Лизингтік операцияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 21:52, курсовая работа

Краткое описание

Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды. Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің түрлері.................................................................
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар......................................

2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы........
2.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері..................

3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары.....................................................................................

Қорытынды...................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жум лизинг.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Экономиканың инвестициялық  кезеңінің дамуы лизингтік бизнестің  кең тарауына үлкен жол ашады. Осыған сәйкес Қазақстанда лизингтің даму үрдісіне жалпы экономиканы, объективтік және субъективтік мәселелері мен факторлары әсер ететіні айқын болып отыр. Бұл факторлардың кейбіреулері  лизингтік дамуына кері әсерін тигізгенмен кейбіреулері жол ашып отырады. Қазақстандағы лизингтің дамуына жасалған сараптама бұған дәлел және ол бойынша 1992-1994 жылдар лизингтің дамуына қолайсыз кезең болса, 1995-1997 жылдарда мемлекеттік және аралас лизингті ұйымдастыру есебінен біршама жоғарылағаннын  көруге болады.

Бірақта лизингтік тез дамуына, әсіресе коммерциялық лизингке, осы кезеңде бірқатар шешілмеген мәселелер әсер етті және әсер етіп келеді де. Олардың арасында келесі мәселелерді атап көрсетуге болады: көлік құралдарына және құрал жабдықтарға бағаның пропорционалды және бірқалыпты өспеуі, көлік пен құрал жабдықтарды лизингке алуды қаржыландыру үшін ішкі және сыртқы қаржы көздерін инвестицияларды іздеу мен тарту, лизингі негізінде көліктермен құрал жабдықтарды алу және жеткізу көздерін, инвестицияларды іздеумен тарту, лизингтік бизнесті дамыту және реттеуді нормативтік құқықтық базасының әліде болса жеткіліксіздігі, сондай – ақ лизингке мемлекет тарапынан қолдау  көрсету механизмінің жүйесіздігі  және жеткілікті түрде қызмет етпеуі.

Қазақстанда лизингтік  дамуы біздің ойымызша негізгі үш бағытпен байланысты:

1.Барлық экономика салаларындағы тозған және моральді ескірген негізгі қорларды тез және түгелімен жаңарту;

2. Инфляция деңгейінің  және экономиканың басым аймақтарына  заем, несие, тікелей отандық және  шетелдік инвестициялар ағымының  төмендеуіне байланысты инвестициялық  белсенділікті көтеру;

3. экономикамызда шағын және орта бизнестің даму мәселелері мен оған мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев өзінің «1997 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен елдегі жағдай туралы» Жолдауында атап көрсеткендей: «Ұзақ уақыт бойы жаңартуға және жөндеуге жіберілмеген негізгі қорлар әбден тозған. Толығымен экономиканың кейбір секторларында оларды қауіпті жағдайда және бұл мәселені шешу алдағы қысқа мерзім ішінде қолға алынуы тиіс» .

Лизингтің дамуына әсер ететін мәселелердің бір елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту болса, оған байланысты «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң мен кәсіпкерлердің жағдайын жақсарта түсержаңа салық заңдары қабылдануда. Тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық қызметті қамтамасыз еиудің заңдық кепілдіктерімен, артықшылықтар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеуден, инвесторлар алдында Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін біртұтас мемлекеттік органның болуымен қамтамасыз етіледі. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты – экономиканың басым секторларында тауар өндіруді, жұмыс және қызмет көрсетуді жедел дамытуды қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау.

Еліміздің шаруашылық кешендерінің инвестицияға деген үлкен қажеттіліктері- лизингтік қызметтің дамуының маңызды алғышарттарының бірі. Оны жүзеге асыру тетіктері еркін ақша қаражаттарының қайнар көздеріне және дамып келе жатқан шағын және орта бизнеске арқа сүйеуі керек. Кейбір Еуропа елдерінің көлік құрастыру салаларында, мысалы Италияда лизингке алынатын құрал-жабдықтардың көлемі 40-50 пайызға дейін жетеді екен. Сондықтан да бизнестің дамуы Қазақстан үшін инвестициялық процестерді белсендірудегі тиімді бағыттардың бірі, сонымен қатар өндірісті техникамен қайта жабдықтаудың күшті құралы ретінде болуы керек және міндетті де.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Еліміздегі жеке өндірісті  дамыту Қазақстан экономикасының шикізат  секторына тәуелділік мәселелерін  шешудің басты кілті екені  ешкімге де құпия емес. Өндірісті  өркендетуге оның ішінде аграрлық саланы, жаңа өндіріс құралдарын жаңарту арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда кәсіпорындарға негізгі қорды жасау мен жаңартуда, өнімдердің бәсекелестігін арттыруда, салық пен оперативтік шығындарды азайтуда лизинг ең тиімді қаржы құралына айналып отыр. Қазақстанда лизингті дамыту үшін макроэкономикалық және нормативтік қолайлы жағдай қалыптасып үлгерді. 2004 жылы күшіне енген «Қаржы лизингі туралы» Заңы мен Салық кодексіне енген өзгерістер ТМД елдерінде лизинг пен салық салуды азаматтық-құқықтық реттеу барынша жетілген деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді.

Елбасының Қазақстан  халқына жолдаған «Бәсекеге қабілетті  Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті  экономика үшін, бәсекеге қабілетті  халық үшін»  Жолдауында агроіскерлік жүйесінде бәсекелестік құру, өнімдердің сапасын арттырып, ауыл-шаруашылығы өнімдерін өңдеуді жеделдету қажеттігін атап өткен еді. Осыған байланысты  Ауыл шаруашылығы министрлігі мен лизингтік компаниялар бірігіп өнімділігі жоғары шетелдік тұқым себу және астық жинау техникаларын лизингке беруді қолға алу керек.

Лизингтік қарым-қатынасты  сәтті жалғастыру үшін лизингтік  компаниялар алдыңғы қатарлы  экспорттық-несиелік агенттіктердің делдалдығымен  ішкі және халықаралық қаржы рыноктарынан қосымша ақшалай ресурстар тарту арқылы лизингтің көлемін ұлғайтып, республикамыздың мәшине-трактор паркін де жаңарту көлемін арттыруға күш салу керек.

Жалпы алғанда  лизингтік  компаниялар республикамыздың бүкіл  аграрлық секторын қарқынды дамуын қаржыландыруып, ауылдық жерлердің қалыпты тұрмысы үшін қажетті жағдай тудырып , бәсекеге қабілетті өнмідер өндіру мен экспорттық мүмкіндіктерді молайтып, импорт алмастыруда нағыз әріптес болуға ұмтылу керек.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  Арзаева,М.Ж.   Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру құралы ретінде:

// ҚазҰУ-нің хабаршысы.Экономика  сериясы.-2006.-№5.-33-36б.

2.    Асабаева,Л. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл                 шаруашылығына жақындау:

                   //Айқын.-2005.-30 маусым.-4б.

    1. Әмірбек,Жеменей. Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың негізгі    

         бағыттары // Заң.-2006.- № 5. -  30-33 б.  

    1. Қамали, Қарлығаш Мағауқызы. Сыртқы экономикалық қызметті   

        мемлекеттік басқару: оқу құралы/ ҚР білім және ғылым      

        министрлігі.; Т.Рысқұлов  атын. Қазақ экон.университеті.-   

        Алматы:Эконмика, 2005.-103 бет. 

   Молдабекова, А. Үй шаруашылығының секторында кредиттенді-  

        руді кеңейту: (Экономика) // Қаржы-қаражат. -2005. - №2. -32-35 б.  

6.     Тагашев, Ибрагим. Лизинг-ең тиімді әдіс: // Егемен Қазақстан.        

        -2005- 29 сәуір. -3б.  

  7.      Тәжібаев, Бейсенбай. «Ауыл жылы» ауылымызға не берді? //  

        Алтын орда. -2005. -18-24 қараша. -23 б.

    1.   Шаймердинова, М. БТА Лизинг: пять лет на рынке: Рынок  

      финансовых  услуг // Казахстанская правда. –  2005. – 17 марта. –С.3.


Информация о работе Лизингтік операцияның дамуы