Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 14:28, дипломная работа
Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Кіріспе................................................................................................ 3
ІІ-Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары......................................................................................
4
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама.......................... 4
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы...........................................................................................
7
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері......................................................................................
8
ІІ-Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы…………………………………………….........................
27
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама………………………... 27
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері.............................................................................
32
2.3. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму келешегі.........................................................................................
35
2.4. Шардара су қоймасында суды қорғау мәселелері..................... 36
Қорытынды....................................................................................
46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................
48
Еуропа елдерінде фермерлік кооперативтер дайын азық - түлік өнімдерінің бүкіл көлемінің 60 % дейін қамтамасыз етеді әрі фермер шаруашылықтарын өндіріс құралдарымен жабдықтайды, олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асырады. АҚШ - та кооперативтер елде өндірілген барлық тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерінің 30 % рынокке шығарады және ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарының 25% - ына дейін жеткізілім жасайды. /13/
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жер көлемі жағынан аз шаруа қожалықтарының саны басым, яғни ұсақ шаруашылықтардың өнім беру көлемі де шамалы болатыны белгілі. Кезінде ірі шаруашылықтар тартылғанда біреу үлкен, біреулері алақандай ғана жерге ие болды. Ауылда – жермен, малмен шұғылданып өскенімен жеке шаруашылықтың иесі болып, оны дөңгелетіп кету оңай емес. Фермер – экономист, есепші, агроном, зоотехник сияқты бірқатар мамандардан хабардар болу керек. Әйтпесе шет елдердегідей фермерлер арнайы кеңес беретін немесе қызмет көрсететін кооперативтерге бірігуі қажет.
Сауалнама жүргізілген шаруа қожалықтары иелерімен сұхбаттасқанда олар: «іріленіп, бірінің жоғын бірі толтырып, іс қылғанға не жетсін. Бір жағынан қорқыныш та жоқ емес, ол бірігуде – совхоздарды бөлген кездегідей момын шаруа тағы да ескісінен де айрылып қалмай ма? Жерін игере алмай жалға бергендердің алшақтаған алпауыттан ақысын ала алмай, басын соғып қалғанын көзіміз көрді. Осы орайда істің жөнін сұрап, мәселенің мәнін түсіндіретін бір орын – фермерлердің орталығы немесе ауылда бір маманы болса деп ойлайсың. Ауыл әкімі ондаған жүздеген фермерлермен бас қатырып отыра ма? Оған кейбіреулерінің уақыты, құлқы жоқ. Кейбірі істің мән - жайын өздері де білмейді» - дейді шаруа адам.
Кооперацияға сұралған фермерлердің 81,8 % оң көзқарас білдіреді, ал 18,3 % бұл процеске қатысқысы келмейтіндер болып шығады. Шаруашылық аралық кооперативтерді құруға келісетіндер шамалы және орташа жер үлестері бар фермерлер болып отыр. Яғни, фермерлерде жер учаскелерін ірілендіру қажеттілігі мен арнайы білімдерінің (бұл топтағылардың 87,7% орта және арнайы білім алғандар) жоқтығы фермерлік шаруашылықтар кооперациясын құруға итермелейді. Фермер аралық кооперативтерге бірігуге келіспейтіндерге келетін болсақ, мүлде жас фермерлердің үлесі басым, жер үлесі үлкендеу шаруашылықтар, жалпы айтқанда тек өз күштеріне сенетіндер.
Әртүрлі шаруашылықаралық кооперацияның маңыздылығын шаруа (фермер) қожалықтарының иелерінің бағалауы бойынша жасалған талдауда фермерлер аса көңіл бөлген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша шаруашылық кооперациясы (70 % сұралғандардың 5 балдық баға берген), ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша Шаруашылықаралық кооперация (64 %), техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаруашылықаралық кооперация (49 %), техниканы бірігіп пайдалану бойынша шаруашылықаралық кооперациясы (44 %) болды. /14/
Әрине, өз жеке шаруашылығына өзі ие болғысы келетін шаруашылықтарға кооперативтерге бірігу сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бірақ жеке шаруаның үздіксіз өндіріс (өндіру, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау) жүйесін жасауға шамасы келе бермейді. Сондықтан да шаруалар кооперацияға біріккені тиімді. Бұл ерікті бірлестік және ол біреудің күштеуімен ұйымдастырылмайды. Тек оның тиімді жақтарын дәлелдеп шаруа қожалықтарына түсіндіру қажет. А.В.Чаянов былай деп тұжырымдайды: «коорператив – ең алдымен одаққа кіргеннен кейін жойылып кетпейді, бұрынғысынша сақ шаруашылық ретінде қала береді. Олар тек өздерінің кейбір жұмыс бөлігін (өнімді өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау), бірлесіп атқаратын одақтық ұйымға бірігеді». Яғни, өнімді өндіру бір бағытта, бір жобамен, бір жерден ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы экономика мәселелері туралы әдебиеттерді талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтар болсақ, кооперацияға соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара қарым - қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады. Шаруашылықтандырудың акционерлік принципінде лидердің реформасында мүліктің ең төмен бағалауының есебінен қомақты капиталды жекешелендіріп алуға мүмкіндігі бар. Бұл тенденция, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші өндірістерінде және қызмет көрсету салаларында кездеседі. Соның нәтижесінде ауылдық тауар өндірушілер бұл объектілерді жоғалтып алды. Яғни, кооперация принциптері бойынша кооперативте ешкім ешқашан кооператив мүшелерінің есебінен байи алмайды.
Агроөнеркәсіп кешені салаларының арасындағы өзара координациялық байланысының ажырауының салдары еңбек нәтижесін бөлуде әділетсіздікке әкеп соқтырды, яғни ауылдық тауар өндірушілер өнім өндіру циклында 213 шығын жұмсап, тұтыну бағасы бойынша 113 -і ғана пайда табады. Ал кооперацияда жұмсаған еңбегіне сәйкес экономикалық нәтижені бөлуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ тауар өндірісінің бөлінбейтін серігі болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық -техникалық және еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады. Шаруашылықтандырудың кооперативтік жүйесі тұрақты жүйе. Мысалы, Германияда соңғы төрт жылда 20 мың әртүрлі коммерциялық құрылымдар банкроттыққа ұшыраған, бірақ олардың ішінде бірде бір кооперативтер болмаған. Ауыл шаруашылығы, агросервис, өңдеу және өткізу салаларының арасындағы өндірістік байланыстың бұзылуы салдарынан барлық агрөнеркәсіп кешенінің салаларына зор нұқсан келтірілді. Бұдан келіп баға диспаритеті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне монополизм, кәсіпорындардың шығынмен жұмыс жасауы және тағы басқа негативті жағдайлар етек ала бастады.
Сондықтан да ауылдағы экономикалық проблемаларды шешуде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, агросервистік кәсіпорындардың, өңдеуші өнеркәсіптердің және сауда ұйымдарының күштерін біріктірудің маңызы зор. Әрине, «дала-дүкен» циклына бірден біріктірудің жағдайы келмес, бірақ бұл кешенде еңбектің соңғы нәтижесі – тұтыну бағасын қалыптастыратын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу қызметтері көрініс табады. Ғалым – экономистердің көзқарастарымен бөлісе отырып, көп укладты экономика жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін, оның нақты формаларын жасап, енгізу керек:
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету, шикізаттарды аймақтық азық-түлік қорына сатып алу, осы сатып алғандарды кооперативтік және интеграциялық құрылымдар бойынша дер кезінде тарату және жеткізу мақсатында экономикалық және тағы басқа жеңілдіктерді ұсыну. /15/
Еліміздегі кооперацияны дамытуда кооперациялық қайта құру жолымен өткен елдер тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз жақтарын ескеру керек. Осыны негізге ала отырып кооперативтік қозғалыстың жалпы шарттарын құруға болады:
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, ауыл шаруашылық кооперативтерінің облыстық және аудандық байланысында, кооперативтік жүйенің жоғары басқару органдарын құруға асықпаған дұрыс. Олардың құрылуы жоғарыдан емес, төменнен біріншілік кооперативтерден басталуы керек, сонда ғана оларда өмірлік қажеттілік пайда болады.
Ауыл шаруашылығының өнімдері тамақ өнеркәсібінің шикізаты екендігі бәрімізге белгілі, сондықтан тамақ өнеркәсібін дамыту ауылшаруашылығымен тікелей байланысты. Тамақ өнеркәсібінің бастаы салдаларының бірі – былық аулау, балық өнімдерін өндіру болып саналады, облыста бұл сала Шардара ауданында орналасқан Шардар су қоймасында жақсы дамыған. Төмендегі тарауда осы су қоймасында балық шаруашылығының даму ерекшелігі атап өтіледі.
ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ КАРТАСЫ
ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ КІРЕ БЕРІС
БЕЛГІСІ
ІІ-тарау. Шардара су қоймасында
балық шаруашылығының дамуы
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама
Шардара ауданы облыстың оңтүстік - батыс бөлігіндегі аумақтық -әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым, облыстың 11,1 % - ын құрайды. Тұрғын саны 70 мың адам. Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және ауылдық округке біріктірілген.
Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік - шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 - қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды.
ШАРДАРА БӨГЕНІ
Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қантардың жылдық орташа температурасы -4 -6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы +28 - 29°С. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды. Сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды - сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.
Ауданның тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93,9 %, орыстар – 4 % - ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7 % ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 шаршы жерге 5,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 14 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған "Қазақстан", "Целинный" біріктіріліп, "Жиделі", "Аққала", "Байырқұм" кеңшарлары Арыс ауданына берілген. Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемінің 67,7 % мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58.8 % немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,69 % -ын қаракөл қойы құрайды. Ауыл шаруашылығының негізін «Талапты» ОК, «Қызылқұмда ауылым» ОК, "НИМЕКС" корпорациясының зауыты. «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т.б. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік - акушерлік пункт, аудандық туберкулезге қарсы диспансер, сан. - эпидемиология станциясы, стамотология емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік - техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан аудандық «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната ауылынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі - Ұзыната кесенесі орналасқан. /16/
ҰЗЫН АТА КЕСЕНЕСІ
Шардара ауданының штаб құрамы
№ |
Аты, жөні, тегі |
Туылған жылы, айы, күні |
Білімі, мамандығы |
Атқаратын қызметі |
Штабта атқар -атын қызметі |
1 |
Ержан Қүдайберген Төлепүлы |
07.11.1959 |
Жоғары Экономист |
«Шардара СЭС» ААҚ-ньщ басқарманың төрағасы |
Штаб бастығы |
2 |
Қалмұратұлы Әбділдә |
04.03.1935 |
Жоғары Инженер-технолог |
«Шардара-Ет» ААҚ президенті |
Штаб бастығының орынбасары |
3 |
Құралбаев Үсен Түрысбекүлы |
02.12.1955 |
Жоғары Заңгер |
«Шардара СЭС» ААҚ Заңгер |
Үйымдас - тыру бөлімі |
4 |
Ақберді Оралбай Бердалыұлы |
05.02.1945 |
Жоғары Инженер-қүрылысшы |
СМП-18 Шардара ауданындағы бақылаушысы |
Үйымдас - тыру бөлімі |
5 |
Ағманұлы Тәңірберді |
05.05.1939 |
Жоғары Қазақ Политехникалық институты, Жамбыл гидромелиоративтік институты |
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Сенімді өкілдермен жұмыс және насихаттау бөлімі |
6 |
Мұқанов Жұмабек Сейілханұлы |
28.07.1955 |
Жоғары Журналистика |
«Өскен өңір» Шардара аудандық газеті» ЖШС редакторы |
Сенімді өкілдермен жүмыс және насихаттау бөлімі |
7 |
Қары Нұрмахан Қауысүлы |
22.02.1960 |
Жоғары, Инженер-химик-технолог |
«Нұр МБК» шағын кәсіпорнының директоры |
Сенімді өкілдермен жұмыс және насихаттау бөлімі |
8 |
Салықбаев Жаңбырбек Салықбайұлы |
29.05.1953 |
Жоғары Ғалым-агроном |
«Қазақстан» шаруа қожалығының төрағасы |
Сенімді өкілдермен жұмыс және насихаттау бөлімі |
9 |
Исаев Оразалы Смағұлүлы |
10.06.1953 |
Жоғары Қаржы және кредит |
«Шардара несие» ауылшаруашылық комерциялық банкінің басқарма төрағасы |
Қаржылай материалдық техникалық қамсыздандыру бөлімі |
10 |
Серманизов Бақытжан Қыпшақбайүлы |
11.06.1969 |
Жоғары экономист |
«Серманизов и К» ЖШС бастығы |
Қаржылай материалдық техникалық қамсыздандыру бөлімі |
11 |
Қүдайбергенов Серікбай |
11.04.1941 |
Жоғары Физика пәнінің мүғалімі,экономист |
Жаушықұм орта мектебінің мұғалімі |
Қоғам - дық қабылдау |
12 |
Тұрғынбаев Қасымбай Егемқұлұлы |
20.12.1950 |
Орта арнаулы Механик,ішкі істер бөлімі қызметкері |
Шардара аудандық судан қүтқару мекемесінің бстығы |
Қоғам- дық қабылдау |
13 |
Бекбутаев Асқар Мүсірұлы |
12.02.1961 |
Орта арнаулы Житомир Авиациялық техникумы |
«Шардара СЭС» ААҚ күзет бастығының орынбасары |
Қауіпсіздік қызметі |
14 |
Байымбетов Танжар Еспенбетұлы |
16.03.1961 |
Орта арнаулы Қылмысты іздестіру |
Жеке кәсіпкер |
Қауіпсіздік қызметі |
15 |
Әбдіраманов Әділ Заманұлы |
23.02.1973 |
Аяқталмаған жоғары Заңгер |
«Қазақстан-Шымкент» Теледидарының және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі |
Пресс-секретарь |
Информация о работе Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны