Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 09:26, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтардың дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу жөне орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде).

Содержание

КІРІСПЕ

І МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты
1.2 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет аспектілері
1.3 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

ІІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Астана қаласының муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметі
2.2 Астана қаласындағы муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызметті жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой алия.doc

— 396.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

 

І МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты

1.2 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет аспектілері

1.3 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

 

 ІІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЛЫМДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕОНЫ ЖЕТІЛДІРУ   ЖОЛДАРЫ

2.1 Астана қаласының муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметі

2.2 Астана қаласындағы муниципалдық құрлымдағысыртқы экономикалық қызметті жетілдіру жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтардың дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу жөне орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде).Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды түлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады.

    Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жумсау нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке "капиталдың кемуі" болып табылады.

     Курстық жұмыстың мақсаты муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты түтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы өрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге үлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады

    Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секідді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде 32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық жөне 1 төлқұжат виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.

     Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық зандарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгілінеді:

  • Муниципалдық құрлымдардағы сыртқы экономикалық қызметті дамыту;
  • Муниципалдық құрлымдардағы сыртқы экономикалық қызметті реттей отырып оның болашақтағы мақсат-міндеттерін айқындау;
  • Астана қаласының муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметі және оның қазірігі жағдайы мен болашағын айқындау;
  • Астана қаласының муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру жолдары;

Курстық жұмыстың құрлымы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты

 

Нарыққа көшу өзара  байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың қүралы болып табылады .

      Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасы-нан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен терендей түсуіне жөрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды  дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

-қаржы көздерін іздестіру жөне халықаралық ынтымақтас-тықтың өр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жүмылдыру;

-халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

-халықаралық қатынастардың әрбір түрін жөне бүл қатынас-тардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1)  сыртқы сауда;

2)  шетелдік инвестициялау: бірлескен көсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;

3)  концессиялар — елдің аумағында шаруашылық жөне өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ре-сурстарды, өр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік қүқықтарын алу, меншікті жалдау;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы;   сыртқы экономикалық қызметтің бүл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланыс-ты жөне халықаралық қаржы және басқа үйымдарға жарналар төленеді;

5)  ғылым,  техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынты-мақтастық;

6)шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды жөне басқа қызметкерлерді үстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

 

Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жүмсау нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бүл түрі Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке "капиталдың кемуі" болып табылады.

Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды — айрықша құқықтық жене экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік технологиялар мен басқару төжірбиесін тарту мақсатымен қүрылады.

Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту рес-публиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап жөне кредит қатынастарының негізіне қойылған .

Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге қәзіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге - 50% тиеді, оның үстіне мүнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22,4% , химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% ала-ды. Агроөнеркөсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық жөне былғары шикізаты болып қалуда.

Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі -валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім ендіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, ауыстырып тиеу, порттарда, стансияларда сақтау шығындарының) ара салмағы үғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады.

 

      Сурет 1-  2011 жылғы импорт пен экспорттың тауарлық құрылымы

Ақпарат көзі:ҚР-сы статистика Агенттігінің ақпараты негізінде 

 

Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті жөне ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар - 41%, химия енімдері, пластмассалар, каучук - 15% , минералдық өнімдер - 13%, асыл емес металдар мен оларды ендіруге арналған шикізат - 9%, басқадай баптар -11% болып табылады.

Импорт:

 

- еркін айналымға арналған  шетелдік тауарлар;

- импорт режиміне сәйкес (экспорт режиміне сәйкес бұрын  әкетілген және еркін айналымға  шығарылған) қазақстандық тауарлар;

- кедендік аумақта қайта  өңдеуге арналған шетелдік тауарлар;

- еркін айналым үшін  қайта өңдеуге арналған шетелдік  тауарлар;

- кедендік аумақтан тыс  қайта өңдеуден кейінгі қазақстандық  тауарлар;

- кері импорт режиміне  сәйкес қазақстандық тауарлар;

- еркін кеден  аймағына және еркін қоймаға  шетелдік тауарлар;

- мемлекет пайдасы  үшін тұлға бас тартатын шетелдік  тауарлар;

- бажсыз сауда  дүкендеріне шетелдік тауарлар;

- бір жылға  және одан көп мерзіммен жалдауға  арналған шетелдік тауарлар;

- кейіннен кері экспорттау мақсатында мемлекеттің аумағына әкелінетін шетелдік тауарлар;

- мемлекеттің  аумағынан әкелінетін және кеден  қоймасына орналастырылатын шетелдік та

 

Сурет- 2- 2011 жылғы импортың тауарлық құрлымы

Ақпарат көзі:ҚР-сы статистика Агенттігінің ақпараты негізінде

 

Экспорт

- экспорттың  кедендік режимге сәйкес (ҚР аумағында  өндірілген немесе қайта өңделген  тауарлар) қазақстанда шығарылған  тауарлар;

- экспорттың  кедендік режимге сәйкес (бұрын  импортталған және елдің аумағындағы  еркін айналымына шығарылған) қазақстандық тауарлар;

- кедендік аумақта  қайта өңдеуден кейінгі шетелдік  тауарлар;

- елдің кедендік  аумақтан тыс қайта өңдеу үшін  әкетілетін қазақстандық тауарлар;

- экспорт режимінде  кеден қоймасынан әкетілетін  қазақстандық тауарлар;

- кері экспорт режиміне сәйкес шетелдік тауарлар;

- экспорт режимінде  еркін кеден аймағынан және  еркін қоймадан әкетілетін тауарлар;

- бір жылға  және одан көп мерзіммен жалдауға  арналған қазақстандық тауарлар.

 

 

  Сурет 3- 2011 жылғы экоспорттың тауарлық құрлымы

 

Ақпарат көзі:ҚР-сы статистика Агенттігінің ақпараты негізінде 

 

     Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып түсуі таза экспорт таза ұлттық өнім көлеміне , оның мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты үлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бүл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едөуір ара салмағы жағдайын-да) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражат-тардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда үзақ мерзімде бүл қүбьшыс телем балансының пассивін теңестіру үшін пайда-ланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына үрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.

Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың  негізгі әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып  отыр.

Информация о работе Муниципалдық құрлымдағы сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыты