Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:00, курсовая работа
Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б.) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. Сондықтан бұл таруда ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерін қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтаудың маңызы көрсетілген.
Ауа – мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым- қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді.
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1 Жануар қоражайының микроклиматы(ылғалдылығы,температурасы,ауа қысымы,жылдамдығы)
3.2 жануар қорасының желдету түрлері
3.4 Мал қораларындағы микроклимат жағдайын бақылау
3.5 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
6. Қосымшалар
Сондай-ақ, бір текше метр аммиак – күкіртті сутегінің мөлшері 10мг-нан аспауы, ал көмірқышқыл газы – 0,25 процент мөлшерінен көп болмауы көрсетілген.
Бұл көрсеткіштер ғылыми-зерттеу мен көптеген озық тәжірбелердің нәтижесі бойынша алынған.
Айталық, қой қоздап жатқан қорада ауаның температурасы 8 градустан төмен болса, онда дүниеге жаңа келген қозының терісі, денесі нашар кебеді, осыдан барып оның денесінен суық өтіп, ауруға шалдығады.
Егер қораның ішкі ауасының жылылығы +5,+6 градус болып, ал оның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80 процентке тең болса, онда арық саулықтан туған қозының тыныс органдары (респираторлық) ауруға сөзсіз шалдығады. Сондай-ақ, ішкі ауадағы аммиак күкіртті сутегі газының мөлшері 15-18 мг/м3 тең болсма, онда нашар туған әлсіз қозылар тыныс органдары ауруларына шалдығады.
Егер қораның микроклиматының көрсеткіштері бір тәулікте бірнеше рет өзгеріп тұрса, онда да төл ауруға шалдығады.
Бүкілодақтық қой қораларын жобалау және салу жөніндегі нормада бір саулық қозысымен тұратын орын 1,8 шаршы метрден кем болмауы көрсетілген. Ал егер қорада бір саулық тұратын орын 1,5 м2 тең болса, онда қора тар болады да, ауада микробтар саны, зиянды газдардың мөлшері көбейіп, микроклимат нашарлайды. Сондықтан жаңадан қора салған кезде, сондай-ақ ескі қораларды кеңіткенде бір саулыққа қозысымен тұратын орын – 2,0 шаршы метрге тең болатындай етіп алу қажет.
Мәселен, бір отарда орта есеппен 650 саулық болатын болса, онда осы отарды төлдетуге арналған қораның жалпы аумағы 1300м2 тең болуы тиіс. Ал қораның ішкі еденінен төбесіне дейінгі биіктігі 2,8 метрден кем болмағаны дұрыс.
Қой төлдету қораларының ішіндегі ауаның қозғалу жылдамдығы 0,3 м/сек-тен аспауы тиіс, ол ауаның 1 текше метріндегі микроб саны 50 мыңнан артық болмағаны жөн.
Қошқарларды, тоқтыларды және жас қозылары жоқ саулықты күтіп бағатын қорадағы ауаның температурасы 5 градус, салыстырмалы ылғалдылығы 75-80 процент, ауаның қозғалу жылдамдылығы 0,5 м/сек, бір текше метр ауадағы аммиактың мөлшері 15-20 мг, күкіртті сутегі 10-15 мг, микробтардың саны - 70 мың шамасында болуы тиіс.
Осылармен қатар қорадағы ауаның дұрыс алмасуын қамтамасыз ететін желдеткіш жүйесі бірқалыпты жұмыс істеуі қажет. Мәселен, қой төлдету қорасына бір сағатта 15-20 м3 таза ауа кіріп, осынша мөлшерде ластанған ауа сыртқа шығып тұруы керек. Әдетте, қора салынған кезде құрылысшылар ішкі ауаның дұрыс алмасуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде республикамыздың шаруашылықтарында жыл сайын қыс және ерте көктем айларында 3-5 млн саулық қоздатылуда. Осы кезде қорада қолайлы микроклиматты бірқалыпты деңгейде қамтамасыз етсе, жас төл арасында ауру және шығын болмайды. Жаз және күз айларында қой қораларындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, зиянды газдардың мөлшері нормаланбайды.
Қазіргі кезде республика шаруашылқтарында қоян өсіретін бірнеше фермалар мен комплекстер жұмыс істейді. Келешекте осындай қоян өсіретін механикаландырылған фермалар саны артатын болады.
Қоян өсіретін қоралардың ауасының температурасы +12,+15 градус, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 процент, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,3 м/сек, бір текше метр ауадағы аммиактың мөлшері – 10 мг шамасында, ал күкіртті сутегі мүлдем болмауы керек.
Қораның ішкі ауасының алмасуы қояндардың бір центнер тірілей салмағына, сағатына қыста 300 м3, көктемде 400 м3, жазда 600 м3 мөлшерінде болуы тиіс.
Жаз және күз айларында үй қоянын күтіп-бағатын қораларда барлық жастағы топтарға ең жоғарғы температура 25 градустан аспауға, ал қыс кезінде ол кемінде +10 градус болуы тиіс.
Қоян өсіретін фермаларда жұмыс істейтін мал дәрігерлігі фельдшерлері күніне ертеңгілік, түсте, кеште микроклиматты анықтайтын приборлардың көрсеткіштерін анықтап, олардың нормаға сәйкес, әлде сәйкес келмейтінін байқап, қорада бірқалыпты немесе қолайлы микроклимат болуын қамтамасыз ететін шараларды жүргізуі тиіс.
Қазіргі кезде республикада жұмыртқа және ет өндіруге мамандандырылған құс фабрикалары мен бірлестіктерінің саны көбейді. Әрбір облыста мұндай фабрикалар саны орташа 8-9 шамасында болады. Ересек тауықты өсіретін қорадағы ауа температурасы +12, +16 градус, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 процент, қозғалу жылдамдылығы 0,5 м/сек, бір текше метр ауадағы аммиактың мөлшері 0,01 мг3, күкіртті сутегі 0,005 мг, көмірқышқыл газы 0,1-0,2 проценттен, шаң мен тозаң 5 мг-нан аспауы тиіс.
Құстың орналасу жиілігі бір шаршы метр жерге 3,5-4 тауық шамасында болуы тиіс. Балапандарды өсіретін қорада микроклиматтың параметрлері төмендегіше болуы қажет.
1-кесте
Балапан дар жасы |
Температура , (градус) |
Салыстырмалы ылғалдылық % |
Ауаның қозғалу жылдамдығы | ||
бөлмеде |
клеткада |
бөлмеде |
клеткада |
Бөлмеде және клеткада, м/сек | |
1-10 11-12 21-30 31-60 60-90 90-150 151-120 |
22-24 20-22 20-21 17-18 15-17 14-16 12-16 |
24 22 21 18 15 16 15 |
60-65 60-65 60-70 65-70 65-70 65-70 65-70 |
55-60 60-64 60-70 60-70 65-70 65-70 65-70 |
0,1 0,1-0,2 0,2-0,3 0,2-0,3 0,2-0,3 0,3-0,4 0,4-0,5 |
Балапандар өсіретін қорадағы ауаның бір текше метрінде аммиактың мөлшері – 0,005 мг, күкірттің сутегі – 0,005, көміртегі тотығы (СО) – 0,01 мг, көмірқышқыл газы (СО2) – 0,1 проценттен аспауы тиіс.
Егер балапандар өсіретін қорадағы ауада аммиактың және басқа зиянды газдардың мөлшері нормадан 20 процент қана көбейіп кетсе, онда балапандардың шығыны 25-30 процентке артады.
Құс өсіру фабрикасында қорадағы ауа құрамындағы зиянды газдардың мөлшері көбейіп кетпеуі үшін, ауа сорғыш және желдеткіш жүйелері жұмыс істейді. Егер олар нашар істесе, аудағы зиянды газдардың, мөлшері көбейіп кетеді, ал егер қатты жұмыс істесе, онда ауаның қозғалу жылдамдығы нормадан асып кетеді, сондықтан қорадағы ауа сорғыш, желдеткіш жүйелері тәулік бойынша бірқалыпты жұмыс істеп, қолайлы микроклимат қалыптастыруы тиіс.
Құс фабрикаларында жұмыс істейтін мал дәрігерлігі фельдшері тәулігіне 2-3 рет микроклиматтың параметрлерін анықтап, олардың нормаға сәйкес келетінін байқауы керек. Егер нормаға сәйкес келмесе, оның себептерін анықтап, тездеп жою қажет.
Балапандарды қорада орналастыру жиілігі бір шаршы метрге 14-16 бас шамасында болуы тиіс.
Малдың денсаулығы, өнімділігі, өсімталдығы оған берілетін жемшөп, су және басқа азықтардың сапасына байланысты болады. Малды қорада күтіп-баққан кезде алдын ала азықтандыру рационы жасалынады. Осы рационға сәйкес күнделікті малға жемшөп, минералды, витаминді қоспалар және сулы азықтар беріледі.
Фермалар мен комплекстерде тікелей жұмыс істеп жүрген мал дәрігерлігі фельдшерлері күнделікті малға берілетін азықтардың сапасын олардың азық ретінде жарайтыны әлде жарамайтыны анықтап, бақылау жұмыстарын жүргізіп тұруы тиіс.
Мал азығының сапасын бағалаған кезде, оны тұрған жерінде жай көзбен қарап көреді. Егер жемшөптің, сүрлемнің сапасыз екеніне күдік туса, онда оларды агрохимиялық лабораторияға зерттеуге жібереді. Әдетте тәжірбиелі мал дәрігерлері және зоотехниктер жай көзбен дұрыстап қарап, оның сапасына баға береді.
Мәселен, сапалы шөптің сүйкімді иісі болады, түсі көк не көкшілдеу келеді. Ал бұзылған пішеннің күлімсіген, шіріген, көгерген иісі болады. Сапасыз шөптің жапырақтары өте аз болады.
Шөп және сабанның сапасын анықтаған кезде оның ылғалдылығына көңіл аудару қажет. Ылғалдылығы 20 процентке тең пішенді қолмен бұрағанда дымқыл шығады, ал ылғалдылығы 15 процентке тең пішенді бұрағанда дымқыл білінбейді, бірақ сықыр естіледі.
Жалпы алғанда, ылғалдылығы 15 проценттен аспайтын шөп, сабан жақсы сақталады.
Шөпте, сабанда көбінесе шаң-тозаң, құм, минералдық заттар араласып жүреді, олар малдың көзін, тыныс және ас қорыту органдарына зиянды әсер етеді. Осындай қоспалар шөптің, сабанның жалпы салмағының 10 процентіндей болса, онда оны малға берместен бұрын арнайы тазалаудан өткізу қажет (азық цехтарында).
Қазіргі кезде ірі қара, қой рациондарында сүрлемнің, пішендеменің үлес салмағы көп. Сапалы сүрлем алғашқы құрылымын сақтап, түсі қоңырлау болады, сүйкімді аздап қышқылдау қан иісі сезіледі, бұзылмаған сүрлемнің рН – 4,0 – 4,2 тең болады.
3.2 Мал қораларының микроклиматы
Мал шарушалығы комплекстерінің (фермаларының) құрылысы СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен және СССР Министрлер Советінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен келісілген «Мал фермаларын технологиялық жобалау нормаларына» сәйкес жасап шығарылған үлгі – жобалар бойынша ғана жүргізіледі. Мал фермаларын технологиялық жобалау нормалары мал дәрігерлік – санитариялық, зоогигеналық және зоотехникалық талаптарды ескере отырып белгіленді. Олар қоралардың үлгі-жобаларын жасап шығарумен және олардың құрылысымен шұғылданатын ұйымдар үшін міндетті болып табылады.
Шаруашылықтардың мал дәрігерлік мамандары мал қораларын жобалау мен салуға бақылау жасау жөніндегі өз жұмысында малдың әр түлігіне сәйкес келетін технологиялық жобалау нормаларын басшылыққа алуға тиіс:
ірі қара комплекстері (фермалары) үшін – НТП – СХ. 1-72:
шошқа комплекстері үшін – НТП – СХ. 00-74;
қой комплекстері үшін - НТП – СХ. 5-68, 1974 жылы толықтырылған;
Аң және үй қоян фермалары үшін - НТП – СХ. 3-71.
Мал дәрігерлік құрылыстар 1972 жылы толықтырылған НТП-СХ. 8-67 нормасына сәйкес жобаланады.
Мал қоралары микроклиматының параметрлері.
Қораның микроклиматы дегеніміз - ортаның төмендегідей факторларының жиынтығын: температураны, ылғалдылықты, ауаның қозғалу жылдамдығы мен салқындату қабілетін, жарықтылығын, атмосфералық қысымды, иондауды, ауаның газ құрамын, сондай-ақ тараған шаңды бөлшектер мен микроорганизмдерді қамтитын шектеулі ортаның климаты. Осы факторларға қоса қоршаған конструкциялардың ішкі беткейінің температурасы және қоршаған конструкциялар мен мал арасындағы сәулелі жылу алмасуының көлемі мал қорасының микроклиматына ықпал жасайды. Қораның микроклиматы технологиялық жобалау нормаларын сақтауға ғана емес, сондай-ақ жергілікті жердің ауа райы жағдайына да байланысты.
Малдың жасына қарай бөлінген әр топ үшін олардың физиологиялық және өнімділік ерекшеліктері, экономикалық тиімділік пен техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, микроклиматтың параметрлері тағайындалады.
2 – кесте
Ірі қара қорасы микроклиматының параметрлері.
Микроклимат параметрлері |
Сиырлар
мен бір жастан асқан |
Сиырлар бұзаулай тын бөлме |
20 тәулікке дейінгі бұзаулар профилакторийі |
Туғанына төммендегідей тәулік болған бұзауларға арналған қоралар |
4 айдан 12 айға дейінгі төлге арналған қоралар |
Бір жастан асқан қашарлар мен тұмсаларға арналған қоралар | ||
Байлаулы және байлаусыз (боксті) ұстау |
Қалың төсеніште байлаусыз ұстау |
20 дан 60 қа дейін |
60 тан 120 ға дейін | |||||
Температура Салыстырмалы ылғалдылық % Ауа алмасуы 1 ц массаға м3 /сағ
Қыста Өтпелі кезеңде жазда ауа қозғалысының жылдамдығы, 1 басқа м3 /сағ Қыста Өтпелі кезеңде жазда Ауа қозғалысынң жылдамдығы, м/с: |
10 70
17 35 70
- - -
0,3-0,4 0,5 0,8-1,0
0,25 20,0 20,0 10,0
70-тен артық емес |
6 (5-8) 70
17 35 70
- - -
0,3-0,4 0,5 0,8-1,0
0,25 20,0 20,0 10,0
70-тен артық емес |
16 (14-18) 70
17 35 70
- - -
0,2 0,3 0,5
0,15 10,0 5,0 5,0
50-тен артық емес |
18 (16-20) 70
- - -
20 30-40 80
0,1 0,2 0,3--0,5
0,15 10,0 5,0 5,0
20-дан артық емес |
17 (16-18) 70
- - -
20 40-50 100-120
0,1 0,2 0,3-0,5
0,15 10,0 5,0 5,0
50-тен артық емес |
15 (12-18) 70
- - -
20-25 40-50 100-120
0,2 0,3 1,0-ге дейін
0,25 15,0 15,0 10,0
40-тан артық емес |
12 (8-16) 75
- - -
60 120 250
0,3 0,5 1,0-1,2
0,25 20,0 15,0 10,0
70-тен артық емес |
12 (8-16) 70
17 35 70
- - -
0,3 0,5 0,8-1,0
0,25 20,0 20,0 10,0
70-тен артық емес |
Информация о работе Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар