Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 15:54, курсовая работа
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы үш деңгейлі жүйеден тұрады:
Бірінші деңгей - ортақ жүйе, онда мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша алты айдан кем емес еңбек өтілі бар, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар мөлшері 170491 теңге - 47327 теңге аралығында ай сайынғы ортақ зейнетақыны алады. Оған қосымша, базалық мемлекеттік немесе «Президенттік» деп аталатын күнкөріс деңгейінің 2/1 көлеміндегі зейнетақының мөлшері - 8 720 теңге, оны еліміздің барлық зейнеткерлері алады.
Екінші деңгей - барлық жұмыс істеушілердің ай сайынғы кірісінен аударылатын есептеулердің белгіленген 10 пайыздық мөлшерімен міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың 8 360 641 жеке зейнетақы шоттарында 3 036,2 млрд. теңге зейнетақы активі жинақталған. 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, олардың республика өңірлерінде 120 филиалы және 33 өкілдігі бар. Статистикаға сәйкес, салымшылардың зейнетақы жинақтарының жыл сайынғы өсімі 20-25% құрайды. Біздің жинақтаушы зейнетақы жүйеміздің тарихында активтерді инвестициялаудан түскен кірістілік нақты көрсетуде оң болып отыр, яғни инфляцияның жинақталған деңгейінен асады. Мәселен, кірістіліктің жинақталған мәні 211,86%-ды құрады. Кірістілік пен инфляцияның орташа жылдық мәні тиісінше 12,02% және 8,69% құрады.
Үшінші деңгей - ерікті жарналар. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 37 943 зейнетақы шотында 1,27 млрд. Теңге және ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы жинақталған.2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 119 зейнетақы шотында 125,9 млн. теңге жинақталған.Өкінішке орай, бұл деңгей әлі дами қойған жоқ, бірақ оның әулеті зор.
2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 119 зейнетақы шотында 125,9 млн. теңге жинақталған. Өкінішке орай, бұл деңгей әлі дами қойған жоқ, бірақ оның әулеті зор.
Осылайша, бүгінгі күні зейнеткерлердің көпшілігі аралас зейнетақы : ортақ және базалық зейнетақыны - мемлекеттік бюджет есебінен. Ашық дерек көздерінің мәліметтерін негізге ала отырып, орташа зейнетақының шамамен есебін шығаруға болады. 2011 жылы мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны есептегенде 27 388 теңгені құрады. Зейнетақы қорларын 1 алушыға төленетін жыл сайынғы төлемдердің орташа мөлшері шамамен 44 000 теңгені құрайды.
Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді актив және тиісінше, оны инвестициялаудан түскен кірістілік ұзақ кезең үшін бағаланады. Алайда 14 жылдың қорытындысы бойынша аралық нәтижелерді бағалауға болады. Олардың бірі : зейнетақы активтерін инвестициялаудан нақты көрсетуде түсетін оң кірістілікті мысал келтірілген.
Басқа көрсеткіш - дағдарысқа қарсы тұра білу. Жүйе іске қосылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі ауыртпалықты да, қарқындап өсуді де бастан кешірді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің орын алған проблемаларын шешуге болады және бұл бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесіне бас тартудың қажеттілігі және қандай да бір орындылығы жоқ, себебі бұл болашақта мемлекеттік бюджетке теріс әсер етеді, қор нарығының одан әрі дамуына және экономиканың нақты секторын қаржыландыру мүмкіндігіне ықпал етеді. Сондай – ақ әрбір адамның өз қарттығын қамтамасыз етудегі қызығушылығын азайтады.
Жинақтаушы жүйесі: зейнетақы салымшының жеке зейнетақы шотына аударған аударымдары есебінен төленеі және оның кірісінің мөлшеріне және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелеріне байланысты.
Халықты қамтуды кеңейту мәселесі – түбегейлі және кез келген зейнетақы жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің талабы болып табылады. Бірақ ел экономикасының бейресми бөлігін тарылту жөніндегі міндетті шешпей оны шешу мүмкін емес. Зейнетақы жарналары салымшының ресми табысынан аударылады., алайда мемлекеттік органдарды қоспағанда, көптеген секторларда жалақы ЖЗҚ-ға қандай да болсын аударымдарсыз «конвертке салынып» қолға беріледі. Жұмыспен өзін өзі қамтамасыз еткен халықты қамтуды кеңейту, салықтық басқару және ерікті зейнетақы жарналарын аударуға ынталандыруды жақсарту жөнінде әкімшілік шаралар қабылдау қажет.
Сондықтан, осы проблеманы шешу үшін жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жауапкершілігін арттыратын бірқатар заң жобаларын қайта қарау қажет. Бұл бірінші кезеңде мамандығы денсаулық үшін ерекше тәуекелдермен байланысты адамдар үшін міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кейіннен осы норманы барлық жұмыс берушілерге қолдануға болады.ЖЗЖ-ның басқа да проблемасы жалпы белгілі – активтерді инвестициялау бойынша мүмкіндіктің шектелуі, кірістіліктің төмен болуы, бұл әлеуетті зейнеткерлерді аса қанағаттандырмайды. Тым болмағанда, олардың белсенді түрде – жеке кабинеттері арқылы өзінің зейнетақы шоты жай-күйінің мониторингін жүргізетін бөлігі.Мысалы: ағымдағы жылдың 1 қазанында инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі 2012 жылдың басынан бастап 452,8 млрд.теңгеге ұлғая отырып, 2 998,9 млрд. Теңгені құрады. Сонымен қатар, мәселе одан әрі жүзеге асырыла береді: зейнетақы активтернің инвестициялық кірісінің инфляция деңгейімен салыстырғандағы ағымдағы төмен деңгейі – ЖЗЖ проблемаларының бірі. Сондай – ақ зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін инвестициялық кірістің төмендеуі бүкіл кезең бойы емес, соңғы 5 жылда байқалып отырғаны анық. Оған объективтік экономикалық түсіндірме бар : қаржы нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс әсері. Бұл әлемдік нарықтардағы кірістіліктің төмендеуімен және сол сияқты отандық қор нарығы өтімділігінің төмен болуымен,сауда – саттықтарға белсенді қатысатын инвесторлар санының аз болуымен және кіріс жобаларының, оның ішінде зейнетақы активтері инвестициялана алатын мемлекеттік – жеке әріптестік шеңберіндегі кірісті жобалардың болмауымен байланысты. Сондай- ақ ұзақ мерзімді кезеңде нақты кірістілікті қамтамасыз ете алуы мүмкін сапалы қаржы құралдарының тапшылығы проблемасын бөлек атап өту керек.Осыған байланысты ішкі қор нарығын дамыту қажеттілігі басым міндет болып қалуда. Осы проблеманы шешу үшін отандық қор нарығын жандандыру жүргізілуде, оның ішінде:
Сонымен бірге, бағалы қағаздар нарығын дамыту мақсатында «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ акционерлік қоғамының еншілес және тәуекелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы әзірленді.
Тағы да бір проблема – бұл салымшылардың ЖЗҚ таңдау кезіндегі қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі. Бұрынғыша, салымшы ЖЗҚ таңдау кезінде оның қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты емес, сыйлық немесе ол зейнетақы шартын жасау шартымен қандай да болсын қызметтер алу мүмкіндігі сияқты факторларды басшылыққа алу жағдайлары орын алып отыр. Осы проблеманы шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ЖЗҚ тоқсан сайынғы негізде өзінің инвестициялық портфельдерін жария етуі, өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуі тиіс. Рның ішінде ЖЗҚ қызметінің нәтижелерін бағалау үшін қажетті ақпаратты жария етуі тиіс.
Сондай – ақ, зейнетақы қорлары тап болатын, оның ішінде қаражатты инвестициялау қағидалары бойынша барлық проьлеманы арнайы құрылған жұмыс тобы шеңберінде талқыланып жатқанын айтуға болады. ЖЗЖ барлық проблемасының шешілетінін және осы бағытта уәкілетті мемлекеттік органдардың ұрақты жұмысы жүргізіліп жатқанын баса айтуға болады.
Қорларды шоғырландыру жинақтаушы зейнетақы жүйеісінң проблемаларын шешпейді, тек тәуекелдердің артуына және шшоғырлануына мүмкіндік жасайды. Зейнетақы активтернің бірыңғай басқарушысы тіпті бағалы қағаздардың әртараптандырылған портфелі және жекелеген ЖЗҚ-дан немесе компанияны басқарушылардан бөлек басқа қаржы құралдары болған кезде де көп дәрежеде жүйелік тәуекелге ұшырайды. Бұл біріктіруге жол берілмейтін жалғыз себеп емес. Ұлттық Банктің дәлелдерінің ішінде – біріктірілген жағдайда активтерді басқару тиімділігін әділ бағалау мүмкін болмайды, бірақ бұл ретте ұзақ мерзімдегі зейнетақы активтерін мемлекеттің ағымдағы шығыстарын жабу үшін пайдалану мүмкіндігі туындайды. Ал бұған жол берілмейді.
III. Зейнетақы жүйесін реформалаудың даму перспективасы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен капитал рыногы арасында дұрыс мемлекеттiк бақылау мен қажеттi заң, нормативтi құқықтық актiлер болса байланыс күштi дамиды. Зейнетақы жинақтары халықтың ұзақ мерзiмдi жинақтары болып табылғандықтан, бағалы қағаздар рыногының дамуына әсер ететiн фактордың бiрi болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің оғаштығы, ел экономикасының жалпы өрлеуі, ұлттық валютаның нығаюы, мемлекеттік бюджет тапшылығының төмендеу жағдайында зейнетақы қорының нақты табыстылығы да өте төмен болады.
Қазір зейнетақы активтерін инвестициялаудың басты проблемасы қаржы құралдары ұсынымы өсуінің зейнетақы қорланымы өсуінен қалып қоюы болып отыр. Шетелдің құнды қағаздарына жұмсалым лимитін арттыруға қол жеткізген зейнетақы қорлары, құнды қағаздарды жақын шетелдерге инвестициялауға болады деп санайды. ЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық қоржынының құрылымы бойынша бүгінгі бар зейнетақы активтерінің 50%-дан астамы мемлекеттік құнды қағаздарда болады. Зейнетақы қорларының инвестициялық саясатында зейнетақы активтерін нақты экономика секторына жұмсау, ЖЗҚ нақты инвестициядан алыс, яғни жаңа кәсіпорындарды құру жұмсалымдарынан,ғылыми зерттеулерден, дайын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құруға дейін іс жүзінде болмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық активтері кастодиандық келісімшартқа сәйкес банк-кастодиандарда шотта сақталынып, есептеледі. Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақылық активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасасылады. Егер зейнетақылық активтерді инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры өздігінше жүзеге асыратын жағдайда кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасасылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
Инвесторлар арасындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі, сондай – ақ ішкі нарықтағы ақша ұсынымынң үлкен көлемі зейнетақы активтерін инвестициялаудан болатын ағымдағы пайдалылық инфляция деңгейінен төмен болып шығуына әкелді.Бұл қаржы құралдарына ақша салынған сәтте, олар залалды болады деп жобаланбау табиғи.Алайда кез – келген қаржы құралдарының бағалары сатып алынған сәттегі деңгейінде сақталмайды.Құнды қағаздар нарығындағы бағалар нарық жағдайына байланысты болады, әрі ішінара, кейде елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Тіпті болашақ зейнетақы активтерінің жұмсалымы үшін қаржы құралдарын таңдап алуға жауапты бола отырып, активтерді басқаруды жүзеге асыратын ЖЗҚ мен ұйымдар, жалпы экономикалық сипаттағы өзгерістерді әрқашан біле бермейді, мысалы, олардың қызметіне қатысты сыртқы фактор болып табылаиын құнсыздануының өсуі.Сондықтан төмен табыстылықтың себептерінің бірі зейнетақы қорларына байланысты болмайтын және қызметіне зиян келтіретіндей факторлар болып есептеледі. Мұндайды болдырмау үшін, зейнетақы қорлары сияқты маңызды стратегиялық қаржы институтын мемлекеттік қолдауы және де жүйелі тәуекелдіктерді төмендету арқылы олардың ойдағыдай қызмет жүргізуі үшін жағдай жасауы міндетті. Эмитенттер нарығының тез өсетін ішкі инвесторлар нарығынан айырмашылығы, әзірге дамуда артта қалуда, сондықтан шетелдің бағалы қағаздарына жұмсалымдары арттырған жөн. [7]
Зейнетақы қорлары активтерінің көлемдері, мемлекет пен жеке меншік секторы тарапынан құралдарды ұсыну көлемдеріне қарағанда әлдеқайда тезірек өседі – бұл бағытта ЖЗҚ мен мемлекет бірлескен күш салулары керек.
1 кесте – Қазақстан
Жинақтаушы зейнетақы қорлары |
2010ж. |
2011 ж. |
«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН ЖЗҚ» АҚ |
2,5 |
2,2 |
«Нефтегаз – ДЕМ» ЖЗҚ» АҚ |
2,5 |
2,8 |
«Еуразиялық ЖЗҚ» («Еуразиялық банк» АҚ ЕҰ) АҚ |
3,5 |
3,3 |
«Қорғау» ЖЗҚ АҚ |
1,4 |
1,6 |
«ГРАНТУМ ЖЗҚ» («Казкоммерцбанк» АҚ ЕҰ) АҚ |
6,0 |
5,9 |
«РЕСПУБЛИКА» ЖЗҚ» АҚ |
0,1 |
0,7 |
«ҰларҮмiт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ |
17,7 |
13,5 |
«Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ |
2,5 |
2,5 |
«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ |
16,9 |
17,4 |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ ЕҰ «БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ |
10,4 |
12,7 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ |
29,1 |
28,6 |
«Қазақмыс ЖЗҚ» АҚ |
2,1 |
2,0 |
«Отан» ашық ЖЗҚ» («АТФ Банк» АҚ ЕҰ) АҚ |
2,5 |
3,0 |
«Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҰ - «Капитал» ЖЗҚ» АҚ |
2,8 |
3,8 |