Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 00:04, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық – инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек республика бойынша 700 – ге тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001 – ге ие болды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5

1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9

2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14

2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........23

3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............27

3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................27

3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Өнімнің-бәсекеге-қабілеттілігін-көтеру-жолдары.doc

— 444.00 Кб (Скачать документ)

      Еліміздегі өндірістік кәсіпорындар әлемдік өзгерістерден тысқары қалмуы керек. Өзінің өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүдделі кез – келген кәсіпорын жаңа заман қажеттіліктерін, шетелдік ұқсас өнім шығарушы кәсіпорындардың тауарлық стратегияларын, өнім өткізу әдістерін және оны қолдану мүмкіндіктерін, тұтынушылардың талғамын анықтау жолдарын басты назарда ұстағаны абзал.

      Тұтынушылардың  твлғамдарына сай өнім шығару  және әлемдік нарықта үлкен  сұранысқа ие бола бастаған  өнімнің жаңа түрлерін ішкі  нарыққа ұсыну мүмкіндіктерін бағалау маркетингтік жүйенің маңыздылығын арттырады. Зерттеу нәтижелері кәсіпорынның нарықтағы «икемділігін» қалыптастыруға, сұранысы жоғары өнімдердің өндірісін арттырып, өмірлік кезеңі құлдырау шегіндегі өнмдерді шектеуге , оның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту арқылы жаңа сипатта ұсынуға негіз болады.

      Ұсынылатын  жаңа өнімнің тартымды келбеті  мен сату мәдениеті тұтынушыға  жағымды әсер ететіндей саясат  қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің  негізгі сипаттарын көрсете білу  маркетингтік жүйелі саясаттың маңызды буынына жатады.

      Аталған  бағыттағы маркетингтік қызметтің  негізгі міндеттері мыналар болуы  тиіс:

      Тұтынушылар талғамының өзгерісінің және оның себептерін зерттеу;

  1. Тұрғындардың ерекшеліктерін, ұстанымдарын ескере отырып, нарықта сұранысқа ие болатын жаңа өнімдерді анықтау (өндірістегі тиісті мамандардың кеңесіне сүйене отырып) және мұндай өнімдерге тұтынушылардың көзқарасын білу;
  2. Кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару қажеттілігін негіздеу (оның тиімділігін, мүмкін болатын өкізу көлемін және тұтынушылар);
  3. Жаңа өнімді өткізу бағыттарын, оның тұтынушылық қасиеттерінің ерекшеліктерін тұтынушыға жеткізу әдістерін белгілеу;

      Маркетингтік  жүйені қалыптастыруда бұл бөлім  жұмысының үшінші бағыты өнімнің сұранысын қалыптастыру жолдарын табу және жарнама қызметтерімен айналысуы тиіс.

      Өнімнің  сұранысын қалыптастыру және  кәсіпорынның жарнама қызметін  үйлестіру бағыты бойынша жұмыс  істейтін маркетингтік бөлімнің  негізгі міндеттері төмендегідей болуы тиіс:

  1. өнімнің сұранысын қалыптастыру бойынша қолдануы тиімді әдістерді анықтау;
  2. өткізуді ынталандыру шараларын ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттарын ұсыну;
  3. жарнама құралдары арқылы тұтынушыға өнімнің тұтынушылық ерекшеліктерін жеткізу және оның нәтижелігін қамтамасыз ету;
  4. өнімнің сұранысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа нарық “қуыстарын” зерттеу;
  5. кәсіпорынның мүмкіндігін ескере отырып, өндірушінің танымалдылығы мен сауда белгісінің беделін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқару;

      Соңғы кездері кәсіпорындағы маркетингтік жүйенің тиіділігін өнімнің өмірлік кезеңіне сай, атқаратын жұмыстарына қарап анықтау жолдары қолданылуда.

 

                       Бірінші бағыт                              Екінші бағыт                             Үшінші бағыт

 

 

Нарыққа

шығу

 

 

 

Өсу

 

 

 

 

Жетілу

 

 

 

 

 

Төмендеу

1

Өнімнің нарыққа ену

Мүмкіндіктерін зерттеу

2

Тұтынушының өнімге

қатысты көзқарасын

анықтау

3

 

Кең көлемді жарнама

4

Бәсекелестердің ықпалы

мен сатуды ұлғайту

мүмкіндіктерін болжау

5

Өнімнің беделін арттырған қасиеттерін анықтау

6

Белсенді жарнама

9

Өнімнің табыстылығын

арттыру жодарын зерттеу

 

8

Нарықтағы ұқсас өнімдердің жетістіктерін  ұдайы бақылау

9

Өткізуді ынталандырудың жаңа бағыттарын ұсыну

10

Өткізу көлемінің төмендеу себептерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау

11

Өнімнің жетілген жаңа түрлерін шығару саясатын қалыптастыру

12

Өткізудің барлық тиімді әдістерін  қолдану


 

      4 – сурет. Өнімнің өмірлік кезеңдерінде маркетингтік жүйенің атқаратын қызметі.

 

      Маркетингтік бөлім қызметінің негізгі бағыттарын өнімнің өмірлік кезеңдеріне байланысты үйлестіру кәсіпорынға нарықтағы өзгерістерді дер кезінде ескере отырып, өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру қадамдарын анықтауға жағдай жасайды.

      Жалпы  алғанда, нарықтық экономикаға тән кәсіпорын маркетингін ұйымдастыру – қазіргі уақыт талабы. Әлемдік үдерістердің көшінен қалып қоймау үшін де, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін де, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін де нарықпен жүйелі қатынастың тиімді құралы – маркетингті барынша кеңірек қолдану әрбір кәсіпорындағы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болғаны жөн.

      Маркетингтік  шаралардың көп қаржыны талап  ететінін ескере отырып, оның  қайтарымы да елеулі табыстарға  жеткізетінін назарға алу керек. Сондықтан – да Кәсіпорынға маркетингтік жүйе құрылымы мен оны ұсынылған нақты бағыттары негізінде жұмыс жасау бәсекелі нарықта қарқынды да, нәтижелі болуына септігін тигізеді.

            “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге   мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. “Raimbek agro” ЖШС жарнамалық стратегиясын және танымалдылығын арттыру.

       -  Тұтынушылардың көңілін аудару мақсатында келесі каналдар тиімді болып табылады:

  • пресса (көптеп оқылатын газеттер, журналдар, бюллетендер және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдар);
  • аудиовизуалдық құралдар (радио, кино, жәрмеңкелер мен көрмелерде арнайы видеоорнатулар, слайдтық фильмдер);
  • жарнама плакаттары ( халық көп жерлерге, жолдардың бойына әртүрлі бейнелік және мәтіндік жолдаулар);
  • транспорттағы жарнамалар;

      Өнімнің  сапасын жақсарту стратегиясын  жүргізуде, сапа көрсеткіштерінің  уақытқа байланысты өзгергіштігін  ескеру қажет. Сапаны жақсарту  стратегиясының элементі болып  ИСО 9000 халықаралық стандарттар негізінде құрылатын, сапаны басқару жүйесі болып табылады.

       Өнімнің   сапасын жақсарту стратегиясының  өткізудегі кері байланыс элементі, олардың сертификатталуы болып  табылады. Сертификатталған тауарларды  жарнамалауға, жаңа отандық сынақтыу  және сертификаттау орталықтарын ашу қажет.

      Өнімнің  бәсекеге қабіліттілігін көтеруде  жылдан – жылға таңдау мен жаңа өндіріс нарықтарына бейімделу мәселелері өсіп келе жатыр. Осыған байланысты кез – келген кәсіпорында осы облыс бойынша талдамалық ізденістер жасалу қажет. Жаңа өндіріс нарықтары өнімнің бәсекеге қабіліттілігін және өндіріс рентабельділігін өзгертіп жіберуі мүмкін.

      Өнімнің  бәсекеге қабіліттілігін жетілдіру  үшін, оны жаңа нарыққы шығару  қажет. Бірақ ол үшін алдымен  жаңа нарықтың жөндеу және  қызмет көрсетуде білікті жұмысшылармен қамтамасыз ету деңгейін анықтау қажет. Себебі кейін тұтынушылар өндірілетін өнімнің сенімділігін пе арттыруын талап етуі мүмкін.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта келсек, өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы деп айтсақ болады. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.

   Кез келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды. </span


Информация о работе Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру