Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі.------------------------------------- 4-10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы.------------------------------------------------------------ 4-6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.------------------------------------ 7-8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.-------------------------- 8-10.

II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.------------------------------11-22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру.-------------------------------- 11-14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу.-------------------------------------------------------------------- 14-19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу.----------------------------------------------------------------------- 20-22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі-----------------------------23-25.
3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі.---------------- 23-24.
3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.--------------------- 24-25.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------- 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------- 27

Прикрепленные файлы: 1 файл

toki Өндірістегі негізгі қорлар.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)


                                   

 

Жоспар:

 

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3.

I.Бөлім.   Негізгі қор және кәсіпорынның  онымен                                                                                                                      

               қамтамасыз  етілуі.------------------------------------- 4-10.

         1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы

         және құрылымы.------------------------------------------------------------ 4-6.

         1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.------------------------------------ 7-8.

         1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.-------------------------- 8-10.

 

II Бөлім. Негізгі  қорлардың есебі.------------------------------11-22.

   2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның                

          аналитикалық есебін ұйымдастыру.-------------------------------- 11-14.

   2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын

          есептеу.-------------------------------------------------------------------- 14-19.

    2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін

           ашу.----------------------------------------------------------------------- 20-22.

III Бөлім. Өндірістегі  Ғылыми-техникалық прогрестің                   

экономикалық  тиімділігі-----------------------------23-25.

     3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті                                                                        

          идентификацияландыру  мен дамытудың негізі.---------------- 23-24.

     3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.--------------------- 24-25.

Қорытынды--------------------------------------------------------------------- 26.

Қолданылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------- 27.

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Менің бұл курстық  жұмысымды жазудағы мақсатым өндірістегі  негізгі қорлардың мәнін, олардың  түрлері мен құрылымын және негізгі  капиталдың қолданылуы, тозуы мен  амортизациясы, өндірістегі олардың  есеп-қисабын есептеу әдістері және сол өндірісті дамытудағы әсері жайында жазу болып табылады.

Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықты ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Бірінші жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да метериалдардың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды-заттық құрама принципіне негізгі қорлар мыналардан тұрады – ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік мақсаттық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.

Негізгі қорлар кәсіпорынға  келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру  мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.

 Сонымен қатар,  негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық  прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді

I Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі.

 

      1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.

 

Негізгі қорлар дегеніміз  ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық – заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың екі  түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс  саласында жұмыс істейтін негізгі  қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік  негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орнындары және тағы басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып  табылады және олардың құрамы мен  құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.

Негізгі қорлардың  сыныптамасы.

Топтардың аттары.

Қолданылуы және қысқаша  мінездемесі.

         I. Ғимараттар

   

өндірістік ахитектура және құрылыс  объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

II. Құрылыстар.

өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс объектілері.

III. Жіберу құралдары.

Энергияны, сұйық және газ түріндегі  заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)

IV. Машина мен құралдар

1. Күш машиналары мен құралдар.

(генераторлар, электор бөлшектер,  бу машиналары, турбиналар т.б.)

2. Жұмыс машиналары мен құралдар.

Технологиялық процеске тікелей қатысатын  құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер және т.б.)

3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабороториялық құралдар.

Өндіріс процесін қол еңбегімен  немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабароториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.

5. Есептеу техникасы.

Математикалық есептерді шешуді тездетуге  қажетті құралдар жиынтығы.

V. Тасымалдау құралдары.

Кәсіпорын көлеміндегі адамдар  мен жүктерді тасымалдауға қажетті  көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

VI. Құрал-сайман.

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)

VII. Өндірістік түгендеме

(инвентарь)

өндірістік операциялардыорындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап  т.б.)

VIII. Шаруашылық түгендеме (инвентарь)

Көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.


 

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар  әсер етеді: шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру мен механикаландыру деңгейі, мамандандыру мен бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайы және т.б.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

    • Негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
    • Негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
    • Негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері.

1-топ көрсеткіштеріне:  құралдарды экстенсивті қолдану  коэфициенті, құралдардың сменалық  жұмыс жасау коэффициенті, құралдарды  толық пайдалану коэффициенті  жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшеріне қолданылу деңгейін көрсетеді.

2-топ өндірістік қорларды жедел  түрде қолдану көрсеткіші негізгі  қорлардың нақты өнімділігін  оның нормативтік өнімділігіне  бөлу арқылы анықталынады.

                                                Кинт= Вф / ВН;

Құралдарды интегралдық қолдану  коэффициенті құралдарды экстенсивті  және интенсивті қолдану коэффициентеріне көбейту арқылы анықталынады, және ол құралдардың уақыт бойынша  және өнімділігі бойынша қолданылуын  сипаттайды.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына  келтіру үшін қаражаттың қорлануы,  оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі қорлардың кез келген объектілері  табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік  ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте  жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп, алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды қайта жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан негізгі қорларды әсіресе, олрадың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

      1. Амортизациялық аударым жарнасы.

Негізгі қорлардың табиға және сапалық тозуы олардың құнының  экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация  – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорын экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.

Екінші жағынан, амортизациялық кемітілген үлесі негізгі қорды сатып  алуға құралған қаржының айналым  мерзімін ұзартады, ал бұл олардың  ескіріп қалуына әкеліп соғады. Міне осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық  құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын  жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың процент есебіндегі қатынасы.

Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизациялық мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты, амортизациялық мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

ҚБҚ – ҚЖ

                                            МА=                                * 100 %,


ҚБҚ * МҚ

 

 

Мұндағы, МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация                                                                         

                мөлшері,(%),

                 ҚБҚ - негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,

                 ҚЖ – жойылу құны,

                 МҚ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Нкегізгі қорларды толық  қайта құруға кеткен амортизациялық аударымның көлемі мына формула арқылы анықталынады:

А = Н * Ф,

Мұндағы: Н – амортизациялық нормасы (%);

                         Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге.

Амортизация мөлшері  қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде, мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау керек:

    • Негізгі қорлардың төзімділігі;
    • Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
    • Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
    • Жабдықтау балансы;
    • Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу технакаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту  үшін тездетілген төлемді қолдану мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.

 

 

      1. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.

Кәсіпорында негізгі  қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын  басты көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың тенгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:

  V

                            Қ қ =  ,


                   Қ

 

Мұнда, V – жыл ішіндегі өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн                              

               есебімен,

             Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Бұл негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім  мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғарғы дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (тенге).

 

                                         ҚӨ

Информация о работе Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі