Стратегиялық жоспарлау, аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июля 2013 в 09:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде жаһандық деңгейдегі даму үрдістері кез келген мемлекетте экономиканы дамытуды стратегиялық тұрғыда жоспарлауды алға тартып отыр. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай үдерістерден тысқары қала алмайды. Мұндағы мәселе, стратегиялардың қабылдануы емес, керісінше сол қабылданған стратегиялардың бастапқы мақсатқа сай, әрі уақтылы орындалуы мен күтілген нәтижелер мен тиімділіктер әкелуінде болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................5
1.1 Стратегиялық жоспарлаудың аймақты мемлекеттік басқару құралы ретіндегі түсінігі мен мағынасы.................................................................................................5
1.2 Аймақтық стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері.................................10
1.3 Стратегиялық жоспардаудың шетелдік тәжірибесі.........................................16
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.....................................................................................................................25
2.1 Алматы облысының 2006-2015 жылдарға дейінгі аймақтық даму стратегиясының негізгі бағыттары..........................................................................25
2.2 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдық ахуалына талдау.........................................................................................................34
2.3 Алматы облысы ауылдық аумақтарын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асу барысы.....................................................53
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................61
3.1 Қазақстан Республикасы жергілікті огындарының стратегиялық жоспарын әзірлеу әдістемесі мен тәжірибесі...........................................................................61
3.2 Алматы облысы «экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарының іске асырылу жолдары......................................................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................84
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, АЙМАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.docx

— 423.17 Кб (Скачать документ)

Жоспарлау мектебі. Іс жүзінде  дизайн мектебімен бір мезгілде қалыптасқан. Оның өмірге келуі И. Ансоффтың «Корпоративті стратегия» (1965ж.) жұмысының шығуымен байланысты. Бұл мектеп ерекше  гүлденуге 70 жылдары қол жеткізді.

И. Ансоффтың аталған монаграфиясын  көптеген шетелдік зерттеушілер толық  стратегиялық жоспарлау проблемаларына арналған алғашқы жұмыс деп санайды. И. Ансофф стратегиялық жоспар қалыптастыру моделінің  Гарворд тобының моделінен екі қағидалы ерекшелігі бор екенін атап өту қажет. Біріншіден, И. Ансофф стратегиялық жоспарлау үдерісіне Гарворт тобының моделіндегі жоғары басшылық құндылықтарының түсінігін, формалды мақсаттар түсінігімен алмастырды. Екіншіден, ол стратегиялық жоспарлау үдерісін белгілі бір блок-схема түрінде жазуды қолға алды.

И. Ансоффтың айрықша еңбегі ретінде  оның «Стратегиялық басқару» жұмысында стратегиялық жоспарлау  үдерісініңі ерекше өзгешеліктерін анықтау және талдауын айтуға болады.

Ол мынандай ерекше өзгешеліктер ретінде келесілерді атайды:

  • стратегияны жасау үдерісі қандай да бір шұғыл әрекетпен айқталмайды, ол әдетте қозғалысы өсу мен  фирма  позициясының нығайуын қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды анықтаумен аяқталады;
  • қалыптасқан стратегия, іздестіру әдісі бойынша стратегиялық жобалар жасау үшін қолданылуы тиіс. Аталған іздестірудегі стратегияның рөлі, біріншіден , назарымызды белгіленген учаскелер мен мүмкіндіктерге шоғырландыру, ал екіншіден, стратегиямен үйлеспейтін ретінде барлық қалған мүмкіндіктерді шығарып тастауда;
  • аталған стратегиядағы қажеттілік оқиғалардың нақты өту жолы ұйымды күтілген дамуға алып шыққан кезде жоғалады;
  • стратегия қалаптастыру үдерісінде нақты іс-шаралар жобасын жасау кезінде ашылатын барлық мүмкіндіктердіалдын-ала көру мүмкін емес. Сол себепті, стратегияны жасау үдерісінде  әртүрлі баламалар туралы өте жалпылама  әрі толық емес ақпаратты пайдалануға тура келеді;
  • барынша толық әрі сенімді  ақпарат пайда болған кезде алғашқы жасалған стратегияның негізділігіне  күдік тууы мүмкін. Мұнымен байланысты стратегияны өз уақытында қайта қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кері байланыс қажет [3].

Стратегиялық басқарудың аталған мектебінің негізгі ұстанымдары  ретінде келесілерді атауға болады:

  1. Кәсіпорын дамуының стратегиясын сәйкес әдістер көмегімен  бақылау кестелері түрінде кескінделетін, жекелеген қадамдарға бөлінген, бақыланатын, саналы стратегиялық жоспарлау үдерісінің нәтижесі ретінде қарастыру.
  2. Кәсіпорынның жоғары басшылығы стратегиялық үдерістің мазмұндық жағына, ал кадрлық  жоспарлаушылар оның тәжірибелік жағына жауап береді.
  3. Кәсіпорынның даму стратегиясы, оның тәжірибелік жағдайы айқын көрініп  тұрған жағдайда ғана аяқталғанболып есептеледі.

Бұдан өзге, соңғы уақытта  жоспарлау мектебінің өкілдері акционерлік  және мәдени жоспарлау мәселелері бойынша  зерттеулер жүргізуге бағдарлануда.

Ұстаным мектебі (позиционирования). 1980 жылы М. Портердің атақты «Бәсекелестік  стратегия» жұмысының пайда болуымен байланысты өмірге келді. Бұл еңбекті  стратегиялық жоспарлау теориясындағы  маңызды серпіні ретінде қарастырады. Мұнда қалыптасқан бәсеке стратегиялары  осы уақытқа дейін стратегиялық жоспарлау саласындағы көптеген зерттеушілер мен заманауи фирманың тәжірибелік іс-әрекетіндегі анағұрлым жұмысқа қабілетті құрал ретінде саналатынын атап өту керек. Стратегиялық жоспарлдау теориясындағы М. Портердің қосқан үлесі ретінде құндылықтар тізбегін жасауын айтуға болады. Ол өзінің «бәсекелестік артықшылықтар» еңбегінде шаруашылық іс-әрекеттің әрбір кезеңінде тұтынушылар мен мойындалатын және төленетін өзінің құндылықтары қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол әрбір кезеңде өз құндылықтарын құру жолымен қалыптасатын кәсіпорындық бәсекелестік артықшылықтарының пайда болу қағидаларын негіздеді.

Стратегиялық басқарудың ұстаным мектебінің дизайн және жоспарлау  мектептерінен негізгі айырмашылығы нақты ситуацияға қолданылытын және күтілетін нәтиже әкелетін, яғни түйінді  стратегиялар  соның шектеулілігі. Мұндай стратегияны таңдау фирмаға  бәсекелестерден қорғануды өзі қамтамасыз ететін тиімді нарықтық позисияны иеленуге мүмкіндік береді.

Ұстаным мектебінің негізгі  мазмұнын келесідей жағдайлардан көруге болады:

1.  Ұстаным мектебі стратегиялық басқару саласында зерттеулер жүргізу және белгілі бір деңгейде теоретиктер мен практиктерді стратегияны тиімді таңдау мен қамтамасыз ету үшін көкжиектерін анықтады.

2. Ол кәсіпорын дамуының экономикалық аспектілеріне, одан өзге артықшылықты сандық анықтауыштарға бағытталған.

3.  Бұл мектеп стратегия жасауды күрделі және динамикалық үдеріс ретінде емес, тәртіптелген және тұрақты үдеріс ретінде қарастырды.

4.  Ұстаным мектебі негізінен стратегиялық басқаруды тар мағынада салада қалыптасқан негіз қалаушы стратегияларды талдау мен байланысты зерттейді.

5.  Ол кәсіпорынның дамуын оның ішкі мүмкіндіктеріндегі салалық және бәсекелестік бағаламаушылықтан бұрын сыртқы жағдайларын меңгеруге басымдық жасайды.

6. Ұстаным мектебі стратегияны болашақ  ретінде емес, кересінше генеритикалық позиция ретінде қарастырады.

Кәсіпкерлік мектебі. Фирма  дамуының стратегиясын жасауды ұжымдық  үдеріс ретінде емес, оның жетекшісінің жеке дара шығармашылығы ретінде  қарастырады. Бұл мектепті жоқтаушылар, фирма дамуы толық деңгейде оның басшылығына тәуелді деп санайды[3,15].

Кәсіпкерлік мектебінің мазмұнын келесідей жағдайлардан көруге болады:

1. Кез-келген фирманың даму стратегиясы оның жетекшісінің санасындағы  өзіндік перспектива түрінде әрекет етеді, ал дәлірек атқанда болашақ фирманың  қозғалыс бағытын таңдау арқалы.

2. Фирма дамуының стратегиясын жасау үдерісі стратегия идеясы оның  санасында туа ма, жоқ әлде  ол оны сырттан қабалдай ма, одан тәуелсіз өмірлік тәжірибеге және оның жетекшісінің жеке интуициясына байланыстыра негізделеді.

3. Стратегиялық болжамдау үшін икемділік қажет, ал кәсіпкерлік стратегия бір мезгілде әрі ойластырылған болып табылады.

4. Салыстырмалы түрде  қарапайым құрылымда болатындықтан  кәсіпкерлік

ұйымды оның икемділігі ерекшелеп  тұрады.

5.Кәсіпкерлік стратегия белгілі бір деңгейде нарықтағы тікелей бесекеден қорғалған болып табылады.

Когнитивті мектеп. Стратегия  қалыптасуын ментальды үдеріс ретінде  қарастырады. Бұл мектеп өкілдері когнитивті психологияға сүйене отырып, стратегиялық үдерісті адамның танымдық қабілеттері  тұрғысынан талдайды.

Стратегиялық басқарудың когнетивті мектебі шетелде 1980 жылдары  ерекше танымал болды. Мұнымен бірге, аталған мектеп шеңберінде екі өзіндік бағыт қалыптасты.  Бірінші бағыт стратегия қалыптастыруды әлемнің объективті кортинасын құруға талпыныс ретінде қарастырса, екінші бағыт таным үрдісінің субъектілігіне  негізделе отырып, стратегияны әлемнің интерпретациясы ретінде қарастырады.

Когнитивті мектептің  негізгі қағидалы жағдайлары төмендегідей:

1. Стратегияны қалыптастыру үдерісі стратегияның санасына келген таным үрдісі ретінде қарастырылады.

2. Стратегия – бұл қоршаған ортадан ақпарат алу қабілеттерін білдіретін перспектива.

3. Қоршаған ортадан алынғанақпарат ол қалай қабылданса сондай түрде өмір сүретін әлемнің интерпретациясы болып табылады. Когнетивті мектеп өкілдерінің пікірлеріне  сәйкес әлемді модельдеуге, құрылымдауға және конструкциялауға болады.

4. Когнитивті мектеп стратегия қалыптастыру үдерісінің нақты кезеңдеріне, әсіресе, стратегияны алғашқы қабылдау кезеңіне және қабылданған стратегияны қайта зерделеу кезеңіне айрықша көңіл бөледі.

5. Стратегиялық үдерісті түсіну ойлау заңдарын ары қарай тануға мүмкіндік береді.

Оқыту мектебі. Фирма дамуының стратегиясын жасау үдерісін дамушы үдеріс ретінде қарастырады. Аталған  мазмұнын келесідей маңызды жағдайлар  көрсетеді:

1. Фирма дамуының стратегясын жасауды оқыту үдерісі нысанында қарастыру ұсынылады.

2. Оқыту процедурасы қабылданған әректтерді ұғынуға бағытталған ретроспективті ойлауға мүмкіндік беретін мінез-құлық арқылы дамушы сипатта болуы керек.

3. Стратегиялық бастамалар кімде оқу үшін қабілеттер мен ресурстар болса, сол арқылы жүзеге асырылады.

4. Стратегия жасау үдеріісіндегі сәтті бастамалар белгілі схемаға, яғни дамушы стратегияға айналатын іс-әрекет тәжірибесін қалыптастырады.

5. Фирма жетекшісінң рөлі жаңа стратегиялар дами алатын жерлерде  стратегиялық үдерісін басқаруда көрінеді.

6. Оқыту мектебі өкілдерінің пікірлері бойынша стратегиялар алғашында өткен уақыттағы әрекеттер схемесы  ретінде пайда болып, сосын болашақтағы жоспарларға айналады.

Билік мектебі. Фирма дамуының стратегиясын жасау үдерісін келіссөздер  үдерісі ретінде  қарастырады.  Аталған   мектептің   мазмұны   келесідей  негізгі

жағдайларда ашылады:

1. Кез-келген ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру үдерісі оның ішкі, сол сияқты сыртқы ортадағы қатнастарындағы саяси күштердің әрекетімен анықталады.

2. Ұйымның даму стратегиясы нақты сипатта болады.

3.Ұйым деңгейіндегі билік құрылымдары стратегия жасау үдерісін келіссөздер мен мәжбүрлеу әдістеріне, ал жекелеген жағдайларда тікелей конфигурацияға негізделген өзара әрекет ретінде қарастырады [2,16].

4.  Макроэкономикалық деңгейдегі билік құрылымдары ұйымды нарықтың басқа агенттерінің әрекеттерін қадағалау немесе олармен кооперация жолымен өзінің әл-ауқатын жақсартуға ұмтылушы ретінде қарастырады.

Г. Минцберг,Б. Альстрэнд  және Д. Лемпелдің пікірлері бойынша  билік мектебі, келесідей, «коалиция», «саяси ойындар» және «ұжымдық стратегия» түсініктерінің мәнін ашып, стратегиялық басқару арсеналының дамуына елеулі үлес қосты. Бұдан өзге ол стратегиялық үзілістердің жүзеге асуы үшін саяси әдістерді пайдаланудың маңыздылығына назар аударады.

Мәдениет мектебі. ХХ ғасырдың 80 жылдары стратегиялық басқару саласындағы жапондық  корпорациялардың жетістіктерінің арқасаында қалыптасты.

Мәдениет мектебінің негізгі  жағдайлары ретінде келесілерді  атауға болады:

  1. Мәдениет мектебінің ұсынысына сәйкес стратегия қалыптастыру үдерісі ұйым мүшелері үшін жалпы мәжбүрліктер мен түсіністіктерге негізделген өзара әлеуметтік үдеріс ретінде қарастырылады.
  2. Әрбір жеке тұлғаның наным-сенімі белгілі бір мәдениет пен әлеуметтенуге қатысу үдерісінің нәтижесі ретінде көрінеді.
  3. Ұйым мүшелері олардың мәдениеттері негізделетін кейбір наным-сенімді сипаттауға қабілетті.
  4. Мәдениет мектебі өкілдері ұйым дамуының стратегиясының негізгі сипаттамасы оның алдын-ала жазылғандығы деп санайды.
  5. Идеологияны қоса алғанда, мәдениет стратегиялық өзгерістерге емес, ағымдағы стратегияны сақтауға ықпал етеді.

Сырқы орта мектебі. Ұйымды сыртқы қоршаған орта жағдайлардағы  пассивті рөлге ығыстыратын шетелдік зерттеушулерді біріктіреді.

Сырқы орта мектебінің маңызды  қағидалы жағдайларына  жататындар:

  1. Ұйымның сырқы ортасы ұйымдық стратегияны қалаптастыру үдерісінің басты элементі ретінде қарастырылады.
  2. Ұйымның сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделуін немесе үйренуін қарастырады.
  3. Ұйым жетекшілігінің басты міндеті, сыртқы күштердің әрекетіне ұйымды бейімдеуді қамтамасыз ету болым табылатын стратегия лық үдерістің пассивті элементіретінде қарастырылады. Өзінің мазмұны бойынша сыртқы орта мектебі сыртқы ортаның нақты өлшемдерімен ұйымның анықталған белгілері арасындағы өзара байланысқа негізделген «ситуациялық факторлар теориясына» негізделеді [14].

Конфигурациялық мектеп. Бұл  мектеп екі маңызды  жағдайға- конфигурацияға және трансформацияға негізделеді. Мұнда конфигурация негізінде тұрақты  құрылымдар мен сыртқы орта, ал трансформация  ретінде фирма дамуының стратегиясы


Информация о работе Стратегиялық жоспарлау, аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде