Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі.------------------------------------- 4-10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы.------------------------------------------------------------ 4-6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.------------------------------------ 7-8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.-------------------------- 8-10.

II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.------------------------------11-22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру.-------------------------------- 11-14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу.-------------------------------------------------------------------- 14-19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу.----------------------------------------------------------------------- 20-22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі-----------------------------23-25.
3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі.---------------- 23-24.
3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.--------------------- 24-25.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------- 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------- 27

Прикрепленные файлы: 1 файл

toki Өндірістегі негізгі қорлар.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

                            Қ   =  ,


                                         ӨҚ

 

Мұнда, ҚӨ - жыл ішіндегі өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты

   бөлігінің құны, тенге.

             ӨҚ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тенге.

Қор қайтарымы көрсеткішінің  артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорды пайдалануды  жақсартатынын немесе керісінше  көрсетеді. Негізгі қорды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияяны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет.

Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалмауын азайту, ауыстыру коэфициенттерін көбейту жолымен қол жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Бөлім. Негізгі  қорлардың есебі.

 

2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру.

 

Негізгі құралдар негізінен  өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынандай құжаттармен рәсімделеді.

Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген  объектілерді енгізу үшін; қолданып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға рәсімдеу үшін , сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір  данадан акт жасайды. Негізгі қорлардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір каленьдарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе оған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдардың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0 %-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі қорлардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы мен қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқа екеуі өткізуші субъектіге қалады (онда бірінші дана негізгі  құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі – есеп айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі қорлар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні  материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге  мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі қорларды алу туралы жазбасы жасалады.

Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл  карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі қорлардың актілері, техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдардың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңаланған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.

Бухгалтерияда толтырылған мүліктік карточкалардың негізінде негізгі  қорлардың есебі бойынша жасалатын  мүліктік карточкасын Тізімдемеге  тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың  жіктемесі бойынша бір дана жасалады.

Тіркеу кезінде карточкаларды  нөмірлейді, содан кейін негізгі  құралдарды жіктік топтары бойынша  сақтайды, ал бұл топтар ішінде –  қолдану орындары мен материалдық  жауапты адамдар және негізгі  қралдар түрлері бобйынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: «Қолданыстағы негізгі құралдар» («Үйлер», «Ғимараттар», «Өткізгіш тетіктер» және басқа жіктік топтары бойынша), сондай-ақ «Ағымдағы айда келіп түскені», «Ағымдағы айда шығып кеткені», «Ішкі орын ауыстырғандағы», «Жөндеудегі», «Қордағы», «Тоқтап тұрғаны (консервациядағы)», «Жалға берілген негізгі құралдар», «Архив».

Ай ішінде «Түскендері», «Есептен шыққандары» және «Ішкі  орын ауыстырғандары» бөлімдерінің карточкалары 12 – «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін катотеканы тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін тоқтап тұруы біткеннен кейін, қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды «Архив» бөлімшесінде орналастырылады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.

Субъектінің материалдық жауапты  адамын бекітілген негізгі құралдардың  барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша  негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне  енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты  адамдарда сақталады және жедел  мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі қралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болуы керек.

 

2.2. Негізгі құралдардың  тозуын және амортизациясын есептеу.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.

№6 – шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Амортизацияланған құн бастапқы құн  мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға  берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация есепеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған  негізгі құралдар бойынша амортизацияны  есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

Мына төмендегі негізгі  құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана  қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш  архитектурасы мен өнері, ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолдары.

Негізгі құралдардың  амортизациясын есептеудің әр түрлі  әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші  субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

  • құнын бірқалыпты жолмен есептен шығару;
  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
  • жеделдетіп есептен шығару;
  • қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
  • құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың  құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі , яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

  • қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөдеу мәселесі мен техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері және т.б.).
  • Қазақстан Республикасының салық заңдарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100 000 тенге, 5 жыл мерзім өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 тенгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнының 20% -ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 тенге болады.

Негізгі құралдардың  амортизациясының бірқалыпты әдісі  мына формула бойынша есептелінеді:

 

              Бастапқы құн – жойылу құны               100 000 – 10 000

   =    =  18 000 ; 


                          Пайдалану мерзімі                             5 жыл

 

 

 

Осыған сәйкес ай сайынғы  амортизация сомасы 150 мың тенгеге  тең болады (18 000 : 12).

    Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі

 

Мерзімі

 

Бастапқы

құны

 

Амортизацияның жылдық сомасы

 

Жинақталған

тозу сомасы

 

 

Қалдық құны

                                                                  

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында 

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

18000

18000

18000

18000

18000

 

 

18000

36000

54000

72000

90000

 

 

82000

64000

46000

28000

10000


 

Негізгі құралдарды пайдалану  барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

Амортизацияны  (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 км-ге есептелген. Онда әрбір км-ге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

 

      

 

      

Бастапқы құн –  жойылу құны                       = (100 000 -10000):900000 = 0,10 тг.

 Орындалатын жұмыстың болжамды  мөлшері


 

Егер пайдаланудың бірінші  жылында автокөлік 200 000 шақырым жол жүрсе, екінші жылы – 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100 000 шақырым, төртінші жылы – 200 000 шақырым және бесінші жылы – 100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын төмендегі жолмен есептелінеді.

Информация о работе Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі