Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі.------------------------------------- 4-10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы.------------------------------------------------------------ 4-6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.------------------------------------ 7-8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.-------------------------- 8-10.

II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.------------------------------11-22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру.-------------------------------- 11-14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу.-------------------------------------------------------------------- 14-19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу.----------------------------------------------------------------------- 20-22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі-----------------------------23-25.
3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі.---------------- 23-24.
3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.--------------------- 24-25.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------- 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------- 27

Прикрепленные файлы: 1 файл

toki Өндірістегі негізгі қорлар.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

Негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу.

 

 

Мерзімі

 

Бастапқы

құны

 Екі еселенген

амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған

Жылдық амортизация сомасы

Айға есептел

ген амортиза

   цияның  сома

сы (тенге)

                                                                  

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында 

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

40%*100000=40000

40%*60000=24000

40%*36000=14400

40%*21600=8640

2960

 

 

40000

64000

78400

87040

90000

 

 

3333

5333

6533

7253

7500


 

 Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн  жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

Өндірістік әдіс бойынша  амортизацияны есептеу тау-кен  өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып  саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген  әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:

а) Кумулятивтік әдісі

ә) Азайып отыратын қалдық әдісі.

Кумулятивтік  әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталынады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.

Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының  қосындысы, ал алымында: бірінші жыл  үшін – 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші жыл үшін – 3, төртінші жыл үшін – 2, бесінші жыл үшін – 1 болатын  бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құны (90000 тенге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.

Төменде негізгі құралдардың  тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі бойынша есептеу жолы көрсетілген.

 

Негізгі құралдардың амортизацын (тозуын) кумулятивтік әдіс бойынша есептеу

 

Мерзімі

 

Бастапқы

құны

 Екі еселенген

амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған

Жылдық амортизация сомасы

Айға есептел

ген амортиза

   цияның  сома

сы (тенге)

                                                                  

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында 

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

5/15*90000=30000

4/15*90000=24000

3/15*90000=18000

2/15*90000=12000

1/15*90000=6000

 

 

30000

54000

72000

84000

90000

 

 

2500

4500

6000

7000

7500


 

Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз. Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады. (100%:5). Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40%(20%*2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.

Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген  кезде жойылу құны есепке алынбайды  деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100000 тенге. Бес жыл бойы амортизация  мынандай мөлшерде есептелінеді.

 

Мерзімі

 

Бастапқы

құны

 Екі еселенген

амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған

Жылдық амортизация сомасы

Айға есептел

ген амортиза

   цияның  сома

сы (тенге)

                                                                  

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында 

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

40%*100000=40000

40%*60000=24000

40%*36000=14400

40%*21600=8640

2960

 

 

40000

64000

78400

87040

90000

 

 

3333

5333

6533

7253

7500


 

2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін ашу.

Негізгі құралдардың  нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау  мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын  ұйымдастыру» деп аталатын стандартына  сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші  субъект өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен  баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттар және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

Мүлікті түгелдеу міндетіне  негізгі құралдардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгелдеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне  алынған мәліметтердің дұрыс  еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі  жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша – олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар саны, салынған жылы және т.б. көрсетіледі.

Мүліктік түгелдеу нәтижелері сол мүліктік түгелдеу аяқталған  айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгелдеу карточкалары толтырылады; кем шыққан негізгі құралдар баланстан  есептен шығарылады, ал оның карточкасы «Мұражай» («Архив») бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгелдеудің мәліметтері «Негізгі құралдардың мүліктік түгелдеу нәижелерінің салыстыру тізімдемелеріне» енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәліметтерде алшақтықтар болған кезде.

Кем немесе артық шықандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданылатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы – ең басты құжат болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектінің қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттардың мәні ашылуы тиіс: негізгі құралдың әрбір түрі бойынша  бастапқы құны; пайдалануға берілген және есептен шыққан кезі; бастапқы құнның өзгеру себептері; амортизацияны есептеу үшін пайдаланылатын тәсілі; есептік кезеңнің басына және соңына жинақталған амортзация сомасы; егер де қайта бағалау жүргізілсе: әрбір негізгі құралдың ағымдағы құны; бағалауды жүргізудің кезеңі және күні, әдісі, сондай-ақ эксперттік бағалауды кімнің жүргізгені және т.б.

Сондай-ақ, қаржылық есеп беруді пайдаланатындар үшін уақытша  пайдаланбай тұрған негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін кепілдікке берілген негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыстың есептік кезең соңына қалған құны т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі.

 

3.1. Ғылыми-техникалық  прогресс - өндірісті идентификацияландыру  мен дамытудың негізі.

 

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың, технологияның үздіксіз даму, еңбек заттарының, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жетілдіру процесі. Қазіргі жағдайда мемлекеттер арасындағы күштердің арасалмағы тек олардың қолында бар ресурстардың, капиталдың, шикізаттың немесе жұмыс күшінің мөлшерімен ғана емес, сонымен бірге олардың ғылыми-техникалық жағдайымен, әлеуметтік және оны тиімді пайдалану дәрежесімен де айқындалады.

Ғылыми-техникалық прогресс өзінің дамуы барысында 2 формада  кездеседі – эволюциялық және революциялық.

Ғылыми-техникалық прогрестің эволюциялық формасы әдетте техникалық құралдар мен технологияның біртіндеп, үздіксіз дамып отыруын көрсетеді. Бұл процестер ұзақ уақыт бойы болып отыруы және бастапқы кезеңдерінде маңызды экономикалық нәтижелер  беруі мүмкін.

Белгілі бір даму сатысында  техникалық жетістіктердің көбеюі салдарынан өндіргіш күштердің түп тамыры өзгеруі  мүмкін, сол арқылы қоғамдық еңбектің, сапалы, жаңа, аса жоғары өнімділігіне жетудің жағдайы туындайды. Бұл арада революциялық жағдай орын алады.

Ғылыми-техникалық прогрестің революциялық формасы арқылы өндірістің материалды-техникалық базасына сапалы өзгерістер енгізуге болады.

Ғылыми-техникалық прогрестің өндірісті дамытуда және интенсификацияландыруда  алар орны ерекше. Ол өндірістің барлық процестерін: фундаменталдық, теоретикалық зерттеулерді, конструкторлық-технологиялық шешімдерді, техниканың жаңа түрлерін шығаруды, оларды өндіріске енгізуді қамтиды. Өнеркәсіптік материалдық-техникалық базасы жаңарады, еңбек өнімділігі өседі, өндірістің тиімділігі артады.

Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарына: өндірісті комплекстік механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру және электрофикаттау жатады.

Өндірісті комплекстік  механикаландыру мен автоматтандыруға бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтыратын машиналар, аппараттар, приборлар мен құрал-жабдықтарды өндірістің барлық учаскелерінде, операцияларында кең қолданылуы жатады. Ол өндірісті интенсификацияландыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, еңбек жағдайының жеңілденуіне және жақсаруына, өнімнің еңбек сыйымдылығының азаюына ықпал етеді.

 

3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.

Информация о работе Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі