Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 13:28, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің экономикасы қазіргі кезде нарықтық жолға түсіп және нарықтық заңдары негізінде іске асуы Қазақстан азаматының бәріне мәлім. Әр кәсіпорын өз ісіне жауап беріп, болашақ дамуында өзі шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында кәсіпкерлікті дамыту туралы әр түрлі ұсыныстар мен тұжырымдар айтқаны белгілі. Сонымен қатар Қазақстан 2030 бағдарламасын алып қарасақ, кәсіпкерлік халқымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына бірден- бір себепші екені айтылған.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және потенциалы
Кәсіпорынның құрылу және даму тарихы
Кәсіпорын өнімінің сипаттамасы
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық және басқарушылық құрылымы
Кәсіпорынның нарықтық стратегиясы және маркетингтік жоспарлау қызметі
Өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорынның ресурстық қамтамасыз етілуі
2 Комбинат қызметінің техника-экономикалық сипаттамасы
2.1 Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің сипаттамасы
2.2 Өнімді өндіру және өткізу шығындарын талдау
2.3 Негізгі қорлардың құрамын мен құрылымын талдау
2.4 Кәсіпорындағы персоналды және жалақы қорын пайдалануды талдау
2.5 Кәсіпорынның қызмет көрсету мен қосалқы қызметінің сипатамасы
2.6 Кәсіпорынның құжат айналымының сипаттамасы
3 Кәсіпорынды қаржыландыру
4 Диплом жұмысына мәлімет жинау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семей Кус Экономика каз.doc

— 444.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

Кіріспе

1   Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы  және потенциалы                                                                                              

    1.   Кәсіпорынның құрылу және даму тарихы                                                                                
    2.   Кәсіпорын өнімінің сипаттамасы                                                                                                   
    3.   Кәсіпорынның ұйымдастырушылық және басқарушылық құрылымы                                                                                                                                      
    4.   Кәсіпорынның   нарықтық стратегиясы және маркетингтік жоспарлау қызметі     
    5.   Өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру                                         
    6.   Кәсіпорынның ресурстық қамтамасыз етілуі                                                                             

 

2     Комбинат қызметінің  техника-экономикалық сипаттамасы       

2.1  Негізгі техника-экономикалық  көрсеткіштердің сипаттамасы                       

2.2  Өнімді өндіру және өткізу  шығындарын талдау                                               

2.3  Негізгі қорлардың  құрамын  мен құрылымын талдау                                             

2.4  Кәсіпорындағы персоналды  және жалақы қорын пайдалануды талдау    

2.5  Кәсіпорынның қызмет көрсету  мен қосалқы қызметінің сипатамасы                                               

2.6  Кәсіпорынның құжат айналымының  сипаттамасы                                      

 

3  Кәсіпорынды қаржыландыру                                                                                  

4  Диплом жұмысына  мәлімет жинау                                                                                                                                                          

Қорытынды                                                                                                                          

Пайдаланған әдебиет  тізімі

Қосымшалар

3

7

7

9

12

 

15

 

21

22

 

26

 

26

31

33

 

34

 

36

 

40

44

46

48


 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттің экономикасы  қазіргі кезде нарықтық жолға  түсіп және нарықтық заңдары негізінде  іске асуы Қазақстан азаматының бәріне мәлім. Әр кәсіпорын өз ісіне жауап  беріп, болашақ дамуында өзі шешім  қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында кәсіпкерлікті дамыту туралы әр түрлі ұсыныстар мен тұжырымдар айтқаны белгілі. Сонымен қатар Қазақстан 2030 бағдарламасын алып қарасақ, кәсіпкерлік халқымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына бірден- бір себепші екені айтылған.

«Семей құс» ЖШС тек Қазақстан халқына емес, барлық КСРО-ға танымал болған үлкен кәсіпорын.  Көп жылдар бойы үлкен экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп отырды.

Бұл мақсатқа жетудің  бірден бірі басшылыққа байланысты, басшылықтың  көңіл бөлу, нақтылығы және шешімділігі мен оның негіздемесіне байланысты. Нарықтық қатынастардың түзілу үшін және осыған байланысты мемлекет экономикасындағы түп нұсқалы өзгерістер бұрынғы басқару әдісіне қарағанда қағидалы өзгеруін қажет етеді. Теория мен тәжірибенің көрсеткеніндегі нарықтық жағдайларда субъектіні қызметтендірумен байланысты барлық процесті тиімді және мақсатты бағытталған басқарусыз нарықта жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының  экономикасы белсенді нарықтық өзгерулер кезеңінде. Оны өзгерісі жиналған біліктіліктің мәнділігі, нарықты реформаларды иемденуге эволюциялық процесс пен секірмелі адымдар шығаруға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне басқару әдістері мен қағидаларын реттеуді қажет етеді.

Яғни, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Осы айтылғандардың барлығы бірдей есепке алынуы кәсіпорын экономикасы, бухгалтерлік есеп, аудит, талдауға тән сипат және басты шарт, міндетті түрде орындауға тиісті экономикалық талап болып есптелінеді. Бұл мақсаттарды нақты жолдармен өз мәнінде жүргізу асыру үшін кәсіпорын экономикасы ең әуелі бақылау міндетін іске асыруы тиіс. Содан соң шаруашылық жұмысындағы технологиялық өнім өндіру процесіндегі қажетті шаруашылық операцияларды, жұмсалынған шығындар мен қаржыларды бірегейлеп өлшеуді немесе өлшем жүйесіне келтіруді іске асырады немесе сандық өлшемге айналдырады. Сондықтан әрбір қоғам тұтынбай, сондай-ақ өнім өндірмей тұра алмайды. Материалды өнім өндіру бүтіндей процестерден тұрады. Бұл процестің толық мағынасын түсіну үшін үш заңдылықты білген жөн: адамның пайдалы еңбегі; еңбек құралдары; қажетті шикізаттар мен материалдар.

Басқарушы есеп кәсіпорының қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларына жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылган қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларга жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса қаржылық есептін мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалары пайдаланылады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші  субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша сондай ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындагы кәсіпорынның иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға немесе тонауға қарсы күресте экономиканың маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Нарықтық экономиканың негізгі қағидалары, яғни қабілеттілік, тепе-теңдік, өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі өтеу және тағы басқалары шаруашылық жүргізуші субъектілерден өз қызметтерінің нәтижесіне толық жауап беруді және өздері шешім қабылдауды талап етеді: нарықта бәсеке қабілетті болу үшін қандай мөлшер және ассортиментте, қандай сапа деңгейінде өнім шығару, оны қандай бағамен сату, кіммен қызметтес болу, қосымша қаржы ресурсын қалай тарату керектігі.

Тіпті, қазіргі таңда  жүргізіліп жатқан әлеуметтік саладағы іс шаралар Қазақстан Республикасының өзін-өзі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыт бағдары десек болады. Демек шағын ұжымдар болсын кәсіпорын болсын сол ұжымның әлеуметтік жағдайына баса назар аудару шарт.

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты  табыстарының бірі -орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерінен өзінің инновациялық мінез құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты, табысқа жету көзін табу. Осының барысында, мен Шекспирдің мына бір нақыл сөзін келтіріп өткім келеді: «Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол, егер дұрыс пайдалана білсе, табысқа жеткізеді. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейінгі жол қайранға малтығып, тайғақ кешумен ұласады».

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып тауық жұмыртқасы және тауық етін өндіру мен жүзеге асыру табылады. 2006 жылы тауық жұмыртқасын өндіру 80,7 штукты құраған. Ал өткен жылдың он бір айында 77,1 миллион штук жұмыртқа алынған. Кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің динамикасы келесі кестеде көрсетілген.

Мен диплом жұмысын жазар  алдындағы өндірістік тәжірибені осы  жоғарыда аталған кәсіпорында өттім. Негізгі жұмыс атқарған бөлім экономикалық талдау бөлімі. Осы бөлімде тәжірибе өте отырып студенттер өздерінің алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, нығайта алады. Өндірістік тәжірибе білікті кадрлар даярлаудың маңызды элементі болып табылады. Оның маңызды міндеттері болып кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен танысу, қаржылық есепті тексеру, құжат айналымымен танысу, өндірістің технологиялық процестерімен танысу, нарықтық стратегияны зерттеу және диплом тақырыбы бойынша мәліметтер жинау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1   Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және потенциалы

    1. Кәсіпорынның құрылу және даму тарихы

Семейлік құс фабрикасының құрылысы 1964 жылы 21 мамырда басталып, 1967 жылы іске қосылып, алғашқы өнімін 1968 жылы берген, сол уақыттан бері өзінің өндірістік қуаттылығын кеңейтуде.

КазССР ауыл шаруашылық министірінің приказына  сәйкес 1964 жылы семей құс фабрикасы ашылды. Орналасқан жері Семей қаласының Березовка кенті. Алып жатқан аумағы 28,1 гектар. 1964 жылдан бастап көптеген адамдар жұмыс істеуде. Он екі ғимарат жұмыс істейді. Бір ғимаратта 60 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде көптеген тауықтар мен жұмыртқалар адамдар күнделікті өмірге қолдануда.

1992 жылғы өндірістің  қайта ұйымдастырылуына байланысты  фабрика меншіктің басқа түріне көшті. Қазіргі уақытта ЖШС «Семей құс» фабрикасында он төрт цех жұмыс істеуде, яғни кұс өсіру цехы, сою цехы, тазалау цехы, құрылыс цехы, электр цехы, механикаландырылған жөндеу бөлімі, жұмыртқа қоймасы жэне тағы басқа.

Кәсіпорын бастығына техникалық директор, өндіріс бойынша директор және экономика мен қаржы бойынша директор қарасты. Кәсіпорын-құрылтайшылары болып жеке тұлғалар табылатын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құрылған, коммерциялық ұйым ретінде тіркелген.

ЖШС «Семей құс» заңды тұлға болып табылып, келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады: жұмыртқа өндіру мен жүзеге асыру, құс еті мен құстың басқа да өнімдері, шикізатты өңдеу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсету.

ЖШС «Семей құс» «Тұран Алем»  банкінде шоты бар, қосылған құнға салық бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген. Басқару ұйымы болып құрылтайшьшардың   жалпы   жиналысы   табылады.   Кәсіпорын   басқадай

 

бөлімшелер мен кәсіпорындар құра алады. Құрылтайшылардың жалпы жиналысы өткен жылдың есебі мен балансын, келер жылға жоспар мен шығындар сметасын қарастыру мен бекіту үшін жылына бір рет шақырылады.

1 кесте. «Семей -құс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі  2006 – 2008 жылдардағы техника –  экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2006

 

2007

 

2008

абс.ауытқуы 

(+, - )

2006 дан

2007 ден

Өнімдерді енгізуден  табыс, мың теңге

498761

540917

749068

250307

208151

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны, мың теңге

510892

493792

670583

159691

176791

Жалпы табыс, мың теңге

-12131

47125

78485

90616

31360

Кезең шығындары, мың  теңге

-9894

50355

50255

60149

-100

Таза пайда (зиян), мың  теңге

-22025

-3230

26323

-

-

Негізгі құралдардың  орта жылдық құны, мың теңге

325738

319548

325738

-

6190

Жұмысшылардың орта тізімдік саны, адам

343

347

349

6

2

Еңбек ақы қоры, мың теңге

58321

64672

102878

44557

38206

Орта жылдық еңбек  ақы, теңге

161844

186372

245652

83808

59280

Жұмыртқа өндірісі, мың  дана

73739

79918

82546

8807

2628

Өсірілген құс саны, мың  бас

421

527

674

253

147

Информация о работе Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы