Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі 5
1.1 Тәуекел мәні және функциялары 5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі 8
2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау 16
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау 19
3. Тәуекелдікті төмендету жолдары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

econ_kurs_278.doc

— 304.50 Кб (Скачать документ)

Тәуекелді бөлу шартты құжатты  және жобаның қаржылық жоспарын өңдеу  кезінде іске асырылады.

Тәуекелді талдау сияқты тәуекелді жобаға қатысушылар арсында  бөлу де сапалық және сандық болады.

Жобаларда тәуекелдерді сандық бөлу үшін концептуалды модельді пайдалану ұсынылады (3.1-сурет).

Ықтималдық және шешім  ағашы негіз болып табылатын  модель шешімнің стандартты әдісіне  негізделген және бұл ағаш шешімдердің  жүйелілігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Белгілі бір тапсырысты талдау бойынша шешімдердің тізбектілігі тапсырыс портфелін қалыптастыру кезеңінде анықталады. Бұл проблема инвестициялық жоба кем дегенде екі жақтың сатушы және сатып алушының немесе тапсырыс беруші және орындаушының қатысуымен сипатталатын екі жақты белгіге ие.

3.1-сурет. Тапсырыс  беруші мен мердігер арасында  тәуекелді бөлу үрдісінің жалпы  концептуалды моделі

 

Бір жағынан тапсырыс беруші барлық сапа және мезгіл бойынша  талаптар орындала отырып, келісімнің құнын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады. Екінші жағынан орындаушы тапсырыс портфелін құру кезінде максималды табыс алуға тырысады. Орындаушының табысы, яғни тапсырыс портфелін бағалау келесі формула бойынша анықталады: 

 

 П=(К+У1)Р(У1)*(К+У2)Р(У2)*…*(К+Уn)Р(Уn)

 

Мұндағы П – белгісіздіктерді есепке алғандағы фирманың табысы;

К – фирманың бастапқы капиталы;

Уі –фирманың мүмкін табысы;

Р(Уі) - әр бітудің мүмкіндігі.

Жобаны инвестициялаудың ұзақтығы мен өлшемдерінің өсімі, әртүрлілігі және күрделілігі, оларды іске асыруға жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, кез-келген фирманы қоршаған сыртқы ортаның жоғары икемділігі, бәсекелестік, инфляция және басқа да теріс факторлар жобаны іске асыру үрдісіндегі тәуекел деңгейінің өсуіне әкеліп соғады.

Тәуекелді сапалы бөлу жобаға қатысушылар әлеуетті инвесторлар диапазонын кеңейтетін немесе тарылтатын бірқатар шешім қабылдайтынын көрсетеді. Қатысушылар инвесторларға тәуекелділіктің неғұрлым жоғары дәрежесін міндеттеуге ниеттенсе, соғұрлым қатысушыларға жобаны қаржыландыруға тәжірибелі инвесторларды тарту қиынырақ болады.

Сондықтан жоба қатысушыларына келісөз жүргізген кезде тәуекелдің қандай бөлігін олар өз мойнына алуға  дайын екендігіне байланысты максималды икемділік көрсету ұсынылады. Жоба қатысушыларының өздеріне тәуекелдің үлкен бөлігін қабылдау туралы мәселені талқылауғаынтасы тәжірибелі инвесторларды талаптарын азайтуға көндіруі мүмкін.

Көптеген ірі жобаларға оларды іске асыруда мүдіріс тән, ал ол тапсырыс берушіні жобаның бастапқы құнынан  да асып кететін жұмыс құнының өсуіне әкелуі мүмкін.

Мысалы, электрмен жабдықтау  желілерінің уақытылы қосылмауы  нәтижесінде. Мұндай жағдайда мүдіріс  үшін мердігердің айыппұлының көлемі тапсырыс берушінің шығындарынан біршама  аз болады.

Мұндай жағдайдан шығу үшін жобаға қатысуға сақтандыру компанияларын тарту қажет.

Тәуекелді сақтандыру дегеніміз  – белгілі бір тәуекелдерді сақтандыру компанияларына аудару болып табылады. Бұл мәселені ірі құрылыс кешенін  тұрғызу мысалында қарастырайық.

Сақтандырудың 2 тәсілі пайдаланылады: мүліктік сақтандыру және кездейсоқ жағдайдан сақтандыру.

Мүліктік сақтандыру келесі формаларға ие болады:

  • мердігерлік құрылыс тәуекелін сақтандыру;
  • кеме жүктерін сақтандыру;
  • мердігердің құрал-жабдықтарын сақтандыру.

Кездейсоқ жағдайдан  сақтандыруға кіреді:

  • жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
  • кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру.

Сақтандырудың негізгі  формаларының ерекшеліктері:

Мердігерлік құрылыс  тәуекелін сақтандыру аяқталмаған  құрылысты материалды шығындардан  немесе зияндардан сақтандыруға арналған.

Сақтандыру тәуекеліне байланысты мердігерлік құрылыс тәуекелін сақтандыру келісімшартының 3 түрі бар:

  • Өрттен сақтандырудың стандартты келісімшарты келісімшартта көрсетілген меншікті тікелей материалды шығыннан және зақымнан қорғау үшін қажет.
  • Өрттен сақтандырудың кеңейтілген келісімшарты өрттен сақтандырудың стандартты келісімшарты мен нақты сақтандырушылардың қажеттіліктерін ескеріп бірнемесе бірнеше өзіндік толықтырмадан тұрады.

Әдетте мұндай қосымшаларға азаматтық толқуларман, жарылыспен, дауылмен байланысты тәуекелдер кіреді.

-барлық тәуекелдерден  сақтандыру келісімшарты әдетте  мердігердің нақты қажеттіліктерін  ескереді және оған сақтандыру  шартының кеңірек талғауын қамтамасыз  ете алады.

Мұндай келісімшарт  сақтандырылмайтын тәуекелдер ретінде  келісімшартта арнайы келісілген тәуекелдерден басқа сақтандырылған мүліктің зақымдалудың немесе  материалды шығындардың барлық тәуекелдерден сақтандырылуды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру келісімшартының  мұндай түріне барлық аяқталмаған құрылыс, барлық материалдар, құрал- жабдықтар мен еңбек нәтижесі жатады.

Кеме жүктерін сақтандыру әуе жолымен немесе су жолымен  тасымалданатын кез-келген жүктің зақымдануы немесе материалды шығындардан қорғауды қарастырады.

Сақтандырылу соғыспен, көтеріліспен бірге барлық тәуекелдерді қамтиды және жүк жіберушінің қоймасынан жүк алушының қоймасына дейін тауардың ауысуына қатысты. Басқа сөзбен айтқанда, жүктің әрбір жөнелтуін сақтандыру оның орын ауыстыруының барлық процесіне, сонымен бірге жерде түсірілу портынан және тиеу портына тасымалдауға қолданылады.

Мердігердің құрал-жабдығын сақтандыру мердігерлер мен субмердігерлер өз қызметінде өз құрал-жабдықтарын  жоғары қалпына келтіру құнымен  қолданғанда көп пайдаланылады.

Сақтандырудың бұл формасы  әдетте жалға алынатын құрал-жабдыққа да пайдаланылады. Ол сондай-ақ көлік құралдарын физикалық зақымдануының салдарынан қорғау үшін жиі қолданылады.

Тапсырыс берушілер  кейде құралдар істен шыққанда құрылыстың күнтізбелік жоспарының бұзылу тәуекелін  азайту үшін мердігерлер мен субмердігерлердің осылай сақтандыруын талап етеді.

Жалпы азаматтық жауапкершілікті  сақтандыру кездейсоқ жағдайдан  сақтандыру формасы болып табылады және оның мақсаты оның іс-әрекеті  нәтижесінде үшінші жақ мүліктік зиян немесе жеке залал, денелік зақым  алғанжағдайда бас мердігерді қорғау.

Кәсіптік жауапкершілікті  сақтандыру тек бас мердігер архитектуралық немесе техникалық жобаны дайындау, жобаны басқару, жоба бойынша басқа да кәсіби кызмет көрсетулер берілген қызметте жалпы қабылданған белгілі бір сапа стандарттарына сай келуін қамтамасыз ете алмағанда пайда болады.

Мүмкіндігінше мұндай стандарттар  келісімшартта нақты анықталуы  қажет, себебі ол заңдық жауапкершілігін  анықтауға раналған критерилерге қатысты  түсінбестіктің пайда болу ықтималдығын төмендетеді.

Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру келісімшарттары мердігердің қызметті орындау мерзіміне және де кепілдемелік кезеңге жасалады. Әдетте бұл келісімшарттарға жылдар бойынша есептеулерде немесе жалпы сақтандырылатын жоба бойынша көрсетілген сақтандыру өтемінің шекті деңгейі жатады.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервін құру жобаны іске асыруда іркілістерді жеңуге қажетті шығындар көлемі мен жобаның  құнына әсер ететін әлеуетті тәуекелдердің  ара қатынастарын құруды қарастыратын тәуелмен күресу әдісін білдіреді.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервін құрғандағы негізгі проблема болып тәуекелдің әлеуетті салдарын бағалау табылады.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервтерінің  құнын анықтағанда жобаның бағалау  жүргізілген кезеңіне байланысты оның элементтері мен жобаның құнын бастапқы бағалаудың нақтылығын ескеру қажет.

Жобаның құнын бағалаудың нақтылығы күтілмеген шығышдарды жабуға арналған резервтің көлеміне әсер етеді.

Егер бағалау әлеуетті тәуекелдің жобаға толық мөлшерде нақты  әсерін ескермесе, онда қаржының елеулі артық шығынынан құтылу мүмкін емес.

Күтілмеген шығындарды бағалауды мұқият жетілдіру қаржыны артық жұмсауды төмендетеді.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған резервтер құрамын  анықтау 2 әдістеменің біреуінің  негізінде іске асырылады.

Бірінші әдістемеде резерв 2 бөлікке бөлінеді: жалпы және арнайы (3.2-сурет).  

А)




 



 

 


Б)


  


 



 



 

 

Жалпы резерв сметадағы  өзгерістерді, келісімшарттың жалпы  құнына үстемені және басқа да осыған ұқсас элементтерді жабуы керек.

Арнайы резервке бағалардың өсуін жабуға, жеке позициялар бойынша шығындардың өсуіне, сондай-ақ келісімшарттар бойынша талаптарды төлеуге қосымшалар кіреді.

Көптеген тәжірибешілердің ойынша бағаның өсуін жабуға арналған үстемелер күтілмеген шығындардан  бөлек ескерілуі тиіс. Бұл жарияланған  инфляция индекстеріне сәйкес келісімшарт талаптарын қайта қарастырғанда немесе келісімшарттар төлем шарттарын қамтығанда ерекшемаңызды.

Резерв құрылымын жасаудың екінші әдістемесі күтілмеген шығындарды жұмсау түрлері (мысалы, еңбек ақы, материалдар, субкелісімшарттар) бойынша анықтауды білдіреді.

Мұндай дифференциация жұмсаудың әр категориясымен байланысты тәуекел дәрежесін анықтауға  мүмкіндік береді және содан кейін  тәуекел дәрежесін жобаның жеке кезеңдеріне бөлуге болады.

Күтілмеген шығындар көлемін одан әрі айқындау осы  бөлудің әр деңгейінде, сондай-ақ жұмыстар кешені деңгейінде жұмыстарды бөлу құрылымының элементтерімен қарым-қатынас орнатуды қажет етеді. Мұндай детальды бөлу жұмыстарының артықшылығы ол тәжірибе алуға және күтілмеген шығындарды реттеудің мәліметтер базасын жасауға көмектеседі.

Бұл әдістеме күтілмеген шығындарды жеткілікті бақылауды қамтамасыз етеді, бірақ ол үшін үлкен көлемді  мәліметтер мен бағалаулар пайдалану  қажеттілігі оны тек қана қатысты  түрде кішігірім жобаларды қолдануға  мүмкіндік береді.

Күтілмеген шығындарға резерв бастапқы сметаға енген жұмсаулар түрлері бойынша ғана анықталады.

Резерв қанағаттандырылмаған жұмыс салдарынан болған жұмсаулардың орнын толтыру үшін қолданылмауы керек.

Жалпы жағдайда резерв келесі мақсаттар үшін қолданылуы тиіс:

  • жоба бойынша жаңадан анықталған жұмыс үшін қаржы бөлу;
  • орындалуына қаржы жеткіліксіз бөлінген жұмыстарға қаржы бөлуді жоғарылату;
  • әлі қаржы бөлінбеген жұмыстарды ескере отырып уақытша бюджет құру;
  • жобамен жұмыс істеу барысында пайда болатын үстеме шығындар, еңбек шығындары және тағы басқалардың күтілмеген өзгерісін өтеу.

Резервтің ағымдық шығындары  болашақ тәуекелдерді жабуға қалдықтардың қалуын қамтамасыз ету үшін анықталуы  және бағалануы қажет.

Күтілмеген шығындар бюджетке дербес статья ретінде енгізіледі және жауапты басшымен бекітіледі.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған резервтен қаржы  бөлінген жұмыс аяталған соң күтілмеген шығындардың жоспарлы және нақты  бөлінуін салыстыруға болады және соның  негізінде жоба аяқталғанға дейін  күтілмеген шығындарды пайдалану тенденциясын анықтауға болады. Ал күтілмеген шығындарды жабуға арналған резервтен бөлінбеген қаржының жұмсалмаған бөлігі жоба резервіне қайтарылады (3.3-сурет).


3.3-суре. Жоба бюджетінде  күтілмеген шығындарды жабуға  арналған қаржы есебі.

 

Қарапайым жобаларда  күтілмеген шығындарды жабуға арналған бюджет оны белгілі бір мақсаттар  үшін немесе белгілі бір уақыт  аралығында пайдалануға құқық алатын жооба менеджерінің билігіне беріледі. Егер, мысалы, жұмыстар көлемінің өсуі қарастырылған және қабылданған болса, күтілмеген шығындарды жабуға арналған жоба менеджерінің бюджеті өседі, ал резервтің пайдаланылған бөлігі жобаның жалпы сметасына апрылуы тиіс.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржының әдетте жалпы  резерв деп аталатын белгілі бір бөлігі жоғарғы басшылардың тікелей бақылауында қалуы керек.

3.4-суретте жобаны іске асыру үрдісіндегі күтілмеген шығындарға арналған резервтерді пайдаланудың мысалы келтірілген.


 

 


 

3.4-сурет. Күтілмеген шығындарға  резервтерді пайдалану мысалы

Бірінші бағанада жобаның  сметасы жұмыстардың көлемінің  күтілген өзгерістерімен, бағалардың өсуіне үстемелермен, жоба менеджерінің резервімен және жалпы басшылардың  резервімен бірге көрсетілген.

Екінші бағанада жобаны іске асырудың ағымдық жағдайы көрсетілген. Жоба бойынша жұмыстардың орындалу үрдісінде болған өзгерістерді көрсететін қажетті түзетулер және жобаның бастапқы сметасы енгізілген жобаның жұмыстық бюджеті қалыптасты.

Информация о работе Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау