Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі 5
1.1 Тәуекел мәні және функциялары 5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі 8
2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау 16
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау 19
3. Тәуекелдікті төмендету жолдары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

econ_kurs_278.doc

— 304.50 Кб (Скачать документ)

Жоба менеджері өз резервінің бөлігін сақтап қалды, ал басшылардың жалпы резерві өзгеріссіз қалды.

Үшінші бағанада жобаның  кешірек кездегі жұмыстардыңкөлемін қайта қарастыру болған кездегі  жағдайы көрсетілген қайта қарастырылған жұмыстық бюджетке енді қайта қарастырылған жұмысты бөлу де кіреді.

Резервтің бөлігі әлі де жоба менеджерінің бақылауында қалуда. Бұрынғысынша басшылардың жалпы резерві де өзгеріссіз қалды, ол жобаның пайдалылығының әлеуетті өсу мүмкіндігін көрсетеді.

Резервтерді пайдаланудың барлық жағдайлары тіркелуі керек, периодты түрде жобаның құны туралы басқа ақпараттармен бірге олар туралы докладтар дайындалуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысымды қорытындылай келе кәсіпкерлік қызметте тәуекелді  бағалаудың маңыздылығын нақты көрсетуге  болады.

Кәсіпорын құрудың әр қадамында тәуекелдік болады, себебі  ешешім қабылдауда әрдайым тәуекел ықтималдығы, тәуекелдің деңгейі, шығындар көлемі ескеріледі және оның көлемін азайту, тәуекел деңгейін төмендету жолдары міндетті түрде қарастырылады.

Тәуекел деңгейі тек  қаржыға ғана байланысты емес, оған бәсекелестер де әсер етеді. Сондықтан тәуекелдікті бағалау кезінде олардың да алдағы қадамдарын мүмкіндігінше болжай білу қажет.

Тәуекелдікті бағалаудың көп мәліметтерді қажет ететіні  белгілі. Мәлімет жеткіліксіз болған жағдайда тәжірибелі мамандардың болжамына сүйену қажет. Бұл деген кәсіпорында білімді мамандардың жұмысының күрделілігін көрсетеді.

Кәсіпорын стратегиясын жасауда да тәуекелді бағалау  маңызды болып табылады. Себебі стратегияны  таңдау кезінде тәуекелдіктің деңгейінің жоғарылығы анықталса, баламалы стратегияны таңдауға болады.

Кәсіпорын қызметінің тәуекелдігіне  сол сияқты кәсіпорын орналасқан елдің саяси жағдайы да тікелей  әсер етеді. Инвесторларды тарту  кезінде де елде белгілі бір толқулар болып жатса, инвесторларды тарту да қиындайды.

Курстық жұмысты жазу барысында мен өзім үшін тәуекелдіктің  деңгейін бағалау арқылы баламаны таңдауды үйрендім. Тәуекелдікке барған күннің өзінде кепілдеме немесе күтілмеген шығындарды жабу үшін қаржы дайындау керек екендігін түсіндім. Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде тәуекелдікті бөлу жайында сөз қозғалды.Ол да күтілмеген шығындарды азайтудың тәсілі. Сондықтан кәсіпкер тәуекелдік жағдайда берілген тәуекелді жағдайда шығындарды төмендетудің әдістерінің бірін қолданса, оның шығындары елеулі түрде азаяр еді. Ал ол табыстың көбеюіне әкеледі, кәсіпкер үшін тәуекелдіктің маңыздылығы осында жатыр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 . Барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсарту  ,  өркендету және қауiсiздiк. Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы .
  2. 2001 жылғы 10 тамыздағы “АҚ туралы ”Қазақстан Республикасының Заңы  . Казахстанская правда , 1998 . 21. 08 .
  3. 28.02.2000 жылғы “Тура инвестицияларды   мемлекеттiк қолдау туралы ”Заң күшi бар ҚР Президентiнiң Жарлығы .
  4. 10 сәуiр 2000 жылғы “Iшкi қарыздарды басқару     мен iшкi зайымдар туралы ” ҚР  Заңы.
  5. Балабанов К. Қаржылық менеджмент . Алматы 1994.
  6. Грузинов В. П. Грибков В.Д. Кәсiпорын  экономикасы 2001 ж.
  7. Горфинкель В.Л ., Купрянов Е.М., Прасолова П. Кәсiпорын экономикасы , ЖОО  оқулығы . М:Банк және биржа. 1998 ж.
  8. Зайцев Н.Л. Өндiрiстiк кәсiпорындар  экономикасы   Қосымша оқулық .– М: Инфра ,2002 жыл – 192 бет
  9. Сергеев И.В.Кәсiпорын экономикасы .Қосымша   оқулық .-М : Қаржы және статистика , 2002 жыл – 304 бет.
  10. Н.А.Багдановская , Г.Г.Виноградов   және т.б. өнеркәсiп әрекетiндегi  шаруашылық талдам . Оқулық . Минск . ВШ. 1998.
  11. Баканов М.И. , Шеремет А.Д. Шаруашылық iсiне  талдам теориясы. 2 – шығарылым . М: Қаржы және  статистика, 2000 ж.
  12. Балаболов И.Т. Шаруашылық субъектiлерiндегi   қаржыны жоспарлау  және талдау . – М : Қаржы және статистика , 2000 ж.
  13. Барнгольц С.Б.Қазiргi даму  жағдайындағы   шаруашылық  iсiне экономикалық талдам. – М : Қаржы және статистика, 1989 ж .
  14. Майданник Б.И . ,Карпунин  М.Б. және  т.б. Басқару шешiмдерiн тану және талдау . – М : Қаржы және статистика , 2000 ж
  15. Азаев Г.Л. Бәсекелестiк : стратегиялық талдамы және практика  . – М : Экономика  және маркетинг орталығы , 1998 ж – 208 бет .
  16. Фирманың экономикалық стратегиясы , қосымша оқулық . 1 А.П. Градов  бойынша . – м : Арнайы әдебиет , 1998 ж
  17. Шмален Г.Кәсiпорын экономикасының мәселелерi мен  негiздерi . –М :Қаржы және статистика, 1998 жыл .



Информация о работе Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау