Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:00, курсовая работа

Краткое описание

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б.) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. Сондықтан бұл таруда ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерін қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтаудың маңызы көрсетілген.
Ауа – мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым- қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1 Жануар қоражайының микроклиматы(ылғалдылығы,температурасы,ауа қысымы,жылдамдығы)
3.2 жануар қорасының желдету түрлері
3.4 Мал қораларындағы микроклимат жағдайын бақылау
3.5 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
6. Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

мал коралары.doc

— 165.00 Кб (Скачать документ)

                                   Жоспар

 

 I. Кіріспе

II. Әдебиетке шолу

III. Негізгі бөлім

3.1 Жануар қоражайының микроклиматы(ылғалдылығы,температурасы,ауа           қысымы,жылдамдығы)  

 3.2 жануар қорасының желдету түрлері

3.4 Мал қораларындағы микроклимат жағдайын бақылау

3.5 Мал қора  ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау  негіздері

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер

6. Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Малдың денсаулығын  сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны  гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б.) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы  мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. Сондықтан бұл таруда ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерін қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтаудың маңызы көрсетілген.

Ауа – мал  тіршілігі өтетін және олар үнемі  қарым- қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті  оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына  әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға – атмосфераның төменгі бөлігі – бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В.И. Вернадский «тірі зат-тіршілік ететін аймақ» деген анықтама берген.

       Атмосфера (грек meteoras – бу және sphaira – шар)  - табиғи жағдайда шамамен 20 шақты заттардан тұратын жерді қоршап тұрған қабық. Атмосфера табиғи жағдайда климатты реттеуші, жылуды сақтап ылғалды тасымалдаушы әрі ауада байқалатын құбылыстардың (бұлт, жаңбыр, қар, тұман және т.б.) басты себепшісі болып табылады. Атмосферада ауа массасы үнемі араласып тұрады. Осының арқасында ауадағы ылғал мен әртүрлі газдар қалыптылығы сақталады.

       Полярлық және бірқалыпты ендік тұсында 10 -11 км дейін және тропикалық ендікте – 14 – 17 км дейінгі атмосфера бөлігі тропосфера деп аталады. Атмосфераның бұл бөлігінде жоғарылаған сайын температура төмендей береді. Тропосферада атмосфераның 4/5 бөлігі жинақталған және ол өте өзгермелі. Атмосфераның бұл қабаты жер бетінің жылынуы әртүрлі болуына байланысты онда ауаның күшті вертикальді ағысы пайда болып температура, ылғал, қысым және басқа климаттық факторлардың өзгеруіне ықпал жасайды.

      Тропосфера суық стратосферадан тропопауза деп аталатын жұқа қабықпен бөлінген. Стротосферадан ауа сирек (негізінен азоттан, сутегіден, гелийден және т.б.тұрады), ылғалдылық төмен болады. Ал, температура құбылмалы келеді (алғашқыда төмендеп, ал шамамен 50 км биіктіктен кейін бірте-бірте көтеріледі). Стротосферада ауа ғарыштық және ультракүлгін сәулелердің әсерінен иондалған. Осы иондалудың әсерінен молекулалық оттегіден озон түзеді. Озонды қабат шамамен 25-40 км биіктік арасында орналасқан. Бұл қабатты тіршілікке өте қауіпті ультракүлгін  және ғарыштың  сәулелерді өткізбейтін экран деуге болады. Стратосфера жер бетінен шамамен 40 км биіктікте жылы қабат мезосфераға айналады да, 80 км биіктіктен термосфера басталады. Одан биіктеген сайын температура жоғарылай түседі.  Бұл қабат қатты иондалған, соған байланысты кей кезде ионосфера деп те аталады. Оның үстінде экзосфера (800-1600 биіктікте) қабаты орналасқан. Онан соң бірте-бірте жұлдызаралық ортаға ауысады.

        Циклон және антициклон. Бір тәулік ішінде метеорологиялық факторлар параметрлері күрт өзгеріп ауа райының тез алмасуы (ауа температурасы 10-150С, қысым 1,3-2,6 КПаға) синоптикалық фронт өткен кезде байқалады. Ауа райының былайынша күрт өзгеріп алмасуы организмге қолайсыз әсер ететін физиологиялық тітіркендіргіш деп қарастырылады. Екі ауа массаларының (арктикалық, полярлық, тропикалық) бір-бірімен араласу зонасын синоптикалық фронт деп атайды. Былайша айтқанда, синоптикалық фронтты көрші орналасқан ауа массаларының (қасиеттері әртүрлі бір-бірімен температура, ылғалдылық, түрлі қоспалар көрсеткіштерімен ерекшеленетін) арасындағы шекара (мысалы, арктикалық ауамен қоңыр салқын ендік ауасының арасындағы және т.с.с.) деп түсінуге болады. 

        Синоптикалық фронттың өтуі әр уақытта ауа массасының алмасуына әкеліп соғады, сөйтіп атмосфераның синоптикалық жағдайының ең басты екі типі – циклон немесе антициклон пайда болады. Малда, әсіресе мол өнімді асыл тұқымдыларда түрлі патологиялық реакциялар қозып созылмалы аурулардың асқынуы синоптикалық фронттың пайда болуымен тікелей байланысты.

       Циклон  - атмосфера қысымының үлкен территорияда төмендеуімен сипатталады (диаметрі – 2000 – 3000 км дейін). Қысым шеттен ортаға қарай төмендейді. Циклон кезінде ауа айналмалы қозғалыста болады. Циклондағы ауа райы өте тұрақсыз: температура мен ауа қысымының ауытқуы артады, жауын-шашын болып, ауа ылғалдылығы жоғарылайды.

       Антициклон -  жоғарғы қысым аймағы. Ол қысым шеттен ортаға қарай өсіп үлкен территорияны қамтиды (диаметрі 5000 – 6000 км шамасында). Антициклонда ауа райы әдетте тұрақты, жауын-шашынсыз болады. Антициклон жағдайында атмосферада қара түнектің (смог) пайда болуына негізінде ауаның жоғарғы қабат температурасы төменгі қабатқа қарағанда жоғары болуында. Мұндай жағдай ауа тымырық (застой) кезде байқалады. Циклон мен антициклон бір-бірімен ауысып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиетке шолу

 

Жылуды қаншалықты көп жоғалтса азық та соншалықты көп  жұмсалады. Жоғалған жылудың орны толмаса  немесе уақытында толтырылмаса малдың өнімділігі төмендейді. Малды ауа  температурасы 50С төмен қора-жайда ұстаған кезде әрбір сиырдан сауылатын сүт 1-2 литрге төмендейді, бұзаулардың қосатын салмағы 15-20 пайыз кемиді, мекиендердің жұмыртқалауы 12-19 пайызға азаяды (С.И. Плященко, 1985).

         Ауа қозғалысының  мал организміне әсері. Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге және онда  жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді.  Егер желдің жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоңазиды. Шамалы ғана жел өті бұқа терісін тым тәуір салқындатады. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде оның терісінің қызуы 3,50С төмендейді, жүнінің беткі қабатындағы қызуы 2,90С, ал қалыңдау терең тұсында -2,8 0С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,1 – 0,4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 50С суығына тең келеді (Н.М. Комаров, 1971). Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да микроклиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.

          Мал қораларын аэроиондау. Бұл жұмыс электроэффлювиалды люстра (Чижевка) типтес негізгі заряд ажыратқыж ионизатор, ҒЗИ жүйесінің антенді ионизаторлары, ЛВИ, АФ-2, АФ-3 аэроионизаторлары, радиоизотопты ионизатормен, тағы басқа құралдармен атқарылады.

        Малды көп қатарлы клеткаларда ұстаған кезде қора-жайлардың қатты шаңдалып, микробтардың шоғырлануына қарсы тиімді күресу үшін желдеткіштердің көмегімен бұзылған ауаны ығыстыра отырып, тікелей клеткалар мен батареяларға берілетіндей етіп қондырылады.  Сонымен бірге, желдету арқылы ауаны жасанды иондармен байытуға да болады (Г.К. Волков, 1987), мұндай қоралардың шаңы 3-4 есе, ал микроорганизмдер саны 3-5 есе азаяды. Бұл кезде қораны мал тұрған кезде де аэроиондай беруге болады.

     Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру керек немесе қалың қамыс (сабан) немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану (малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай орналастыру). Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және  еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңылауынан кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасын 80 есе немесе одан да жоғары дәрежеде ластауы мүмкін (В.М. Печугин). Ал малды байлап өсіретін қора-жайдағы ауа аммиак жиналуының алдын алу үшін төсенішке (1 кг суперфосфат-2,5 кг төсеніш материалға) суперфосфат қосу ұсынылған, осының нәтижесінде ол ауадағы аммиакты қосып алып, байланыстырып қиды азотпен байытып, оның сапасын жақсартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Мал  қоралары микроклиматының параметрлері

Қораның микроклиматы деп ішкі ауаның температурасы салыстырмалы ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығын, құрамындағы газдардың, микроорганизмдер мөлшерінің жиынтығын атайды.

    Әрбір мал қорасының өзіне тән микроклиматы болады. Қораның микроклиматының қалыптасуына жергілікті жердің ауа райының жағдайы, қорадағы малдың жалпы саны, оның жылу жүйесімен қамтамасыз етілуі, желдету жүйелерінің жұмыс істеуі және т.б. көптеген жағдайлар әсер етеді.

     Ірі қара күтіп-бағылатын және қой, шошқа, құс қораларының әрқайсысына тән өзінше микроклимат қалыптасады. Сол себептен де малдың әрбір түлігіне арналған қоралар үшін жеке-жеке зоогигиеналық нормалар жасалынады.

    Қораның ішкі ауасының микроклиматы бірқалыпты және оның малға қолайлы болуы үшін, 2-3 күнде бір рет оны қадағалап тұру керек. Қорадағы ауаның температурасын өзгеруін кәдімгі сынаптық термометрмен және Августтың психометрімен анықтайды. Керек болған жағдайда тәулік бойынша ауаның температурасының өзгеруін бақылауға болады. Ол үшін температураның өзгеруін автоматты түрде қағазға жазатын термограф МН-16 маркалы аспап қораның ішіне қойылады. Ол ауаның тәуліктік өзгеруін арнайы қағазға жазады.

     Қорадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы Августтың және Ассманның психометрімен, арнайы гигрограф аспаптарының көмегімен анықталады. Ал ауаның ылғалдылығының тәулік бойына өзгеруін бақылау үшін, өзі автоматты түрде жұмыс істейтін гигрограф М-21 аспабы қолданылады.

    Ауадғаы аммиак, күкірт қышқыл газының мөлшері арнайы жасалған УГ-деп аталатын аспаптың көмегімен анықталады. Бұл аспаптың әрқайсысында оны қолдану жөнінде арнайы нұсқауы болады, соған қарап онымен жұмыс істеуге болады.

     Қорадағы ауаның қозғалу жылдамдығы да малдың денсаулығына ықпал етеді. Ал осы ауаның 0,3 см/сек дейінгі қозғалу жылдамдығы кататермометрмен, ал одан жоғары ауаның қозғалысы анемометрмен анықталады.

     Қораның ішкі ауасының құрамындағы микроорганизмдер мөлшері Ю.А. Кротовтың аппаратының көмегімен тексеріледі. Сондай-ақ, микроб мөлшерін етпентон-агар  құйылған Петри әйнекшесіне себу арқылы анықтауға болады.

     Қораның жарықтығы Ю-16 маркалы люксметр аспабының көмегімен байқалады.

     Қорадағы ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, қозғалу жылдамдылығы және оның құрамындағы аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл оттегі, микробтар мөлшерінің жиынтығы микроклиматтың параметрі деп аталады.

       Қораның микроклиматтық параметрлерінің әрқалай болуына байланысты малдың физиологиялық қасиеттері және өнім беру қабілеті өзгеріп отырады. Сол себептен де малдың әрқайсысына  арналған қорадағы ауаның қолайлы микроклиматының параметрлері (нормалары) шығарылған. Бұл нормаларды СССР Ауыл шарушалығы  министрлігі бекіткен.

      Ірі қара  қорасының  өзі бірнешеге бөлінеді: айталық, сиыр бұзаулайтын қорада қолайлы температура 160С, салыстырмалы ылғалдың 70 проценттен аспауы керек, ауаның қозғалысы 0,2 - 0,3 м/сек шамасында, аммиактың мөлшері 10 мг/м3 – тен аспауы тиіс.

      Жасы 20 күннен аспайтын жас бұзауларды күтіп-бағатын профилакторий қорасында қолайлы температура 160С – тен 180С, салыстырмалы ылғалдылық 50-ден 70 процентке, ауа қозғалу жылдамдылығы 0,2 м/сек, аммиактың мөлшері – 10мг/м3, көміртегі тотығы 5 мг/м3, күкіртті сутегі 5 мг/м3, ауаның 1 м3-да микробтың саны 20 мың шамасында болуы тиіс.

     Жасы 20 күннен 60 тәулікке дейінгі  бұзауларды күтіп бағатын қораның микроклиматының параметрлері профилактроий қорасындағымен бірдей болады.

    Егер қораның микроклиматының параметрлері жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес болмаса, онда жас бұзаулардың өсуі нашарлайды, тәуліктік қосымша  салмақ қосу мөлшері төмендейді, егер қораның температурасы салқын (-18 - 100С), ылғалдылығы 80-85 процент, аммиактың мөлшері 20-25 мг/м3 болса, онда жас бұзаулар тыныс органдары ауруларына шалдығады, шығынға ұшырайды.

      Ал профилактроий қорасында ауаның бір текше метріндегі микробтардың саны 40 мың дана болса, онда жас бұзаулар асқазан-ішек органдары ауруларына шалдығады.

      Жасы 60-тан 360 тәулікке дейінгі бұзау-баспақты күтіп-бағатын қорада қолайлы температура 12-ден 150С, салыстырмалы ылғалдылық  70-75 процент, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,3 м/сек, аммиактың мөлшері 12-15 мг/м3, көміртегі тотығы 15 мг/м0, күкіртті сутегі 10 мг/м3, бір текше метр ауадағы микробтың саны 40 мың шамасында болуы тиіс.

      Ал, бір жастан асқан торпақ пен ірі сиырларды күтіп-бағатын қорадағы ауаның қолайлы температурасы 60С – дан 100С дейін, салыстырмалы ылғалдылығы 70-75%, ауаның қозғалу жылдамдылығы 0,5 м/сек, аммиак мөлшері 15-20 мг/м3, көміртегі тотығы  - 20 мг/м3, күкіртті сутегі – 10 мг/м3, бір текше метр ауадағы микробтың саны 40-65 мың дана  мөлшерінде болғаны дұрыс.

      1980 жылы СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен СССР-дің ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитеті қой қораларын жобалау және салу жөнінде бүкілодақтық норма шығарады. Қысқаша бұл норманы ОНТП – 80 деп атайды. Осы нормада төл қабылдау қорасында немесе қой қоздап жатқан бөлмеде ауаның температурасы 8 градустан төмен болмауы, ал саулық және жас қозы үшін ең қолайлы температура 12 градус екені көрсетілген. Қорадағы  ішкі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 проценттен аспауы тиіс.

Информация о работе Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар