Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:59, курсовая работа
Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі.------------------------------------- 4-10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы.------------------------------------------------------------ 4-6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.------------------------------------ 7-8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.-------------------------- 8-10.
II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.------------------------------11-22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру.-------------------------------- 11-14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу.-------------------------------------------------------------------- 14-19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу.----------------------------------------------------------------------- 20-22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі-----------------------------23-25.
3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі.---------------- 23-24.
3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.--------------------- 24-25.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------- 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------- 27
Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі дегеніміз, ғылыми-техникалық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол салыстырмалы өлшем бірлік үлестерімен немесе пайыз бойынша белгіленеді және шығындардың нәтижелілігін көрсетеді. Тиімділік теориясында ғылыми-техникалық прогрестің әсерін таза өнімнің көлемімен салыстыруға болады.
Салалар мен кәсіпорындар деңгейінде әсер ретінде таза өнім немесе таза өнімнің бір бөлігі – пайда алынады. Сонымен бірге әсерге – нақты еңбек шығындарын азайту, материал ресурстары мен күрделі қаржылардың шығындарын азайту жатады.
Ғылыми-техникалық прогрестің шығындарына – ресурстардың әсеріне жету үшін жұмсалған шығындардың барлық жиынтығы кіреді. Ұлттық экономика масштабында шығындарға – күрделі қаржылардың жиынтығы, айналым қорлары және нақты еңбек жатады. Салалар, кәсіпорындар үшін шығындар өзіндік құн немесе негізгі өндірістік қорлар қолданылады.
Ғылыми-техикалық прогрестің жалпы шараларына – еңбек құралдарымен (машиналар мен жабдықтар, ғимараттар, құралдар т.б.), еңбек заттарының (шикізат, материал, отын, энергия) жаңа түрлерін шығарып қолдану, қайта құру және жаңғырту, сонымен бірге өндірісті, еңбекті басқаруды ұйымдастырудың әдістерін жетілдіру жатады.
Ғылыми-техникалық прогрестің
шараларының экономикалық әсері
төмендегі формула бойынша
Эт = Рт - Шт,
Мұндағы: Эт - есептеу кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогресс шараларының экономикалық әсері;
Рт – есептеу кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогресс шаралары нәтижелерінің құндық бағасы;
Шт – есептеу кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогресс шараларына кеткен шығындардың құндық бағасы;
Есептеу кезеңіндегі нәтижелердің құндық бағасы мына формула бойынша анықталынады:
Рт = Ріаі;
Мұндағы, Рі – есептеу кезеңінің;
і – жылындағы нәтижелердің құндық бағасы;
аі – келтірілген шығындардың коэффициенті.
Ғылыми-техникалық прогресс шараларын іске асырудың шығындары мына формула бойынша анықталынады:
Шт = Штш + Штқ ,
Мұндағы, Штш – есептеу кезеңіндегі өнімді шығаруға кеткен шығындар;
Штқ – есептеу кезеңіндегі өнімді қолдануға кеткен шығындар.
Қорыта айтқанда, негізгі қорлардың шығарылуымен, еңбек құрал-жабдықтарын жетілдірумен, ғылым және техника жетістіктерінің арқасында өндірісті ұйымдастыру мен технологиялық процестерді дамытумен, ғылыми-техникалық прогрестің дамуын тездетуге және оның әлеуметтік экономикалық тиімділігін арттыруға негізделген шаралар жүйесін жасап шығаруға бағытталған, басқарудың ұйымдары мен факторлардың әртүрлі әдістерінің күрделі жүйесі.
Қорытынды.
Негізгі қордың заттық мазмұны - еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қажет істеп өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
Негізгі қорлар өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектің техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне қарай неізгі қорлар екі түрге - өндірістік және өндірістік емес бағыттағы қор болып бөлінеді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға жататындар – ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасап, соның нәтижесінде жанама әсер етеді. Бұған тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана, т.б. жатады.
Пайдалану үдерісінде негізгі өндірістік қорлар табиғи және сапалық жағынан тозады, сөйтіп, кәсіпорынды едәуір ысырапқа ұшыратады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар. Олар: құнын бірқалыпты жолмен есептен шығару; құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есептен шығару (өндірістік әдіс); жеделдетіп есептен шығару; қалдығын азайту жолымен есептен шығару; құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдық коэфициенті, жабдықтау жүктемесінің коэфициентін арттыру мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпкерлік негіздері», Алматы-2003;
Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері», Орал-2001;
Скляренко В.К. «Экономика предприятий», Москва-2003;
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік
Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004;
Информация о работе Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі