Стратегиялық жоспарлау, аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июля 2013 в 09:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде жаһандық деңгейдегі даму үрдістері кез келген мемлекетте экономиканы дамытуды стратегиялық тұрғыда жоспарлауды алға тартып отыр. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай үдерістерден тысқары қала алмайды. Мұндағы мәселе, стратегиялардың қабылдануы емес, керісінше сол қабылданған стратегиялардың бастапқы мақсатқа сай, әрі уақтылы орындалуы мен күтілген нәтижелер мен тиімділіктер әкелуінде болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................5
1.1 Стратегиялық жоспарлаудың аймақты мемлекеттік басқару құралы ретіндегі түсінігі мен мағынасы.................................................................................................5
1.2 Аймақтық стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері.................................10
1.3 Стратегиялық жоспардаудың шетелдік тәжірибесі.........................................16
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.....................................................................................................................25
2.1 Алматы облысының 2006-2015 жылдарға дейінгі аймақтық даму стратегиясының негізгі бағыттары..........................................................................25
2.2 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдық ахуалына талдау.........................................................................................................34
2.3 Алматы облысы ауылдық аумақтарын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асу барысы.....................................................53
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................61
3.1 Қазақстан Республикасы жергілікті огындарының стратегиялық жоспарын әзірлеу әдістемесі мен тәжірибесі...........................................................................61
3.2 Алматы облысы «экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарының іске асырылу жолдары......................................................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................84
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, АЙМАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.docx

— 423.17 Кб (Скачать документ)

Аймақтық мақсаттарды  іс жүзінде жүзеге асыру үшін маңызды  орын аймақтық стратегиялық жоспарлауға  берілетін аймақтық басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру қажет. Бұған  сәйкес, айрықша өзектілік аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді  теориялық және әдістемелік мәселелерін  әзірлеуге беріледі.

Аймақтық жоспарлаудың субъектілері аймақтық билік құрылымдары, ал объектілері  аймақтың өмітлік іс-әрекетінің барлық сфералары мен салалары болып  табылады [2].

Аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы.

1 кесте

Аймақтық мүдделердің  маңызды индикаторларының құрамы*

 

 

 

 

 

 

 

Аймақтық мүдделер

Халықтың өмір сүру деңгейі  мен салтының белгілі бір стандарттарға  сәйкестілік дәрежесі (мысалы, мемлекеттік)

Аймақтың табиғи климаттық  және экологиялық әлеуеті.

Ресурстарды пайдалану үшін әлеуетті мүмкіндіктер (табиғи, материалдық, интеллектуалдық).

Аймақтық бюджеттік-қаржылық және материалдық көздердің болуы.

Ішкі және аймақаралық  байланыстарды дамыту үшін инфрақұрылымның  болуы.

Қоғамдық саяси жағдайдың  тұрақтылығы.


*Дерек көзі: Стратегическое планирование. – СПб. 2004 – 127 с.

 

Кез-келген аймақтың даму перспективасын анықтайтын құжаттар жүйесінде оның кешенді әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына маңызды орын беріледі. Ол аймақ дамуының стратегиялық мақсаттарын, құралдары мен жетістіктерін  анықтайтын стратегиялық сипаттағы  құжат ретінде қарастырыла алады. Тұжырымдама мемлекеттік, аймақтық және жергілікті мүдделердің үйлесімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тұжырымдаманың басты  орыналымы- аймақ дамуының мақсаттары мен стратегиялық бағдарларын, оны  жүзеге асырудың негізгі бағыттары  мен механизмдерін анықтау. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының құрылымы келесі кестеде келтірілген.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісінде оның жоғары сапалылығы мен ғылыми негізділігін қамтамасыз ету мақсаты  мен сараптама маңызды орынды иеленеді. Мұндай сараптама жүргізудің міндеттеріне мыналар жатады:

  • аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының негізділігін бағалау және талдау;
  • тұжырымдамады анықталатын даму міндеттерінің сәйкестілігін және республикалық еңбек бөлінісі жүйесіндегі аймақтың рөлін бағалау және талдау;
  • тұжырымдамады қалыптастырылған аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясаттың таңдалған бағыттатын бағалау;

аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен оларды алу көздерін бағалау және нақтылау болып табылады [9]. Аймақтың әлеуметтік –экономикалық даму тұжырымдамасының құрылымы келесі кестеде көрсетілген.

2 кесте

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының құрылымы*

 

 

 

 

 

 

 

 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының негізгі бөлімдері.

Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағасы.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен  басымдықтары.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын  жүзеге асырудың негізгі бағыттары.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру механизмдері.


*Дерек көзі: Стратегическое планирование. – СПб. 2004 – 129 с.

 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісі  келесі суретте көрсетілген.

 


 




 



 


 

 

3 сурет. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісі

 

Аймақтық даму стратегиясын таңдау айтарлықтай деңгейде оның әлеуметтік – экономикалық   әлеуетінің жағдайы мен анықталады. Сонымен қатар аймақтың өзін болашақта қалай елестететіндігі және өз алдына мақсат қоюы мен сол мақсаттарға жету жолдарын қалыптастыруы мен түсіндіріледі. Аймақтықтың стратегиялық әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің құрылымы 4 – суретте көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 сурет. Аймақтықтың стратегиялық әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің құрылымы

 

Аймақтың стратегиялық әлеуметтік-экономмикалық  әлеуетін талдау үдерісінде оны пайдалынудың тиімділігін бағалауға көп көңіл  бөлінеді. Аталған мәселе, қазіргі  уақытта әдіснамалық және әдістемелік  аспектіде аз зерттелген күйінде қалып отыр. Жалпы жағдайда аймақтың старттық әлеуетін пайдаланудың тиімділік критериі келесідей анықталады:

                                   

Нәж

                                                    Тә=                 


Шә

 

мұндағы:

Тә-әлеует тиімділігі;

Нәж-әлеуметтік-экономикалық әлеуетті жүзеге асырудағы жиынтық нәтиже;

Шәәж  жету үшін жұмсалған шығындар[2].

Аймақтық дамудағы стратегиялық мақсатты жасау келесі суретте көрсетіледі.(5-сурет)


 

 



 

 

 


 

 





 





 



 



 


 

 

5 сурет. Аймақтық дамудағы стратегиялық мақсаттардың жүйесін жасаудағы іс-шаралардың алгоритмі

 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын таңдау және негіздеу аймақ дамуын стратегиялық жоспарлаудың түйінді міндеттеріне жатады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын  мақсатты  бағдарлар, мақсатты көрсеткіштер және мақсатты нармативтер көмегі мен  сипаттауға болады [10].

Кез-келген аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  басты мақсатты бағдарлар  ретінде келесілерді қолдануға  болады:

-халықтың өмір сүру  сапасын қабылданған мемлекеттік  әлеуметтік стандарттан жоғары  деңгейде қамтамасыз ету;

-қабылданған аумақтық  еңбек   бөлінісі  жүйесіне   сәйкес   республикалық

және амақаралық мәселелерді  шешудегі аймақтың  үлесін қамтамасыз ету. Аймақтық мақсатты қалыптастыру жүйесін ,негізгі мәселелерді таңдац ортырып жасау қажет, яғни, олардың классификациясы, ауқымдылығы, анықтылығы.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының консепциясының механизмі  шаруашылықтың барлық субъектісіне  билік органдарының нақты бағытта  мақсатты жұмыс жасауы болып табылады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму концепциясының механизмінің басты  элементі сол аймақтағы басқарудың ұйымдастыру  құрылымы болып табылады. Өйткені, басқарудың апараты бұл  концепцияны жүзеге асыруға қатысады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық консепциясының механизмін негізгі құраушылары, аймақтық басқару органдарының кадрмен қамтамасыз етілуі болып табылады. Бұл тұста  айта кететін жәйт, аймақтық дамуды жетілдіру үшін таңдаулы және білікті  кадрлардың маңызы зор[11].

 

1.3 Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

 

Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған  Батыс елдерінде индикативті жоспарлаудың  стратегиялық нысанына көшу үрдісі (тенденция) айқын байқалады. Жоспарлаудың бұл нысаны, бұрын айтылғандай жоспарлы іс-әрекеттің логикалық дамуының нәтижесі болып табылады.  Ол мақсатты жоспарлау мен басқару қағидалырына, сондай-ақ қазіргі жағдайлар мен әлемдік экономиканың даму үрдістеріне толық деңгейде жауап береді.

Стратегиялық жоспарлау  мен басқарудың (стратегиялық менеджмент) екі онжылдықтан бері өнеркәсібі дамыған елдерде экономикалық ғылымды  дамытудың жалпыға танылған бағыттарының бірі екенін атап өту керек. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын дамуын стратегиялық жоспарлаудың тарихи қалыптасуы  ХХ ғасырдың 50 жылдарына жатқызуға болады. Алғашында ол кәсіпорынның даму үрдісін болашаққа бағыттауды жетекші бекітетін ұзақмерзімді жоспарлау ретінде көрінді. Мұндай, өсу үрдісі болашаққа болжамдалған әдісте, анағұрлым маңызды нәтижелер экономикалық даму сатысына жетті. Мұндай жағдайда, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету қосымша пайда алу үшін қолда бар әлеуетті пайдалану немесе болашақта мүмкін болатын «серпін» үшін ресурс жинақтау ретінде қарастырылады[12].

Соңғы уақытта шет елде стратегиялық жоспарлау және басқару  саласында жүргізілген зерттеулер нәтижелерін жалпылап қорытындылау және жүйелеу үрдісі айқын байқалуда. Мұндай үрдіс, мысалы, Г. Минцберг, Б. Альстрэнд және Д. Лэмпелдің «Стратегиялық мектебі» жұмысында қолданыс тапқан. Осы авторлар он негізгі стратегилар мектебін бөліп көсетеді:

1.  Дизайн мектебі: стратегияның  ұғыну, түсіну үдерісі ретінде  қалыптасуы (Ф. Селник, А. Д. Чандлер,  С. Р. Кристенсен, К. Эндюс, Дж. Л. Боуэр, Р. Г Хамермеш, М.  Портер).

2. Жоспарлау мекетебі: стратегияның  формальді үдеріс ретінде қалыптасуы (И. Ансофф, П. Лоранж, Д. Стейнер, Д. Шендель, С. Хофер).

3. Ұстаным мектебі (позиционирования): стратегияның талдау үдерісі терінде қалыптасуы (М. Портер, Р. Кац, Б. Джеймс, Дж. Куинн).

4. Кәсіпкерлік мектебі:  стратегияның болжау үреріс ретінде  қалыптасуы     (Й. Шумпетер, А. Коул, К. Найт).

5. Когнитивті мектебі:  стратегияның ментальды үдеріс  ретінде қалыптасуы (М. Лайлс,  Р. К. Регер, Э. Хафф, Г. Томас,  Г. Саймон, С. Макридакис).

6. Оқыту мектебі: стратегияның  дамушы үдеріс ретінде қалыптасуы (Р. Лапьер, Ч. Линдблом, Г. Репп, Дж. Куинн, Р. Нельсон, С. Уинтер).

7. Билік мектебі: стратегияның  келіссөз жүргізу үдерісі ретінде  қалыптасыу (А. Макмиллан, Д. Сарразин, Э. Петтигрю, Дж. Боуер, Й. Доза).

8. Мәдениет мектебі: стратегияның  ұжымдық үдеріс ретінде қалыптасуы (Д. Джонсон, Дж. Спендер, К. Рот,  Д. Рикс, Ф. Ригер).

9. Сырқы орта мектебі:  стратегияның реактивті үдеріс  ретінде қалыптасуы (М. Ханнан, Дж. Фримен, У. Эстли, К. Оливер).

10. Конфигурация мектебі:  стратегияның трансформация үдерісі  ретінде қалыптасуы (П. Хандавалла, Д. Миллер, П. Фризен, Р. Майлс,  К. Сноу).

Дизайн мектебі. Кәсіпорын дамуының стратегиясын жасау үдерісіне жалпы қабылданған қозғалысты  анағұрлым адекватты түрде білдіреді. Дәл осы мектеп өкілдері   SWOT-талдау жүргізу әдістемесінің авторлары болып табылады. Бұл мектеп өкілдері бойынша стратегиялық жоспарлаудың негізгі базалық моделі ретінде көшбасшысы ретінде К. Эндрюс танылатын Гарворд мектебінің моделі саналады. Бұл модель ұзақмерзімді уақыт аралығында американдық зерттеушілермен жасалған[2,13].

Аталған стратегиялық жоспарлау  моделінің негізіне келесідей негізгі  әдіснамалық қағидалар жатады:

  1. Фирма дамуының стратегиясынқалыптастыру үдерісі бақыланатын үдеріс болуы тиіс.
  2. Фирма дамуының стратегиясын қалыптастыру үдерісінің жетекшілігін  топ-менеджерлер атқаруы тиіс. Атқарушы директор стратегияның өзіндік «архитекторы» болуы керек, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау үдерісіне нақты еімдер тартылатынын анықтауы тиіс.
  3. Стратегиялық жоспар қалыптастыру моделі қарапайым әрі ақпараттық сипатта болуы керек.
  4. Фирма дамуының кез-келген стратегиясы бірегей және жасампаз жобалау нәтижесі ретінде қарастырылады. Соңғысмы стратегияның өзіне аталған фирманың тұжырымдық, ерекшелік мақсаттарын, оның даму ерекшеліктіліктерін біріктіретінін білдіреді.
  5. Стратегия қалыптастыру үдерісі балама стратегиялар толық жазылып біткен және олардың ішінен соңғы таңдау жүзеге асырылған жағдайда  ғана тоқтатылады. Мұнымен байланысты  Гарворд тобының модельдерінің блогынан бір стратегияға баға  беруді олардың ішінен біреуін таңдау бойынша шешім қабылдау үдерісі ретінде түсіну керек.
  6. Фирма дамуының кез-келген стратегиясы қарапайым қабылдаушылық пен толық кескінделген, сондай-ақ түсінікті тілде жазылуы шарт.
  7. Кез-келген фирманың даму стратегиясы оны жүзеге асырудың белгілінген механизмін қарастыру керек.

Гарворд тобының моделі келесі суретте көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 сурет. Гарворд тобының моделі

 

Бұдан өзге, дизайн мектебі стратегияны бағалау жүйесін қалыптастыруға қызықты әдіс ұсынады:

  • жүйелілік кәсіпорынның даму стратегиясында қарама-қарсы мақсаттар мен бағдарламалар болуы керек;
  • келісушілік: стратегия сыртқы орта мен онда болып жатқан өзгерістерге бейімделушулік реакциясын қарастыруы шарт;
  • артықшылық: артықшылықтарды қолдау мен шығармашылық үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тиіс;
  • жүзеге асырушылық: стратегия ресурстар иеленетін төтенше қарастыруы керек және шешілмейтін проблемелерды туғызуға әкелмеуі тиіс [14].

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау, аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде