Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 18:09, дипломная работа

Краткое описание

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
- Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «ЖАСИ» ЖШС – ның технико – экономикалық сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
- Қазақстан Республикасын қағаз бен картон шығару нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін және « ЖАСИ» ЖШС – ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................6
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы..................................6
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар....................9
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері......................11
2. «ЖАСИ» ЖШС-ның ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ..............................16
2.1 «ЖАСИ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы...............................................................................................................16
2.2 «ЖАСИ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау..........................................................................................................................27
3. «ЖАСИ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ............................................................................................................. 31
3.1 Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі ................................31
3.2 «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін жоғарлату шаралары...............33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ...................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом нарык жагдайында ондирис тиимдилигин талдау.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

 Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................6

1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық  мәні және маңызы..................................6

1.2   Өндірістің экономикалық  тиімділігіне әсер ететін  факторлар....................9

1.3   Өндірістің экономикалық  тиімділігін бағалау  көрсеткіштері......................11

 

2. «ЖАСИ» ЖШС-ның  ӨНДІРІС  ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ..............................16

    1. «ЖАСИ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы...............................................................................................................16
    2. «ЖАСИ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау..........................................................................................................................27

3. «ЖАСИ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ............................................................................................................. 31

3.1 Инновация - өндіріс тиімділігін  жоғарылатудың негізі ................................31

3.2  «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін жоғарлату шаралары...............33

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................37

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ...................................................40

                                      

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының  басты және қозғаушы күштерінің  көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз»./1/

          Бүгінде  еліміздің алдында жаңа, өршіл  міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің  бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің  қатарына кіру үшін барлық  алғышарттар бар. ҚР Президенті  үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді./2/ Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық  даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.

Ең алдымен, Қазақстанның  экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге ” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика  әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.

Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында  туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7  басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған. 

Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал – жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық  ынталандырудың  болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.  

Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы –  ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.

Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы. /3/

 «Өнеркәсіптік  кәсіпорында  өндіріс тиімділігін арттыру  жолдары» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:

  • Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін      қарастыру;
  • Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың  көрсеткіштерін талдау;
  • Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару  нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
  • «ЖАСИ» ЖШС – ның технико – экономикалық  сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
  • Қазақстан Республикасын қағаз бен картон шығару нарығының  дамуын қолдау мүмкіндіктерін және « ЖАСИ» ЖШС –  ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

 Дипломдық жұмыстың зерттеу  обьектісі - Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан  «ЖАСИ» ЖШС-гі. Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау және арттыру бойынша еліміздің және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары мерзімді баспа сөздегі мәліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары қағаз шығару мен айналысатын « ЖАСИ » ЖШС – ның жылдық есептемелік құжаттары құрайды.   

 Дипломық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және  пайдаланылған әдебиеттер көздерінен  тұрады.

 Бірінші бөлімінде жалпы  экономикалық тиімділік көрсеткішінің  теориялық аспектілері ашылады.

 Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан  Республикасының картон мен қағаз  нарығының даму тенденциялары, осы  саланың құрамына енетін «ЖАСИ»  ЖШС-ның даму тарихы, қаржы экономикалық  жағдайы, өндірісінің экономикалық  тиімділігі көрсеткіштері талданды.

Үшінші бөлімінде картон мен қағаз өндірісінің  дамуы және жетілдіруін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуы, « ЖАСИ » ЖШС – ның өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

 

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС  ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Өндіріс тиімділігінің  экономикалық мәні және маңызы

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды  ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия  және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру. /5/

Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.

Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.

Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы  нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.

 Ғаламды өндіріс тиімділігі  жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай  деген “уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда” /7/. Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.

Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша,  өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі /8/. Ал  М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория /9/.

А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.

Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен  

  - жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім              өндіру);

  - өндірістің тиімділігі: өндірістік  ысырап - өндіріс барысындағы                 қалдықтар пайызы;

  - қаржылық тиімділік: активтердің  айналымдығы (кәсіпорын активтері          нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) /10/.

Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы /11/. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.

Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.

Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.  Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты  -  нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу.  Табыс мен шығындардың  қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып,  ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді /14/. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат  бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

  - өндірістің технологиялық базасын дамыту;

  - өндірістегі инновоция;   

  - өндірістік шығындардың экономикалық  тиімділігін арттыру;

   - инвестициялық саясатты  оңтайландыру,

   - өндірістік жүйенің құрылымын  жетілдіру.

 Өндірістің  тиімділігі өндірістік  шығындарды төмендетуге тәуелді.  Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді /15/.

- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде  материал, еңбек және                        қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;

-  төмендетілуі тиіс шығындардың  түрін талдау; бірнеше шығындар                   түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

-  жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын  алу;

-  шығындардың әр элементінің  жағдайын жүйелі бақылау;

-  ұсынылған жаңа әдістерді  әзірлеу, олардың енгізілу және                     сақталуын бақылау;

Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:

Информация о работе Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы