Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 15:54, курсовая работа
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
МАЗМҰНЫ
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР зейнетақы реформасының даму жағдайын, мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету мотивтерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-ҚР зейнетақы реформасының міндеттерін, мазмұнын ашу;
-ҚР зейнетақы реформасының жағдайын және жетілдіру жолдарын ашу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, ұрпақтардың ынтымағы принципiне негiзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi iс жүзiнде өзiнiң мүмкiндiктерiн тауысты. Зейнетақы қорының қаржы жағдайының дағдарысы түбегейлi өзгерiстердi және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiне шұғыл реформалар жүргiзудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан –2030”Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi — халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі — Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 2012 жылы 56 047 теңгені құрайды. Мемлекеттің базалық зейнетақысы 8 720 теңгені немесе «күнкөріс шегінің» 50 пайызын құрайды, келешекте ол 100 пайызға жетуге тиіс.Әзірге біз Елбасы Жолдауынан оның 2016 жылға қарай күнкөріс шегінің 60 пайызына жететіндігін біле-міз. Бірақ ешқандай құжатта оның қашан 70, 80, 90 және ақырында, 100 пайызға жететіндігі туралы ақпарат жоқ.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бұл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады.
I. Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
1.1 Зейнетақы жүйесінің дамуы және оны реформалаудың алғышарттары мен ерекшеліктері
Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.
Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 14 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 14 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті. [1]
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрынғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.
Зейнетақы жалақы қоры сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады.Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді.
Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан мынандай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік-командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе, атап айтқанда: көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жүйесін құру.
Ресейліктер он жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы қорларын (МЗҚ) құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелді.
Халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі кез-келген ұйымдастырылған білім беру сияқты өзгерістерге ұшырады, өз салымшыларының мүддесін қорғайтын сұлбаға түсті. 1991 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыруды жүргізу құрылымы мен қағидаларын жаңа экономикалық қарым-қатынастарға сәйкес келтіре бастады. Қазақстанда зейнетақыны қайта жалғастырудың жөнелтілім нүктесінің бағдарламасы «1994 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы» заңды қабылдау болып есептеледі, мұнда зейнетақыны қарттығына байланысты және мүгедектігі бойынша, жәрдемақы асыраушысынан айырылған кезде берілетін және әлеуметтік зейнетақылар деп бөлу алғаш рет енгізілді.Сол кезде зейнетақы қоры Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қармағына өтіп кетті.Зейнетақымен қамсыздандырудағы жүргізілетін тәртіпке келтіру бюджеттен жүктеменің бір бөлігін алуға, қарттығына байланысты зейнетақыны қалыптастыруға қаражатты аудару жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілердің өздеріне, жеке меншік кәсіпкерлерге жүктелді.
Келесі қадам 1995 жылы бекітілген Зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы болды. Ал 1997 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Келесі үш жыл – аралас үлгі бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің, яғни мемлекеттік – жеке меншіктің қалыптасуы және жұмыспен өтеу кезеңі. Зейнетақылық активтерді басқару бойынша алғашқы зейнетақылық қорлар мен компаниялар пайда болды. Енгізілген жүйенің мақсаттарымен мыналар анықталды: тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, зейнеткерлердің тұрмыс деңгейін арттыру және елдегі бюджет – қаржы теңгерімділігін қамтамасыз етуге қатысу. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолдану әлеуметтік тұрақтандырғыш және қаржы делдалды екі жақты атқарымымен көрінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың тек міндетті зейнетақы жарналар алымын жүргізетін және алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын үшінші заңды тұлға.
2015 жылға дейін еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры бұрынғыша және толыққанды болып қала береді. Бұл Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты мұндай субъектінің уақытша қызметімен түсіндіріледі. Алайда, бұл институт – МЖЗҚ - өзіндік ерекшелігі бар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық құқықты қатысушысы болып есептеледі.
Зейнетақы қорлары әрдайым келесі операцияларды жүргізіп отырады:
Қазақстанда деректердің бірегей базасы қызмет етеді, онда келісімшарт қашан жасалғаны, жарнаның сомасы, түрлі өзгерістер туралы ақпараты бар барлық салымшылардың зейнетақы шоттары ескеріледі.
Зейнетақы қорлары өздері қаражатқа билік жасамайды, олар кастидион – банкте сақтауда болады. Оларға зейнетақы жарналары мен активтерін инвестициялауға рұқсат берілмеген, бұл атқарымдар зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдарға берілген. Бұл аспектінің маңыздылығын ескере отырып, зейнетақы қорлары салымшыларының ақша қаражат айналымы сұлбасы көрсетіледі. [1]
Зейнетақы активтерінің қозғалу жүйесіне жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары, Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастадион – банкілер жатады. Жүйенің барлық элементтері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның баптары мен ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес құрылған. Олардың атқарымдары нақты көрсетілген.
Қордың зейнетақы активтерінің қозғалысына кастадион – банкілер қатысады, олардың тікелей міндеттері құнды қағаздар мен ЖЗҚ салымшыларының ақшалай қаражаттарын сақтаудан, зейнетақы активтерімен операциялар жүргізуге бақылау жасаудан тұрады. Зейнетақы активтерінің сақталуы үшін банк зейнетақы қоры алдында жауапкершілікті банк өзінің меншікті капиталымен кепілдік береді. Кастадион – банк жинақтаушы қорлар активтернің орналасуына бақылауды жүзеге асырады және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайда зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымның тапсырмасын оқшаулауға міндетті.
Бұл ережеге сүйене отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры тек бір кастадион – банкпен байланыста болады, ал сол кезде мұндай шектеу кастадион – банктерге жүрмейді. Олар бір немесе бірнеше ЖЗҚ – мен жұмыс істеуге құқылы.
Өтпелі кезеңде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы бойынша зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейінің құқықтық қарым-қатынастары реттеледі:
Біріншісі - әлеуметтік зейнетақы, мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен төленеді және үкімет бекіткен ең төменгі күн көріс деңгейіне кепілдік береді. Ол белгілі бір себептермен еңбек өтілі жоқ мүгедектерге, жетімдерге, қартайған азаматтарға беріледі.
Екіншісі – ынтымақты зейнетақы, еңбек өтілінің ұзақтығы мен жалақы мөлшері ескеріліп тағайындалады. Ол заңды және жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есебінен, сондай – ақ елдің мемлекеттік бюджетінен тікелей қаржы бөлуімен қаржыланады.