Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 21:52, курсовая работа
Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды. Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.
Кіріспе.........................................................................................
1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің түрлері.................................................................
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар......................................
2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы........
2.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері..................
3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары.....................................................................................
Қорытынды...................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................
Кіріспе.......................
1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің түрлері.......................
1.2.Лизингтік келісімдегі
операциялар...................
2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар
және олардың сипаттамасы......
2.2.Лизингтің артықшылықтары
мен кемшіліктері..............
3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе:
Негізгі өндіріс құралдарын жаңартуда лизинг ең тиімді әдіс екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Жеке мемлекеттердің
тәжірибесінде жақтардың
Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды. Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.
1.1.Лизингтің түрлері.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1.Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі-бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Сондай-ақ, лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг-бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы. Лизинг операцияларының техникасына байланысты әр түрлі сызба бойынша жасалады.
Лизинг беруші
(Лизинг компаниясы)
4 1 3
Бұл жерде 1-құрал-жабдыққа тпсырыс беру;
2-құрал-жабдық үшін төлем;
3-құрал-жабдықты жеткізу;
4-лизингтік төлемдер;
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 % -ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Банк
Жабдықтаушы
5 3 4 6
1.Банк пен лизинг
компаниясы арасында несиелік
келісім-шарт жасалып, несие
2.Лизинг компаниясы
алған несиені құрал-жабдық
3. Жабдықтаушы лизинг
компаниясына құрал-жабдығын
4. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;
5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6.Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
7. Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді;
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі
төмендегідей формуламен есептеледі.
ЛТ= АА+НТ+КТ+ҚТ+ҚҚС
Мұндағы, ЛТ-лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА-ағымдағы жылдағы
сомасы;
НТ-лизинг бнрушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ-лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ-көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС-лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар.
Лизингтік операциялар «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат,машина,ұшақ, автомобиль, компьтерлерді)жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады.Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы
болады. Олардың өзара қатынастары
мәмілемен реттеледі:бірінші
Лизинг түрлері әр түрлі:
1.Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
2.Қаржылық лизинг
анағұрлым ұзақ мерзімге
3.Қалдық құны бойынша
лизинг пайдалануда болған
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы-лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғарғы рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.
Банктердің лизингтік
операциялары несиелік операциялармен
ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің
несиеден бір айырмашылығын келісім-
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жаслғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген америкадық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген атпен бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бнрі еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай төрт жолмен қалыптасқан.
1)аймақтық көтерме-делдалдық
фирмалардың және «Қазконтракт»
2) екінші деңгейдегі
банктердің лизингтік
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фрмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік коомпаниялардың дамуы.
1992 жылдың ортасына
таман Қазақстанның
Ішкі нарықтағы лизингтік
операциялардың дамуының өзіндік ерекшеліктері
болды. Өтпелі кезеңдегі эклномиканы
тұрақтандырудың қажеттілігі
Бірақ-та 1992 жылғы бағаны
жаппай ырықтандырудан кейінгі инфляция
қарқынының өсуіне байланысты қолайсыз
болып, нарықта лизингтік қызмет
көрсетушілердің көпшілігі
Мұндай жағдайда, Қазақстанда халықаралық экспорттық және импорттық лизингтер нарығы, оның ішінде ұшақ, автомобильдер және ауыл шаруашылығы тезникаларының лизингі қалыптасты. «Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлік компаниясы авиациялық техникаларды жалгерлік негізде пайдаланудың бірлескен кәсіпорындарын құру сұрақтарын қамтитын 2000 жылға дейінгі авиакомпаниялардың дамуының бағдарламасын жасаған болатын. 1993 жылдан бастап, бағдарлама іске асырылып, соның негізінде ұшақ жайларын түбірімен жаңарту жүргізілді. 1994 жылы Қазақстан лизинг көмегімен, яғни мемлекет пен авиакомпанияның ұшақ сатып алуға қаражаты болмағандықтан да Ресейден үш Ил-86, бір Ту-154, Як-40 және Ан-24 ұшақтарын алады. 2000 жылға дейін біздегі ТУ -154, ТУ-134, Як-40 және Ан-24 ұшақтары өздерінің ресурстарын ақтайды деп күтілді. Сондықтан да авиакомпанияның ағымдағы міндеті авиациялық техникаларды толығымен жаңарту еді. Кейіннен жанармай бағаларының өсуіне байланысты авиабилеттердің бағасын өсіріп, ішкі нарықтағы авиатасымалдау көлемінің, яғни жолаушылардың саны екі еседен жоғары мөлшерде қысқаруы, ресейлік ұшақтардың тиімсіздігін байқатты. Шетел ұшақтары ресейдікіне қарағанда көп орынды, өте қолайлы және үнемді болып, Қазақстандықтар АҚШ-тан 4 «Боинг 767» ұшақтарын лизинг жағдайында сатып алды. Сонымен қатар, сыртқы нарықтан валюта жасау мақсатында ұлттық компания Ан-24 (8 бірлігін) кезекті экипаждарымен бірге, лизинг жағдайында Қытайға , Араб эмиратына, Гвинее-Биссау және Шри-Ланка елдеріне берді. Бұл ұсталған ұшақтардың экспорттық лизингінің дамуын көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларының лизингінің нарығы да қалыптасты. 1994 жылы АҚШ-тың «John Deere» фирмасы мен «Кең дала» мемлекеттік астық компаниясы арасында республиканы комбайндармен жабдықтау туралы өзара келісім-шарт жасалған болатын. Сол келісім-шарт негізінде қазақстандық компания 114,3 млн доллар сомасында 400-астық жинайтын комбаиндерді , 200-жүгері жинайтын комбайндарды және 100- мақта жинайтын комбайндарды сатып алады. Бұл машиналарды бес жылға бөліп төлеу негізінде сатып алып, оның құны жыл сайын техниканың 20 пайызы мөлшерінде астықтың есебінен қайтарылатын болған «Кең дала» мемлекеттік астық компаниясы АҚШ Эксимбанкінің несиесін астықты экспорттаудың есебінен қайтаруды ұсынады.