Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 14:28, дипломная работа
Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Кіріспе................................................................................................ 3
ІІ-Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары......................................................................................
4
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама.......................... 4
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы...........................................................................................
7
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері......................................................................................
8
ІІ-Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы…………………………………………….........................
27
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама………………………... 27
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері.............................................................................
32
2.3. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму келешегі.........................................................................................
35
2.4. Шардара су қоймасында суды қорғау мәселелері..................... 36
Қорытынды....................................................................................
46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................
48
Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мұндай ресми құжаттар агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады. Мұның өзі Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің дамуында көптеген өзгерістерге әкеліп соқты.
Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс - жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты. /7/
Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары мен шағын, маманданбаған, шаруа (фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің бірі күйінде қалып келеді.
Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған. Мысалы, Батыс Еуропада ауыл шаруашылық кооперативтері төмендегі түрдегі қызметтермен шұғылданады:
- сүт өнімдерін өңдеу;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін, материалды -техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;
- астықты жинау және өңдеу;
- ет және ет өнімдерін өңдеу;
Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.
Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі бағыттармен жүзеге асады:
Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады. /8/
Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік -экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.
Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал -жабдық, саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып келеді.
Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 % ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца және Машаваларда жүргізілуде.
Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында, толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ жеке шаруа (фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал - жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен. Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер етеді.
Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта қалыптасуына алып келеді. /9/
Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.
Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.
Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта, сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника, технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.
Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және өндіріс көлемі өте төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға орналасқан.
Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда, себебі алып - сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді. /10/
Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:
Келешекте Қазақстанның аграрлық саясатында ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамыту, стратегиялық басымды бағытқа айналуы қажет. Агро өнеркәсіп өндірісінің кооперация негізінде дамуы шаруашылықтарда өндіріс тиімділігін артыруға жаңа мүмкіншіліктер ашады және жалпы агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының барлығында да еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері оның назарынан тыс қалған емес.
Бұл саланың дамуына ел Президентінің баса назар аударатыны түсінікті де. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешені болды. /11/
Президент жолдауында үстіміздегі жылы (2005 жыл) ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса көп қаржы бөлінетіні атап көрсетілген және бұл рекордтық сан делінген. Осыған байланысты Президентіміздің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен әкімдіктер ауыл шаруашылығын және тұтастай агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта одан әрі дамуын айқындайтын еліміздің аграрлық азық -түлік саясатын әзірлеуі қажет.
Президент жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет делінген. Бұл өте орынды және дер кезінде үкімет алдына қойылған міндет.
Біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Парламенті аталған заңнан басқа тағы екі заң қабылдаса тіпті жол болар еді. Оның біріншісі «Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік өндірісті кооперациялау және интеграциялау (бірлестіру) туралы», екіншісі «Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтары, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары және агро фирмалар туралы» болса. Сонда Жер Кодексін басшылыққа ала отырып Республикада әртүрлі шаруашылық нысандарын өндіріс тиімділігін арттыруға себебі тиетіндей етіп ұйымдастыруға жеңілдік туар еді.
Президент жолдауында бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл да толғағы жеткен мәселенің бірі екендігі даусыз. Осыған байланысты елімізде өнеркәсіптің ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін саласын шапшаң дамытудың маңызы ерекше және ол кезек күттірмейтін мәселе. Сапасы жоғары, бағасы төмен дайын өнім шығармай бәсекеге түсе алмайтынымыз белгілі. Қазақстанда астық, мақта, жүн, т.б. сияқты шикізаттар баршылық. Мәселе осы шикізаттардан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының басын ауыл шаруашылығымен біріктіре отырып сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті өнім шығара білуде бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін, олардың кәсіпорындарында жаңа техника мен озат технологияны енгізу үшін инвестиция табу қажеттігі туындайды. Бұл іске шетелдік компаниялар мен кәсіпорындарын тарту міндеті тұр. /12/
Ауыл шаруашылығы құрылымын қайта құру мен аграрлық реформаның негізгі бағытының бірі – фермерлікті дамыту. Қазіргі кезде шаруа (фермер) қожалықтары ауылдағы негізгі азық - түлікпен қамтушы ғана емес, сондай - ақ, негізгі жұмыс орны, отбасы табысының қайнар көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. Оңтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалықтары 90 жылддардан бастап белсенді дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы 38 ғана болса, 2004 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5 мың гектарды (бөлінген жердің 86,5%-і ) егістік жер – 569,9 мың гектарды (23,4%) алды. Фермерлердің үлесімі ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 % және егістіктің 53 % тиесілі болды.
Облыс жұртшылығының 50 % астамы ауылдық жерлерде қоныстанған. Демек, облыстық әлеуметтік – экономикалық жағдайының дамуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақтануы мен жандануына тікелей байланысты. Аграрлық сектордың дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар шаруашылықтардың арасындағы өзара интеграциялық байланыстардың қалыптасуымен дамуы елеулі роль атқарады. Экономикалық механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен тетіктерінің жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор қайтарымы мен тауар қозғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы ұсақ түріне қарағанда басым түсетіні белгілі. Яғни, өндірісті кооперативтік шоғырландыру жағдайы бұл орайда тиімдірек. «Кооперация» терминінің өзі латынның «cooperatio» сөзінен шыққан, «ынтымақтасу», «бірлесіп жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Кооперация теориясының негізін салушылардың бірі, экономист – ғалым А.В.Чаяновтың кооперация дегеніміз - шаруаның еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту дегенді. Ол кооперацияның көмегімен шаруалардың жағдайын түзеу және жаңа ғылыми жетістіктерді шаруа игілігіне айналдыруды ұйымдастыру мәселесін басты нысан ретінде қарастырған. Бұл мәселе бүгін де маңызды болып отыр. Ауылды өркендетуде кооперативтік негіздерді қолдану осыған жауап бере алады.
Әлемдік тәжірибеде аграрлық өндірісті кооперация процесі арқылы дамыту кең өріс алуда.
Ауыл шаруашылығы кооперативінің кең тарауының мәні жеке жер меншігіне негізделген ұсақ фермерлік шаруашылықтармен әртүрлі қызмет түрлері жүйесінде ірі өндірісті коодинациялаудың тиімді формасы болып табылады.
Кооперацияның фермерлерді тарту себебі, еркін әріптестік жағдайында олар өздерінің толық шаруашылық дербестігін, басқарушылық шешім қабылдау үшін жауапкершілігін сақтайды. Кооперативтер фермерлердің қызығушылығын қорғау функциясын атқарады және агроөндіріс кешеніндегі экономикалық мықты әріптестермен нарықтық байланыс жүйесінде бәсекелестік қабілет деңгейін арттырады.
Информация о работе Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны