Лизингтің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 14:24, реферат

Краткое описание

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
1. Лизингтің теориялық негіздері
Лизингтің шығу тегі, пайда болуы..................................................................5
Лизингтің негізгі түрлері...................................................................................6
Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде..................................................8

2.Қазақстан Республикасында лизингтің дамуына талдау
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуы....................................................................11
2.2 Лизингтің дамуындағы Қазақстандық банктердің үлесі...........................13

3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары...........................................................................21

Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

лизинг.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

1-кезең дайындық жұмыстарын  жүргізу,яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңіеде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әр түрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау қажет. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылған лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осында болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

Егер осындай бағалау  білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық  өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

Әрине, бұндай қызмет (қосымша  қызметтер көрсету) лизингтік компанияның  міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен,оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.

Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құбірлесіп жұмыс істеу өз атынан болмаса да жарнамалау ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

Осындай механизмді пайдалану  кезінде лизингтік компанияға төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғұрлым тиімді деп ойлаймыз:

- құрылғының стандарттылығы;

- құрылғыны өндіріс  процесндебірнеше рет қайталап  пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының  құны ол пайдалануға енгізілгеннен  кейін тез төмендемеуі қажет;

- құрылғының өтімділігі.

Осындай сипаттамалардың барлығы мүліктік тәуекелділіктерді төмендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, белгілі бір сұранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың,яғни,транспорттық,техникалық қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндігі ескерілуі керек.

Сонымен, осы кезеңде  жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әртүрлі құрылғылардың  түрлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның тиімді шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.

II-кезеңді лизингке  алушыларды таңдау кезеңі деп  те атауға болады. Осы кезеңде  лизингтік компанияның алдында  лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тарату,жарнамалау міндеттері тұрады. Себебі, лизинг біздің отандық нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әліде болса кең түрде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жүргізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, керісінше өзіндік бизнесті жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек.Яғни біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық заңдылықтарын егжей-тегжейіне дейін көрсетудің қажеттілігі жоқ.

Содан кейін лизингке алушылардан өтініштер жинақталынады. Өтініштер жинақталып болғаннан  кейін лизингтік компания клиенттің  экономикалық қызметіне төлем қабілеттілігі  тұрғысынан талдау және бағалау жүргізіледі.

Бірақ осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялық тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғұрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әртүрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады.

- ұсынылатын лизингтік  төлемдер саны ( лизингтік маржа);

- кәсіпорынның ағымдық  экономикалық жағдайы;

- кепіл немесе кепілдемелердің  т.б. түрлерінің пайдалануы;

- персоналдың тәжірибесі  мен біліктілігі және т.б.

 Перспективті клиенттер анықталған кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісімшарт толтырылады да лизинг объектісі лизинг алушыға пайдалануға береді. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады немесе егер олар дұрыс жасалынса,онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингтік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

Сонымен, осындай схема  белгілі бір құрылғылар үшін жетістікпен  іске асырылған жағдайда лизингтік  компанияларда осы құрылғыларды басқа региондарға ұсыну арқылы нарықты кеңейту мүмкіндіктері  туады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шараларының бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және  дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне  айналуы тиіс. Ел Президентінің Қазақстан бәсекеқабілетті 50 мемлекет қатарына енуі бағдарламасын жүзеге асыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім шығарып, бәсекеге қабілетті қызмет көрсету қажет екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен, оны физикалық тозған немесе моральды ескірген құрал негізінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік бизнестің дамуы  лизинг шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп  тірелуде. Ал коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Соңғы жылдарда мемлекет банктердің нақты секторды, соның  ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойынша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген түрлі шаралар  қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті қаржылық және материалдық көмекті ала алады.

Екінші деңгейлі банктер  лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді. Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға және оларда өзінің қатысуының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспейді деуге  болады. Оның құрамында келесідей  элементтер болуы мүмкін:

  • құрамында  мамандарды  дайындайтын,   көрсетілетін  қызметтерді жариялайтын ақпарат болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын  дамыту;
  • лизигтік келісім-шарттарды несиелеуде   банктермен   кең көлемде жеңілдіктер берілуін қамтамасыз ету (3 жылдан жоғары);
  • кепіл жүйесін дамыту;
  • қазіргі кезде қолға алынған мәселелермен қоса лизинг шегіндегі шетел инвестицияларын тартуды қадағалау (халықаралық лизингтік келісім-шарттарда  валюталық бақылаудың болмауы).

Осындай бағдарлама коммерциялық банктердің қысқа мерзімдегі, тәуекелі жоғары операциялармен қызмет істегенше, ұзақ мерзімді экономиканы қаржыландырудан  тұрақты пайда алуға  итермелейтін болар еді. Осындай тектес бағдарлама ғана елімізді лизингтік бумнан алшақтандыратын еді.

Айтылғанмен қатар, қаржы  саласында қызмет ететін ірі ұйымдар  мен компаниялар үшін келесі ұсынысқа назар аудару қажет деп ойлаймыз. Қаржы секторында елеулі орын алғысы келетін Лизинг берушілердің өз сервистік компанияларының болуы тек лизинг бизнесін ғана емес, барлық операциялардың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Оның себебі, консалтингтік қызметпен, сақтандырумен, лизингпен, трейдерлікпен және басқа да қосымша қызмет түрімен айналысатын компаниялардың қызметтері сапалы, операциялары жылдам, тұтынушы үшін қолайлы, банк және оның клиенті үшін қатынастың нығаюына үлес қосатын фактор болып табылады. 

Сонымен, лизингтік қызметтер  нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі  бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтік келісімдерді қандай сегментте болсын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, лизингтік  несиелеу механизмін қолданудың дамуын ынталандыру үшін, мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. лизингке берілетін барлық жылжитын мүліктердің түріне 3 немесе 4-тен жоғары емес коэффициентпен жеделдетілген амортизациялау механизмін қолданылу мүмкіндігін заңды түрде қарастыру;
  2. 2-3 жылға дейінгі мерзімде қызмет ететін қаржы лизингінің келісім-шартына байланысты алынған пайдалар бойынша лизингті берушілерге (банктерге немесе олардың еншілес лизингтік компанияларына) табысқа салынатын салықты төлеуден босатуды қайта қарау;
  3. лизинг объектісі болып табылатын, Қазақстан аумағына уақытша алып келген тауарларға қатысты кеден бажынан және салықтардан лизингті берушілерді босату;
  4. Қазақстандағы лизингтік қарым-қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші мемлекеттік лизингтік ассоциацияның тез арада құрылуына қолдау көрсету.

Қорытындыда лизингті несиеге арзан айырбас еместігін айта кетуге болады. Айырмашылығы негізгі құралдарды жаңартуда несиені пайдаланғаннан гөрі тиімді болып саналады. Біздің ойымызша, кәсіпорын үшін негізгі қорды лизинг арқылы, ал айналымды кеңейтуді қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары несие арқылы  қаржыландыру аса қолайлы болып табылады

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. "Бухгалтерлік есеп  туралы және қаржылық есеп  беру туралы". Қазақстан Республикасының  Заңы. (26.06.2002 ж.).

2. "Бухгалтерлік есеп  туралы" Қазақстан Республикасы  Президентінің заң күші бар  Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, №  2732.

3. "Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік үсынымдары". 19996 ж.

  1. Банктердің пассивтік операцияларының мәні мен құрылымы //Ұлттық  экономика жаhандану жағдайында. Халықаралық ғылыми симпозиум. ҚР ҰҒА акадимигі,    э.ғ.д.    О.Б.   Баймұратовтың   70 жылдығына  арналған.    Алматы. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 21.09.2005 ж. 289-294 бет, 0,4 б.т

5. Қазақстанның аграрлық секторын банктік несиелеудегі негізгі мәселелер //Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары  ІІ бөлім. Посвящена 80-летнему юбилею извесного ученого, д.э.н. профессора Кабидиева Д.К. 19.10.2006 ж. Алматы: Экономика  225-321 бет, 0,4 б.т.

6. Банктің лизингтік тәуекелдерді басқару әдістері // «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. − Алматы: «Қазақ университеті». 2008. −Б. 2. −Б. 266-270, 0,3 б.т.

  1. Лизингтік операциялардың несиелік сипаты: өзара байланысы мен айырмашылықтары // ҚазҰУ хабаршысы. − 2008. −№5 (69). − Б. 41-44, 0,5 б.т.
  2. Әлемдік тәжірибедегі лизингтік бизнестің қалыптасуы мен дамуы // «Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының даму болашағы» Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 10 жылдығына арналған халықыралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. − Астана, 2009. −Т. III. −Б. 94-98, 0,5 б.т.

 




Информация о работе Лизингтің теориялық негіздері