Лизингтің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 14:24, реферат

Краткое описание

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
1. Лизингтің теориялық негіздері
Лизингтің шығу тегі, пайда болуы..................................................................5
Лизингтің негізгі түрлері...................................................................................6
Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде..................................................8

2.Қазақстан Республикасында лизингтің дамуына талдау
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуы....................................................................11
2.2 Лизингтің дамуындағы Қазақстандық банктердің үлесі...........................13

3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары...........................................................................21

Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

лизинг.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы лизингінің жоғарыда аталған несиелік аспектілері кәсіпорынның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге  арналған заемдық капиталды тарту  үдерісінде біршама тартымды несиелік құралы ретінде анықтайды.

 

  1. . Қазақстан Республикасында лизингтің  дамуына талдау

 

2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуы

 

Қазақстандағы лизингтің  дамуы көп қырымен Еуропадағы лизингтің қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы  алғашқы лизингтік компаниялар да Еуропадағы секілді қаржыландыру жобасы бар банк қарамағында пайда болды. Лизингтік компаниялардың  негізгі клиенттері даму сатысында банктің корпоративтік клиенттері  болды.

Қазіргі  таңда Қазақстанда 20 лизинг компанияларының реті жұмыс  істейді, олардың сегізі жергілікті  банктердің компаниялары болып табылады   және  олардың үлесіне лизингтің жалпы үлесінің 51%  тиеді де, 26% «КазАгроФинанс» лизинг  компаниясының   үлесіне тиеді.

Қазақстанда қызмет ететін лизингтік компанияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады (2-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 − Қазақстандағы лизингтік компаниялар құрылымы

 

 

Мұндағы мемлекеттік  лизингтік компанияларға «КазАгроФинанс»  және «БРК-Лизинг» компаниясы жатады.

Екінші деңгейдегі банктердің еншілес компаниялары ретінде құралған лизингтік компаниялар: «Альянс Лизинг» АҚ; «БТА ОRIX Лизинг» АҚ; «Халық Лизинг» АҚ; «Центр Лизинг» ЖШС; «НурИнвест Лизинг» ЖШС; «Темірлизинг» АҚ; «АТФ Лизинг» АҚ; «Альфа Лизинг Компаниясы» ЖШС.

Қазақстандағы ЖІӨ-гі лизингтің үлесі туралы мәліметтер 1-кестеде берілген.

Кесте 1 − ЖІӨ-гі лизингтің үлесі

Көрсетікіштер

01.01.2006ж.

01.01.2007ж.

01.01.2008ж.

01.01.2009ж.

ЖІӨ-гі лизингтің үлесі, %

0,28

0,40

0,44

0,52

Негізгі қорларға салынатын  инвестициялар көлеміндегі лизингтің үлесі, %

1,01

1,53

1,52

1,86


 

Қазақстан қаржылық лизинг нарығының алдағы уақытта қарқынды дамуын көрсететін барынша ұқсас  қаржылық қызметтер нарығы бар ТМД  елдері арасында ЖІӨ көлемінде лизингтік  қызметтің ең аз үлесін алып отыр.

Қазақстандағы лизингтік нарықтың даму негізі 2000 жылы «Қаржы лизингі туралы» заңның қабылдануымен байланысты болды. Лизинг нарығы қаржы нарығының ең бір тез дамып отырған нарығының біріне жатады. 2002 және 2008 жылдар аралығында лизингтік операциялар көлемі 75 есеге өскен (3-сурет).

 

 

Сурет 3 − Лизингтік операциялардың жалпы көлемі,

мың АҚШ долларымен

 

Лизингтік нарықтың мұндай қарқынмен дамуы өндірістің негізгі  құралдарының жоғары дәрежеде тозуы, жаңа өндірістің дамуы, алдыңғы жылдардағы қарқынды құрылыстың дамуымен, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен тікелей байланысты.

Бірақта, Қазақстанда  біршама лизингтік операциялардың көлемі өскенімен, лизинг негізгі құралдардың  жаңаруын қаржыландырудың толық  қанды құралына айнала алмай отырғандығы  жасырын емес. Сарапшылардың бағалауынша лизингтік операциялардың көлемі 2002 жылы  22 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2008 жылы оның көлемі 1 600 млн. АҚШ долларына жуық шаманы құраған.

2008 жылы лизинг арқылы  негізгі құралдарға салынған инвестициялардың сомасы 6,2 % құрады. Ал Германияда аталған көрсеткіш 18 %, Ұлыбританияда 38 %, Швецияда 28 % және Ирландияда 25 % құрап отыр. Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, аталған бизнестің біздің елімізде болашағының барлығына күмән келтіруге болмайды.

Лизингтік қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету міндетті түрде керек, бірақ лизинг даму шарты жеткіліксіз. Лизингтік сектордың қалыптасуы – жұмыс істеуді қажет ететін экономикалық шарттарға тәуелді және алғашқы кезекте кіші және орта кәсіпкерлікті инвестициялаудың қаржылық институттардың мүмкіндіктері.

 

2.2 Лизингтің  дамуындағы Қазақстандық банктердің  үлесі

 

Қазақстан үшін экономикалық өсуде соңғы үш жылда жоғары қарқын көрсетілген,  кәсіпкерлік құру  мен инвестиция тартудың негізгі  механизмінің  бірі лизинг  болу керек,  бұған  оның барлық   жетістіктері  бар. Лизинг дамуының оптималды шарты Қазақстанда жергілікті өнеркәсіп пен инвестиция көлемін лизингтен ортақ дүниежүзілік пропорцияға дейін әкелді. Алайда Қазақстандағы лизинг секторының өсуі бүгінгі күні оның потенциалымен саластыруға келмейді. Оның себебі - қаржы ресурстарына шектеулік, сонымен бірге лизинг механизмі арқылы кіші және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көп инвестиция қажет етеді.

Ендігі жерде лизингтік  қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталайық.

Бүгінгі таңда еліміздегі отандық  лизингтік компаниялардың сырттан  қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға  ұлғайып келеді деуге болады. Оны  коммерциялық банктерден  экономика  салаларына бөлінген лизингтік операцияларды  қаржыландыруға арналған сомалар көлемінен көруге болады (2-кесте).

 

Кесте 2 − Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды қаржыландыруы

 

Көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Лизингтік операцияларды  қаржыландыру, млн. АҚШ долларымен

47,3

85,1

170

321

Лизингтік мәмілелер  саны

120

440

1300

2700


 

Қазіргі уақытта экономика  салаларына банктік сектордан бөлініп  отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің  үлес салмағының жоғарлауы еліміздің экономикалық өсуіне әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, лизингтік  операциялардың   ұзақ   мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі танда лизингтік компаниялардың   коммерциялық қызметінде және отандық лизингтік  нарықтың стратегиясы  мен  тактикасын  қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда. Мұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап  етеді.

Коммерциялық банктер  лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды ұйымдастыру кезінде  несиелеудің банкте қабылданған  жалпы тәртіптерін пайдалану  арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да мұндай несиелік операцияларды клиенттерге  несие беру бойынша қарапайым  активті операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда лизингтік компаниялар үшін несиені беру және оны өтеудің ерекше механизмін жасауды да қарастырады. Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер бойынша баға белгілеудің және олардың төлем қабілеттілігін  анықтаудың  ерекше қағидалары көрсетілуі мүмкін.  

Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік операциялардың дамуы лизинг шартымен пайдалануға  беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал, коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Соңғы жылдарда мемлекет банктердің нақты секторды, соның  ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойыша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген түрлі шаралар  қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті қаржылық және материалдық көмекті ала алады.

Бірақ, екінші деңгейлі банктер  лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді.

Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға және оларда өзінің қатысуының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Лизинг нарығындағы  қатысушылардың құрылымын анықтауда 2009 жылдың 1 қаңтарына берілген статистикалық мәліметтерге сүйеніп, төмендегідей диаграмма құруға болады (4-сурет).

Сурет 4 − Лизинг нарығындағы  банктердің үлесі

 

 

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейлі банктердің лизингтік  операцияны жүргізудегі ерекшеліктерін түсіну үшін біз республикамыздың алдыңғы қатарлы банктердің бірі «БТА Банк» АҚ-ы мысалға алдық.

Бүгінгі күні «БТА ORIX Лизинг»  компаниясы Қазақстанның 12 өңірінде лизингтік  қызмет көрсетумен айналысып келеді.  Қазақстандағы банктік лизинг бизнесінің алғашқыларының бірі ретінде «БТА ORIX Лизинг» компаниясының бастамасымен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының жанынан Қазақстандық лизинг берушілер қауымдастығы құрылды.

Сонымен қатар 5-суретте  «БТА ORIX Лизинг» компаниясы арқылы «БТА Банк» АҚ экономиканың секторлары бойынша лизингтік мәмілелерді  қаржыландыру құрылымын көруге болады.

 

Сурет 5 − «БТА ORIX Лизинг» компаниясының қаржыландырған лизингтік келісім-шарттарының динамикасы, млн. АҚШ долларымен

 

Ескерту – «БТА ORIX Лизинг» компаниясының жылдық қорытынды материалдары негізінде құрастырылған

«БТА ORIX Лизинг» компаниясының  лизингтік қоржынының құрылымына талдау жасасақ, онда негізінен құрылыс  саласы басым үлес алады. Оның себебі, 2009 жылға дейін Қазақстанда құрылыс секторының қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар біршама жоғары үлесті металлургия (15,2%), тау-кен өндірісі өнеркәсібі (9,2%) және көлік (8,76%) салалары алады (6-сурет).

Сурет 6 - «БТА ORIX» Лизинг компаниясының лизингтік қоржынның құрылымы, пайызбен (01.01.2009ж. )

 

Ескерту – «БТА ORIX Лизинг» компаниясының материалдары негізінде құрастырылған

 

«БТА ORIX Лизинг» компаниясының  лизингтік  қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде оның құрған 22 филиалдары арқылы жүзеге асады. Олардың ішінде лизингтік қызметті белсенді түрде  көрсететін филиалдарға: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Карағанды, Өскенмен қаласындағы бөлімшелер жатады. 2006-2008 жылы ең көп жасалған лизингтік келісім-шарттар жасаған филиалдарға  Алматы – 19,1%, Астана – 16,2%, Атырау – 15,3%, Қарағанды 15,7%, Өскемен – 8,3% жатады.

«БТА Банк» АҚ «БТА ORIX Лизинг» компаниясы арқылы бүгінгі  күні қаржылық және қайтарылмалы лизинг түрлері бойынша қызмет көрсетеді. Ең көп лизингтік мәмілелер қаржы  лизингі бойынша жасалған. Лизинг беруші мен лизинг алушының салық салу тетігін оңтайландыруға бағытталған қайтарылмалы лизингтік келісім-шарттар да банктің несиелік қоржынынан кездеседі.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қымбат құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкін емес екендігі белгілі. Лизингтік компаниялар мұндай жағдайда лизингке берілетін мүліктің құнын 90%-ға дейін қаржыландырады. Лизинг алушылар өз қаражаттарының аз мөлшерін салуға тиіс.

Лизингке берілген құрал-жабдықтар  мен техникалардың көбі шетелден әкелінетіндігі белгілі. Мысалға, 2008 жылы берілген лизингтік мүліктердің төрттен үші импортқа әкелінген заттар болып табылған. Оны төмендегі                3-кестеден байқауға болады.

Кесте 3 − «БТА Банк»  АҚ-ның жабдықтаушы елдер бойынша  импортталған лизингтің көлемі, млн. АҚШ долларымен

Жабдықтаушы ел

Сатып алынған лизинг заттарының жалпы құны

АҚШ 

22 820

Ұлыбритания

4 500

Германия

18 320

Италия

1 800

Финляндия

6 500

Қытай

53 000

Чехия

48 000

Оңтүстік Корея

8 730

Ресей

19 360

Украина

4 200


 

Өзімізге белгілі қазіргі таңда  лизинг операциясымен айналысатын  жиырма лизингтік компания нарыққа әйгілі, бірақ та оның ішінде бәрінің де қаржылық жағдайы бірдей емес.

Бүгінгі күні «Темiрлизинг» АҚ Қазақстандағы лизингтік компаниялар  арасында алдыңғы орынды иеленетін  лизингтік компаниялардың біріне жатады.

Информация о работе Лизингтің теориялық негіздері