Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 00:04, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық – инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек республика бойынша 700 – ге тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001 – ге ие болды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5

1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9

2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14

2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........23

3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............27

3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................27

3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Өнімнің-бәсекеге-қабілеттілігін-көтеру-жолдары.doc

— 444.00 Кб (Скачать документ)

 

                                                        12

                                                                           9


                        8


                              7


                                                                     6


                  5                                5         5


                                                                                 3


            2                                                                    


           


  1. 0

Агропродукт                                WBD

 

  1. – сурет. Қазақстан нарығындағы UNT – сүтін өндіретін компанияларының үлесі.

 

Бәсекелестерді бағалаумен қатар, өнімдерді салыстыру қажет. Осы мақсатта көрсеткіштер жүйесін  қолданамыз.

 

6 – кесте. Критерийлер жүйесі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.

 

Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштері

"Raimbek Agro" ЖШС

Бәсекелестер

                   Өнім

Буып - түю:

Сауда белгісінің беделі:

Қолданудың көпнұсқаулылығы:

Кепілдік мерзімі (сақтау мерзімі):

                   Баға

Прейскурантты:

Жарнама:

Тұтынушылар үшін

 

5

5

4

5

 

5

5

4

 

 

4

4

4

3

 

4

3

4

Барлығы

33 

26 


     

      “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде, бұл кәсіпорынның өнімі жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті деген шешім қабылдауға болады.

      Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін модельдеу  әдісі есептеу қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, универсалдылығымен, ашықтығымен, өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін жеткілікті деңгейде, объективті модельдеуге мүмкіндік  беретіндігімен ерекшеленеді.

      Кәсіпорын  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  модельдеу, бірнеше этаптардан тұрады:

      Жеке бәсеке артықшылығын (баға, сапа) модельдеу.

Мысалы: “Айналайын” сүті, “ФудМастер” сүтіне бағаға қатысты кері тәуелділікте болады.

      “Айналайын” сүті – 1л, 3,2% - 140тг

      “ФудМастер”  сүті – 1л, 3,2% - 135тг

                                               135

                                      α = --------- = 0,96;   (15)

                                               140

     α - “Айналайын” сүтінің, “ФудМастер” сүтіне бағаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі;

      2. Кәсіпорын  өнімнің, бәсекелестер өніміне  сапаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі  тура тәуелділікті көрсетеді.

                                               5

                                      β = --------- = 1,25;      (16)

                                                4

      β - “Айналайын” сүтінің, “ФудМастер” сүтіне, сапа критерийлерінің көлеміне қатысты бәсекеге қабілеттілігі;

      5 - “Айналайын”  сүтінің, сапа көрсеткішінің нақты деңгейі;

     4 - “ФудМастер” сүтінің, сапа көрсеткішінің нақты деңгейі;

 

      3.Кәсіпорын өнімнің жеке бәсекелік артықшылықтарын бәсекеге қабілеттілік моделінде біріктіру.

                                      J = 0,96*1,25 = 1,2      (17)

      J = сүттің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін интегралды көрсеткіш;

      “Айналайын”  сүтінің, “ФудМастер” сүтіне  қатынасы.

      Шешім: Егер J<1 болса, онда талданып отырған тауар бәсекеге қабілеттілік бойынша, екінші тауарға жол береді. J = 1,2

      Осындай  тәсілмен, біз, кәсіпорының өндірістік  қызметін талдап және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағаладық.

 

                                             

 

 

                       

 

 

3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ

3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, кәсіпорын өнімінің сапа және баға саясатын жетілдіру

      Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Ол үшін ең алдымен бізде өндірілетін өнімдер әлемдік талаптарға сай болуы керек. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, оның бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын  сапасын жақсарту мен баға саясатын жетілдіру қажеттілігі туындайды. [6]

      Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық өнімдерді өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта өнім түрлері бойынша негізгі өндіруші ірі мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.

      Сондықтан ішкі нарық өнімдерінің бәсекелік қабілеті ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Өнімдердің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. Әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып, халықаралық сапа стандартының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамадары болып саналады.

     Өнімнің сапасын арттыру үшін келесідей іс - әрекеттерді жүзеге асыру керек:

      −отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкетендіру;

      −сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілетін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру;

      −тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыда негіздеу;

      −өндірістік және ғылыми зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;

      −отандық қалыптасқан дістүр бойнша халықтық тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстан;

      −өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;

      −өнімнің сапасын көтеру жөнінде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

      −өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;

      −тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;

      −инновациялық озық үлгідегі құрал−жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту; [7]

      Жоғарыда айтылған шаралармен қатар, сапалы өнім өндіруде мемлекеттің ролі де маңызды болып табылады. Елімізде 2006 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсын өткізу белгіленген. Ол конкурстар еліміздегі кәсіпорындардың сапалы өнім шығаруын ынталандыру мақсатында  туындағаны мәлім. Конкурста берілетін сыйлықтармен қатар,  бір салық жылы ішінде корпоративтік табыс салығының 50 пайыздық жеңілдікке ие болатынын және екі жыл бойына сыйлық эмблемаларын  жарнамалық мақсаттар үшін пайдалана алатындарын ерекше атап көрсеткен жөн.

      “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығы өнімнің сапасы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай – ақ ұйымның сапаның басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін  конкурстық негізде жыл сайын беріледі.

      “Алтын сапа” конкурсының негізгі мақсаты мыналар болып саналады:

  1. заңды және жеке тұлғалардың отандық өнімінің сапасын арттыруға  бағытталған қызметті жандандыру;
  2. Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
  3. отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі замандағы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
  4. сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
  5. халық арасына сапа идеясын кеңінен тарату; [8]

       

      Нарықтық экономикада кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бісекеге қабілеті оның баға белгілеудегі ұстанып отырған саясатына тікелей байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның басты мақсаты тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.

      Бәсекелі  нарықтағы бағалық бәсекенің  өзі де кәсіпорындардың төмен  бағада өнім өткізу қабілеттерімен  тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.

      Өндірістік  кәсіпорындардың баға белгілеуге қатысты ұстанатын саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:

  • баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;
  • кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі  немесе төлем қабілеттілігі:
  • өнімді сату арқылы кәсіпорыннның дамуына және осының есебінен, ондағы қызметкерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;
  • өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да факторлардың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;
  • тұтынушыға психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға бәсекелік қабілет қорынан қалыптастыруда көтерме сауда қызметтерін үйлестіру;
  • ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуде бонустар, маусымдық жеңілдіктер.

      Бұл  жағдай еліміздегі кәсіпорындарға  ішкі нарықтарға өз үлестерін “тұтынушға тиімді баға” саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды қажет етеді. Алайда, баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға әсер ету аясына айланысты үш топұа бөліп қарастыруға болады.

    1. Ұсынысқа байланысты факторлар: ұсынылатын өнім мен бәсекелес өнімдердің ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен артықшылықтары;
    2. Сұранысқа байланысты факторлар: тұтынушылардың талғамы мен салт – дәстүр, әдет - ғұрып ерекшеліктері;
    3. Нақты тауарлы нарыққа байланысты факторлар: сұраныстың көлемі мен құрылымы, сұраныстың икемділігі, нарықтың сыйымдылығы,, сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі, ұқсас өнімдердің болуы.

      Өнім  өндіруші кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін тиімді баға белгілеу саясатын жүргізу, нарықтық факторлармен қатар бағаны қалыптастыру ерекшеліктерін де ескеруді міндеттейді.

      Кәсіпорынның  шығындылықты төмендету немесе  басқа да нарықтық тетіктер бойнша ұстанған баға саясаты, өз кезегінде, бағаны қалыптастыру әдісін анықтауға негіз болады.

      Бағаны қалыптастыру әдісі нарықтық ортаның кез – келген жағдайында үздіксіз жұмыс жасауы тиіс және нарық талабына сай икемді болғаны жөн. Жалпы алғанда, бағаны қалыптастырудың бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады.

  1. Шығынсыздыққа бағытталған мақсатты табыс – табысты белгілеу әдісі бойынша;
  2. Өнімнің құндылығын сездіру - өнімнің тұтынушылық қаиеттері бойынша;
  3. Өндіріс шығындары – шығындылық әдістері бойынша;
  4. Нарықтың сипаты – нарықтық әдістер бойынша;
  5. Өнімнің техника – экономикалық парамаетрлерінің мөлшерлік шығындары – параметрлік әдістер бойынша;

      Кәсіпорынның  бағаны қалыптастыру әдісінің  қай – қайсы болсын, ол сол кәсіпорынның ішкі жағдайына, нарықтағы орнына және алдағы даму стратегиясының қай бағытта жүргізілетініне тікелей байланысты. [9]

     

 

3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру –

бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі.

 

         Өнімнің бәсекелік қабілетін  арттыру бағытындағы жұмыстарды  жүргізу барысында назарға алынуы  тиіс мәселелердің бірі өнімнің тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.

          Еліміздегі өндірістік ұйымдардың  дамуы барысында нарықтық ерекшеліктерді  тез игеру үшін маркетинг жүйесін  қолдану қажеттілігі айқын.

Информация о работе Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру