру арқылы, 30 минут үзіліс [0,3-0,5 кал (см2.мин)]; 30 тәулікке дейінгі торайлар үшін  1 шаршы сантиметрге 0,022-0,025 Вт мөлшерінде сәуле түсіру арқылы [0,32-0,36 кал (см2.мин)] тиісінше 1,5 сағат және 30 минут. Инфрақызыл сәуле көздерін автоматты түрде қосу және ажырату үшін уақыттың программалы релесін РВ-1, 2РВМ, ВС-10, Е-52, т.б. пайдалнаған тиімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.5 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері

 

Мал қора-жайының  ауа ортасы өзінің физикалық қасиеті  мен құрамы жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал қора-жайының ауа ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет.

Қора-жай ауа  ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтау үшін оны  объективтік көрсеткіштері бойынша бағалайды. Ауа ортасын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Мысалы, көмірқышқылының шекті концентрациядан жоғарылауы қора-жайдағы ауа алмасуы және ішкі тәртібін (режим) бағалауға мүмкіндік береді, ал аммиак пен күкіртті сутегінің нормативті концентрациядан жоғарылауы қора-жай ауасының малға қауіпті екендігінің тікелей көрсеткіші немесе өлшеуіші бола алады. Қорытындылай келе ауа жағдайын бағалауда ондағы көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегін анықтаудың маңызы зор.

Информация о работе Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар