Зейнетақы реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 15:54, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой АЙШААТ.doc

— 441.50 Кб (Скачать документ)

           Сақтандырылған адамдар тобын молынан қамтитын міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы заңдар Германиядан кейін Еуропаның басқа да елдерінде қабылданды. Алғашында олар өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру саласын, кейін сырқаттығына, қарттығына, мүгедектігіне және жұмыссыздығына байланысты зейнетақыларды  қамтиды. Кейбір елдерде сақтандыру туралы жалпы заңдар қабылданды: жазатайым оқиғалардан және сырқаттығы бойынша (Ресейде), сырқаттығы мен мүгедектігі бойынша (Англияда).

        Англияда 1911-1913 жылдары заң негізінде сырқаттығы және мүгедектігі бойынша бірлескен сақтандыру жүйесі жүзеге асырылды. Сақтандырылған адамдар үшін жарнаның бір бөлігін мемлекет төледі (ерлер үшін көбірек, ал әйелдер үшін - азырақ). Зейнетақыны сақтандыру қаражаты жәрдемақыға, зейнетақыға, дәрігерлік көмекке, дәрі дәрмектерге, санаториялық емделуге жұмсалатын болды.

      Францияға 1911 жылы  күшіне енгізілген заң негізінде қарттығы жөніндегі зейнетақымен қамтамасыздандырудың негізгі ерекшелігі ай сайын мемлекет тарапынан зейнетақыға 100 франк мөлшерінде қосымша төлем төленіп отырды. Ал сақтандыру жарналарын сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлік тең үлесте және тұрақты сомада төледі.

      Швеция қарттығына және мүгедектігіне байланысты міндетті сақтандыру туралы заң 1913-1915 жылдары енгізілді. Зейнетақыны төлеу қоры сақтандырылған адамдар мен мемлекеттік көмек қаражаттары (субсидия) арқылы жиналды. Жарналардың мөлшері өте төмен және табыс сомасына тәуелді болды. Сақтандырылған адамдар жарнаны қауымдарға  төледі, олар төлемнің уақтылы төленуін қадағалап отырды.

       АҚШ-та зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі Еуропа елдеріне қарағанда едәуір кеш басталды. Жазатайым оқиғалардан, жұмыссыздықтан және қарттығы жөніндегі сақтандыру жүйесін енгізу және оны кеңейту жұмыстарына ұзақ  уақыт қажет болды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жүмыс орнында мертігіп, жарымжан болып қалуына байланысты өтемақы  төлеу туралы заң кейбір штаттарда 1911 жылдан бастап енгізілді. Ал қарттығы жөніндегі сақтандыру  туралы алғашқы федеральды заң 1920 жылы ғана қабылданды. Оның әрекеті тек федеральды заң органдардың қызметкерлерімен ғана шектелді. Соғыс ардагерлері де федеральды дәрежеде зейнетақы алды.

     Чили зейнетақы жүйесi 1981 жылдан бастап реформалана бастады. Бұл ынтымақтастық жүйенiң рөлi төмендеп жеке жинақтаушы жүйенiң күшеюiмен сипатталады. Бұл елде әрбiр салымшы өзiнiң кәрiлiгiн өзi қамтамасыз етуге жауапты. Мемлекет тек ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ғана бере алады. Жинақтаушы жүйенi енгiзген кезде, чилилiктердiң бiздердiкi сияқты мемлекеттiк және жеке қорлардың арасында таңдауы болмады, олар тек зейнетақы қорларының Администраторы (АРР) деп аталатын жеке қорлар арасында таңдау жүргiздi. Ал кейбiр жағдайларға байланысты жинақтаушы жүйеге енбей қалғандар бұрынғы жүйеде қалды. Оның атынан қазiр зейнетақының қалыптастыру институты жұмыс iстейдi. Оның жұмыс iстеуi 2040 жылдарға дейiн созылуы мүмкiн. Бұнымен бiздегi мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығын салыстыруға болады. [5]

      Жаңа жүйеге енгендер бұрынғы жүйемен байланысын үзедi. Олар бұрынғы жүйеден “мойындау” бонусын алады да, оны сатуға немесе жинақтаушы жүйеге беруге құқы бар. Көпшiлiк жағдайларда олар жинақталған қаражаттарға қосылып, зейнетақы тағайындалғанда есептеледi. Бiздiң модельде, 1998 жылдың 1 қаңтарына  дейiн адамның 6 айдан кем емес еңбек стажы бар болса, онда ол еңбек стажына пропорциональды түрде ынтымақтастық жүйеден зейнетақы алуға құқылы. Зейнетақы қорларының администраторлары толық операторлар болып табылады. Олар зейнетақы жарналарын жинақтаумен бiрге, оларды қаржы құралдарына инвестициялаумен айналысады. Зейнетақы қорлары администраторының (ЗҚА) қызметiн ЗҚА Басқармасы қадағалайды. Бағалы қағаздар рыногi мен кастодиандарды қадағалауды Чили Орталық банкi iске асырады.

      ЗҚА Басқармасында классификациялық комиссия құрылып, оған ЗҚА Басқармасы, банк және қаржы институттары басқармасы, сақтандыру компанияларының басқармасының өкiлдерi және ЗҚА-ның төрт сайланған өкiлi кiредi. Комиссия келесi қызметтердi жүзеге асырады:

—зейнетақы қорларының қаржыларына алынған бағалы қағаздарды қолдайды немесе қабылдамайды, тәуекелiн анықтайды;

—“Қозғалмайтын мүлiк  және басқа бағалы қағаздар” бойынша  акционерлiк қоғамның акциясын қабылдау процедурасын орнатады;

—Халықаралық рыноктардағы классификацияланған бағалы қағаздармен  салыстыру эквивалентiн орнатады, халықаралық классификация институттарының орнатқан классификациясын қабылдайды немесе қабылдамайды.

      ЗҚА зейнетақы жарнасынан комиссиондық сыйақы алады. Оның мөлшерi орнатылмай, ол рынок бойынша анықталады. Орташа қалыптасқан сыйақы жалақыдан 3% көлемiнде.

 

 

 

II. ҚР зейнетақы  жүйесінің   қызмет  ету  механизмі

    1.    Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  қызмет  ету  механизмі

 

        Жаңа экномикалық - әлеуметтік нәтижелер алып келетін Жинақтаушы Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа міндеттемелерді туғызды. 

  Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:

  • бірінші дәрежесі — мемлекеттік негіздегі зейнетақы;
  • екіншісі — міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;
  • үшіншісі — ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.

       Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі — көсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ерікті ақша аудару есебінен зейнетақы төлеу дегенді білдіреді. Жеке жинақталган жүйе — нақты зейнетақы қорындағы өзінің жеке есебіне табыстарын аудару арқылы әрбір азаматтың зейнетақы сомаларын қалыптастыруы.

       Қазіргі жүйе реттеуші органдарды да, жинақтаушы зейнетақы нарығының қатысушыларын да жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар онда бір бірін қайталайтын есеп беру жүйесі көп, оның өзі шығындарды арттырып жібереді. Сондықтан жаңа сапалы есеп беру және зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың айқындылық дәрежесін арттыруды қамтамасыз ететін жүйе қажет, ло келесілер есебінен іске асырылады:

  • жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйесін автоматтандыруды жетілдіру арқылы әлектронды түрде есеп беру және оны қалыптастыру жеделдігін қамтамасыз ету.
  • бірыңғай ақпараттық ортадан есеп беру нарығының нақты, оңай қол жетімді және шындыққа сай болуы.
  • нормативтік құжат негізінде қандай ақпараттар құпия, ал қандай ақпараттарды кімдерге беру, кімдерге бермеу туралы құжаттар әзірленуі қажет.
  • ЗАБК, жинақтаушы зейнетақы қоры және Кастодиан Банктері қызметі туралы ақпараттармен байланысты сұрақтарды шешу.

    Ағымдық шығындарды жабу әдісі қолдану алғашқы жылдары жүйенің зейнетақыға аз шығындарын білдіреді, өйткені бұл кезде персонал әлі де зейнетақы құқығына ие емес, орнынан кетпейді. Зейнеиақыны жаппай төлеу жүйені құрғаннан кейін бірнеше жылдан кейін іске қосылады.

    Егер зейнетақы нарығының шығындарын төлеу персонал есебінен бөліп немесе толық жүргізілсе, онда бірінші зейнеткерлер жаңа «ұрпақ» персоналдар төлеген зейнетақыны алатын балады, басқаша айтсақ, бірінші зейнеткерлер зейнетақыны өздерінің аз шығындаоуы кезінде алады. Осылайша, бір «ұрпақ» зейнеткерлердің жинағы келесі персоналдар тобының мойнына жазылады. Сол сияқты, жүйенің «дамуына» байланысты қажетті төлемдер көлемі артады, ол жинақталған резервтің болмауынан үлкен қаржылық қиындықтарға алып келеді.

          Жинақтаушы зейнетақы қорлары тiкелей банк-кастодианмен байланысты қызмет атқарады. Банк — кастодиан өзi қызмет көрсететiн ЖЗҚ-мен ешбiр байланысы жоқ болуы талабын ескерсек, онда ол тәуелсiз мүше рөлiн атқара отырып, ЗАБК-ң шешiмiн заңға қайшы деп табылса, орындамай қоюға құқы бар. Жалпы, банк-кастодиан өзiне сенiп тапсырылған зейнетақы қорының құнды қағаздары мен клиенттердiң ақшаларын жауапты сақтаушы және есебiн жүргiзушi ретiнде қызмет етедi. Бұдан бөлек, бұл банк басқарушы компанияның нұсқауымен қор биржасындағы саудаларға қатысып, қор активтерiн инвестицияға салады. Бiрақта Банк-кастодиан ЗАБК    және ЖЗҚ-мен байланысы болмағандықтан, ол зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша тәуелсiз эксперт пен қадағалаушы болып табылады. Банк-кастодиан тек екiншi деңгей банктерi болуы мүмкiн. Кастодиандық iс-әрекет лицензияланады.

Банктың кастодиандық iс-әрекетiнен  айналысуға құқығы болуы мүмкiн, егер оның жеке меншiк капиталы 1 млрд теңгеден кем емес және келесi банктiк операциялармен айналысуға ұлттық банктың лицензиясы бар болса.

  • заңды тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
  • жеке тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
  • аударма операциясы: жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша ақша аудару;
  • сейфтiк операция: бағалы қағаздарды, клиенттердiң құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сейфтiк жәшiктердi, шкафтарды жалға беру.

Ұлттық банк кастодиандық iс-әрекет бойынша банкке келiсiм беру мүмкiн, егер ол:

  • халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы бойынша банктердiң бiрiншi тобына кiрсе және ҚР территориясында банктiк операциямен бір немесе одан да көп жыл айналысса және келесi шартты қанағаттандырса;
  • ұлттық банктiң нормативтi құқықтық актiлерi мен әрекет етiп жатқан заңмен жұмыс iстесе;
  • ұлттық банктың әртүрлi пруденциальды нормалары мен шектеулерiн өтiнiш беруден үш ай алдында орындаса;
  • клиенттерiнiң аударма және клирингтiк операциялары бойынша шағымы болмаса;
  • ұлттық банк берген орталықтанған кредит бойынша уақыты өткен қарызы болмаса;
  • штатында бағалы қағаздармен iс-әрекет етуге рұқсат квалификациялық куәлiгi бар ең кемiнде үш адамның болуы;

    Кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға ұлттық банктың келiсiмiн алуы үшiн, банк келесi құжаттарды дайындайды:

  • кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға келiсiм алуға өтiнiш;
  • кастодиандық iс-әрекеттi толықтай сипаттау:
  • банктың аты мен орналасқан орны, оның құқықтық-ұйымдық формасы, мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы мәлiмет;
  • жарияланған және төленген жарғылық капиталдың көлемi және оның құрылымы;
  • бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық iс-әрекет тәртiбi;
  • кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға тағайындайтын мамандардың квалификациялық куәлiгiнiң көшiрмесi;
  • кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға өкiлеттiк беретiн филиалдарының тiзiмi.

   Ұлттық банктың келiсiмiн алғаннан кейiн банк Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаментқа лицензия алуға өтiнiш бередi. Ұлттық банктың берген келiсiмi, берген күннен бастап үш ай iшiнде жарамды, егер ол мерзiмде банк ұлттық комиссиядан лицензия ала алмаса, онда келiсiм өзiнiң заңды күшiн жояды.

Қазiр кастодиандық iс-әрекетпен  айналысуға 12 банктың лицензиясы бар:

  • “Қазақстан Халық Банкi” ААҚ;
  • “Еншiлес акционерлiк банк” АБN АМRО Банк Казахстан” ЖАҚ;
  • “Алматы Сауда-Қаржы Банкi” ААҚ;
  • “Казкоммерцбанк” ААҚ;
  • “Темiрбанк” ААҚ;
  • Ұлттық Банк;
  • “Евразиялық банк” ЖАҚ;
  • “Банк Туран Алем” ААҚ;
  • “Банк Каспийский” ААҚ;
  • “Банк Центр Кредит” АІІ;
  • Еншiлес банк “HSBC Банк Казахстан”

    Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдер арасында ҚР-сы ең алғаш болып халықты зейнетақымен қамтамасыз ету реформасын қалыптастырды.Ең бір жаңашылдық ол әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінен Жинақтаушы Зейнетықы жүйесіне көшу болды.Бұл әр бір тұлғаны ЖЗҚ-ғы жинағын ерекше қарасьыруға негіздеді.Жинақтаушы жүйесіне көшудің басты себебі әлеуметтік қамтамасыз ететін, соның ішінде қартайған, яғни жасы бойынша зейнетке шықан адамдардың көбеюі еді. Жаңа Жинақтаушы Зейнетақы нарығының құрылуынан бастап қазіргі кезге дейінгі реформаның басты принциптері келесідей:

  • Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік реттеу;
  • әр тұлғаның өз еркімен ЖЗҚ-н таңдауға мүмкіндігі;
  • минималды зейнетақының болуына мемелекетік кепілдіктің болуы;
  • еңбекке қабілетті халықтың өз жалақысынан Зейнетақы қорына салымдардың салыну міндеттілігі;
  • еңбекке қабілетті азаматтардың қартайған шақтағы жинақталған зейнетақысына жауапкершілігі;
  • ЖЗҚ –ң сақталуын және қауіпсіздігін жасай отырып ЖЗҚ-н инвестициялау қолайлығы;
  • азаматтардың зейнетақы қорын инвестициялау арқылы ел экономикасына үлесінің қосылуы;

 

2.2   ҚР зейнетақы  жүйесінің  қазіргі  жағдайына  талдау

 

          Еліміздегі  зейнетақы  жүйесін  реформалаудың  147  жылы  ішінде  толыққанды  көп  деңгейлі  зейнетақы  жүйесін  құруға  арналған  тұжырымды  және нормативтік   құқықтық  база  қалыптастырылды, жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  инфрақұрылымы  жасалып, жамытылуда, зейнетақы жүйесін  басқарудың  белгілі  бір  тәжірибесі  жинақталды. Бұл  қолданыстағы  жүйеге  қажетті  талдау  жүргізуге  және  тиісті  түзетулер  енгізуге  мүмкіндік  береді. Қазіргі  таңда   зейнетақы  қызметі  нарығында  11  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  жұмыс  істеуде. Салымшылардың  дербес  зейнетақы  шоттарының  саны  8,2  млн  бірлікті құрайды. Бұл ретте қоларға міндеттң  зейнетақы жарнасын  белсенді  төлеушілердің саны  5,6 млн адамды немесе  жұмыспен  қамтылған адамдардың  67  пайызын құрайды. Салымшылардың  зейнетақы  жинақтары  2011  жылдың  басынан  бері  393,2  млрд. Теңгеге  7,4  пайызға  көбейіп, 2 триллион 651 млрд  теңгені  құрады. Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  зейнетақы  активтері  2  триллион  546  млрд  теңгеден  астам  сомаға  инвестицияланды, бұл  барлық  зейнетақы  жинақтары  сомасының  96  пайызы. [10]

Информация о работе Зейнетақы реформасы