Лизингтік операцияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 21:52, курсовая работа

Краткое описание

Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды. Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің түрлері.................................................................
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар......................................

2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы........
2.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері..................

3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары.....................................................................................

Қорытынды...................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жум лизинг.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ «Астана-Моторс»  қазақстандық моторлық компания Жапонияның екі сауда үйлерімен – «Nissan Corporation» және  «Nissho Iwai» ынтымақтастық орнатып «Nissan» және «Toyota» автомобильдерінің құрал-жабдықтарын, қосалқы бөлшектерін лизингке алады.

1994 жылы 10 қазанда мемлекеттің  қатынасуымен «Азия-лизинг» Ұлттық лизингтік компаниясын құру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Ол «Азия-лизинг» жабық акционерлік қоғам формасында, мемлекеттің , «Әлемсистем» кәсіпкерлік құрылымының және шетелдік фирмалардың бірігуінен құрылады.

Екінші қадамы ретінде  лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық таяудағы : «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы заңының ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал етуі тиістігін айтуға болады.

Әлі де болса, лизингтің  дамуына отандық банктеріміз  салғырттық танытуда. Отандық банктердің лизинг қызметімен белсенді айналысулары үшін, яғни олардың валюталары мен теңгелері құрал-жабдықтарды сатып алудың негізгі көзі болуы үшін сенімді кепілдеме беру механизмі мен экономикалық мүдделендірудің болуы    қажет.

Лизинг берушілерге  лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әртүрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.

 

2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы

80- жылдардың басында  лизинг түсінігі жай ғана ұзақ  мерзімді жалдау ретінде ғана  емес, жалгерлік қатынас, кепілдік  есебімен, несиелік қаржыландыру  элементтері, қарыз міндеттемелері  бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақтандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Қаржылық лизингтің  операциясының мәні мынада: мамандандырылған лизингтік фирма (жалға беруші) нақты  мүлікті қолдану құқығын алғысы келетін өндірістік кәсіпорынның бұйрығы  бойынша жалға алушылармен жабдықтаушы   тауарларды өз есебінен алады және оны қолданушы кәсіпорынға жалға береді. Лизингтік фирманың құрал-жабдықтарды жабдықтаушымен қарым-қатынасы сатып-алу сату келісімімен жасалынады, ал пайдаланушы кәсіпорынмен жалдық келісім арқылы жасалады. Жалдың кезеңі ылғи да құрал-жабдықтардың амортизация мезімінің негізінде құрылады және мүлік түріне байланысты , сонымен қатар 20 жыл немесе одан да көп мерзімді құрауы мүмкін. Жалдық төлем құрал-жабдықтардың амортизациялық ретіне сәйкес кезеңдік төлемдерді (осылайша көрсетілген базалық кезең ішінде мүлік құнының үлкен бөлігі жабылады), оны сатып алу үшін қажетті қаржыларды тартумен байланысты  лизингтік компанияның шығындарын және пайдасын қосады. Лизингтік келісімнің аяқталуына қарай жалға алушы құрал-жабдықтарды (қалдық-құны бөлігі бойынша) сатып алу, жалдық келісімді     қалпына келтіру немесе жалға алынатын мүлікті жалға беру үшін қайтару мүмкіндігіне ие болады.

Лизингтік операциялар  барлық қатысушы жақтарға белгілі бір  артықшылықтар береді. Жабдықтаушы фирма өзінің тауарын қолма-қол төлем шарт негізінде сатады. Жалға алушы кәсіпорын құрал-жабдықтарды төлем уақытын ұзарту шарты негізінде алады. Сонымен бірге несиеден айырмашылығы, оның көлемі 100 пайыз тауар құнын жабады. Сонымен қатар, лизинг жалгер-өндірістің қаржылық жағдайының көрсеткіштеріне сәйкес жабдықтардыңтікелей сатып алынуы кезінде болатын жағдайдағыдай мөлшерде әсер етпейді. Лизингтік компания жалгерлік төлемге қосылмайтын белгілі бір табыс алады. Көрсетілген артықшылықтар халықаралық лизингтік операциялардың белсенді дамуына жеткілікті мөлшерде, жекелеген елдердің ұлттық заңнамаларында болатын сәйкес келмеушілікке қарамастан әсер етеді. Кейбір елдерде лизинг шарттарында машиналар мен құрал-жабдықтардың импортын 10 пайызына дейін қаржыландырады.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік  қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті  техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер  бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл  есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған  халықаралық қаржылық лизинг  конвениясында былай деп айтылған: «Халықаралық  тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.

Әр түрлі белгілеріне  қарай лизингтік операцияларды  келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай  болып бөлінеді:

-тура лизинг, бұл кезде  мүлік иесі өз еркімен объектіні  лизингке өткізеді (екі жақты келісіс);

-жанама лизинг (үш  жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал  арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингтің жиі  кездесетін түрі –қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті  сатып алып, оны оған қайта жалға  беретін лизинг.

Мүліктің типіне қарай былай бөлуге болады:

-жылжымалы мүлік лизингі;

-жылжымайтын мүлік  лизингі;

-бұрын пайдаланылған  мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай  былай бөлуге болады:

-бір келісімнің әрекет  ету мерзімінде мүлік құны  толық өтелетін лизинг;

-толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойыена  былай бөлінеді:

-толық амотизация  және соған сәйкес лизинг объектісінің  құны толық төленетін лизинг;

-толық емес амортизациялы  лизинг;

Қызмет объектісіне  қарай былай бөледі:

-егер жалданатын затқа  көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

- толық қызмет жиынтығы  бар лизинг-объектіге толық қызмет  көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

-жартылай қызмет жиынтығы  бар лизинг.

Операция өткізілетін  нарық секторында ішкі және сыртқы лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді.

Экспорттық лизинг кезінде  шетел лизинг алушы, ал импорттық  лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынады болып бөлінеді:

-жалған лизинг- қызмет  алыпсатарлық сипатта болады  жіне жеңілдіктер есебінен пайда  табу мақсатында жүргізіледі.

-нағыз лизинг –  жалға берушінің инвестициялық  жеңілдік және жедел амортизация   сияқты салық жеңілдіктеріне  құқы бар, ал жалға алушы  салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

-ақша төлемімен жүргізілетін  лизинг-барлық төлемдер ақша нысанында  жүргізіледі;

-компенсациялық төлеммен  жүргізілетін лизинг-төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

-аралас төлемді лизинг.

Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге  болады – жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг- көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал-жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг –  қолдану үрдісінде мүліктің толық  немесе үлкен бөлігінің амортизациясы  өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы  келісісдермен сипатталатын лизингтің  неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі- лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг –  бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

-меншік құқығының  жал мерзімі аяқталуына қарай  көшуі;

-келісімшарттары бәсекелес  саудадан мүлікті сатып алу  құқын ұсынады;

-жал бойынша жалға  берушіге ең аз төленетін келтірілген  құн жабдықтың нарықтық құнының 90 пайызына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу  кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға  берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

-жалға алушының ең аз төлемі  – жал бойынша жылдық төлем;

-ең жоғары төлем-жалға алынған  мүлікті сатып кезіндегі төлем;

-келтірілген құн- ағымдағы жылға  келтірілген болашақ жылдың ақша  ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан  Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

-лизинг беруші-лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

- Лизинг алушы лизинг  келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайызан кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар,машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті  «несие-жал» деп атайды.

Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға  ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға  ғана құқық ала алады.

Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:

-мәміле объектісі;

-мәміле субъектілері (лизингтік келісім тарптары);

-лизингтік келісім  мерзімі (лизинг кезеңі);

-лизингтік төлемдер;

-лизинг бойынша ұсынылатын  қызметтер.

Өндірістік циклде  жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне  тікелей қатысы бар тараптар лизинг бойынша субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер- ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

«Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы»  заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі (лизинг) ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер ұқарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.

Лизинг кезеңі лизингтік  келісімнің әрекет ету мезімімен түсіндіріледі. себебі лизинг – ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болуы циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капиталы нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

Информация о работе Лизингтік операцияның дамуы