Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 09:26, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтардың дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу жөне орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде).
КІРІСПЕ
І МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты
1.2 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет аспектілері
1.3 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
ІІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Астана қаласының муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметі
2.2 Астана қаласындағы муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызметті жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.2 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет аспектісі
Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты түтыну тауарларымен молайту жөне экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы өрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге үлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорла-ры болып табылады.
Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі. Инвестициялардың екі түрі болады: тура жөне портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің ез төуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жүмсауы. Портфелдік инвестициялар -қаражаттарды жалған капиталға басқа елдің заңи жөне жеке түлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жүмыс істеу қүқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рүқсат-тар беру, рүқсатнама беру және т.б.;
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңіддетілген мелшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары);
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтамассыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамга инвестиция үғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде өлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты зандылығына айналып кеткен үғым болып табылады. Әу баста елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының түрақтылығына мүмкіндік береді. 2008 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңце Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялар-дың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, ете жоғары рейтингін берді. Бүл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бүған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси турлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны түлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта қүру жене даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-өрекетті үйлестірудің үлкен мөні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 80 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сөйкес республика халы-қаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мушелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық үйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Туризм әлемнің кептеген елдерінде экономика мен қорша-ған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешенді фаьсгор болып табылады. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы туризм жалпы ұлттық өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Бұл туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім. Статистика жөніндегі республикалық агенттік мәліметтері бойынша 2009 жылы елімізде 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жүмыс істеп, 529 мың туристер мен экскурсанттар қызметін пайдаланған. Туристік фирмалардың негізгі кіріс көздері жолсапарлық туризм болып табылады, оның үлесі 61,2 % қүрайды.Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына салынатын қосымша қүн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді және т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі танда республикада туристік саланы дамытудың шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның өзіндегі, онымен сабақтас салалардағы менеджменттің әлсіздігі, туристік инфрақүрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды жөне басқа қызметкерлерді үстауды жөне олардың жүмысын қаржыландыру дамудың кәзіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секідді 64 халықаралық үйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде 32 елшілік, 4 түрақты өкілдік, 2 диплома-тиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық жөне 1 төлқүжатвиза қызметі жүмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық зандарында қаланған. Бүл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика косіпорындарының, ұйымдарының жөне аймақтардың дербеспгігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу жөне орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қам-тамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде).
Қазақстан экономикасы ушін
аймақтық экономикалық реттеу оның ерекшеліктеріне
байланысты өте маңызды болып табылады
Мемлекет тарапынан аймақтар экономикасын реттеу қажеттілігі әр аймақта өзіндік шешілуіқиын проблемалардың болуынан.Мемлекет тарапынан төмендегідей шаралар жүзеге асырлуы тиіс:
Аймақтар экономикасын дамуының құрамдас бөлігі болыпаумақтық еңбек бөлнісі арқылы анықталатын экономикалық пропорциялар танылады олардың ара –қатынасы аймақ бойынша табиғи байлвқтарды игеру және климаттық жағдайларғатәуелді аймақтық пропорцияларды реттеудің негізі болып төмендегілер танылады:
Аймақтық басымдылықтарды анықтау өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру тиімді мемлекеттік макроэкономикалық саясатты қалыптастыру мемлект аралық және аймақ аралық байланыстар жүйесін қалыптастыруды жалпы републикалық мүдделердің басымдылығын қамтамасыз ету.Аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін аймақтың еңбек бөлінуінің артықшылықтарын аймақтардың экономикалық өзара байланысын тиімді пайдалану экономикалық даму процесі аймақтардабелгілібір фактордыңболун талап етеді экономикалық ретегіштер жүйесііне жоспарлық бюджеттік қаржы несиелі баға инвеститциялық тағы басқа жатады.
Аймақтар экономикасының дамуын мемлекет тарапынан реттеу жоғарыда айтылған себепткрге байланысты емес сонымен қатар республиканың барлық аумақтар мүддесі үшін жүргізіледі сол себепті мемлекет аймақтар халқының өмір сүру деңгейін жоғарлату бойынша арнайы бағдарламалар қабылдайды артақалған аймақтарға қарау мақсатында төмендегі шаралар қолданады:
1.Жергілікті бюджеттерді қолдау мақсатында республикалық бюджетке алымдар ставкасын төмендету;
2.Аймақта жеке дамыту мақсатында субсидиялар беру;
3.Белгіленген аумақтың шаруашылық жүиелер үшін мемлекеттік қолдау шараларын қоғамдық қатынастардың реттеуге ұсынылып отырған салаларын жан-жақты және толық зерделеу мақсатында заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптамаларды міндетті түрде жүргізу енгізілетін болады, бұл сондай-ақ, заңнаманың тұрақтылығына және тұтастай оның сапасын толығымен жақсартуға ықпал етеді.
Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласында мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан халықаралық шарттарды түгендеуді аяқтау алда тұр.
Осылайша, бұл заң жобасының мақсаты азаматтардың басқарушылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Мемлекеттік реттеу жүйесінде ықпел ету әдістері формаларын ұйымдық құрлымды құқықтық құжаттарды қамтиды
Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәрдемдесетіні сөзсіз.
Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттың, өркениеттер арасындағы диалогтың, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен ықпалдастықтың бірден бір орталығына айналуынамүмкіндік береді.
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы ретінде сайлануы бұл беделді ұйымның қазіргі заманның басты қатерлері мен уақыт сынына қарсы әлдеқайда серпінді де сенімді жауап қатуына мүмкіндік беретініне кәміл сенемін.
Мемлекет басқару органдары орталық әкімшілік және аймақтық болып үшке бөлінеді.
Муниципалдық құрлымдағы Сыртқы экономикалық қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты — ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық бағамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы қүрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты жүргізгенде валютаға сүраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының негізінде ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта жөне кредит операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға құқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, үйымдардың, банктердің сыртқы экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі қүрылуда.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйкес импорттық баждар қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтасэкономикалық кеңес шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері жөніндегі үлттық заңнама сөйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық курс экономикалық одақты сақтау жөне тәртіпке келтіру, бұл елдердің көсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс, кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты қайта бағдарлау женіндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, ұлттық банктің қүрылымында сырт-қы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жүмыс істейді.
Информация о работе Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты