Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 14:28, дипломная работа

Краткое описание

Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.

Содержание

Кіріспе................................................................................................ 3
ІІ-Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары......................................................................................
4
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама.......................... 4
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы...........................................................................................
7
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері......................................................................................
8
ІІ-Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы…………………………………………….........................
27
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама………………………... 27
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері.............................................................................
32
2.3. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму келешегі.........................................................................................
35
2.4. Шардара су қоймасында суды қорғау мәселелері..................... 36

Қорытынды....................................................................................
46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................
48

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шардара-су-қоймасында-балық-шаруашылығын-дамытудың-облыс-экономикасындағы-орны.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

      Қазіргі кезде  су қорларының ұдайы өндірісі  табиғат процесіне ғана жатпайды. Өзен ағындысын реттеу, суды бір бассейннен басқа бассейнге ауыстыру, су объектісі күйін бақылау, олардың сапалық көрсеткіштерін сақтауға және қалпына келтіруге өте үлкен қоғамдық жұмыс жұмсалады. Су қорлары өндіріс күштерін дамытуда және орналастыруда маңызды факторлардың бірі болды. Сондықтан қайнардағы су материалдық құнын елеулі қолданушысына айналды. Оны табиғат ресурсы ретінде пайдалану, материалдық өндіріс барысында еңбек шартын және қоғамға қажетті өнім өндіруге кеткен шығынды анықтайды. Сол уақытта еңбектің өнімділігіне су көзі ретінде мына ерекшеліктер: аймақ бойынша су қорларының біркелкі таралмауы және  өзен ағындысын қайта бөлу мүмкіндіктің шектелуі, тұтынушыларды су көзіне аймақтық «байлау» және сапасы төмен, қиындықпен қол жететін, алыста орналасқан су объектілерін қолданудың керек болуы, су пайдаланудың мүмкін бағыттары мен тәсілдерінің көптігі әсер етеді. Қайнардағы судың жоғарғы сапалылығы және қолайлы шарты, сонымен қатар оны үнемді пайдалану еңбек өнімділігін артуын қамтамасыз етеді.

Осының барлығы су қорларына экономикалық баға беру керектігіне алып келеді. Берілген көрсеткішті халық шаруашылық салалары арасында қорларды қайта бөлудегі пайдалылықты анықтау, өндіріс күштерін дамытуды және орналастыруды негіздеу, халық шаруашылығын дамытудың бағыттарын белгілеу, елдің жеке аудандарында халық шаруашылығын дамытудың бағыттарын көрсету және шаруашылық құрылыстың кезектілігі; елдің ұлттық байлық қорларын есептеу; су ортасының негізгі сапасына жетудегі  этапты негіздеу; жоспарлық және жобалық шешімнің экономикалық тиімділігін анықтау үшін қолданады.

Экономикалық су қорларының бағасын анықтау қажетінше қиын, және осы күнде аяғына дейін шешілмеген есеп. Біраз ірі мамандар  табиғат қорларының экономикалық бағасын, анықтауда келесілерді негізге алып ұсыныс жасады:

    • осы қормен әкелінетін оны пайдалану ортасында, қай түрдің болсын критерийлік  бағасы, халық шаруашылық нәтижесінің жинағы болып есептеледі.
    • ауыл, орман, су шаруашылығы және өндірістің өндіру салаларының өніміне кеткен шығынды тұйықтау  арқылы табиғат қорларын бағалау іске асырылады.

Халық шаруашылығы  көзімен қарағанда келтірілген шығын анық кесілген уақытта, қарастырылған ауданда, берілген өнімге қорды үлкейту, тұйықтаушы шығынмен түсіндіріледі. Халық шаруашылығының оптималды жоспарын қолдану және үлкен аумақтық - құрылыс комплекстері үшін табиғат қорларын қайта құру арқылы оның көлемін анықтайды./13/

Солай болғандықтан пайдалануға арналған су шаруашылығының өнімі ретінде су қорларының өзі шығады, жаңағы тұйықтаушы шығында оның экономикалық бағасы ретінде қарастыруға болады. Суға экономикалық баға беру кезінде, оның сала аралық және сала ішілік шығындардан тұратынын ескеру керек. Бірінші жағдайда су қорларының көбеюін қамтамасыз ету, екінші жағдайда тұтынушыларға су беру туралы айтылып отыр.

Салааралық бағалауда барлық су пайдаланушылар мен су тұтынушылар табиғи өзен ағындысы арқасында қамтамасыз етілсе, ол көлдік жағдай болып саналады.

Табиғи өзен ағындысымен қажеттілікті қамтамасыз ете алмаған жағдайда, суды бағалауда қолдағы ағындының өсуіне байланысты қосымша шығын ескеріледі, оны реттеу және тұтыну аймағына тасымалдау құрылғысын пайдалану арқылы аймақтық қайта бөлу, су қорларын қайта құру және қолдауды қамтамасыз ететін шаралар жүргізу.

Жоғарыда көрсетілген шығындар өте жиі көпсалалықты көрсетеді және тек анда - санда бір салаға жатады. Көпсалалық шығында су тұтыну жағдайын жақсартуды есепке алатын су шаруашылық комплексте бөліктік қатысуды анықтау керек. Әр саланың мұқтажы үшін су қорларының өсу шығынын жеке анықтап және әрі қарай пропорционалды алынған алтернативті шығынға су шаруашылық комплекстік шығынды бөлу арқылы мұны іске асыруға болады. Альтернативті жолды таңдаған кезде, ол неғұрлым үнемді әрі қарастырған аудан үшін нақты болуын ескеру керек. Еске алатын жай, бұл алыстағы келешекке есептелген тұйықталған су шығыны, мұнда ағынды бір жерден екінші жерге апаруда мүмкін болатын шығын шартты түрде ескеріледі.

 Шардара су қоймасының сур  ресурсының экологиялық жағдайын  Қазақстан республикасы балық  шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының  мамандары қадағалайды. Жыл сайын  мамандардыңң мәліметтері бойынша  Шардара су қоймасына ондаған  тонна пестицидтердің қалдығы түсіп, ондағы былқтардың улануына әкеліп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, Шардара су қоймасында балық өндірудің облыс экономикасында алатын орнының ерекше екендігін көруге болады.

   2002 жылы Шардара су қоймасында  Қазақстан республикасының ең ірі өзендерінің бірі Сырдарья өзенінде балық аулау 129 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 1992 жылмен салыстырғанда 16 есе аз. Бұл туралы мәліметті Қазақстан республикасы балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу орталығы ғалымдары орындаған арнайы есептен көруге болады. Бұл есепте Шардара су қоймасы салынған уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі балық шаруашылығының дамуына талдау жасалынған.

  Шардара су қоймасы республикадағы балыққа ең бай су қоймасына жатады. Оның тек облыста ғана емес, сонымен қатар республиканың балық шаруашылығында алатын орны ерекше. Бұл су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында жатқандықтан, аймақта ауыл шаруашылығы интенсивті түрде жүргізілетіндіктен оны балық шаруашылығында пайдаоану мен ирригациялық-энергетикалық пайлану арасындағы шиеленіс өте үлкен. Бір жағынан биоөнімдеудің жоғары қарқында болуы, екінші жэағынан бұқл су қоймасын ауыл шаруашылығында  жерді суару үшін және энергетика ресурсы ретінде интенсивті пайдалану су қоймасының экожүйесін өте қиын жағдайда қалдыруда. Соған байланысты Шардара су қоймасының балықтары көп өлуде. Бұл су қоймасында үнемі балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400 ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80-жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Шардара су қоймасында балық аулау көрсеткіші төмендегідей, егер 1998 жылы- 868 тонна болса, 2002 жылы – 129 тонна болды. Балық аулау көлемін көбейту үшін ең алдымен Шардара су қоймасының экологиялық жағдайын жақсартып, ауыл шаруашылығына кететін су шығынын азайту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. М.Ш.Ярмухамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы.,1997
  2. Шардара аудандық статистикалық комитетінің мәліметтері
  3. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жылдық есебі. Астана, 2005.
  4. К.Б.Ахметова.  Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. -  Алматы,1994
  5. Е.А. Ахметов и др. География современного мира. Алматы.,2003
  6. Е.А. Туркебаев.  Рыночная экономика Алматы.,1998
  7. Регионы Казахстан. Ежеквартальник.
  8. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география. Под ред. Увалиева Т.О.- Алматы,1998
  9. Нұрын шашқан Оңтүстік. Энциклопедия. Шымкен,2004
  10. Ускенбаев С.И. Чардаринское водохранилище. Шымкент, 2004
  11. http/www. uko.kz. Официальный сайт Южно-казахстанской области
  12. http/www.old. cru. ru.
  13. С.Халимов., А. Эргашев Проблемы развития рыбной промышленности в Чардаринской водохрналище. Шымкент., 2002
  14. Казахстан и его регионы. Ежеквартальник. Алматы,2005 № 1
  15. Ковда В.А. Биосфера, почвы и их использование. М.1974. 124 стр.
  16. Боровский В.М. Что нас ждет завтра. газ.Вечерняя Алма-Ата. 22/11-1975.
  17. Урланис Б.И. Народонаселение. Исследования, публицистика. М. Статистика. 1976. 356.
  18. Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық комитетінің мәліметтері.
  19. Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Статистикалық комитет мәліметтері. Шымкент, 2006
  20. Шарадара аудандық ауыл шаруашылығы департаментінің есебі. Шардара, 2006

 

 

 

 

 


Информация о работе Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны