Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июля 2013 в 09:47, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде жаһандық деңгейдегі даму үрдістері кез келген мемлекетте экономиканы дамытуды стратегиялық тұрғыда жоспарлауды алға тартып отыр. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай үдерістерден тысқары қала алмайды. Мұндағы мәселе, стратегиялардың қабылдануы емес, керісінше сол қабылданған стратегиялардың бастапқы мақсатқа сай, әрі уақтылы орындалуы мен күтілген нәтижелер мен тиімділіктер әкелуінде болып отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................5
1.1 Стратегиялық жоспарлаудың аймақты мемлекеттік басқару құралы ретіндегі түсінігі мен мағынасы.................................................................................................5
1.2 Аймақтық стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері.................................10
1.3 Стратегиялық жоспардаудың шетелдік тәжірибесі.........................................16
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.....................................................................................................................25
2.1 Алматы облысының 2006-2015 жылдарға дейінгі аймақтық даму стратегиясының негізгі бағыттары..........................................................................25
2.2 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдық ахуалына талдау.........................................................................................................34
2.3 Алматы облысы ауылдық аумақтарын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асу барысы.....................................................53
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................61
3.1 Қазақстан Республикасы жергілікті огындарының стратегиялық жоспарын әзірлеу әдістемесі мен тәжірибесі...........................................................................61
3.2 Алматы облысы «экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарының іске асырылу жолдары......................................................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................84
ҚОСЫМШАЛАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
Диплом жұмысы
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, АЙМАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Орындаған,
4 курс студенті __________________________ Қорғасбеков Д. Р.
Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.к., доцент __________________________ Тұмбай Ж. О.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы
_________________________
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді,
кафедра меңгерушісі,
э.ғ.д., профессор __________________________ Кубаев К.Е.
(қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.1
Стратегиялық жоспарлаудың аймақты мемлекеттік
басқару құралы ретіндегі түсінігі мен
мағынасы......................
1.2
Аймақтық стратегиялық жоспарлаудың
ерекшеліктері.................
1.3
Стратегиялық жоспардаудың шетелдік тәжірибесі....................
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫНА ТАЛДАУ........................
2.1 Алматы облысының 2006-2015 жылдарға
дейінгі аймақтық даму стратегиясының
негізгі бағыттары.....................
2.2 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық
дамуының ағымдық ахуалына талдау........................
2.3 Алматы облысы ауылдық аумақтарын
дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының
жүзеге асу барысы........................
3.1 Қазақстан Республикасы
3.2 Алматы облысы «экономика
және бюджеттік жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде жаһандық деңгейдегі даму үрдістері кез келген мемлекетте экономиканы дамытуды стратегиялық тұрғыда жоспарлауды алға тартып отыр. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай үдерістерден тысқары қала алмайды. Мұндағы мәселе, стратегиялардың қабылдануы емес, керісінше сол қабылданған стратегиялардың бастапқы мақсатқа сай, әрі уақтылы орындалуы мен күтілген нәтижелер мен тиімділіктер әкелуінде болып отыр. Бүгінде қабылданған стратегиялардың осы тұстары кемшін қалуда. Соған сәйкес, аймақты мемлекеттік басқару сапасын арттырудағы стратегиялық жоспарлаудың өзекті мәселеге айналған жайы бар. Осы жерден зерттеу тақырыбының айрықша өзекті болып отырғанын байқауға боллады.
Диплом жұмысының
мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының
мақсаты Алматы облысының мысалында
аймақты мемлекеттік басқаруды
стратегиялық жоспарлау мәселелерін
жан-жақты зерттеп, нәтижесінде теориялық
тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып
табылады. Алға қойған мақсатта сәйкес,
келесідей міндеттер
Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Диплом жұмысының зерттеу нысаны ретінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі талданған.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Стратегиялық жоспарлауды аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде талдау диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар.
стратегиялық жоспарлаудың мәні, түсінігі және мағынасы, стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі;
аймақты мемлекеттік басқаруды стратегиялық жоспарлау ерекшеліктері;
Алматы облысының әлеуметтік-
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік органдардың
Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Стратегиялық жоспарлау мәселелерін зерттеу Г. Минцберг, Б. Альстрэнд және Д. Лэмпелдің «Стратегиялық жоспарлау мектебі» жұмысында қолданыс тапқан. Одан өзге, стратегиялық жоспарлау мәселелерін зерттеумен түбегейлі айналысқан, келесідей шетелдік ғалымдарды атауға болады: Ф. Селник, А. Д. Чандлер, С. Р. Кристенсен, К.Эндюс, Дж. Л.Боуэр, Р. Г Хамермеш, М. Портер, И. Ансофф, П. Лоранж, Д. Стейнер, Д. Шендель, С. Хофер, Р. Акофф, Р. Кац, Б. Джеймс, Дж. Куинн, Й. Шумпетер, А. Коул, К. Найт, М. Лайлс, Р.К. Регер, Э. Хафф, Г. Томас, Г. Саймон, С. Макридакис, Р.Лапьер, Ч. Линдблом, Г. Репп, Дж. Куинн, Р. Нельсон, С. Уинтер, А. Макмиллан, Д. Сарразин, Э. Петтигрю, Дж. Боуер, Й. Доза, Д. Джонсон, Дж. Спендер, К. Рот, Д. Рикс, Ф. Ригер, М. Ханнан, Дж. Фримен, У. Эстли, К. Оливер, П. Хандавалла, Д. Миллер, П. Фризен, Р. Майлс, К. Сноу. Оған қоса, бұл қатарға бірқатар, Ресейлік экономист-ғалымдарды, атап айтқанда Р.И. Акмаеваны, И.В. Бородушконы, Э.К. Васиьеваны, Б.Н. Кузыкты, В.И. Кушлинды, Ю.В. Яковецті, А.Н. Петровты, Л.Г. Демидованы, С.М. Климовты, В.Н. Грищенконы, Г.З. Щербаковскийді, Г.М. Гвичияны, Л.О. Абаеваны жатқызуға болады.
Диплом жұмысының теориялық,
іс-тәжірибелік және әдіснамалық
негізі. Стратегиялық жоспарлау тақырыбына
жазылған шетелдік және отандық монографиялық
еңбектер, оқулықтар және оқу құралдары,
шетелдік отандық ғалымдардың
Диплом жұмысының теориялық, іс-тәжірибелік және әдіснамалық маңыздылығы. Диплом жұмысында қол жеткізілген нәтижелер мен қорытындылар дербес зерттеу нәтижелері болып табылады, өндірісте сынақ ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың сынақталуы. Аталған зерттеу тақырыбы бойынша автордың 2007 жылы сәуір айында Алматы қаласында өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» І Халықаралық Конгресінде «Ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары» тақырыбында жазылған ғылыми мақаласы жоғары деңгейде қорғалған.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытынды мен қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде стратегиялық жоспарлаудың мәні мен мағынасы, аймақты басқарудағы рөлі мен ерекшеліктері және шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Екінші бөлім, стратегиялық жоспарлау негізінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жан-жақты талдауға арналған. Үшінші бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау түрлері мен жолдары ғылыми тұрғыда сараланады.
1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көп жылдардан бері әскери
басшылар стратегия терминін қолданып
келеді. «Стратегия» гректің —
«генерал өнері» деген сөзінен шыққан.
«Стратегия» термині осы
Стратегия дегеніміз — мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау–бұл жоспарлау мен бақылау интегрициясы. Яғни белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қазіргі жағдайда басқаруға арналған құрал. Стратегиялық жоспарлау негізінде орта мерзімді жоспар құралады. Ол нақты мақсаттарды жоспарлау үшін құралатың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Сандық және сапалық көрсеткіштердің сипаттарын қамтиды.
Стратегиялық жаспарлау
коцепциясы «болашақ бүгіннен басталады»
тезисіне байланысты қалыптасқан. Стратегиялық
жоспарлау ұйымның өмір суруінің
өзгеруі мен ұйымның болашақ
мақсаттарға жетуі үшін қазір
не істеу керек екендігін
Стратегиялық жоспарлау мазмұнында өзара байланысты екі аспектіні бөліп көрсетуге болады. Ол бір жағынан рационалды ойлауға негізделген, жүйеленген, логикалық үдеріс ретінде көрінеді. Басқа жағынан ол, болжамдау, зерттеу, есеп жүргізу өнері және балама таңдау ретінде ұйғарылады. Стратегиялық жоспарлаудың негізін қалаушы түсінігі стратегия болып табылады. Мұнымен ұлттық экономиканың кез-келген элементті дамуының негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерінің, әрекет курстарын бекіту және осы мақсаттарға жету үшін ресурстарды бөлуді анықтау түсініледі. Стратегиялық жоспарлау шеңберінде базалық және функционалдық стратегияларды бөлу қабылданған.
Базалық стратегия- бұл алға қойған мақсаттарға жету үшін қажетті әрекеттерді жинақтап қорыту моделі.
Функционалдық стратегия- базалық стратегия аясындағы ұлттық экономиканың кез-келген элементтінің немесе белгілі біо белгіленген іс-әрекеттердің бағыты бағыты [2].
Стратегиялық балама – таңдап алған стратегия аясындағы әрекеттердің бет алысы.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі элементтері және алға қойған мақсатты жүзеге асырудың жолдары және әдіс-тәсілдері, ресурстық қамтамасыз етілуі мен мақсаттары 1-ші суретте көрсетілген.
1 сурет. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі элементтері
Стратегияны жүзеге асыру үдерісі екі үлкен кезеңге бөлінуі мүмкін:
1. Стратегиялық жоспарлау үдерісі – стратегиялар жиынтығын құру, ұлттық экономиканың кез-келген элдементі дамуның базалық стратегиясынан бастап, функционалды стратегиялармен және жекелеген жобалармен аяқтау;
2. Стратегиялық басқару үдерісі – белгіленген стратегияны өз уақытында, жүзеге асыру, жаңа жағдайлар аясында стратегияға өзгерістер енгізу;
Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай анағұрлым күрделі міндет таңдап алынған стратегияны жүзеге асыру болып табылады. Өз кезегінде, бұл жүзеге асыру, айтарлықтай деңгейде ұлттық экономиканың кез-келген элементтін басқару жүесінің тиімділігімен анықталады.
Стратегиялық жоспарлаудың маңызды белгілерінің қатарына келесілерді жатқызуға болады:
Ұлттық экономика дамуының стратегилық талдауы.
Стратегиялық болжау – талдау кезеңінің немесе ұлттық экономика дамуын стратегиялық талдау кезеңінің басты міндеті, өткен уақыттағы зерттелген үдерістерді талдау және олардың болашақта мүмкін болатын қозғалысын болжау негізінде, ұлттық экономика дамуының тиімді нұсқасын анықтау болып табылад. Бұл кезеіде жоспарлаудың нұсқалылығы тәжірибеде жүзеге асырылады , әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, ұлттық экономиканы дамытуға қойылытын талаптар қалыптастырады. Мемлекеттік стратегиялық жоспарды жасаудың аталған кезеңінде жүзеге асырылуға тиіс, маңызды талап, ел экономикасын дамытудың мүмкін болатын нұсқаларын іздестіру болып табылады.
Информация о работе Стратегиялық жоспарлау, аймақты мемлекеттік басқарудың құралы ретінде