Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 15:54, курсовая работа
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Заңды тұлғалар үшін міндетті зейнетақылық аударымдар еңбекақыны төлеу қорының 10% мөлшерінде, ал кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға айлық табыстың 5% мөлшерінде анықталды. Үкімет бекіткен ұйымдар мен қоғамдардың тізбесінен, мысалы, Ерікті мүгедектер қоғамы немесе Қазақ зағиптар қоғамы, еңбекақы төлеу қорынан 3% аударады.
Ынтымақты зейнетақы қоры Қазақстанда зейнеткерлер қатарына шыққан ұрпақтар мен 1998 жылдың 1 қаңтарына жұмыс өтілі 6 айдан кем болмағандар кездескенге дейін қызмет етеді.
Үшінші деңгей – азаматтардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасатын мемлекеттік емес зейнетақы. Ол адамның бүкіл белсенді еңбек қызметі бойынша қорланады және ЖЗҚ – да шоғырланады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірқатар қағидаларға сүйенеді. Оның бірі – қорланымның қайтарымдылығы. Жеке азаматтың, қоғамның әл –ауқатын көтеруге бағытталған. Бұл қағиданың нәтижесі қазіргі еңбек істеп жүрген ұрпақтың зейнетақы алған кезінде білінеді.
Елде халқымыздың өмір сүру ұзақтығына қатысты үрдіс - оң. Әлі жалпы дүниежүзілік деңгейге қол жеткізілмесе де, бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі үшін артықшылық болып есептеледі. (2 кесте). Еркектердің арасында ең ұзақ өмір сүру Жапонияда (76,9 жыл) және Канадада (76,2), әйелдердің арасында Жапонияда (83), Францияда (82,1), Канадада (81,9). Зейнетақыдағы еркектердің ең ұзақ өмір сүруі Францияда (14,4) және Италияда (14,2), әйелдерде - Италияда (25,3) және Швецарияда (19,9). [1]
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар аударылуының толықтығы мен уақыттылығын салық органдары бақылайды. Жарнамалар сомасын аударуды кешіктіргшен жағдайда әрбір кешіктірген күн үшін ҚР Ұлттық банкі белгілеген 1,2 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерінде өсімақы есептелеіп өндіріп алуға жатады.
Зейнетақы жүйесінің маңызды қағидасы - еңбек еткеннен кейінгі өмірге жеткілікті соманы жинақтай алмаған оның қатысушыыларына мемлекеттік кепілдікті сақтау. Бұл санатқа жұмысы төмен төленетін адамдар және де жоғарыда айтылған әйелдер жатады.
Зейнетақы қорларына қатысушылардың жеке есебі, сондай – ақ қызметкерлердің зейнетақы жарналарын жүргізудегі мүдделігін күшейте түсуге мүмкіндік береді. Дербестендірілген есептің міндеті – зейнетақының дәл тағайындалуын сақтау және зейнетақы жарналарын толық және уақтылы енгізілуіне бақылауды күшейту.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықтың басқа да жинақ ақшасын тартуы тиіс. Әйтсе де салымдардың орташа мөлшерлері әлі шамалы, олардың серпіні жинақ ақшаның бұл нысанына халықтың қызығушылығы өсе түскенін көрсетеді. Жинақ ақша артуының жаңа нысандыры оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өрісінде пайдаланудан көрінеді.
Халықтың еңбек табыстары барлық ақшалай табыстарының (жалдау мен дербес жұмыпен қамтудан, меншіктен, сатудан табыстар;әлеуметтік трансферттер мен басқа түсімдер) 4/3ке жуық шамасын құрайды . Осы тұрғанда ақша шығыстарының негізгі үлесі – 86%-ды құрайтын тұтынушылар шығысы (яғни тамақ азық-түліктерін , азық – түлікке жатпайтындарды сатып алу). Сонымен бірге, олардың 50%-дан астамы азық – түлік тауарларын сатып алуға кетеді.
Зейнетақы жүйесі ерікті қосымша салымдар үшін де, тартымды болу үшін де қызмет етуге тиіс. Халықтың ақшасын жинап алу жеткіліксіз, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы қорлары мен ұйымдарының міндеті - оларды салымшылардың пайдасына көбейту.
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің эволюция үдерісінде дамуының әрбір кезеңінде өзіне тән проблемалар туындайды. Бастапқысында олар ұйымдық сипатта болды.Жұмыс істейтін адамдардың барлығы да олардың жалақысының бір бөлігі қайда, қандай қорға жіберілетінін,қандай қорды таңдап алу керектігін білмеді. Мұндай жағдайда халықтың көпшілігі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының, яғни «үнемдеу жөніндегі» қордың, мемлекетке көбірек сенетіндігі себебінен салымшылары болды. Дегенмен зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үлесі бірте бірте арта түсті.
Атап айтқанда,бұрыннан, ең жоғарғы табыстылық Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларында байқалды.Сөйтіп, зейнетақы қорларының теріс табыстылығына жүйелік себептер, (инфляциия, ақшаның құнсыздануы, теңге бағамының көтерілуі, құралдар тапшылығы) әсер етті.
Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық” жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы есебiнен төлендi. Бұл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп, экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерлерге 1,7 жұмыс iстеушi келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1 зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске ұшырауының негiзгi себептерi:
а) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш қазiр 1 ге 1,7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде.
б) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ болуы уақтылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды. Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде әлi де болса уақтылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына итермеледi.
в) зейнетақы жарналарын
жеке тiркемеудiң жоқ болуы
г) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.
е) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық шотқа түседi. Министрлiк бұл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы әдiлеттiкке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.
ж) орталықсыздандыру әкiмшiлiк
Мiне бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде ҚР-да зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк. Осымен ҚР жаңа жинақтаушы жүйеге көштi.
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе
Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, жалпы жинақтар сомасындағы инвестициялық кірістің үлесі де соғұрлым үлкен болады.
Зейнетақы қоры дегеніміз:
Жинақтаушы зейнетақы қор — бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы — мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырьш, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік - экономикалық институт.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры — салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай - ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын занды тұлға. Ол міндетгт қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорлардан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерінен өзге ашық және корпорациялық зейнетақы қорларын бөліп көрсетуге болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25% - дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы – қызметкерлері үшін құрылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25% - дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларында мұндай щектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты кұны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің, жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Бұл принциптер елді дамытудың, оның ішінде халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын айқындаушы болып табылады. Сонымен қатар оның дамуы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелердің басты жетістіктерін алу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның тәуелсіздік
жылдары жүргізген реформаларының
нәтижесі, негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын
арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың
көп деңгейлі жүйесін құру болды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы жаңадан
құрылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
халықаралық стандарттарға, нарықтық
экономика талаптарына және әлеуметтік
бағдарланған мемлекет параметрлеріне
сәйкес келеді. Қазақстандағы халықты
әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің
ерекшелігі базалық мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру,
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру
және әлеуметтік көмектің бірігуі болып
табылады.
Қазақстандағы басты ұлттық идея болып
отырған - халықтың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру және бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына ену - Мемлекет басшысының идеясын
жүзеге асыра отырып, экономикалық өсу
мен азаматтардың өмір сүру сапасы мен
стандарттары тұрақтылығының арасындағы
тепе-теңдікке қол жеткізуге аса мән берген
жөн.
Мемлекет өзінің азаматтарына жалпыға
бірдей қолжетімділікті және маңызды
әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз етуге
арналған төменгі әлеуметтік стандарттарға
кепілдік береді.
- Біріншіден, бұл адам денсаулығын
сақтауға және оның өмір сүруін қамтамасыз
етуге қажетті төменгі тұтыну себетінің
құны негізінде айқындалатын төменгі
күнкөріс деңгейі.
2006 жылдан бастап ол ең төменгі жалақы
мөлшері, базалық зейнетақы төлемдері
және мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы
бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар айқындалатын
базалық әлеуметтік стандарт ретінде
айқындалған.
- Екіншіден, төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен емес мөлшерде белгіленетін ең төменгі
жалақы мөлшері.
Ауыспалы кезеңдегі қаржылық-экономикалық
мүмкіндіктерге сәйкес ең төменгі жалақы
мөлшері 1997 жылдан 2003 жыл аралығында төменгі
күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен белгіленді.
Тек 2004 жылдан бастап қана ол төменгі күнкөріс
деңгейінен арта бастады, ал 2012 жылдан
бастап 17 439 теңгені құрады.
- Үшіншіден, ынтымақты зейнетақы жүйесінде
жұмыс өтілі талап етілетін азаматтар
үшін белгіленген зейнеттік жастағы барлық
азаматтар үшін тағайындалатын базалық
зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемінің
төменгі мөлшері.Осыған байланысты зейнетақы
төлемінің төменгі мөлшері 1995 жылғы 258
теңгеден (базалық зейнетақы төлемі ескеріле
отырып) 2011 жылы 24 047 теңгеге арттырылды
және сәйкесінше жылдың төменгі күнкөріс
деңгейінен 1,5 есе артты.
-Төртіншіден, әлеуметтік қатер
туған жағдайда азаматтарға төленетін
мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы
және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар.
Алғашқыда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың
мөлшері айлық есептік көрсеткіштің еселілігімен,
ал 2006 жылдан бастап оларды нақты өмір
сүру құнына сәйкестігін қамтамасыз ету
үшін - төменгі күнкөріс деңгейінен айқындалды.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының
орташа мөлшері 1999 жылдан бастап 2011 жылға
дейін 5,1 есеге артты.
Әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық
кепілдіктерін жүзеге асыруда ерекше
орынды зейнетақы жүйесі алады. 1998 жылы
зейнетақы жүйесін реформалау басталды
және Қазақстан ТМД елдері кеңістігінде
жеке жинақтау принципіне негізделген
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне бірінші
болып енді.
2012 жылдың 1 қаңтарына жинақтаушы зейнетақы
жүйесі елімізде 8,2 млн адамның жинақтаушы
шоттарының болуымен сипатталады. Қазірде
еліміздегі зейнеттік қызметтер нарығында
11 жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) жұмыс
жасауда. Олардың қызметінің барлық кезеңінде
2,8 трлн теңге зейнетақы жинағы шоғырланған,
есептелген инвестициялық табыс 703 млрд
теңгені құрап отыр.
2005 жылдан бастап шектелген ынтымақтастық
принципіне негізделген әлеуметтік қатер
туған жағдайда жұмыс істейтін халықты
әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.
Бұл принциптің қызметі Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар
төлеу барлық жұмыс істейтін халықтың
табысынан жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік
төлемдерді алушылар әлеуметтік қатер
жағдайы туған жұмыс істейтін халық болып
табылады.
Жалдамалы жұмыскерлерді
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру ХIХ
ғасырдың соңында Германияда пайда болды.
Қаттығы жөніндегі және мүгедектігі бойынша
зейнетақы мен қамсыздандыру мәселелерімен
арнайы сақтандыру органдары айналысты.
Зейнетақымен қамсыздандырудың бұл түрінің
қоры сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлердің
тең үлесте төлеген жарналары есебінен
қалыптасты.